.
.
Сыныбы 11 Күні 27.01.2015ж Карбанилді қосылыстар. 9.1. Альдегидтер; 9.2. Альдегидтердің қасиеттері
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5476 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы 9. Карбанилді қосылыстар. 9.1. Альдегидтер; 9.2. Альдегидтердің қасиеттері
Мақсаты Химия сабақтарында оқушыларға АКТ элементтерін тиімді пайдаландыра отырып жаңа материалды өз беттерімен меңгерту, АКТ құралдарын тиімділігіне байланысты сабақтар еркін қолдана білуін ескеру, химиялық білімін одан әрі дамыту, СТО әдістерін қолдана отырып өз ойларын еркін айта біліуге дағдыландыру, уақытты тиімді пайдалану, диалогтық әдістерді қолдана отырып, топтық, жұптық жұмыстар барысында сөздік қорын кеңейту және критериалды бағалау әдістері арқылы өздерін және сыныптастарын әділ бағалауды қалыптастыру
Күтілетін нәтижелер Альдегидтер туралы негізгі ақпаратты біледі, химиялық қасиеттеріне теңдеулер жаза алады, теңдеулерін есептеулерде қолдана біледі, фенолдармен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, ажырата алады, зертханалық сапалық реакцияларын жүргізіп, қолдану салаларын ажырата алады.
Керекті жабдықтар Интербелсенді тақта; Ноутбук, флешка; Постерлер; Калькулятор; Бояулар, сызғыш; Оқулық; Электронды оқулық; Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық кестесі, Н.Бекетовтың металдардың электрохимиялық кернеу қатары, слайдтар, суреттер, постерлер, бағалау парағы, бояулар, үлестірме қағаздар, қималар, қажетті реактивтер мен құрал – жабдықтар т.б.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер АКТ элементтері; Диалогтық әдіс; СТО элементтері; Топтық жұмыс; Критериалды бағалау; Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру; Оқулықпен жұмыс;
Сабақ барысы:
Сабақ кезең дері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Оқушылармен сәлемдесу, оқушылар зейінін сабаққа аудару үшін психологиялық дайындық жүргізеді, алдын-ала класс 2 топқа бөлініп отырғызылады. Бағалау парағы беріледі. Мұғаліммен амандасады, екі топқа топтасады. Кезекшілер сабаққа қажетті құрал жабдықтарды таратады, көшбасшы топ мүшелеріне қызметтерін бөліп береді, топқа басшылық жасап отырады, топ басшысы бағалау парағымен топ мүшелерін таныстырып өтеді.
Тұсау кесер
Интерактивтік тақтадан слайд арқылы сабақтың жоспарымен, мақсатымен танытырады бағалау парғымен таныстырып өту
№ Оқушылыардың аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Бекіту Жалпы балл Баға
сұрақ теңдеу слайд тәжірибе теңдеу сәйкестендіру постер Венн диаг есеп сұрақ
5 2 5 2 3 6 5 2 5 5 40
1
2
3
Интерактивтік тақтадағы слайдқа зейіндерін аудара отырып тыңдайды, маршурттық картаны басшылыққа ала отырып сабаққа кіріседі. Бағалау критерийлеріне сәйкес сабақта белсенділік танытуға атсалысады.
Негізгі бөлім
І.Миға шабул кезеңінде үй тапсырмасынан әр топқа интерактивтік тақтаның көмегімен бес - бес сұрақтан қояды.
