.
.
І. Тақырыбы: Күкірт қышқылы. Серная кислота Күкірт қышқылы. Серная кислота
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6130 | Размер: | Автор: Нартай4540ІІ. Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға күкірт қышқылының қасиеттерін өмірмен байланыстырып оқыту, есеп шығару дағдысын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: Практикалық іс-әрекет арқылы жағымды мотивация қалыптастыру;
3.Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты сүюге баулу
Сабақ түрі: Интерактивті оқыту сабағы
Сабақ типі: Аралас сабақ
Құрал –жабдығы: интерактивті тақта, электронды оқулық, кестелер
Күтілетін нәтиже:
Білім алушылардың күкірт қышқылы туралы толық мәлімет алып, реакция теңдеулерін жазып, есеп шығара білуі.
ІІІ. Білім мен біліктіліктерін тексеру: « Бағдарлау- мотивациялық кезең »
1. Күкірт туралы жалпы мәлімет
2. Күкірттің атом құрылысы
3. Физиологиялық әсері
4. Күкіртттің химиялық қасиеттері
5. Күкіртсутек, күкіртсутек қышқылы
6. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеуін жазыңдар:
S SO2 SO3
7. Электронды оқулық арқылы күкірт оксидтерінің зертханалық жұмысы
Мағынаны таны:
Түссіз, ауыр , сұйықтық
Су құйылса, қызып тұр.
Ылғал тартып ауадан,
Күштілігі артып тұр,
Ал, қанекей айтыңдар.
Қай қышқылды айтып тұр?
( күкірт қышқылы)
Білім алушылар жұмбақтың шешуі арқылы сабақтың тақырыбын табады.Төмендегі сурет бойынша неліктен күкірт қышқылын «қышқылдардың анасы» деп атаған.Көпбалалы анаға құрмет сияқты қышқылдардың ішінен таныстыру құқығы осы қышқылға берілген деп сабақты бастаймын.
IV. Жаңа сабақты оқыту жоспары:
1.Күкірт қышқылының химиялық формуласы
2. Құрылымдық формуласы
3.Салыстырмалы молекулалық массасы
4. Физикалық қасиеттері
5. Химиялық қасиеттері
6. Зертханалық жұмыс (Куртуа туралы мысал)
7. Электронды оқулық бойынша жұмыс ( зертхана)
8. “Қышқыл жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері” эссе (Экологиялық мәселе)
9. Қолданылуы (схема бойынша)
10. Қорытынды “Химиялық лото” (есептер шығару)
1.Күкірт қышқылының химиялық формуласы H2 SO4
Құрылымдық формуласы: H—O О
S
H—O О
М ( Н2SO4) = 98 г/ моль
Күкірт сары түсті бейметалл. С.а.м. 32-ге тең. Реттік нөмірі-16
Мына төмендегі суретке қарап күкірт қышқылының суда еруінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін тауып, дұрыс емесін сызып таста.
Су күкірт қышқылы
Күкірт қышқылы су
Хииялық қасиеті:
H2 SO4 H + + HSO4- көп негізді қышқыл болғандықтан сатылап
диссоциацияланады:
HSO4 H + + SO4-
Электронды оқулықтан зертханалық жұмыс көрсетемін, білім алушылар реакция
теңдеуін жазады.
« Баспадан табылған мақала »
Баспадан мақала табылды. Оның жарыққа шықпай қалуының себебі көптеген қателер
жіберілген екен. Сол қателерді түзетіп, жарыққа шығуына көмек тигізейік.
« Күкірт тұздар класына жатады. Оның салыстырмалы молекулалық массасы -89-ға тең.
Ол ұшқыш газ. Суда ерімейді, ерімейтін болғандықтан иондарға ыдырамайды. Бір
негізді, оттексіз тұз. Қышқыл қалдығының валенттілігі 3-ке тең »
Білім алушылар осы мақаланың қатесін оқыған бетте түзетіп отыру керек.
Куртуа туралы мысал келтіре отырып, қауіпсіздік техникасына тоқталып кетемін.
«Бірде Француз ғалымы Бернар Куртуа өзінің зертханасында түскі асын ішіп отырады.
