.
.
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2045 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың кластары жөніндегі білімдерін жүйелеп, қорытындылау, өз бетімен жұмыс істей отырып, білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Жоспарды пайдалана отырып,өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру. Тұлғаның танымдық қабілеттерін, яғни ынтасын, ойлауын арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, еңбекке, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: таблица, схема, суреттер. тапсырма жазылған таратпа материалдар,жауап парақтары ,“Бағалау” кестесі, флипчарттар, бейнебаяндар, семантикалық карта, периодтық жүйе.
Пәнаралық байланыс: биология, физика, математика, қазақ тілі, бейнелеу.
Сабақтың түрі: қорытындылау сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. I кезең – « Қайталау – білім анасы» ой қозғау
3. II кезең – «Сиқырлы гүл» ойыны
4. III кезең – « Химиялық эстафета»
5. IV кезең – «Химик сараман»
6. V кезең – « Деңгейлік тапсырма»
7. Химия және денсаулық
8. Бекіту кезеңі «Семантикалық карта»
9. Үйге тапсырма беру
10. Оқушыларды бағалау
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ал енді оқушылар бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт» дей отырып сабағымызды бастаймыз.
2. 1. «Қайталау – білім анасы» ой қозғау: Өткен тарауда бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қарастырғанда : оксидтер, қышқылдар, тұздар және негіздермен таныстық. Сондықтан осы бейорганикалық қосылыстарды еске түсіру, қайталау мақсатында оқушылардың білімдерін жүйелеу үшін әр түрлі бақылау жұмыстарын жүргізу. Оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар құрамы, алынуы, жіктелуі, қолданылуы туралы қысқаша ой толғап тақтада берілген тапсырмаға қарап оқушыларға алдымен ой тастап, сұрақтар қоя отырып, мысалдар келтіре отырып ағашты гүлдендіру.
1. Оксидтер дегеніміз не? Жіктелуі.
2. Негіздер дегеніміз не? Жіктелуі
3. Тұздар дегеніміз не және қандай түрге жүктеледі?
4. Қышқылдар дегеніміз не?
5.Негіздік оксидтер дегеніміз не?
6.Қышқылдық оксидтер дегеніміз не?
7.Екідайлы оксидтер дегеніміз не?
8.Қышқылдар қандай түрге жіктеледі?
9. Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп не түзеді?
10. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттескенде не түзеді?
2 кезең. «Сиқырлы гүл» ойынында оқушыларға гүлдің суретінің ішінде формулалар жазылған, яғни осы бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланысты формулалардан тақтаға бір оқушы шығып жазып көрсетеді.
• Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCO3
Осы жазған қатар бойынша келесі кезеңге өтеміз .
3 кезең. «Химиялық эстафета» . Бұл тапсырманы тақтаға екі оқушы шығып тез арада орындайды (уақыт бойынша).
Берілген сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңдер, өнімдердің аттарын атаңдар.
• Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCO3
• S →SO2→ SO3 →H2SO4→ Na2SO 4
• K → K2 O→ KCL→ K2SO4
Орындарында отырып оқушылар да тапсырманы орындап , жылдам болған оқушы мұғалімге тексертеді. Тақтадағы орындаған оқушыларды сынып болып тексерді.
4 кезең. «Химик сараман» тақтада екі бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар көрген соң қорытынды жасап реакция теңдеулерін жазады.
1-бейнебаян. Бейтараптану реакциясы дегеніміз не? Реакция теңдеуі. Индикатордың түсінің өзгеруі ерітінді де қышқылда, негізде жоқ екенін білдіреді. Сондықтан орта бейтарап.
2-бейнебаян. Үш пробиркада ерітінділер берілген, үшеуіне де лакмус құйып еді, 1 пробиркадағы ерітіндінің түсі көгілдір, 2 пробирканың түсі көкке, 3 пробирканың түсі қызылға боялады себебі не?
1 пробиркада – су
2 пробиркада – негіз
3 пробиркада – қышқыл .
5 кезең. Деңгейлік тапсырмалар. Оқушыларға тақтаға химиялық саты бойынша кедергілерден өту керек.
