.
.
№ 39 «Қызылөзек» орта мектебі Тік белдемше. Шығу тарихы. Мата таңдау
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3035 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы:Тік белдемше. Шығу тарихы. Мата таңдау. С/ж. Белдемше эскизін салу.
Мұғалім:Сапаржанова Жазира
Қызылорда 2011 жыл
Күні: 21. XI. 2011 жыл
Сыныбы: 6 «А»
Тақырыбы: Тік белдемше. Шығу тарихы. Мата таңдау. С/ж. Белдемше эскизін салу.
Мақсаты:
1) Білімділік:оқушыларды белдемшенінің түрлерімен, шығу тарихымен таныстыру.Белдемшеге мата таңдауды, белдемше эскиздерін салып, киімдді сипаттауды үйрету;
2) Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту;
3) Тәрбиелілік: эстетикалық талғамға, кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, бірізділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндірме, көрнекіліктік.
Көрнекілігі:дайын белдемшелер, белдемше суреттері, мата түрлері, тірек схемалар, слайд.
Техникалық құралдар: компьютер,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Технология» оқулық 6 сынып
2. «Технология» оқыту әдістемесі 6 сынып
3. «Технология» дидактикалық материалдар 6 сынып
4. «Меқтептегі технология» әдістемелік журнал №11/2010 жыл
5. «Шаңырақ» энциклопедиясы
Сабақ жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу
VI Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Сарамандық жұмыс
VІІ. Қорытынды
VIII. Жұмыс орнын жинастыру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
б) сабаққа даярлығын байқау;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (графикалық диктант арқылы).
Сұрақ жауабымен келіссе «Иә - » , келіспесе «жоқ Λ » белгілейді.
1. Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек. ( - )
2. Іс тігушімен машина столының ара-қашықтығы 16-20 см. болу керек.( Λ )
3. Іс машинасын сабақтағанда аяқты педальдан алу керек. ( - )
4. Ине майысқан: ине сынады, жіп үзіледі, тістері босатылады.(-)
5. Ине негізі төрт бөліктен тұрады.( Λ)
6. Қалың мата тігу үшін № 90 инені қолдану керек.( Λ)
7. Махавик тек бір бағытта жұмыс атқарушыға қарай айналу керек.( - )
8. Машина іске қосылмай тұрғанда қысу табаны түсіп тұрады.
( Λ)
9. Қол машинасын 1870 жылы ойлап тапқан.( Λ)
10. Аяқ машинасының ең керек деталы аяқ жетегі. ( - )
11. Ине дұрыс егелмеген: жіп үзіледі, мата жіптерін жұлады. ( - )
12. Қол машинасымен аяқ машинасының сабақталуы бірдей емес. ( Λ)
13. Қайыққа шөрік дұрыс кигізлсе, сағат тіліне қарсы айналады. ( - )
14. Орындық машина инесіне қарама –қарсы тұруы керек. (-)
15. Қайыққа шөрікті кигізгеннен кейін, жіп 10-15 шығып тұруы керек.( - )
Оқушылар графикалық диктант жазып болғаннан кейін жауап парақтарын бір-бірімен алмастырады. Сол кезде тақтаға графикалық диктанттың дұрыс жауабы слайд арқылы шығарамын. Оқушылар жұмысты тексеріп шығады, бағалау рейтенгісі арқылы үй жұмысын өздері бағалайды.
ІІІ.Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Итерактивті тақтада белдемше суреттеріні жасырып, бетіне сұрақтар қоямын. Әр сұраққа жауап берген сайын белдемше суреттері ашылады.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Белдемшенің шығу тарихы
Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалталар ілінген.Белдікке тартылған терілер,жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді.
Орта ғасырларда белдемше дегеніміз тамаққа қатырылып жиналған және белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие берген.
ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері көкірек тартқышқа бекітілді.
ХVI ғасырларда бай әйелдер шомбал, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастады. Жамбастарына диаметрі азайтылған, былғары белдіктерге мінген бірнеше металдардан жасалған кринолин- каркас киді. Бұл белдемшенің қозғалмауын және конустық формада болуын сақтады.
XVII ғасырда бүрмелеу, түлі-түсті гирлянд, өрнектеу, шашақтар сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды.
XIX ғасырда ғажайыбы мол мода белдемшені біресе кең, біресе тар, етіп, оған шлейф жапсырмалатып, сымнан жасалған қатпарлы каркастар ілініп жасалды.
XIX ғасырдың соңында ғана әйел киімдері қарапайым бола бастады. Блузка мен белдемше жұптасқан ансамбль көбірек орындалды. Белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.
Әр ғасырдағы белдемше суреттерін слайд арқылы көрсетемін.
Белдемшелер белдік бұйымдарының ең басым тобын құрайды. Бедемше костюмның бөлігі ретінде, жеке немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.
Белдемше: силуэті бойынша- тік, етек жағынан кеңейтілген, етегінен тарылтылған болып келеді. Ал пішімі жағынан – тік, қиықты, конусты болады.
Тік белдемшелер бір тігісті, екі немесе үш тігісті; қатпармен немесе қатпарсыз, кең етекті- жиырылған немесе қатпарлы болады.
Мата таңдау.
Белдемшенің матасы әртүрлі болып келеді. Мысалы: жазда жазда салқын түстегі ( ақ, көк, көгілдір) , жеңіл маталарды пайдаланамыз. Қыстыгүні жылы түстегі(қара, қызыл) қалың маталарды қолданамыз. Белдемшеге мата таңдау белдемше моделіне, пішініне, мезгілге және фигура ерекшелігіне байланысты таңдайды. Тік белдемше дайындағанда тығыз, ауыр ( жүн, зығыр, тоқыма) маталарды пайдаланған дұрыс. Ал қиық, күліш белдемшелерге жеңіл, жібек маталар қолданылады.
V . Жаңа сабақты бекіту.
Сәйкестендіру тесті
Тақтаға белдемше түрлерін жазып қоямын. Араласып жатқан белдемше суреттерінен әр белдемше қатарына іледі.
Интерактивті тақтада түрлі белдемшелердің суреттерін шығарамын, суреттердің арттарына бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтар жасырылған(гиперссылкамен). Тақтадағы суреттің біреуін таңдап, қаламмен түртсе сұрақ шығады. Сұрақтарға жауап беру.
1. Силуэтіне қарай белдемше қалай бөлінеді ?
2. Пішіміне қарай қалай аталады ?
3. Киімге қандай талаптар қойылады ?
4. Конустық белдемше қалай пішіледі ?
5. Жаздық белдемшенің матасы қандай болады ?
6. Жылы түстерге қайсы түстер жатады ?
7. Қай ғасырдан бастап әйелдер белдемшесі қарапайым болды ?
VІ. Сарамандық жұмыс.
Белдемшенің 3 эскизін салу. Салынған 3 белдемшелерге сипаттама жазу.
VIІ. Қорытынды.
1. Жақсы салынған эскиздерді көрсету(), мадақтау.
2. Бағалау. Бағаларын күнделікке қойып беру.
3. Үйге тапсырма беру.
Сантиметрлік таспа, қалам, қаға, ызба алып келу.
әр оқушы өзіне ұнайтын бір белдемше моделін салып келу.
VII. Жұмыс орнын жинастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.