.
.
Батыс Қазақстан облысы Химиялық реакциялардың типтері
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4824 | Размер: | Автор: Нартай4540Зеленов ауданы
Макаров жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: «Химиялық реакциялардың типтері»
Өткізген: химия пәнінің мұғалімі А.У.Сергазиева
2011 – 2012 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық реакциялардың типтері туралы оқушылардың білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей білуге, жауапкершілікке, достық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз бетінше, топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Қорытындылау және жүйеге түсіру сабағы.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Тестілік тапсырмалар, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Тесттер, оқушыны бағалау парағы, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім түсіндірмесі. Балалар, өздерің қалаған түстеріңді таңдап, сол түс белгіленген партаға отырамыз.
А – сары Б – қызыл
Әр топта бір жетекші, баяндамашы материалға жауап беруші, хронометр міндетін атқарушы оқушы бекітіледі. Топ болып жұмыс жасайтын болғандықтан әр топ мүшесі қатысуы тиіс.
II. Ой қозғау
1. Химиялық реакция дегеніміз не?
2. Химиялық реакцияның белгілері.
3. Химиялық реакциялардың қандай типтері бар?
ІІІ. Білімді қорытындылау және жүйеге түсіру.
Тапсырма 1. Реакция типіне анықтаманың сәйкестігін көрсетіңіздер
Қосылу Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар
(атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы
арқылы жүретін реакция.
Айырылу Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір
күрделі затқа айналуы
Орынбасу Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы.
Алмасу Күрделі заттың құрамындағы бір элемент
атомының орнын басқа жай заттың атомы
басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы
реакция.
Тапсырма 2. Реакцияның белгісін табыңыз
Қосылу реакциясы
1. Бірнеше жай заттар түзіледі.
2. Бір ғана жай зат түзіледі.
3. Бір ғана күрделі зат түзіледі.
4. Бірнеше күрделі заттар түзіледі.
Айырылу реакциясы
1. Бір жай және күрделі зат қатысады.
2. Бір ғана жай зат қатыса алады.
3. Бір ғана күрделі зат қатыса алады.
4. Бірнеше күрделі зат қатыса алады.
Орынбасу реакциясы
1. Екі жай зат түзіледі.
2. Бірнеше күрделі заттар түзіледі.
3. Бір ғана күрделі зат түзіледі.
4. Бір жай және бір күрделі зат түзіледі.
Алмасу реакциясы
1 .Бір жай және күрделі зат қатысады.
2. Бір ғана жай зат қатыса алады.
3. Бір ғана күрделі зат қатыса алады.
4. Екі күрделі зат қатыса алады.
Тапсырма 3. Егер айырылу, қосылу реакцияларына анықтаманы дұрыс берсеңіздер, жауаптарыңыздың қосындысы судың молекулалық массасына тең болады.
Реакцияның сипаттамасы Айырылу реакциясы Қосылу реакциясы
Бір жаңа зат түзіледі
Бір реагент
Бірнеше жаңа зат түзіледі
Бірнеше реагент 1
3
5
7 2
4
6
8
Mr (Н2О) =
Тапсырма 4. Реакцияның типін, өнімдердің формуласын анықтап, реакцияны теңестіріңіз:
І. H3РO4 + KOH → K3РO4 + H2O
А) орынбасу
Ә) қосылу
Б) алмасу
В) айырылу
ІІ. (CuOH)2 + CO2 →CuO + H2O + CO2
А) орынбасу
Ә) қосылу
Б) алмасу
В) айырылу
III. SO2 + Аl2O3 → Аl2 (SO3)3
А) орынбасу
Ә) қосылу
Б) алмасу
В) айырылу
IV. Zn + Pb (NO3)2 → Zn (NO3)2 + Pb
А) орынбасу
Ә) қосылу
Б) алмасу
В) айырылу
Тапсырма 5. Типіне сәйкес реакцияны анықтап, реакцияны аяқтаңыз.
Алмасу реакциясы
А) H2 + O2 →
Ә) Na + H2O →
Б) C + O2 →
В) AgNO3+ HCl →
Орынбасу реакциясы:
А) H2SO4 +Zn →
Ә) Fe(OH)3 →
Б) Cu(OH)2 →
В) MgO + HCL→
Айырылу реакциясы:
А) Na2O + H2SO4 →
Ә) K2CO3 + HCL →
Б)MgCO3 →
В) Al + HCl →
Г) MgO + CO2 →
Қосылу реакциясы:
А) Fe(OH)3 →
Ә) SO2 + O2 →
Б) CuO + HCl →
В) CuO + HNO3 →
Тапсырма 6. Мына заттардың алынуларына мысалдар келтіріңдер
А) ZnCl2 қосылу реакциясы
Ә) ZnCl2 орынбасу реакциясы
Б) СО2 айырылу реакциясы
В) ZnCl2 алмасу реакциясы
Тапсырма 7. Қай реакция типі? Дұрыс жауаптан мадақтау сөз шығады.
Реакция Қосылу Айырылу Орын басу Алмасу
Zn+ HCl → ZnCl2 + H2 ц ч ж б
Na + S → Na2S а ё ю в
CaCO3 → CaO + CO2 т р к з
N2+ H2 → NH3 а н р м
Fe(OH)3 → Fe2O3 + H2O ш й х о
CuCl2 + Fe → FeCl2 + Cu м о с а
Fe2O3+ HNO3 →Fe(NO3)3 + H2O
Mg + CuCl2 → MgCl2 + Cu г
л а
н т
е ы
у
Ж А Р А Й С Ы Ң !!!
IV. Сабақты қорытындылау.
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үй жұмысы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.