1) Калий оксидіне сәйкес келетін негізді жаз.
2) Фосфор оксидіне сәйкес келетін қышқыл.
3) Натрий гидроксийдінің с.м.м есепте
4) Алюминий оксидіндегі оттегінің массалық үлесін есепте.
5) 16 г. Магний оксидіндегі оттегінің қанша массасы қажет.
Алғашқы үш тапсырманы оқушылар ауызша орындайды, төртінші және бесінші тапсырмаларды екі оқушы тақтаға орындайды.
6 кезең. «Химия және денсаулық» бұл кезеңде оқушыларға химия менде, сенде, барлық жарде, деп
«Қызық думан өміріміз ғаламат,
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ.
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап»
- дей отырып сұрақтар қойылады.
• Тыныс алғанда түзілетін газ (көмірқышқыл газы)
• Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар? (тұз қышқылы)
• Тамаққа дәм беретін тұз (ас тұзы)
• Асқазан қыжылын басатын тұз (ас содасы)
• Медицинада “шаттандырғыш” деген атпен белгілі газ (азот оксиді)
• Медицинада “ыстық укол” деген атпен белгілі тұз (кальций хлориді)
• Адам ағзасының 60-65 пайызын құрайтын сұйық зат (су)
Ал оқушылар бүгін біз қаншама асулардан өттік, енді сабағымызды бекітетін де уақыт жетті. Оқушылардың алдына «Семантикалық карта» таратылады. бірер минуттан соң оқушылар парақшаларын алмастырып, тақтадағы дұрыс жауап бойынша бірін-бірі тексеріп бағалайды.
Бейорганика-лық кластар НСl К2О Ba(OH)2 Na2SO4 KNO3 H3PO4 MgO HF
Оксидтер + +
Қышқылдар + + +
Негіздер +
Тұздар + +
Оқушылар парақшаларын алмастырып, тақтадағы дұрыс жауап бойынша бірін-бірі тексеріп бағалайды.
«5» - 10-11
«4» - 7-9
«3» - 5-6
Үйге тапсырма: Есептер жинағы № 4-155, 4-158, 159
Рефлексия. Оқушыларға парақша таратылады.
Оқушының аты – жөні:
ОА – оқушының сабаққа дайындығы
ОВ – сабақтағы жұмысы
ОС – Материалды қаншалықты меңгергендігі
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттап, бағалау.
Оқушының аты – жөні:
ОА – оқушының сабаққа дайындығы
ОВ – сабақтағы жұмысы
ОС – Материалды қаншалықты меңгергендігі
Оқушының аты – жөні:
ОА – оқушының сабаққа дайындығы
ОВ – сабақтағы жұмысы
ОС – Материалды қаншалықты меңгергендігі
Оқушының аты – жөні:
ОА – оқушының сабаққа дайындығы
ОВ – сабақтағы жұмысы
ОС – Материалды қаншалықты меңгергендігі
Оқушының аты – жөні:
ОА – оқушының сабаққа дайындығы
ОВ – сабақтағы жұмысы
ОС – Материалды қаншалықты меңгергендігі
Оқушының аты – жөні:
ОА – оқушының сабаққа дайындығы
ОВ – сабақтағы жұмысы
ОС – Материалды қаншалықты меңгергендігі
Оқушының аты – жөні:
ОА – оқушының сабаққа дайындығы
ОВ – сабақтағы жұмысы
ОС – Материалды қаншалықты меңгергендігі
Оқушының аты – жөні:
ОА – оқушының сабаққа дайындығы
ОВ – сабақтағы жұмысы
ОС – Материалды қаншалықты меңгергендігі
Оқушының аты – жөні:
ОА – оқушының сабаққа дайындығы
ОВ – сабақтағы жұмысы
ОС – Материалды қаншалықты меңгергендігі
Оқушының аты – жөні:
ОА – оқушының сабаққа дайындығы
ОВ – сабақтағы жұмысы
ОС – Материалды қаншалықты меңгергендігі
Оқушының аты – жөні:
ОА – оқушының сабаққа дайындығы
ОВ – сабақтағы жұмысы
ОС – Материалды қаншалықты меңгергендігі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.