.
.
Тақырыбы § 1.8. Химиялық элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы. уақыты Химиялық элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы.
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2967 | Размер: | Автор: Нартай4540Білімділік мақсаты:
дамытушылық
тәрбиелік: Химиялық элементтердің ПЖ орнына байланысты қосылыстарының қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі туралы алған білімдерін қалыптастыру;
сөздік қорын молайту,қорытындылай білу,көңіл аудару,есте сақтау білік- дағдыларын дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақ өткізілу түрі: фронталды әңгімелесу,қорытынды жасау,жаттығулар орындау, кітаппен өзбетінше жұмыс істеу, 10-ЕТЖ-1,
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Д.И.Менделеевтің ХЭПЖ , 10-ЕТЖ-1.
Ұйымдастыру
кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. 1-2
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;
-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;
-кеткен кемшіліктерді жою.
1.мына қосылыстарды (тақтаға жазу)ата: айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру. 1-2
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.
Білімділік міндеттері:
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары:
Элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы.
3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):
1Фронталды сұрақтар: (нашар үлгерушілермен жұмыс)
• Валенттілік деген не?
• Қандай электрондар валентті деп аталады?
• Тотығу дәрежесі,атом радиусы, деген не? Олар қалай өзгереді? 5-6
Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі: Білімділік міндеттері:
-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;
-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; - оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету; -түсініктер,заңдар,ереже-ді философиялық тұрғыдан түсінуге,талдауға көмек ету; -оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету. Оқу 1.Берілген тақырыпты кітаппен өз бетінше оқу –параграф 1.8оқу ( 28-30) оқып, сұрақтарға жауап беру.1,4 кестемен жұмыс істеу 28 бет. 12-13
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері: Білімділік мақсаты:
- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;
1.Жаттығу орындау
Жат 1-4 .кітаптың 30беті (4 тапсырма– 4 нұсқа) 7-8
Білімді жүйелеу және қорытындылау Білімділік міндеттері:
- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау.
1. Дәптерге қорытынды жазу:
• Периодтылық тотығу дәрежесінің өзгеруі химиялық қосылыстардың құрамының периодты түрде өзгеруіне әсер етеді.Бұны алғаш Д.И.Менделеев элементтердің сутекті және оттекті қосылыстарынының жалпы формуласын ХЭПЖ бойынша топтарға орналаст
• Периодта солдан оңға қарай типтік металдан типтік бейметалға өткенде оксидтердің негіздік қасиеттері әлсіреп қышқылдық қасиеттері артады.
• Периодта солдан оңға қарай типтік металдан типтік бейметалға өткенде гидроксидтердің негіздік қасиеттері әлсіреп қышқылдық қасиеттері артады
Түсіндіру:3 период элементтерінің оксидтерді мен гидроксидтерінде екі химиялық байланыс түрін байқауға болады: иондық,коваленттік. Металлдардың оксидтерді мен гидроксидтері–ионды қосылыстар, бейметаллдар –ковалентті.
*гидроксидтердің қышқылдық, негіздік,амфотерлі түрде диссоциациялану қабілеттілігі Н-О, О-Э байланысының салыстырмалы полюстілігіне тәуелді .
* 1,2 топтың металдарынан түзілетін сутекті қосылыстарын гидридтер деп атайды және олардың иондық сипатты бар, бейметалдардың сутекті қосылыстары ұшқыш газдар. Олардың химиялық қасиеттері сумен әрекеттескенде көрінеді.Ол заттар ерігенде,қышқылдар мен сілтілер түзіледі.
*қышқылдардың күші атом ядро зарядының өсуімен артады.Топтарда сутекті қосылыстардың қышқылдық қасиеттері жоғарыдан төмен қарай артады,атом радиусы артқан сайын Э-Н байланысы әлсірейді.
• 2. 10-ЕТЖ-1жұмыс істеу (21), 1-нұсқа. 3-4
Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері Білімділік міндеттері:
- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; 1.Жаттығуды тексеру 4-5
Үй тапсырмасын беру кезеңі: Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
Параграф 1.8 -оқу ,№ 5 жазбаша 2. Күнделікке жазғанын тексеру. 1-2
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. - жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. 1-2
Рефлексия кезеңі: Білімділік міндеттері:
-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.
-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? 1-2
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.