.
.
Жол ережесін білу-бәріне міндет. Жол ережесін білу-бәріне міндет.
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3614 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: 1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;
2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;
3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер.
Барысы.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлықтүрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп қатаң сақтауын қажет етеді.
Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіндер.
Жүргізуші: Бүгінгі "Көшеде сақ бол!" атты сайысымызға үш топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады. Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды. Сонымен сайысымызды бастайық.
1-сайыс Топтарды таныстыру
1-топ
1-оқушы: Арманға алда күткен асығармыз, Біз қалай жалын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз. Жалғайтын достастырып бар елменен Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға Ойынымыз басталады сәлемменен.
2-топ
2-оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес, Жол жүру ережесін білмей тұрып.
3-топ
3-оқушы: Қызыл жарық жанғанда, Қалт тоқтай қал табанда. Сары шамы жанғанда. Сақ, абай бол барынша. Жасыл жарық жол ашық, Зымырай бер бел асып.
Топтардың танысуы.
" Үлгілі жолаушылар " тобыБасталар әр қадамын, аттауменен,Жол жүру ережесін сақтауменен.
"Жас инспекторлар " тобы Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік.
«Бағдаршам»тобы Жол жүру ережесін жақсы біліп,Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
2-сайыс "Көше ережесі тарихынан"
1 -топ
1-оқушы: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды.
Ал бүгінгі таңда.бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.
2-топ
2-оқушы: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар I Петр кезінде салына бастаған.
Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді.
Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127км ғана жол бар болатын.
Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техниканың өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді.
3-топ
3-оқушы: Қала көшелерімен жүріп келе жатып байқаған боларсыңдар-айнала толы жол белгілері.Олардың бояулары да,пішіндері де әр алуан.Бәлкім бұл бекерден-бекер емес болар.Кейбір белгілермен сендер бұрыннын таныссыңдыр,ал қайсібіреулерінің атқаратын қызметін оларда салынғын суреттерге қарап болжайсың.
Мәселен,адам суреті салынған 13 белгі болса,жануарлар белгіленген 3 белгі бар.Қандай белгі жаяу жүргіншіге,ал қайсысы жүргізушілерге арналған?Кәне,бәріміз бірлесіп,көшедегі белгі тілін түсініп көрейік.
Өздері атқаратын қызметтеріне қарай барлық белгілер 7 топқа бөлінеді:
-ескерту
-басымдылық,
-тыйым салатын,
-алдын ала қойылытын,
-ақпараттық-көрсеткіш,
-сервис,
-қосымша ақпараттық белгілер(табличкалар).
Осы топтардың әрқасысымен жеке танысайық.Алдымен өзіңе таныс белгілерден бастайық.
4-сайыс "Жол белгілерінің топтарын табу"
Әр топ сурет бойынша тиісті жол белгілерінің топтарын табу , анықтама беру керек. Бір минут уақыт беріледі.
1-топ "Ескерту белгілері"
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікте ешқашан да қалмаған.
2-топ "Тыйым салу белгілері"
Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.
3-топ "Ақпараттық-көрсеткіштік белгілер"
Баратын сапардың жақынын, қашығын, Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыстын бағасын беруді сұрайық.
5-сайыс "Көше ережесін білесің бе?"
Сұрақтарга жауап беру
1) Бағдаршам деген не?
2) Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді?
3) Көлік күтетін жерді қалай атайды?
4) Көліктің бұрылатынын қалай білуге болады?
5) Жүрісті реттеп тұратын адам кім?
6) Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады?
7) Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады?
8) Тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?
9) Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек?
10) Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді?
11) Төртбұрышты көк түс жол белгісінін, қай тобын білдіреді?
12) Жиек жол жоқ жерде жүргіншілер қай жермен жүреді?
6-сайыс "Кім жылдам ? "
Құрастыргышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. Топтарға үш минут уақыт беріледі.
7-сайыс «Шығармашылық жұмыс.»
Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру
Өлең құрастыру
------------ балалар
------------- тротуар
-------------- ұмытпа
-------------- сақта!
8-сайыс «Үздік жүргізуші»
Үздік жүргізушілерді анықтау.Велосипедпен арнайы сызылған жолмен уақытқа жүріп өту.
Жол тәртібі кімге керек-бірге ойланып көрелік,
Әрқайсысың қылығына әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан.
9-сайыс "Жұмбақтар шешу"
Топтарға жол ережесіне қатысты қарапайым жағдаяттар көрсетіледі, топ мүшелері шешу жолдарын табады. Жүргізуші жұмбақтар жасырады.
1) Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ"тоқта, жүр" дейді.
( Бағдаршам )
2) Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
(Жол)
3) Екі аяқты, бір ізді,
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол менің.
Аяғымды жүргізді.
( Велосипед)
4) Үзенгісін тептім,
Зымырап кеттім.
( Велосипед)
5) Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өмірінді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
(Полиция қызметкері)
6) Үш көзді батыр
Жолды андып жатыр.
( Бағдаршам)
7) Өзі тым күшті,
Аяғы тісті.
Ілезде тындырар
Қыруар істі.
( Трактор)
8) Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді.
( Машина)
Сайыс қорытындысын шыгарып, жеңімпаз топты марапаттау.
Жүргізуші:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай акыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі — заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.
Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден, Cay-саламат жүреміз.
.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.