Оның иығына жақсы көретін мысығы келіп отырады. Тамақтың жанында теңіз балдырыны спирттегі тұнбасымен, екіншісінде концентрлі күкірт қышқылының темір үгіндісімен қоспасы тұрған. Бір уақытта мысық жалыққан болу керек жерге секіріп түседі де ерітінділерді сындырып ,олар бірімен-бірі араласып кетеді. Ауаға ұшқан ерітінділер
ыдыстардың үстіне келіп қонады. Сөйтіп Бернар Куртуа мысықтың көмегімен йодты
ашқан екен.» Сұрақ:
1. Куртуа қандай қауіпсіздік ережесін бұзды?
2. Концентрлі күкірт қышқылымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
Электронды оқулықтан қауіпсіздік техникасының ережесі туралы көрсетемін.
Сабақты бекіту: « Оперциялық-орындаушылық кезең»
Тірек ақпар, тиімді тәсіл, оңтайлы шешім жорығы
і
№1 есеп. Күкірт қышқылының с.м м. табыңыз, әрбір элементтің массалық үлесін табыңыз
Мr ( H2SO4) = 98
W ( H) = 2/98*100% = 2,0 %
W ( S) = 32/98*100% = 32,7 %
W (O) = 64/98*100 = 65,3 %
2,0%+32,7%+65,3% =100%
№2 есеп. Күкірт қышқылының формуласына сай элементтердің массалық қатынасын есептеңіздер:
Аr(H) =1 Аr(S) =32 Аr(O) =16
m (H): m(S): m(O) = 2*1+32+4*16=2:32: 64= 1:16:32
№3 есеп. Күкірт қышқылының барий тұзымен әрекеттесу теңдеуін жазыңдар:
H2SO4+BaCI2=BaSO4 +2HCI
2H+ +SO42- + Ba2+ + 2CI- = BaSO4 +2H+ +2CI-
SO42-+ Ba2+= BaSO4
Ақ түсті
Бұл реакция SO42- ионына сапалық реакция болады. Себебі түзілген BaSO4 ақ тұнбасы суда да, қышқылда да ерімейді.
Швед ғалымы Аррениус туралы бейне слайд көрсетемін.
Дарынды оқушыларға жеке тапсырма беру
«Қышқыл жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері» тақырыбына эссе жаздыру
Графикалық тест
Ғылыми ұғымда Тарихи-ұлттық ұғымда
У у
7 7
6 6
5 5
4 4
3 3
2 2
1 1
Х х
1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 2 3 4 5 6 7 8 9
1.Күкірттің таңбасы (2,5: 6,О) (4,О: 6,О) 1. Ересек адамда болатын күкірт
мөл шері ( 4:6)
2. Күкірт (IV)оксиді (2,5:4,5): (4,О:4,5)
3. Күкірт (VІ) оксиді (1,5:4,О) (5,О: 4,О) 2. Күкірттің түсі (3,5:5)
4. Күкірт қышқылының формуласы(1,О:2,5) 3.Күкірт адам ағзасында қандай эле-
(6: 2,5) мент ретінде болады? (2: 6)
5.Өндірісте күкіртті қандайжолмен алады? 4. Буын ауруларын емдеуде қолда-
( 1,5:1,О) (5:1) нылады (1: 4,5)
6. Күкірт қышқылының с.а м.(3:О,5) 5. Ағартқыш ретінде және зиянды
7. Күкірт қышқылының р.н. (4: О,5) микроағзалардан тазарту үшін
қолданылады (2:3,5)
6. Тұрмысқа қажетті зат (3:4) (2,5:4,5)
7. Шпалдарды сүрлеуде қолданы-
латын сульфат ( 3,5:4) (1,5:2,О)
Қорытынды: « Ой тұжырымдамасы»
Сабақты барынша оқушыларға қорытынды жасатамын да , әрі қарай өзім толықтырамын.
Тәрбиелеу мақсатында «Сүт ұйықтап қалыпты» мысалын білім алушыларға оқи отырып, сабақты түйіндеймін.
Үйге тапсырма: Оқу-әңгімелеу, есептер шығару, шығармашылық жұмыс «Егер де мен...»
Рефлексиялық бағалау кезең
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.