Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көмірсулар. Моносахаридтер. Глюкоза. -

Көмірсулар. Моносахаридтер. Глюкоза.

Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3274 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Шұбарқұдық гимназиясы


11 сынып

Өткізген: Назар А.Н.
химия пәні мұғалімі

2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар. Моносахаридтер. Глюкоза.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Глюкозаның құрылысы, табиғатта түзілуі, алынуы, жалпы қасиеттері, маңызы мен қолданылуы туралы түсінік беру және білімдерін кеңейту;
Дамытушылығы: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, ой өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды сабақтың мазмұнына бойынша алғырттыққа, өз бетінше ізденуге, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: ақпаратты - комплексті, түсіндірмелі - эвристикалық, сұрақ – жауап, интерактивті оқыту әдісі
Құрал – жабдықтар: тақырыптық слайд, химиялық ыдыстар, спиртшам, мыс гидроксиді, күміс нитраты, глюкоза ерітіндісі, суреттер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақ
3. Есептер шығару
4. Үйге тапсырма
5. Бағалау
Күтілетін нәтиже:
Глюкозаның молекулалық құрылысын және оның көпатомды спирттерге тән қасиеттерін сипаттай алады.
Глюкозаның химиялық қасиеттерін талдай алады.
Есептер мен жаттығуларды өз бетімен орындай алады.
Танымпаздық іс - әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады.
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақ



Глюкоза молекуласының құрылысы



Глюкозаның глюкозаның глюкозаның
α - формасы альдегид формасы β - формасы

Табиғатта түзілуі мен алыну жолдары:
1. Фотосинтез реакциясы
6СО2 + 6Н2О → C6Н12O6 + 6О2↑

2. Формальдегидтен синтездеу



3. Крахмалды гидролиздеп алу


Физикалық қасиеттері:
Глюкоза – түссіз, қатты кристалды зат, дәмі тәтті, суда жақсы ериді

Химиялық қасиеттері:
Альдегид тобына тән реакциялары
1.Күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен
СН2ОН-(СНОН)4-СНО + Аg20 → СН2ОН-(СНОН)4-СООН + 2Аg↓
2. Мыс (ІІ) гидроксидімен қыздыру
СН2ОН-(СНОН)4-СНО + Cu(OH)2 →СН2ОН-(СНОН)4-СООН + +Cu2O↓+ 2H2O
3. Катализатор қатысында сутекпен тотықсыздану
СН2ОН-(СНОН)4-СНО + H2 → СН2ОН-(СНОН)4-СH2ОН
Көпатомды спирттерге тән қасиеттері
4. Спирттік ашуы
C6Н12O6 → С2Н5ОН + 2СО2↑
5. Сүт қышқылды ашуы
C6Н12O6 → 2СН3 - СН (ОН) – СООН
6. Тотығуы
C6Н12O6 + 6О2 → 6СО2↑ + 6Н2О + Q

Есептер шығару.
1топ.
20мл 40% глюкоза ерітіндісіндегі еріген зат пен судың массасын табыңдар
2топ.
Шоколадтың құрамында 47,5 % көмірсу болады. 150г шоколадтың құрамындағы көмірсудың массасын табыңыз
3топ.
Құрамында 5 % крахмалы бар 1кг картоптан алынатын глюкозаның массасы

Глюкозаның маңызы мен қолданылуы
Глюкоза адам организмінде зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады. Тірі организм клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп тотығады.
Көмірсулар тез ыдырап, организмді тез арада қажет болатын энергиямен қамтамасыз етеді. Ас қорыту каналында полисахариттер моносахариттерге дейін ыдырап, ішек бүрлерінің капилляраларындағы қанға өтеді. Егер қанттың қандағы мөлшері азайса (гипогликемия) организм шаршап, бас айналып, көз қарауытады. Бұл жағдайда қанға немесе тері астына глюкозаның ерітіндісін жіберсе, не кәдімгі қант жесе, аз уақыттың ішінде - ақ гипогликемиялық шок деп аталатын жоғарыда аталған жағдайдың барлығы жойылады.

Үйге тапсырма
“Адам организміндегі глюкозаның маңызы”
Фруктоза және рибоза мен дезоксирибоза

Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.