Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тік белдемшені үлгі бойынша пішу -

Тік белдемшені үлгі бойынша пішу

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3247 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Тік белдемшені үлгі бойынша пішу
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік : оқушыларға тік белдемшенің бөліктерін өңдеу технологиясы арқылы білімдерін бекіту, пішу, тігу және өңдеу технологиясының тәсілдерін үйрету
2. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, оны қайта жаңғыртуға үйрету
3.Тәрбиелік: білімдерін тереңдету, теориялық алған білімдерін сарамандық жұмыспен дамыту, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шеберлікке, жұмысты өз бетінше орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, көрсету, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: мата түрлері, дайын үлгі, тақырыптық суреттер
Қажетті құралдар: қайшы, ине, жіп, түйреуіш, бор, лекал
Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, математика
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап
1. Не себепті тік белдемше белдік бұйымдарға жатады?
2. Тік белдемшесі қандай бөліктерден тұрады ?
3. Киімге қандай талаптар қойылады?
4. Жаздық белдемшенің матасы қандай болады ?
5. Қай ғасырдан бастап әйелдер белдемшесі қарапайым болды?
6. Силуэтіне қарай балдемше қалай бөлінеді?
Графикалық диктант .
Сұрақ жауабымен келіссе иә «-», келіспесе жоқ «˄» деп жауап беру керек.
1. Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек. (иә)
2. Іс тігуші мен машина столының арақашықтығы 16-20 см.болуы керек.(жоқ)
3. Іс машинасын сабақтағанда аяқты педальдан алу керек.(иә)
4. Ине майысқанда ине сынады, жіп үзіледі, тігістері босатылады.(иә)
5. Ине негізгі төрт бөліктен тұрады.(жоқ)
6. Қалың мата тігу үшін №90 инені қолдану керек. (жоқ)
7. Айналмалы дөңгелек тек бір бағытта жұмыс атқарушыға қарай айналу керек.(иә)
8. Машина іске қосылмай тұрғанда басу табаны түсіп тұрады.(жоқ)
9. Қол машинасын 1870 жылы ойлап тапқан.(жоқ)
10. Аяқ машинасының ең керек деталі аяқ жетегі.(иә)
11. Ине дұрыс егелмегенде жіп үзіледі, мата жіптерін жұлады.(иә)
12. Қол машинасы мен аяқ машинасының сабақтауы бірдей емес.(жоқ)
13. Қайыққа шөрік дұрыс кигізілсе, сағат тіліне қарсы айналады.(иә)
14. Орындық машина инесіне қарама-қарсы тұруы керек.(иә)
15. Қайыққа шөрікті кигізгеннен кейін , жіп 10-15см шығып тұруы керек. (иә)
III. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Белдемше суреттерін жасырып, бітіне сұрақтар қоямын. Әр сұраққа жауп берген сайын белдемше суреттері ашылады.
1. Адам денесін қай жағынан өлшейді?
2. Өлшемді немен алады?
3. Белдемше түрлерін ата
«Өлшем алу» тақырыбы бойынша кесте толтыру
Тұлға өлшемінің шартты белгісі Өлшеу әдісі
Бжо
Мжо
Армұ
Бұ

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Технология бойынша практикалық жұмыстарды орындау кезінде мыналарды есте сақтау қажет:
- матаны үнемдеп жұмсау
- санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтау ,
- техника қауіпсіздігін, жұмыс орнын ұйымдастыру ережелерін сақтау,
- қол және машина жұмыстарын сақтау, ылғалды-жылу өңдеу жүргізу.
Орындау жоспары
1. Пішу
Матаны пішуге дайындау.
Пішім бөлшектерін матаға орналастыру.
Пішім бөлшектерін тігіске арналған шеттік қалдыра отыра, контуры бойынша сызып шығу.
Пішім бөлшектерін қиып шығу.
Пішу кезінде мына мәселелерге көңіл аудару керек:
-матаның түрі мен қасиеттері: қиып пішілетін жұмыстарға кіріспестен бұрын, табиғи және басқа да талшықтардан алынатын маталарды дымқылдағанда отыратынын еске түсірген дұрыс.
- матаны бумен немесе жылы сумен өңделеу, яғни жазбалау (дымқылдау, үтіктеу, кептіру) қажеттілігін анықтау.
-тігіске қалдырылған шеттіктерінің көлемін анықтау.
-суреттің сипатына (оның бағыты мен бөлшектерінің орналасу симметриялығына) назар аудару.
Матаны төсемдеудің екі түрі бар: бүктеп және жайып.
Әдетте пішу үшін матаны бүктеп төсейді. Егер де пішілетін бөлшектердің көлемі өте үлкен немесе бұйымның ортасында тігіс, я болмаса ілмек болуы керек жағдайда мата жазылып төселеді.
Сарамандық жұмыс : Тік белдемшені үлгі бойынша пішу
Құралдар мен жабдықтар: мата, үлгі, қайшы, сантиметрлік таспа, сызғыш, бор немесе сабын алқындысы, түйреуіш инелер, оқулық.
Жұмыстың орындалу технологиясы
1. Матаның сапасын тексер.
2. Матаның оң және теріс жағын анықта.
3. Матаның негізгі жібін тап.
4. Мата мыжылған болса, негізгі жіп бойынша үтікте
5. Матаны жұмыс үстелі бетіне жайып тегісте.
6. Матаны екіге бүктеп, үлгіні мата бетіне түйреуіш инелермен қыстыр.
7. Үлгінің сыртын матаға бормен немесе сабынмен сызып ал. Тігіске берілетін қосымшаны қалдыруды ұмытпа.
8. Үлгіні мата жылжып кетпейтіндей етіп жинап ал. Сызық бойынша бөлшектерді қиып ал.
V. Сабақты бекіту.
а) Бүгін біз қандай жұмыс істедік?
ә) Тік белдемшесін қандай матадан тігеміз?
б) Пішер алдында не себепті матаны тексереді?
г) Сен өзіңе қандай белдемшені таңдар едің ?
Инсерт әдісі
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді ?

VI. Бағалау
VII.Үйге тапсырма
Тік белдемше бөліктерін өңдеуге дайындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.