Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Білім сайысы» -

«Білім сайысы»

Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1495 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданы
Қарауыл гимназиясы
химия пәнінің мұғалімі Китапбаева Нургуль Аманжоловна.



9-10 сыныптар арасында өтілген сыныптан тыс жұмыс.
Интеллектуалды олимпиада.
«Білім сайысы»

«Білім сайысы»

Іңкәр: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Арайлым: 9 және 10 сынып аралығындағы «Интелллектуалды олимпиада» білім сайысына қош келдіңіздер!
Іңкәр: Ойын шаттарымен таныс болыңыздар
1- тур: 2 топ өздерін таныстыру әр топқа 20 ұпайдан беріледі
2- тур: берілген 10 сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.
3- тур: 6 ұяшықтың біреуін таңдап берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.
4- тур: Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.
Арайлым: Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек.
Іңкәр: Бірінші турға кезек берсек, екі топ өздерін таныстырып өтсе.
Арайлым: 2 тур. «иә» және «жоқ»
Іңкәр: 1-ші топқа.
1. Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ма? «Иә»
2. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? «Жоқ»
3. Судан екі есе жеңіл металл Калий ма? «Жоқ»
4. Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма? «Иа»
5. Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па? «Жоқ»
6. Топ бойынша жоғардан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? «Жоқ»
7. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиетті аллотропия деп атала ма? «Иа»
8. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамнан жасай ма? «Иа»
9. Натрий тұздары жалынды сары түске бояй алама? «Иа»
10. Сілтілік металдарға темір жата ма? «Жоқ»
Арайлым:
1. Электролиттік диссоциация терориясын ашқан ғалым Аррениус па? «Иә»
2. Кремний қышқылдарының тұздары карбонаттар деп аталама? «Жоқ»
3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл иод па? «Иә»
4. Азот молекуласы полюссіз коваленті байланыс түзе ма? «Иә»
5. Заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым Физика ғылымы ма? «Жоқ»
6. Химия ғылымың тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па? «Иә»
7. Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па? «Иә»
8. Ең қиын балқитын металл алтын ба? «Жоқ»
9. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па? «Иә»
10. Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба? «Иә»
Іңкәр: Ойын ойнату.
Арайлым: Ойлай болса ІІІ турымызға кезек берсек. Әр бір дұрыс жауапқа 30 балдан берілетінін естеріңізге сала кетейін. 9 сынып оқушылары алдарыңызда алты ұяшық тур соның ішінен біреуін таңдаңыздар:
1-ші ұяшық:
Дәрігерлер беретін анттың авторы?
(Гиппократ)
2-ші ұяшық:
Қан қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент?
(Калий)
3-ші ұяшық:
Жүйкені жайландыратын дәрі - дәрмек құрамына кіретін элемент?
(Бром)
4-ші ұяшық:
«Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик – ғалымы.
(Д.И. Менделеев)

5-ші ұяшық:
Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент
(Йод)

6-ші ұяшық:
Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі?
(Активтелген көмір)

Іңкәр: келесі топ өздеріңіз таңдауларыңызды жасасаңыздар:
1-ші ұяшық:
Дәрігерлер беретін анттың авторы?
(Гиппократ)
2-ші ұяшық:
Қан қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент?
(Калий)

3-ші ұяшық:
Жүйкені жайландыратын дәрі - дәрмек құрамына кіретін элемент?
(Бром)
4-ші ұяшық:
«Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик – ғалымы.
(Д.И. Менделеев)

5-ші ұяшық:
Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент
(Йод)

6-ші ұяшық:
Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі?
(Активтелген көмір)

Арайлым: Әнге кезек берейік.


Іңкәр: Мынадай тамаша әннен кейін, ойынымызды жалғастырайық.
4- тур: Осы турдың шартын естеріңізге сала кетейін. Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.
IV-тур. Ставка қою.

Арайлым: Бұл заттың 0,9% - дың ертіндісі физиологиялық ерітіндісі деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл затты химиялық атауы қандай?
(Натрий хлориді)

Іңкәр: Сүйекті қаптайтын элемент
(Кальций)

Арайлым: Натрий гидро карбонатының тұрмыстық атауы?
(Ас содасы)
Іңкәр: Қан қысымын өлшейтін аспап.
(Тонометр)
Арайлым: Элементтің атын тауып қазақша, орысша, латынша аттарын атаңыз.
Өзі ауыр металға жатады. Балалар осы металл құйған сақамен атады.
(қорғасын-свинец - плюмбум)
Іңкәр: Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл.
(Тұз қышқылы)
Арайлым: Жер бетінде химиялық таза темір барма, бар болса ол қайдан шыққан?
(метеорит темірі)

Іңкәр: Әр заттың жылы, салқын, ыстық қалпын не дейді?

(Температура)

Арайлым: Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым?
(Экология)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.