І топқа
1. Фенолдар дегеніміз не:
2. Бір атомды фенолды басқаша қалай атайды;
3. 1,4 дигидроксибензолдың кездисоқ (басқаша ) атауы қалай;
4. Фенолдың азот қышықылымен әрекеттесуі барысында түзілетін сары түсті қопарылғыш заттың атауы қалай;
5. Фенил радикалының формуласы қандай;
ІІ топқа
1. Фенолдардың құрамында қандай функционалдық топ болады;
2. Фенолдың физикалық қасиеттерін ата;
3. Изопропил бензолдан бензолды алу қандай әдіс арқылы жүреді;
4. 1,2 дигидроксибензолдың кездисоқ (басқаша ) атау;
5. Фенолды өндірісте неден алады;
ІІ.. Фенолдың алынуы мен химялық қасиеттерін жазыңыз
Жаңа сабақ: 9. Карбонилді қосылыстар. Интерактивтік тақтадан слайд арқылы тараудың кіріспесін түсіндірді.
Альдегид пен кетон құрамында С=O карбонил тобы болады. Оларды кейде оксоқосылыстар деп атайды. Альдегидтерде карбонил тобы бір радикалмен және сутек атомымен байланысқан. Кетондарда карбонил тобы екі радикалмен байланысқан.
9.1. Альдегидтер мен кетондар . Жаңа тақырыпты 2 топқа өз беттерімен оқуға береді:
І топ. Анықтамасы,жіктелуі, атаулары мен изомериясы
ІІ топ. Құрылысы, алу жолдары
Берілген тақырыпшалар бойынша слайд әзірлеп, оны флеш картаға көшіріп интербелсенді тақтада қорғау керек екендігі түсіндіріледі.
9.2 Альдегидтердің қасиеттері
Физикалық қасиеттері: Құмырсқа альдегиді – өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері - сұйық, ал жоғарғылары - қатты заттар. Молекулалық массасы өскен сайын балқу және қайнау температурасы артады. Барлық альдегидтер органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Алғашқы мүшелері суда жақсы ериді.
Химиялық қасиеттерін түсіндіре отырып, тән реакция атауларын ғана жазды:
1. Қосылу реакциясы
2. Тотығу реакциялары;
3. Орынбасу реакциясы;
4. Полимерлену реакциясы;
5. Поликонденсация реакциясы:
Зертханалық тәжірибе : Әр топқа альдегидтерге тән сапалық реакцияларды бөліп беріп, арнайы электронды оқулықтан орындауға әрбір топтан бір-бір оқушыдан және олардың химиялық теңдеулерін жазуға бір-бір оқушыдан тақтаға шығарды.
І топқа: Сірке альдегидінің күміс оксидінің аммиактағы ертіндісімен әрекеттесуі
ІІ топқа: Сірке альдегидінің мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі
Интербелсенді тақтадан альдегидтер химялық қасиеттері мен алыну теңдеулеріне сәйкестендіру тапсырмасы берілді
Альдегидтердің жеке өкілдері мен қолданылуын І топқа метаналь, ІІ топқа этаналь бөліп берілді. Төмендегідей кестеге толтырып орындау керек, ол үшін алдын-ала дайындалған арнайы фостер қағаздары мен бояулар таратылды.
Сабақты бекіту мақсатында Альдегидтермен фенолдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтар Венн диаграмасына жазу үшін әр топтан оқушылар ортаға шақырылды.
Жаттығулар орындау мақсатында әр топқа бір-бір есептен берілді.
І топ. Практикалық өнімі 40 пайыз болса, 25г формальдегид алу үшін қанша граммметанол жұмсау керек ; (10,7г)
ІІ топ. Құмырсқа альдегидінкүміс оксидімен тотықсыздандырғанда, 2г күміс түзіледі. Альдегидтің қандай массасы тотыққан ; (0,28г)
Бекіту сұрақтары қойылды. Әр топ мүшелері өздеріне берілген сұрақтарға орындарынан тұрып жауап береді. Топ жетекшісі бағалап отырады. Таймкейпер уақыттың дұрыс жұмсалуын қадағалап отырады. Жауап толық болмаған жағдайда қалған топ мүшелері толықтырып отырады. І топ сұрақтарға нақты және толық жауап берді. ІІ топ мүшелері үй тапсырмасына дұрыс дайындықсыз келген. Сол себепті олардың да сұрақтарының басым бөлігіне І топ мүшелері жауап беріп отырды. Әсіресе Альбина мен Гүлназ едәуір белсенділік танытты.
