.
.
Қарағанды облысы, Шет ауданы, С.Сейфуллин кенті. Тері өңдеу. Жапсырмалау өнері. Ою-өрнектерді жапсырмалаудың технологиясы
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2108 | Размер: | Автор: Нартай4540Технология пәнінің мұғалімі: Аукешева Салтанат Тлеутаевна
Тақырыбы: Тері өңдеу. Жапсырмалау өнері.
Ою-өрнектерді жапсырмалаудың технологиясы
Мақсаты:
1.Оқушыларды тері өңдеу әдісімен таныстырып,дайын теріден бұйым жасап үйрету.
2.Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру, алған білімдерін практикамен ұштастыру.
3.Оқушыларды ұлттық қолөнерді қастерлеуге, ұқыптылыққа, үнемділікке және әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:дайын жасалған торсық, суреттер, сызба нұсқалар, нұсқау карта.
Құрал-жабдықтар:дәптер, қалам, былғары, ине, жіп, қайшы, желім «Момент».
Сабақ түрі:аралас
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақ типі:жаңа білім алу сабағы
Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері, тарих, сызу
Сабақ жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
ІІ.Қайталау (5-7 мин)
ІІІ.Жаңа сабақ (15-20 мин)
ІV.Кіріспе инструктажы (10 мин)
V.Сарамандық жұмыс (40-45 мин)
VІ.Жаңа сабақты бекіту (5 мин)
VІІ.Сабақты қорытындылау, бағалау (2-3 мин)
VІІІ.Үйге тапсырма (2 мин)
ІХ.Жұмыс орнын жинау (2мин)
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)оқушыларды түгендеу
ә)сабаққа дайындығын тексеру
б)Оқушыларды топтастыру
ІІ.Қайталау
Әр топқа сұрақтар таратылады (осы сұрақтардың жауаптары тақтадағы сөзжұмбақтың шешуі болады, ондағы ерекшеленіп көрсетілген сөз бүгінгі өтетін тақырыпқа сәйкес болады) .
1.Топтар бір-бірімен өздері дайындаған сұрақтар парағымен алмасады.
2.Әр топ өз сұрақтарын қойып, келесі топ оған жауап береді. ІІІ.Жаңа сабақ
Оқушыларды сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыппен таныстыру. Оқушылар сабақтың мақсатымен таныстырылады. Жаңа тақырыпқа байланысты Берікбол Береке «Тері өңдеу» тақырыбына реферат оқиды.
Тері деп мал мен аң, құстан сойылып алынған шылғи теріні айтса, былғары – сол теріні өңдеу арқылы тұрмыстық қажеттілікке жаратуға дайындаған тері.
Иленген теріден айырмашылығы былғарының жүнін жидітіп, тазалап алып тастайды.
Теріні қазір тері илейтін заводтарда арнаулы техниканың көмегімен химиялық қоспалар арқылы илесе, атамыз қазақ бұрындары қолмен-ақ илеген.
Тері 2 әдіспен иленеді:
1.Күбідегі иге салып илеу.
2.Даярланған иді теріге жағу арқылы илеу.Иді ашыған сүт, айран, іркіттен не езген ұнға тұз, сабын ұнтағын қосып дайындайды.Теріге и жағу иге салудан бұрын теріні шелден суға жуып тазартады. Күбідегі иге салынған теріні күніне 2-3 рет шайқап араластырып, терінің иге толық батып тұрғанын қадағалап, жүннің жидімегені не көңіл бөледі. Қой, ешкі терілері иде 6-9 күн, ірі қара мал терісі 15-20 күн жатады.
Иі сіңген теріні талқыға салып жұмсартады.Сонан соң қылышпен қырып өңдеп, уқалайды. Терінің түсі ақшыл болуы үшін бор, ұнның кебегін жағып отыру керек.Талқы айыр бұтақтан жасалынған теріні созуға арналған құрал.
Ал былғары жасау үшін жас теріні жылы түтінге ұстау, әк жағып орап қою, не иге артық мөлшермен ұстау арқылы жүнін жидітіп, қырып тазалап, иге салып илейді.Илеу әдісі тері илегенмен бірдей.
Тері бояудың екі мақсаты бар:
1.Теріге өң беру.
2.Теріні су өтпейтін етіп ширықтыру.
Теріні бояғанда ағаш қабығын, рауғаш тамырын, жер қынасын, шеңгел мен көктікеннің бүрлерін пайдаланады.Бояуға пайдаланатын шикізатты ұнтақтап суға салып қайнатып бояуын шығарып 2-3 сағат бүктеп қояды.Жылыжерде кептіріп тері бырыспас үшін тобарси бастаған теріні уқалап созғылайды.
Ал енді бүгінгі сабақта жасайтын жұмысымызды орындау үшін біз ескі киімдердің қалдық былғарыларыны пайдаланып торсық жасаймыз.
Торсық бұл ежелден келе жатқан қолөнер туындысы.Ата-бабамыз мал баққан көшпелі қоныс аударып жүретін халық болған, сондықтан торсықты ыдыс ретін де пайдаланып қымыз, айран, шұбат сусындарын құйып пайдаланған.Торсықтың сол кезде тиімділігі ішіндегі сусын ашымаған және сынбайтын ыдыс болған.
Торсық жасаудың негізгі шикізаты- ешкі немесе жылқы терілері.Тері тұздалмаған жақсы өңделген болу керек.
Біз бұл торсықты дайын былғарыдан жасаймыз.
Технологиялық карта таратылып, жұмыспен оқушылар таныстырылады.
ІV.Кіріспе инструктажы
Жаңа сабақ түсінікті ме? Түсінбеген жерлерің болса сұраңдар.
А)Дәптермен жұмыс
1.Күнді және тақырыпты жазғызу
2.Тері илеу әдістерін жазғызу.
3.Теріні бояудың мақсаттарын жазғызу.
Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
1.Инені ауызға салма.
2.Қайшыны екінші кісіге сабы жағымен ұсын.
3.Қайшыны жаныдағы адамға қарай сермеме
4.Денеңді тік ұстап, басыңды тым еңкейтпе.
V.Сарамандық жұмыс
Оқушылардың алдарындағы артық заттарды партаның шетіне қойғызып,жұмыс орнын дайындап, құралдарын тексеремін де, қауіпсіздік ережесін ескере отырып, технологиялық карта бойынша былғарыдан торсық тігу жұмысын орындауға кірісеміз, қателіктері болса түзетіп, білмеген жерлерін үйретемін .
VІ.Жаңа сабақты бекіту
1.Терінің былғарыдан айырмашылығы неде?
2.Тері илеудің неше әдісі бар?
3.Теріні қандай мақсатпен бояйды?
VІІ.Сабақты қорытындылау, бағалау
VІІІ.Үйге тапсырма
1.Теріден жасалған бұйымдардың суреттерін әкелу.
2.Ол суреттерге қысқаша сипаттама жазып әкелу (қай ғасырда, қандай тайпалар ойлап тапқан, қолданған).
ІХ.Жұмыс орнын жинау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.