Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Иондық байланыс -

Иондық байланыс

Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3580 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы Қоғалытүбек ауылы
Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі
Султашова Жанар Касымовна
Тақырыбы: Иондық байланыс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың химиялық байланыс туралы білім алуына жағдай туғызу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниетанымдарын кеңейту;
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
Әдісі: ой қозғау, Венн диаграммасы, есептер шығару;
Көрнекілігі: сызбалар, топшамалар;
Күтілетін нәтиже: 1. Иондық байланыс туралы түсінеді;
2. Тапсырмалар орындай алады.

І Қызығушылықты ояту
1. Сабаққа психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру
Топшама № 1
А) Ковалентті байланыс дегеніміз не?
Ә) Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар: HF, H2, Br2O7, SiO2, F2, HNO3
Топшама № 2
А) Ковалентті полюссіз байланыс дегеніміз не?
Ә) Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар: H2SO4, O2, CI2O7, SO2, B2O7, CI2

3. Ой қозғау: «Жедел жауап»
• Сутегіндегі протон саны
• Периодтық жүйедегі элементтер саны
• Периодтық жүйені ұсынған
• Бейорганикалық қосылыстардың класс саны
• Электртерістілік деп
• Оттегіндегі нейтрон саны

4. Топтастыру

ІІ Мағынаны тану
Иондық байланыс деп – иондар арасындағы байланысты айтады. Металл мен бейметалл арасында түзіледі.
Ион – бұл электрон беру немесе алу нәтижесінде түзілетін зарядталған бөлшек.
Мысалы: Ас тұзы NаСІ қарастырайық:

Электрондарын беретін бөлшек оң ионға айналады (катион).
Электрондарын беретін бөлшек теріс ионға (анион) айналады.
1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады.Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып.иондық байланыс түзіледі
Na0 + F 0 → Na + F-
Na0 + Cl02 → Na+ + Cl -
K 0 + Cl20 → K +Cl-

Сыныппен жұмыс:
№ 1
Химиялық пирамиданың шыңына шығу жолы – қосылыстардағы ионды химиялық байланыс. Осы заттардағы байланыстың түзілу сызбасын сызыңдар.

№ 2
«Крестиктер-ноликтер» ойынын ойнаңдар. Барлығы ионды байланыспен түзілген заттардан тұратын тік, көлденең немесе қиғаш жолақты табыңдар. Осы заттардағы ионды байланыстың түзілу жолын сызыңдар.


Өздік жұмыс
Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар:
NO, HF,O2, CO2, CI2, FeCI3, NaCI, KBr, CaO, C3N, AlCI3, NH3, CaF3, H2, CH4
Өзіңді өзің тексер:
1. Электртерістілік - бұл …….
2. Ковалентті полюсті байланыс – бұл …..
3. Ковалентті полюссіз байланыс – бұл …..
4. Электртерістілігі ең жоғары элемент - …….
5. Ковалентті байланысы бар заттардың кристалдық торы қандай болады?
6. Мына заттардан ковалентті полюсті байланысты заттарды теріп жазыңдар:
HCl, O2, H2S, SO2, OF2, Br2, H2, PCl3, CH4

ІІІ Толғаныс
Венн диаграммасы: Иондық және ковалентті байланыс


Үйге тапсырма: §64 1-3 жаттығу
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.