.
.
Сабақтың тақырыбы: Жағалар. Конструкциялау. Жағалар. Конструкциялау.
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4544 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: Жағаларды жіктеу конструкциялау. Жаға
Түрлерімен танысу, іскерлікке ұқыптылықка
баулу.
Көрнекіліктер: Жаға түрлері буклеттері, сурақ карталары,
бағалау бетшесі,қайшы, ине, жіп, өлшеуіш лента т.б.керекті құралдар.
Ұйымдастыру: 1. Жоқ оқушыларды белгілеу.
2. Құралдарын тексеру толықтыру.
3. Үй тапсырмасын қайталау. Бәйге ойыны.
4. Сызба тұрғызу. (жаға түрлері).
5. Қорытынды «Ғажайып үштік» ойыны.
Жаңа сабақ.
Қандай да болмасын киімнің әдемі болып көрінуі көбіне жағаның формасын дұрыс таңдай білуіне байланысты. Жаға негізінен екі бөліктен тұрады. Көрініп тұратын жаға - қыры, көрінбей тұратын жаға -тіліктемесі. (Бұл сызба жұмысын орындағанда) араларынан бүгу сызығы өтеді. Жаға киімнің құрамдас бөлігінің бірі. Киімнің сәніне қарай үлгі жасайды. Жаға матаға байланысты жалаң не қос қабатты етіп тігіледі. Астыңғы және үстіңгі беті. Жағаның үстіңгі беті астыңғы бетінен 2 мм дей артық болады. Пішініне байланысты жағалар әр түрлі болады. Жаға, негізінен, екі бөлектен тұрады: көріненетін жаға — қырынан және көрінбейтін жаға - тіктемесінен, араларынан бүгу сызығы өтеді.
Жағаны мойындыққа қосудың өзіндік ережесі бар. Оны мойындыққа қондырып тігілген және негізгі бөлшекпен, көбінесе алдыңғы боймен бірге пішілген (тұтаспішімді) деп екі топқа бөледі. Пішіміне қарай олар: тік жаға ( биіктігі 3,5 - 4,5 см), тік - қайырма жаға (биіктігі 2,5 - 3,5 см) жартылай тік жаға (биіктігі 2 см дей), жазық жаға (биіктігі 0,5 см) деп бөлінеді.
Сызба сызғанда кондырып тігу сызығы қаншалықты түзу болса, жаға тіктемесі соншалықты биік болады. Мойындық ойындысына қарай жағаларды: ашық мойындыкты және жабык мойындықты деп бөледі.
Жаға түрлеріне тоқталу. Буклеттегі жағалармен таныстыру. Осы жағалардың ішінде тік жаға мен жартылай тік жаға сызбасын сызамыз. Тік жағаға берілетін белгілі бір өлшемдер болады. Жағаның ұзындығы алдыңғы бой мен артқы бой мойын ойындысын өлшеу арқылы алынады. Ені 4 см беріледі. ОА 21 см. ОЖ 4 см. ОО1= ОА : 2 = 21 : 2 = 11,5 см. АА1 қондырып тігу сызығы 3 см беріледі. Жаға қиықтарын шығару нүктесі ОЖ= О1О2 = А1А2.
Жаға ені бойынша қондырып тігу сызығына паралелл сызықтар арқылы қосамыз. Жартылай тік жаға сызбасын түсіру. Көтеру нүктесі 3 см. Жағаның ені = 10 см. Бүгу сызығының ортасын табу жағаның ұзындығын 2 - ге бөлу аркылы табылады.
Жартылай тік жаға сызба құрылымы: Көтеру мөлшері ( биіктігі) 4-6 см. Көмекші Жм ойа - 0,2хО,Ж+2 см. Көмекші сызық нүктелерді қосу. Көмекші сызық ЖА : 2. Қайыру мөлшері 1 см. Қондыру тігу сызығы Ж тік бұрышты. Жаға ені 9-10,5см. Жағаның алдыңғы шеті АА3 =ЖЖ1. Көмекші сызық нүктелерді қосу. Көмекші сызык Ж1АЗ : 2. Қайыру мөлшері 2- 2,5 см. Жаға қырықиығы Ж нүктелері бұрыштарын қосу.
Сарамандық жұмыс:
1. Жаға түрлерінің сызбасын түсіріп үлгі дайындау.
2. Үлгіні матаға орналастырып жаға киямыз.
3. Сызба бойынша тігуге мата есептеп аламыз.
4. Жағаны бір біріне қосып жұмыс жасаймыз.
Қорытындылау:
Ғажайып үштік ойыны арқылы қорытындылаймыз.
Бағалау:
Жұмыс орнын жинастыру.
Бәйге
1. Еркінқонымдылықүшінқосымшаөлшемдердіата.
Жауабы:
1. Мойын орамына = 0,7 – 1 см
2. Көкірек орамына = 4 – 6 см.
