Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көміртек топшасына жалпы сипаттама -

Көміртек топшасына жалпы сипаттама

Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2258 | Размер: | Автор: гость
. Н.Тілендиев атындағы Атырау облыстық Кіші өнер академиясы
дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар
мамандандырылған мектеп

Тақырыбы: « Көміртек топшасына жалпы сипаттама»

Өткізген: Утешова З.И

Атырау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Көміртек топшасына жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау білігін дамыта отырып, оның қосылыстарының қасиеттеріне тоқталыптүсініктерін бақылау
Дамытушылығы: өзбетімен жұмыс және әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, есептер шығаруға,қосымша материалдарды пайдалана білуге, сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін артыттыру.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, ойлау қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: таблицалар, кодоскоп, тірек – схемалары, карточкалар
Реактивтер: Na2CO3, HCl, BaCl2, Na2SO4, лакмус, фенолфталеин, пробиркалар, штатив
Сабақтың әдісі: Білім байқау сабағы
Сабақтың барысы: (6 кезеңде өтіледі)
I. Ұйымдастыру кезеңі
а. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру (оқу құралдары, бөлменің тазалығы)
б. Оқушыларды түгендеу
в. Оқушыларды түгендеу
г. Оқушылардың назарын білім алуға бағыттап, біріңғай талап қою.

II. Үйге берілген тапсырмасын орындалуын тексеру.

III. Оқылған материалдардың (білімнің) сапасын анықтау
Сыныптағы оқушылар 4 топқа бөлінеді. I топ пен IV топқа 10 мин жазбаша жұмыс беріледі.
Кодоскоп арқылы:
I –топқа
1. 42 г натрий кидрокарбонатынан : а) оны қыздырғанда; б) оған қышқылдың артық мөлшерімен әсер еткенде көмірқышқылгаздың қанша көлемі түзіледі?
2. Төмендегі өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады?
CaCO3→CO2→ CaCO3 - ?

IV – топқа
1. 49 г күкірт қышқылын нейтралдау үшін неше г кристалды сода Na2CO3∙10H2O керек? Ондағы судың массалық үлесі 63%
2. Ерітіндідегі натрий карбонаты мен
а. Барий хлоридінің
б. Хлорсутек қышқылының арасындағы реакция теңдеулерін жазыңдар.
II және III топтағы оқушылар карточка және тірек – схемасы арқылы сұрақтарға жауап береді.
1. Көміртегі мен кремнийдің атом құрылысының ұқсастығы мен ерекшелігі
2. Аллотропия дегеніміз не? Алмаз және графитке салыстырмалы сипаттама бер
3. Ағаш көмірі қандай процестер кезінде түзіледі? Оның құрылысы, қасиеті қандай және оны қайда қолданады?
4. Көміртегінің қасиеттеріне сүйене отырып, көміртегі қандай мақсатқа қолданады?
5. Көміртегі (II) оксидін лабораторияда және өнеркәсіпте қалай алады?
6. Көміртегі (II) оксидінің химиялық қасиетін сипатта.

II және III топқа жазбаша жұмыс.

II – топқа:
1. 0,1 массалық үлесте қосыныдысы бар 500 т әктасты өртеген кезде көміртегі (IV) оксидінің қ.ж. қандай көлемі бөлінеді?
2. Төмендегі өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады?
C→CO2→H2CO3→Na2CO3

III – топқа.
1. Құрамында масса бойынша карбонат емес қосылыстары 15% әктасқа қышқылмен әсер етіп 1,12 л CO2 алу үшін, оның қандай массасын керек?
2. Төмендегі өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады?
CaCO3

H2CO3←CO2→Na2CO3

I және IV топтың оқушыларына сұрақтар:

1. СО2(IV)лаб – да , өнеркәсіпте алыну жолы.
2. Химиялық қасиеттеріне сипаттама беру.
3. СО2 қолданылуы
4. Көміртегінің табиғаттағы айналымы
5. Ауызша
Лакмуспен күлгін түске боялған су арқылы көмірқышқыл газын өткізсе, судың түсі қызарады: суды қыздырсақ, қайтадан күлгін түске боялады. Осы құбылысты түсіндіріңдер.
6. СО23- - ионына сапалық реакция жасау.

IV. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың ойын, түсініктерін, тәжірибелерін толықтай тыңдап болғасын, өзім қорытындылап шықтым.

V. Бағалау.
Жазба жұмыстарының орындалуын химия пәнінің мұғалімі Ахметова Сапура оқушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалады.
Жазба жұмысы бойынша 2 оқушы – «5» - ке
15 оқушы «4» - ке
10 оқушы «3» - ке Бағаланды.
Сабақта белсенділік көрсетіп, тиянақты жауап берген 10 оқушы–«4» ке
3 оқушы – «5» - ке
5 оқушы – «3» - ке бағаланады.

VI. Үйге тапсырма берілді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.