Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ыстық сусындар -

Ыстық сусындар

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1992 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Бекниязова Мақпал , А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы

Сабақтың тақырыбы: Ыстық сусындар

Сабақтың мақсаты: а)Ыстық сусындар туралы және оларды
өндірушілері мен тұтынушылары,пайдасы мен
зияны туралы түсінік беру.
ә) Оқушыларды еңбекке етуге, өзіне және
халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
б) оқушылардың технологиялық білімін дамыту.

Сабақ түрі:аралас
Сабақ әдісі: түсіндіру,ойын,сұрақ жауап.

Ұйымдастыру.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу.

Кім көп біледі?(сұрақ -жауап әр сұрақ жүз теңге)
1.Бутербродтарды қандай азық түліктен жасайды? Нан,кепкен нан, көкөніснер,жемістер,колбаса ,сыр.
2.Бутербродтың қандай түрлерін білесің,олародың бір
бірінен айырмашылығы неде?
3.Тамақ дайындайтын адамға қандай талаптар қойылады?
4.Көкөністі алғашқы өңдеу деген не?
5.Қандай ыдысты пайдалануға болмайды?
6.Азық түлік пен тамақты қайда сақтайды?
7.Қандай азық түлікті қолдануға болмайды?
8.Электр қуатымен жұмыс істейтін аспаптарды қауіпсіз болу үшін
қайда орналастырады?
9.Пышақты адамға қалай ұсынады?
10.Неліктен асханада арнайы ар азық түліке жеке жеке тақтайша
мен пышақтар қолдану керек?
11.Қандай бутербродпен түскі ас орнына тамақтануғаболады?
12.Дайын бутербродты тоңазытқышта қанша уақыт сақтауға болады?

Кім жылдам?(жиналған қаржыға қанша бутерброд жасауға болады және бір бутерброд құны қанша.суретін салып, жарнамалап,сатылымын жоспарлау. )
Есеп.

Жиналған қаржыға қанша бутерброд жасауға болады?Бір бутерброд жасауға қанша ақша кетеді есепте .

Бутерброд суретін салып оны бір күнде қайда , қалай өткізер едің?

Жаңа сабақ.

Біздің елімізде қою сүт, қаймақ қатқан шай ішпейтін адам жоқ. Шай мен кофе, жеміс шырындары мен квас – негізінен, алкогольсіз сусындар. Олардың кең тарап, кең тұтылуының сыры – сүйкімді дәмінен, жұмсақ стимуляторлық әсерінен. Қазір ауыз суына хлордың қосылуы салдарынан бұл сусындардың дәмдік сапасы өз деңгейінде емес. Алайда хлорсыз, бактериялық жолмен өңделген, терең артезиан құдықтарынан алынған, мөлдір, таза күйінде дүкендерде сатылатын (бұлақ суы) ауыз суынан дайындалатын шай, кофе өте дәмді келеді. Әйтеуір, қандай судан қайнатып ішсе де шайдың жаманы жоқ және де қазақтай шайқұмар халық аз шығар, сірә...
Шай (Thea) – шай тұқым-дасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі болып саналады. Оның жапырағынан шай дайындалады. Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Олар: Қытай шайы (екі түр тармағы (қытай және жапон) бар) Оңтүстік – Шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, 3 м бұта, ассам шайы (бірнеше түр тармағы (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань т.б.) бар) Үндістанның Ассам ормандарында өсетін, биіктігі 10 – 15 мертлік ағаш. Бұл екі шайдың табиғи гибриді цейлон шайы деп аталады. Оның да екі түрі бар. Олар жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріліп, өнім алынады. ТМД елдерінде Әзербайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі мен Грузия жерлерінде қытай шайының негізінде шайдың бірнеше сұрыптары өсіріледі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70 жылдай өнім береді.