3. Бел орамына = 1 – 3 см.
4. Мықын (жамбас) орамына 2 – 4 см.
2.Сызбақандайбөлшектердентұрады?
Жауабы:
1. Базистік тор.
2. Артқы бой.
3. Алдыңғы бой.
4. Жең.
5. Жаға
3. Базистік тор қандай өлшемдерге байланысты жасалады?
Жауабы:
1. Артқы бой.
2. Алдыңғы бой ені.
3. Жартылай мықын орамы.
4. Алдыңғы бойдың бел сызығына дейінгі биіктігі.
5. Бұйымныңұзындығы.
4. Жеңконструкциясынорындауүшінқандайөлшемдералукерек?
Жауабы:
1. Білек орамы.
2. Білезік орамы.
3. Жең ұзындығы.
5. Романтикалық ,фольклорлықстильдергеанықтамабер.
Жауабы:
1. Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, нәзіктік, бөлініп көрініп тұрады. Мысалы: Желбіршектер, шілтерлер, банттар жатады.
2. Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Мысалы: ою – өрнектер, кестелер жатады.
6. Классикалық, спорттық стильдерге анықтама бер.
Жауабы:
1. Классикалық стильге - форманың тұрақтылығы жатады. Мысалы: костюм – шалбар, жакет – костюм, плащ, белдемше, блузка т.б.
2. Спорттық стильге - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Мысалы: күртеме, жейде, комбенизондар, джинсы.
7. Стиль дегеніміз не? Стиль нешегебөлінеді?
Жауабы: Стиль дегеніміз – мәнер, сипат, ерекшеліктік.
Стиль 4 бөлінеді: 1. Классикалық стиль.
2. Спорттық стиль.
3. Романтикалық стиль.
4. Фольклорлық стиль.
8. Сән, костюм сөзінеаныктамабер.
Сән – киім кию мәдениеті, әр – түрлікоғамның, дәуірдіңтұрақтыкиімулгісі.
Костюм – белгілібірұлттың, әр – түрліқоғамның, дәуірдіңтұрақтыкиімүлгісі.
9. Тұлғаөлшемдеріната.
Жауабы: Орам, Жартылайорам, Ені, Биіктігі, Ұзындық.
10. Киімдіконструкциялаупроцесі.
1. Суреттер.
2. Қосымшалар.
3. Сызбалар.
4. Есептеуформулалары.
11. Өлшемдіадамденесініңқайжағындатұрыпөлшейді?
Жауабы: Өлшемдердіадамныңденесініңоңжағындатұрыпөлшейді.
12. Көлденеңөлшем мен ұзындықөлшемдерқалайжазылады?
Жауабы: Ұзындықөлшемдертолық, көлденеңөлшемдержартылайжазылады.
13. Өлшемалукезіндесақталатынережелердіатапбер.
1. Өлшемдіоңжағынантұрыпөлшеу.
2. Өлшеуішлентанықаттытартуғанемесебосатуғаболмайды.
3. Өлшемалатынадамтіктұруықажет.
«Ғажайыпүштік» ойыны.
Технология пәнібойынша.
30 ұпай 1. Жағаныңұзындығынқалайтабамыз?
Жауабы: Артқы және алдыңғы бойдық мойын ойындысын өлшеу арқылы табамыз.
20 ұпай 2. Ашық мойындықты жағаларды ата.
Жауабы: Ашық мойындықты жағалар. 1. Шәлі жаға. 2. Костюм жаға.
3.Апаш жаға. 4. Жазық.
10 ұпай
3. Жабық мойындықты жағалар.
Жауабы:1. Тік жаға. 2. Қайырма жаға. 3. Жартылай тік жаға.
Сызу пәні бойынша.
30 ұпай 1. Жағабөліктеріната.
Жауабы: 1. Жағақыры. 2. Жағатіліктемесі.
20 ұпай 2. Жаға қандай бұрыштық сызбада сызылады?
Жауабы: Жаға көбіне тік бұрышты сызбада сызылады.
10 ұпай
3. Жағасызықтарыната.
Жауабы: 1. Бүгілусызығы. 2. Қондырыптігусызығы. 3. Жиексызығы.
Математика пәнібойынша.
30 ұпай 1. Жағаның бүгіу сызығының ортасын қалай табады?
Жауабы: Жағаның ұзындығын 2-ге бөледі.
20 ұпай 2. Тік жаға сызбасының қондырып тігу сызығы неше см есебімен алынады?
Жауабы: Кондырып тігу сызығы 3 см көлемінде алынады.
10 ұпай
3. Жартылайтікжағасызбасыныңкөтерумөлшерініңбиіктігінешесм есебіменалынады?
Жауабы: Жартылайтікжағаныңкөтерумөлшері 2 – 4 см аралығындаалынады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.