Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жол қозғалысы белгілері және қолдану» -

«Жол қозғалысы белгілері және қолдану»

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2482 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қазақсатан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысы Білім басқармасы
№8 кәсіптік лицей



Тақырыбы: «Жол қозғалысы белгілері және қолдану»

№70 топ
«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері»

Өткізген: Арзақынов Қаршыға
Арнаулы пән оқытушысы


Қазалы қаласы
2010-2011 оқу жылы

«Бекітемін»
Директордың оқу-өндірістік жұмыстары
жөніндегі орынбасары Ө.Өтеулі

Арнаулы пән оқытушысы: Арзақынов Қаршыға
Мамандықтың аты: «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері »

Топ: №70
Курсы: ׀׀׀
Сабақ реті: 36
Мерзімі: 28 қазан 2010
Пән аты: Жолда жүру ережесі

Сабақ жоспары:

Сабақ тақырыбы: Жол қозғалысы белгілері және қолдану
Сабақтың мақсаты:
Реттелетін жол қиылысын сауатты оқып үйрету,жол белгілерінің мәнін ашу жол сызықтарының түрін оқып үйрену
оларға қойылатын талаптармен танысу, жүргізушінің әрекетін,ойлау
қабілетін жетілдіру,қорытынды жасай білу, проблемалық жағыдайдан
шығу жолдарын анықтау.Жүргізуші ретінде айналасындағы жүргізуші-
лермен сыйластық қатынасқа баулу.
Сабақтың түрі: Ойын түрінде.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
Пән аралық байланыс:Автомобиль құрылысы,сызу,математика .
Қолданылатын жабдықтар:плакат, тапсырма қағаздар,жол қиылысының макеті,оқулық .

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:1-2 мин.
а) оқушылармен сәлемдесу
б) оқушылады журнал бойынша немесе топ басшысы арқылы түгелдеу
в) оқушыларды 3 топқа бөлу,ойын барысымен таныстыру және оқушыларды өтілетін
тақырыпқа байланысты ынталандыру.
Бірінші бөлім: «Сұрақ жауап».1.Жүргізуші реттеуші мен бағдаршам бірдей белгі беріп
тұрса қайсысына бағынасың?.
Жауап:Жол реттеушіге
2.Жол белгісі мен жол сызықтарының көрсетуі бір-біріне
қарама-қайшыболса,жүргізуші қайсысына бағынады. Жауап:Жол белгісіне.

3.Аялдама белгісінде тоқтау ұзақтығы қанша уақыт?
Жауап:5 минут.

4.Бағдаршам жұмыс жасап тұрғанда жол қиылысындағы
басымдылық белгісінің күші жойылады ма?
Жауап:Жойылады.

5. «Сегіз қырлы»жол белгісі қалай аталады және қай
топқа жатады?
Жауап:Аялдамасыз қозғалысқа тиым
салынады,басымдылық белгісі.

6.Қарама-қарсы қозғалыстағы көлікке арналған жол жол
жолағы жоқ болса,жол қалай аталады?
Жауап:Бір бағытқа арналған жол.

7.Қауіпті жерден қанша метр қашықтықта ескерту белгісі
қойылады?
Жауап:Елді мекенде 50-100м,елді мекен-
нен тыс жерде 150-300м.

8.Жол белгілеріндегі жасыл түс нені білдіреді?
Жауап:Белгінің автоарнаға қатысты екендігін білдіреді.

9.Автоарнада оқып жаттығуға рұқсат етіле ме?
Жауап:Тыйым салынады.
10.Елді мекеннің аты көк түсті фонда болса қандай
түсінік береді?
Жауап:Елді мекеннің негізгі жолдан белгілі бір қашықтықа
орналасқанын білдіреді.

Екінші бөлім: «Жолдағы кездесетін проблемалық жағыдайлар»деп аталады.

1 топқа.Қыс кезінде жол жолағы қармен жабылып,бір бағыттағы жолақ санын анықтау мүмкін болмаса,жүргізуші жолақ санын қалай анықтайды?