Шайдың басты құндылықтары Тамақтану саласының белгілі ғалымы американдық Алиса Чейз өзінің кең тараған «Денсаулық тамағы» атты кі- табында шай мен кофені «ауруға душар ететін жә-не адам денесінің өмірлік маңызды құрылымын бұза-тын» улы сусындар тобына жатқызғанымен, көптеген ға-лымдар шай мен кофе туралы басқаша пікірде. Бұл сусындарды жақсы көретіндер оның өте пайдалы, тіпті шипалық қасиеттерінің бар екендігіне кәміл сенімді.
1. Сүт қатқан шай.

Оны әзірлеу үшін 2/3 литр мөлшерде қою шай тұнбасы мен 1/3 литр мөлшерде сүт қажет. шай тұнбасы қосылады. Бұл шай ішек-қарын жолдары ауыратын адамдарға өте пайдалы.
2. Қытай шайы.

Бір кесе қайнатылған суға бір шай қасық көк шай қажет. Жылытылған ыдысқа, құрғақ шай салынады, үстіне ыстық су құйылып, 3 минут өткен соң алдын-ала жылытылған фарфор ыдысқа аударып құяды. Қытай шайын ыстықтай сораптап ішеді. Оған қант, басқа да тәтті заттар қосылмайды.

3. Жапон шайы. Оны әзірлеуге ½ литр қай-натылған су, 1,2 шай қасық құрғақ шай қажет. Арнайы ыдысқа салынып ұнтақталған шай алдын-ала жылытылған ыдысқа салынады. Оның үстіне 60 градусқа дейін ысытылған қайнаған су құйып, қою шай дайындалады. Сонда бұл шайдың хош иісі бұрқырайды.

4. Ағылшын шайы.
Бір кесеге бір шай қасық шай, оған қоса шайнекке осыншама шай, қайнаған су, сүт, қант қажет. Шайға қайнатылған су қосып, 5 минут ұстайды. Сосын ыстық ыдысқа аударып құяды. Жақсылап жылытылған кесеге сүт құйып (көлемі ¼ деңгейінде) шай тұнбасын қосады.
Кофе— тропиктік кофе ағашының тұқымы (кофе бұршағы немесе дәні), сондай-ақ олардан дайындалатын өзіндік дәмі бар жағымды хош иісті сусын. Кофе дәнінде: клетчатка, азотты заттар, кофеин, қант, май, минералды тұздар бар. Құрамында кофеин мөлшерінің көптігіне байланысты табиғи кофеден жасалған сусындар орталық нерв жүйесін қоздырады және сергітеді. 1 шай қасық ұнтақ кофеде 0,07-0,1 г кофеин бар. Дені сау және қан қысымы төмен адамдардың еңбек қабілеттілігін арттыруға, жүрек қызметін күшейтуге осы мөлшер жеткілікті. Кофе сондай-ақ, ішкі секреция бездерін де қоздырады. Нерв жүйесі өте сезімтал, жүрегі ауыратын, қан қысымы жоғары, нашар ұйықтайтын адамдарға тым қою кофе ішуге болмайды

2. Сабақты бекіту.

Ыстық сусындар туралы не білеміз ? (сабақтан білгендеріін түртіп жазу, білмегенін достарынан сұрап толықтыру ) 3 мин

Шәй сатылымы туралы не білеміз ? ( видио ролик мәліметіне сүйеніп бір айдағы аудан ішіндегі шәй сатылымы және бір жылда қанша сатылады? Есептеу )

Дәмді және тез. (бутербродпен ,шәй мен кофе әзірлеу 3мин)

Үйге тапсырма: ыстық сусындар
Бағалау:Қанша ақша жинағанына қарай

Сабақтың тақырыбы: Ыстық сусындар

(Ашық сабақ)

Сыныбы:5А
Пән мұғалімі:М.Бекниязова

2012-2013 оқу жылы

Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
№105 орта мектеп
Бекниязова Мақпал
Техналогия пәнінің мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.