.
.
Сабақтың тақырыбы: Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2061 | Размер: | Автор: гостьТехнологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Сабақтың мақсаты: Ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясына түсінік беру.
Білімділігі: Материалға технологиялық карта бойынша өлшем бірліктерін түсіру және біріктіру тәсілдерінің дәлдігін анықтау жолдарына үйрету.
Дамытушылығы: Ағашты механикалық тәсілде өңдеу технологиясын қолдана отырып материалдарды станокта өңдеу жұмыстарын меңгерту.
Тәрбиелігі:Механикалық өңдеу станоктарында қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау жолдарына үйрету.
Көрнекілігі:Тақтаға ілінген ағаш балғаны құрастыру сызбалары.
Сабақтың типі: Білімді қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сарамандық
Сабақтың өтілуі:
1. Сабақтың барысы мен таныстыру
2. Көрнекілік пен жұмыс
3. Ағаш өңдеу станогында сарамандық жұмыс
4. Сабақты қорытындылау.
Сабақтыңбарысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сарамандық жұмыс формасын тексеру, құрал жабдықтардың қауіпсіздік ережелеріне сай болуын тексеру.
ІІ. Өткен сабаққа шолу.
1. Технологиялық карта бөлімдері мен танысу
ІІІ. Жаңасабақ.
Ағаш өңдеуге арналған токарь станогында қауіпсіз еңбек ережелерін орындау.
1. Станоктың электр торабына қосылу желілерін тексеру.
2. Өңдеу құралдарының ақаусыз болуын қарап шығу.
3. Токарь станогында құралды пайдалану жолдарын еске түсіру.
Бұрғылау станогындағы қауіпсіздік ережесі.
1. Станоктың тоққа қосылуын тексеру
2. Тесуге арналған бұрғы пышағын орнату
3. Қосу, ажырату түймелерінің дұрыстығын тексеру.
Ағаш балға ағаш ұстасының басты құралдарының бірі. Ағаш бетіне өрнек түсіру кезінде қашауды ағаш балға мен ұрады. Егертемір балға мен ұрса қашау сабын жарып жіберуі мүмкін. Ағаш балғаның диаметрі:
1. сабы 350 – 40 мм
2. басы 150 – 100 – 50 мм болады.
Сарамандық жұмыс
Ағаш балғаның басын әмбебап станокта өлшем бойынша өңдеу жұмысы.
1. Дайындаманы таңдау
2. Өлшем бойынша станокта кесу
3. Сыртын жону
Ағаш балғаның басының тесігін орындау.
1. Өлшем бойынша бұрғы мен үш жерден тесу
2. Тесілген жердің дұрыстығын тексеру
3. Дөңгелек түрпі мен тазалау.
Ағаш балғаның сабын дайындау жұмысы
1. Ағаш өңдеу токарь станогына дайындаманы бекіту
2. Дайындаманың қырларын түрпі мен тегістеу
3. Станокты іске қосып түрпі мен жону
4. Құмқағаз бен тегістеу
Ағаш балғаның басына сына және ағаш шеге дайындау
1. Сынаның өлшемі 5 – 2 мм
2. Ағаш шегенің қалыңдығы 10 мм
3. Сына мен шегені ағаш материалынан өлшем бойынша түрпі мен жасап шығару
Ағаш балғаның біріктіру басын ара мен кесу және бұрғылау станогында ағаш шегенің орнын тесіп дайындау.
Құрастыружұмысы
1. Ағаш балғаның сабына және киілетін басына ПВА желімін жағу
2. Балғаның сабын басы мен біріктіру
3. Ағаш шегенің орнына желім жағу
4. Шегені ұрып кіргізу
5. Сынаны желімдеу және қағу
6. Ескерту: ПВА желімі жағылған бұйымды 24 сағаттан кейін қолдануға болады.
Қорытынды:Ағаш балғаның түрлері көп. Қолданылуына қарай үлкен, орташа және кіші балға деп бөлуге болады. Ағаш балғаны сынып кетуі мүмкін заттарды түзету кезінде немесе қашау мен майда жұмыстарды орындаған кезде көп қолданады.
Ағаш балғаның кәдесыйлық түрлері де бар. Олардың өлшем бірліктері кіші болады.
Балғаға материал таңдағанда қатты, жарылмаған, көздері жоқ ағаш таңдап алынады.
Жұмсақ ағаштан жасалған балға тез мүжіліп сынып кетеді.
Үйтапсырмасы: Ағаш балғаның кіші өлшемдегі сызбасын сызу
«Барақ Батыр негізгі орта мектебі» КММ
Технология және бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Куркутов Берик Батырканович
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.