Жауап:Басымдылық белгісіне «қарама-қарсы қозғалыстың
басымдылығы» немесе «қарама-қарсы қозғалыс алдындағы
басымдылық» белгілеріне қарап.

2 топқа.Жолдың тар бөлігінде сіз жеңіл машинаны жүргізіп келесіз.Сізге қарсы жанында тіркемесі жоқ мотоцикл қозғалып келеді.Қандай жол белгілеріне бағынасыз?
Жауап: «Қарама-қарсы қозғалыстың басымдылығы» немесе
«қарама-қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық» белгілеріне
қарап.
3 топқа.Сіз өз үйіңізге жақындаған кезде аулаға кіре берісте орнатылған «кіруге тыйым салынады»белгісін көрдіңіз.Не істер едіңіз?
Жауап:Бұл жол белгісіне тек маршруттық көлік құралдары бағын-
байтындықтан басқа жол жолағына бұрыламын немесе жол сызық-
тары мен белгілерге қайшы болмаса кері бұрыламын.

Үшінші бөлім: «Жол қиылысында қозғалып үйренейік»деп аталады.

Макеттегі жол қиылысын пайдалана отырыпсұрақтарға жауап беру кежет.Әр топқа сұрақ тапсырма беріледі.
1 топқа.1.Жарқылдауық маягін іске қосқан жүргізуші жол қиылысында қандай көлікке жол береді?
Жауап: Екі көлік құралынада жол береді.

2. Жеңіл машина жол қиылысынан нешінші болып өтеді
Жауап: Екінші болып өтеді.

2 топқа.1.Жүк машинасы қандай бағытта қозғалуға тиіс?
Жауап:Реттілігі бойынша соңынан,солға қозғалу тиіс.

2.Жолдың қанша жүріс бөлігі бар?
Жауап:Жолдың бес жүріс бөлігі бар.

3 топқа.1.Жүргізуші қолымен қандай сигнал беріп тұр?
Жауап: Солға бұрылатындығын ескертіп тұр.

2.Жеңіл автомобильдің трамвай жолымен қозғалуына рұсат етіледі ме?
Жауап:Рұқсат етілмейді.

Үшінші бөлімнің қорытындысы және жалпы жиналған ұпай саны есептеліп,жеңімпаз топ анықталады.

Оқушылар білімін бағалау: 1-2 мин.
- оқушылардың алған бағасын ескерту;
- сабақ барысындағы кеткен қателіктеріне түсінік беру.

Үй тапсырмасы:1-2 мин.
Берілген сұрақтарға дайындалып келу.Өтілген тақырыптарды қайталап оқып келу

Арнаулы пән оқытушысы: Арзақынов Қаршыға






Сұрақ: Жеңіл автомобильдің трамвай жолымен қозғалуына рұсат етіледі ме?


Жүргізуші реттеуші мен бағдаршам бірдей белгі беріп
тұрса қайсысына бағынады?


Жүргізуші қолымен қандай сигнал беріп тұр?



Жолдың қанша жүріс бөлігі бар?


Жүк машинасы қандай бағытта қозғалуға тиіс?





Жеңіл машина жол қиылысынан нешінші болып өтеді ?



Жарқылдауық маягін іске қосқан жүргізуші
жол қиылысында қандай көлікке жол береді?



Сіз өз үйіңізге жақындаған кезде аулаға кіре берісте орнатылған «кіруге тыйым салынады»белгісін көрдіңіз.Не істер едіңіз?


Жолдың тар бөлігінде сіз жеңіл машинаны жүргізіп келесіз.
Сізге қарсы жанында тіркемесі жоқ мотоцикл қозғалып келеді.
Қандай жол белгілеріне бағынасыз?



Қыс кезінде жол жолағы қармен жабылып,
бір бағыттағы жолақ санын анықтау мүмкін болмаса,
жүргізуші жолақ санын қалай анықтайды?



Елді мекеннің аты көк түсті фонда болса қандай
түсінік береді?