Бірінші теңдеуді Айсұлу орындаса (Ітоп) C6H5Cl+NaOH→C6H5OH+NaCl
Екінші теңдеуге Аймекен шықты, Аймекен біраз қателесіп, топ мүшелері көмекке келді (ІІ топ) C6H5CH(CH3)2+O2→ C6H5OH+CH3COCH3
Белсенді металдармен әрекеттесуін Альбина жазып берді (Ітоп)
2C6H5OH+2Na→ 2C6H5ONa +H2
Сілтімен әрекеттесуін Ақбаян жазып берді (ІІтоп)
C6H5OH+NaОН→ C6H5ONa +H2О Барлық оқушыларда реакциялардың жүру барысын ауызша түсіндіріп өтті.
Тақырыпты дәптерлеріне жазып, мұғалімнің түсіндіруін мұқият тыңдай отырып дәптерлеріне кқшіреді.
Тақырыпты жазып алып, альдегидтердің физикалық қасиеттерін мұқият тыңдады.
Кітаппен салыстыра отырып, дәптерлеріне жазып алды.
І топтан Альбина шығып күміс айна реакциясын орындап, жүру барысын түсындіріп өтті. Гүлназ химиялық теңдеуін жазып берді. (Ітоп)
CH3COH+Ag2O→CH3COOH+2Ag
Фариза мыс гидроксидімен сапалық реакциясын орындап, Аймекен химиялық теңдеуін жазып, жүру барысын түсіндіріп өтті.
CH3COH+2Cu(OH)2→CH3COOH+2CuOH Cu2O
H2O
Химиялық қасиеттері мен алыну теңдеулерін сәйкестендіріп, тақтадан дұрыс жауаппен салыстырды, Топ басшылары бағалау парақтарына сәйкес тәжірибе жасаған, реакция теңдеулерін жазған, сұрақтарған жауап берген және өз бетімен жұмыстануларына байланысты топ мүшелерін бағалап отырды.
Берілген тапсырманы оқи отырып, топпен ақылдаса келе постер қағазға тиісті мәліметтерді жазып, топпен қорғады.
Әр топтан екі-екі оқушыдан келіп Венн диаграммасына маркерлермен бүгінгі тақырыптан түйгендерін жазып өтті
Есептерді жекелей орындап, топта өзара талқылады, қате жіберген және орындай алмаған оқушылар түзетулер және көшіру жұмыстарын орындады. Топ басшылары топ мүшелерін сәйкесінше бағалап шықты.
Бекіту сұрақтарына оқушылар жақсы жауап берді, өз ойларын айтып, өмірмен байланыстырды.
Қорытынды
Бағалау кртитерийлары қайталап өтіп, топ басшыларына сөз берілді.
Сабақтан алған әсерлері бойынша рефлекция беру үшін топ басшыларына сөз беріледі. Үйге тапсырма береді.
Бағалауға нұсқау беру, көшбасшыларға бағалауға коментерий бергізу, рефлексия парағын тарату, оқушылармен қоштасу, рефлекция барысында жекеленген оқушыларға сөз берілді. Үйге тапсырма беріп, оқушылармен қоштасып, сабақты аяқтады. Топ басшылары топ мүшелерінің бағалануларын айта отырып, бағалау себептерін түсіндірді. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтып, кері байланыс жасады.
Дәптерлеріне үй тапсырмасын жазып алады. Сабақта пайдаланылған құралдарды, парақшаларды жинастырады. Мұғаліммен қоштасады..
Сабақтың өзіндік талдауы:
Сабақ бойынша өзгертулер
Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББ мектебі
Жаратылыстану әдістемелік
бірлестігі, химия пәні
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:
( 11 класс )
Пән иесі:
Калыбаев О.Н
2014-2015 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.