Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тігістер әлеміне саяхат. -

Тігістер әлеміне саяхат.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1500 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сыныптан тыс сабақ жоспары.8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тігістер әлеміне саяхат.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тігістердің терминологиясын және технологиясын тереңінен меңгерту.
Дамытушылық: Пәнаралық байланыс арқылы білімді кеңейту,ұлттық өнерді дамыту,шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа,жауапкершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын-сайыс сабағы
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих,сызу, физика,химия,биология,
Көрнекіліктер: мақалдар, нақыл сөздер,буклет, дайын
бұйымдарының үлгілері ,топ эмблемалары.
Құрал-жабдықтары: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А)Сәлемдесу,оқушыларды белгілеу.
Б)Cабаққа дайындылығын тексеру.

ІІ.Кіріспе.
1.Кейіпкерлермен таныстыру(жүргізуші«Қадам»,тігістер түрлері –«Шебер қолдар», «Зингер» топтары).
2.Әділқазылар алқасы сайланады(қонақ мұғалімдер),әр кезеңде түрлі-түсті жалауша арқылы топтарды бағалайды. Қызыл жалауша-5балл; көк жалауша-4; жасыл жалауша-3.
3.Жүргізушіге сөз беріледі.
ІІІ.Сыңнан өткізу кезеңі.
Жүргізуші «Қадам» өзімен таныстырып топтарды усынады:
1топ: қол тігістер«Шебер қолдар»;
2топ: машина тігістер«Зингер»
Саяхатты бастаймыз.
1.Өнерлілер әлемінде.
а)қол тігістердің басшысы қол тігістер түрлерін атын атап шығады,команданың мүшелері тігістің қолданыун, жұмыстың мазмұнын айтып,сызбасы мен мата үлгісін көрсетеді.
б)машина тігістердің басшысы машина тігістер турлерін терминологиясын атап шығады,топтың мүшелері тігістер туралы толық мәлімет береді.
Әділқазылар алқасы бағалайды(5ұпай).
2.Жауапкершілік әлемінде.
Сұрақтарға жарысып жауап береді(Техника қауіпсіздік ережелері):
а) қайшы мен жұмыс кезінде;
б)ине,түйрегіш пен жұмыс кезінде;
в)тігін машина мен жұмыс кезінде;
г)үтік пен жұмыс кезінде.
Әділқазылар алқасы бағалады(5ұпай).
3.Шеберлік әлемінде.
Үй тапсырманы тексеру.
Топтың басшылары «Ұлттық өнер» тақырыпқа дайын үлгілерін көрсетіп қорғайды:
«Зингер» тобы – құрақ көрпеше
«Шебер қолдар»тобы – кестеленген орамал.
Әділқазылар алқасы бағалайды(5ұпай).
4.Тапқырлар әлемінде.
«Құрақ-сұрақ» ойыны.
Интерактивті тақтада түрлі-түсті құрақ жастықшаның суреті.
Әр түстің ішінде пәніне сай сұрақтар жасырылған.Топтың мүшелері құрақтың түсін таңдайды,сүраққа толық жауап береді.
Ақ түс-биология пәні,зооморфтық ою-өрнектердің түрлері.
Көк түс-физика пәні,маталардың қасиеттерін атап шық.

Жасыл түс-химия пәні,химиялық талшықтар туралы мәлімет.
Сары түс-тарих пәні,тігін машинаның шығу тарихы.
Қызыл түс-сызу пәні,тігістердің схемасын сызып көрсет.
Әділқазылар алқасы бағалайды(5ұпай).
5.Ойшылдар әлемінде.
Сұрақ-жауап.
Топтар бір-біріне ойын түрінде сұрақ қояды: ребус,кроссворд,жұмбақтар.
1минуттың ішінде жауап айтылу керек.
Әділқазылар алқасы бағалайды(5ұпай).

6.Қанатты сөз әлемінде.
Өнер,еңбек,тігіншілік туралы мақал-мәтел,нақыл сөздер жарысып айтылады.
Әділқазы алқасы бағалайды(5ұпай).

ІҮ. Қорытындылау кезеңі.Бағалау.
Бағалардың қорытындысы шығарылып женімпаздарға сыйлық беріледі.Жүргізуші «Қадам» қорытындысын шығарады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.