Автоарнада оқып жаттығуға рұқсат етіле ме?



Жол белгілеріндегі жасыл түс нені білдіреді?



Қауіпті жерден қанша метр қашықтықта ескерту белгісі
қойылады?

Қарама-қарсы қозғалыстағы көлікке арналған жол жол
жолағы жоқ болса,жол қалай аталады?



«Сегіз қырлы»жол белгісі қалай аталады және қай топқа жатады?

Бағдаршам жұмыс жасап тұрғанда жол қиылысындағы
басымдылық белгісінің күші жойылады ма?


Аялдама белгісінде тоқтау ұзақтығы қанша уақыт?


Жол белгісі мен жол сызықтарының көрсетуі бір-біріне
қарама-қайшыболса,жүргізуші қайсысына бағынады.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысы Білім басқармасы
№8 кәсіптік лицей



Гидравликалық жүйе Краз 3060 автокөлігінің
көтеріп-түсіру механизімі

№70 топ
«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері»

Өткізген: Арзақынов Қаршыға
Арнаулы пән оқытушысы


Қазалы қаласы
2010-2011 оқу жылы


«Бекітемін»
Директордың оқу-өндірістік жұмыстары
жөніндегі орынбасары Ө.Өтеулі


Топ: №70
Курсы: ׀׀׀
Мерзімі: 10 қыркүйек 2010
Пән аты: Автомобильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Сабақ жоспары:

Сабақ тақырыбы: Гидравликалық жүйе Краз 3060 автокөлігінің көтеріп - түсіру механизімі

Сабақтың мақсаты: Көтеріп – түсіру механизімдегі май сымдарын жалғау жолдарымен
әдістемесін түсіндіру
Міндеттері:
а) білімдік: гидравликалық жүйенің жұмысын таныстыра отырып, приборлармен қосылыс тәсілдерін көрсету арқылы оқушылардың білімін қалыптастыру.
б) дамытушылық: гидравликалық жүйенің оның қолдану маңыздылығымен қажеттілігін сұрап, біліктілік дағдысын қалыптастыру.
г) тәрбиелік: техникаға деген қызығушылығын тудыра отырып, еңбекке баулу.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі әдістемелік

Оқытудың формалары: Ұжымдық

Сабақтың тәсілдері: Әңгімелесу, өзіндік жұмыс

Пәнаралық байланыс: Физика, материалтану, оқыту

Тірек түсініктер: Резервуар, гидравлика, үлестіргіш

Сабақтың көрнектілігі: Тест қағаздары Краз 3060

Әдебиеттер: Автокөлік құрылысы, автокөлікке техникалық қызмет көрсету


№ Сабақтың құрлымы Сабақтың хронологиясы
1 Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин
2 С.И.Офицеровтың әдістемесі бойынша интектуальни гимнастика 1-2 мин
3 Үй тапсырмасын тексеру 5- мин
4 Тест сұрақтарына жауап 5- мин
5 Жаңа тақырыпты түсіндіру 15- мин
6 өзімдік жұмыс 5- мин
7 Материалды бекіту 7- мин
8 Сабақ жетістігін қортындылау 2- мин
9 Алдағы білім беру міндеттерін болжау 1- мин
10 Үйге тапсырма 1- мин

Оқушылар өз еріктерімен шығып плакат бойынша Краз 3060 автокөлігін көтеріп – түсіру механизімдерін приборға май сымдарын жалғап оталдыру арқылы жұмыс істеп көреді.

VII. Сабақ жетістігін қортындылап бағалау.
Біздің алға қойған мақсатымыз қандай еді.

VIII. Оқу процесіне түзетулер енгізу.
Оқушыларға тиісті баға қою.

IX. Алдағы білім беру міндеттерін болжау.
Пневматикалық жүйе дегеніміз не?

X. Гидравликалық жүйе. 180-188 бет.

Арнаулы пән оқытушысы: Арзақынов Қаршыға Меңдіқұлұлы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.