Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жейдені пішімдеу. Өлшем алу,үлгі даярлау тор сызбасын құру. -

Жейдені пішімдеу. Өлшем алу,үлгі даярлау тор сызбасын құру.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3022 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Жейдені пішімдеу.
Өлшем алу,үлгі даярлау тор сызбасын құру.







Сабақтың тақырыбы: Жейдені пішімдеу. Өлшем алу,үлгі даярлау тор сызбасын құру.
Сабақтың мақсаты: Жейденің конструкциясымен танысу, тор сызбасын құруды үйрену.
Білімділік: үлгіні модельдеп, нұсқаулық карта бойынша жұмыс жасай білу;
Дамытушылық: теориялық білімдерін шығармашылықта пайдалана
білуге, пәнге деген қызығушылығын тапсырмалар беру арқылы дамыту;
Тәрбиелілік: әсемділікке, ұқыптылыққа, бірізділікке, техника қауіпсіздік
ережелерін сақтауға, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: өзіндік жұмыс сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап,демонстрациялық
Техникалық құралдар:компьютер,интерактивті тақта
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: суреттер, лекало, қалам, сызғыш.
Пәнаралық байланыс: сызу, геометрия, математика
Сабақ жоспары: І . Ұйымдастыру кезеңі
Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
ІІ. Өткен сабақты қайталау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
IV.Сарамандық жұмыс
V. Бекіту
VI. Сабақты қорытындылау.
ІІ. Өткен сабақты қайталау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Жейдені негізге ала отырып, әдемі, әсем киімдердің әртүрлі нұсқауларын табуға және оларды белдемшемен, шалбармен үйлестіріп киюге болады.
Киімге үлгі таңдаған кезде киімнің әдемі, сәннің соңғы бағытына сәйкес болуын қадағалаған жөн.
Жейде тігу үшін алынатын өлшемдер.

Өлшем алу:
1- жартылай кеуде орамы;
2 - жартылай бел орамы;
3- жартылай мықын орамы;
4 - кеуде биіктігі;
5 - алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы;
6 -артыңғы бойдың ұзындығы;
7 -иық ұзындығы;
8 - жең үзындығы;
9- ңолдың жоғарғы бөлігінің орамы;
10 - жартылай мойын орамы

Әйелдер жейдесі жеңіл иықты киімдер тобына жатады. Оны жылдың төрт мезгілінде белдемше мен шалбармен киюге болады. Жейдені кию мақсатына қарай әртүрлі матадан тігеді, матаны таңдаған кезде оның пайдалы, сәндік қасиеттеріне назар аударылады. Пайдалы қасиеті деп мата талшығының құрамы денсаулыққа пайдасы ауа мен ылғал өткізгіштігі жатады. Сәндік қасиетіне матаның түсі сапсы тігістің әдемі түсуі жатады.
Адам тұлғасының өлшемін алу үшін таспа керек, тұлғаның кеуде шеңбері – КШ, бел шеңбері – БШ, жамбас шеңбері – ЖШ кіңдік өлшемдер деп аталады. Бұлар жарты мөлшерде жазылады. КШ өлшемі негізгі өлшем, өйткені осы өлшем арқылы біз өлшемдерімізді білеміз. Ал қалған өлшемдер ұзындық өлшемдер, олар толық мөлшерде жазылады.
Көйлектің белгілі бір үлгісінің сызбасын сызу үшін негізінен кеуде шеңбері басты роль атқарады. Қандай бөліктің болсын ұзындығын, көлденеңін есептеп шығару үшін кеуде шеңберінің екіден бірін, үштен, төрттен, сегізден бөліндісін алады. Осыған байланысты алдын ала есеп пропорциялы таблицаны пайдалану ыңғайлы. Мысалы: 48 өлшемінің негізінде көмекші таблицаның мынадай болмақ КШ - 2 /48 =24см,КШ -3/48=16см, КШ-4/48=12см,КШ-8/48=6 см
Үлгі сызба: тор, артқы бой және алдыңғы бой үш бөлімге бөлінеді.
Тор. Бір парақ қағаздың сол жақ бұрышынан бір-біріне тік бұрыш болып келетін екі сызық сызылады. Тік сызық – артқы бойдың орта сызығы, көлденең сызық – желке сызығы. Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығының бойына КШ өлшеп салып, еркін сыю үшін 3-5 см қосады. 48+3=51см. Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық алдыңғы бойдың орта сызығы жүргізіледі. Ол артқы бойдың орта сызығына параллель келеді.
Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығының бойынан кеуде шеңберінің үштен бірін өлшеп алып оған 3 см қосымыз 48/3+3=19. Табылған нүктені көлденең сызықпен алдыңғы бойдың орта сызығымен қосамыз. Бұл кеуде сызығы. Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығын(АБҰ-40см) өлшеп, көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосамыз. Бұл бел сызығы. Бел сызығынан төмен қарай артқы бойдың ұзындығына байланысты 16-18 см өлшеп, табылған нүктені көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен жалғастырамыз. Бұл жамбас сызығы. Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай кеуде сызығының бойына кеуде шеңберінің үштен бірін алып оған 2,5 см қосады 48/3+2,5=18.5cм, пайда болған нүктеден жоғары қарай тік сызық сызылады. Бұл жауырының ені сызығы. Жауырын енінің сызығынан оңға қарай кеуде сызығының бойына кеуде шеңберінің төрттен бірін өлшеп алып оған 0,5 см қосады, 48/4+5=12.5см. Бұл қолтық ойындысының кеңдігі. Осы нүктеден жоғары қарай кеуде шеңберінің сегізден біріне тең болатын тік сызық сызамыз. Бұл қолтық ойындысының шығыңқы сызығы. 48/8=6см. Кеуде сызығының бойымен қолтық ойындысының кеңдігін қақ бөледі. Пайда болған нүктеден солға қарай кеуде сызығының бойына 2 см өлшеп алады. Белгіленген нүктені пуниктир сызығы арқылы жамбас сызығы арқылы жалғастырады. Бұл бүйір сызығы.

IV.Сарамандық жұмыс
V. Бекіту сұрақтары


Қорытынд: оқушылырды бағалау.Үйге тапсырма беру,
Өз өлшемдері бойынша жейде торының сызбасын құру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.