Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жеңімен тұтас пішілген иықты бұйымдарды модельдеу. -

Жеңімен тұтас пішілген иықты бұйымдарды модельдеу.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2313 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Жеңімен тұтас пішілген иықты бұйымдарды модельдеу.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Модельдеу әдістері мен техникасын үйрету, тақырып бойынша материалды меңгеруді қамтамасыз ету.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, эстетикалық талғампаздық пен еңбекқорлық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жұмыс атқару кезінде еңбек мәдениетін сақтауды үйрету, ұқыптылық пен дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талқылау, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: сызу, информатика.
Көрнекіліктер: мақалдар, нақыл сөздер, сурет карталары,буклет.
Құрал-жабдықтары: интерактивті тақта,компьютер,түрлі түсті қатты қағаз,қалам, қайшы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А)оқушыларды белгілеу.
Б)Cабаққа қажетті құралдарының дайындылығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
“Киім, стиль,силуэт,өлшем, құрастыру тақырыптары бойынша білімін тереңдету.

Жұмбақ шешу
Өздігінен бата алмас,
Адам өмірімен қатарлас.
Ол болмаса пендеңіз,
Тіршілік өмір жасама (киім)

Топтастыру: Киілетін орнына қарай киім қандай түрлерге бөлінеді?

Киімге қандай талаптар қойылады?
Түнгі көйлекке қандай мата таңдаймыз?
Табиғи мата болуы шарт:
-ылғалды жақсы тартады;
-ауа өткізгіш;
-жұмсақ;
-күту оңай.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Силуэт дегеніміз не?
Силуэттың турлері.
2. Стиль дегеніміз не?
Стильдің түрлері
3. Пропорция.
4. Адам пішіні бойының өлшем бірлігі ретінд не қабылданған, қандай ара қатынаста?
5.Силуэттің түрін ата (сүреттер)
а)трапеция
б) үшбұрыш
в)сопақ
6. Киімнің стилін ата (суреттер)
а)классикалық
б)романтикалық
в)спорттық
7.Киім мөлшері қандай өлшеммен анықталады?
8.Өлшем бірліктерінің түрлері.
9.Түнгі көйлекке қандай өлшемдер алынады?
10.Орамдар қалай алынады, және қалай жазылады?
11.Өлшем кезінде белді неліктен жіппен қынаймыз?
12.Өлшем алу ережелерін айтып беріңдер.
13.Сызба-негізін құруда бұйымның денеде қонымды болу үшін не беріледі?
14.Киім денеге қонымды болу үшін не істеу керек?
15. Сызба қалай жасалады? (Aktiv studio-да түнгі көйлектің сызба негізісін құру)
-Негізгі тор дегеніміз не?(тік төртбұрыш құру)
-Мойын ойындысы сызықтарын құру
-Жеңді құрастыру
-Етегін кенейту
-Бел сызығын жүргізу
- Құрастырушы сызықтарды атаңдар.
- Түнгі көйлек қанша бөлшектен тұрады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Модельдеудің екі түрі бар
көркем техникалық
Көркемдік модельдеу-Бұйымды тікпес бұрын оның көркемдік суретін немесе
эскизін (нобайын) орындау керек.
Техникалық модельдеу. Есептеу арқылы бүкпелер,бүрмелер,қатпарлар,иініштер,
қалталар,ойықтарды табу, анықтауды-техникалық модельдеу дейді.

Техникалық модельдеуге мыналар кіреді:
-Сызба-негізінде жаңа пішім жасау;
-Құрастырушы сызықтар жүргізу арқылы кесіндіні өзгерту;
-Қосымша бөліктер, әрлеуштер еңгізу.
- Құрастырушы сызықтар жүргізу арқылы кесінді дайындау.
Техникалық модельдеу тәсілдері
1.Ұзындықты өзгерту арқылы модельдеу;
2.Мойын ойындысын өзгерту арқылы модельдеу;
3.Иініштерді модельдеу;
4.Түнгі көйлекті көркемдеп өндеу, әшекейлерді еңгізу;
5.Түнгі көйлек сызба-негізінде әртүрлі киімдерді модельдеу.
Түнгі көйлектін нұсқаулары(17 модель ұсынылады)
ВЕСНА - ЛЕТО 2013(Россия)-видео көрсетіледі.

IV.Сарамандық жұмыс.
“Түнгі көйлекті модельдеу”
Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта,компьютер, түрлі түсті қатты қағаз,қайшы, кішірейтілген сызба-негізі, қалам.
Техника қауіпсіздігі: компьютер, қайшы.
 Жұмыстың орындалу реті:
1.Техникалық қауіпсіздікті есте сақта.
2. Берілген түнгі көйлектің нұсқасымен муқият танысып ал,сыртқы көрінісін сипатта.
3. Модельдеу тәсілін анықта.
4.Кішірейтілген сызба-негізге қажетті өзгерістерді еңгіз. Үлгінің артылған бөлігін алып таста,немесе толықтыр.
5. Пішімдерін дәл алу үшін бұл жұмысты өте ұқыпты орында.
6.Пішім бөліктерінің санын анықта(атап шық), бақылау нуктелерін белгіле.параққа желімде.

V. Материалды бекіту
 Жаңа модельге сипаттама беріңдер.
 Қандай мата таңдадың?
 Қандай өзгерістерді еңгіздіндер, қалай?
Жұмбақтарды шешу
 Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. (киім)
 Белгілі уақыт танымал болған,
Адамдар оны соңынан қуған. (сән)
 Ешқашан сәннен шықпаған,
Тас ғасырында да қолданған.
Кез келген маусымда,
Қыздың киімі болып табылған. (белдемше)
Қолы бар саусағы жоқ,
Мойны бар басы жоқ. (жемпір)
 Дөңгелек өзі, төртеу көзі,
Ұстайды мықтап киімді өзі. (түйме)
 Тап-тап, тап жорға,
табаны жоқ боз жорға
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе таптырмас. (ине)
 Екі пышақ бірігіп кесіп-пішіп береді
 Екеуінің керегі-елге тиер көмегі. (қайшы)
ҮІ.Қорытындылау: Өткен тақырыпқа шолу жасап, оқушылардың сұрақтарына жауап беру.

Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру: .
Мата, ине, жіптерді алып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.