.
.
Тақырыбы §3.1.Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Уақы ты Химиялық реакциялардың жылдамдығы
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3392 | Размер: | Автор: Нартай4540Білімділік мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік: «Химиялық рекация жылдамдығы» туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіру, химиялық реакция жылдамдығыына әсер етуші факторлар, әсер етуші массалар заңы туралы және Вант-Гофф ережесін түсіндіре отырып, білімді қалыптастыру;
Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етуші факторларды түсіндіре білу,қорытындылау.
Құрамы мен қаситтері,кристалл торы арасындағы байланысқа көңіл аудару, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау 11-Б-2 көрсету .
Құралдар мен реактивтер: интерактивті тақта, 11-Б-2
Ұйымдастыру
кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. 1-2
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;
-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;
-кеткен кемшіліктерді жою.
Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру. 5-7
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: 1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.
(Актуализация ) Білімділік міндеттері: .
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары:
Химиялық реакцияның жылдамдығы
1.Білімді жаңғырту:
Жеке сұрақтар қою:
* Химиялық реакциялар бірдей жағдайда жүре ме?
Химиялық реакциялардың жылдамдығына не әсер етеді? 3-4
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды
шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
2.Мұғалімнің түсіндіруі: Химиялық реакциялардың жылдамдығын оқытатын бөлім химия лық кинетика деп аталады. Реакция жыл -дамдығы бұл әрекеттесуші заттардың белілі уақыт бірлігінде біреуінің концентрациясының өзгеруі . 4.1. Xимиялық реакцияның жылдамдығы
Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейтін химияның бөлі- мін-химиялық кинетика деп атайды.Химиялық реакцияның жыл- дамдығы деп уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе ре акция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруін ай тады.Бұл кезде реакцияға қатысатын зат қандай болса да бәрібір: олардың барлығы өзара реакция тендеуімен байланысқан, сондықтан олардың біреуінің концентрациясының өзгеруі бойынша қалғандары ның концентрациясының өзгеруі туралы айтуға болады.Әдетте кон центрация моль/л,ал уақыт секундпен немесе минутпен өрнектеледі.
A+B=C+D теңдеуі бойынша өтетін реакцияның жылдамдығын жалпы түрде қарастырайық. А заты жұмсалған сайын реакция жылдамдығы кемиді,А затының концентрация-cының белгілі бір t1 уақыт кезеңінде С1 шамасымен өлшенеді, ал t2 кезеңінде С2-ге тең, сонда t = t2 - t1 уақыт аралығында заттардың концентрациясының өзгеруі C = C2 – C1 құрайды, осыдан реакцияның орташа жылдамдығы ( v ) мынаған тең:
V = c2 - c1 = - c
t1 - t2 t
Минус белгісі А затының концентрациясы кемігеніне сай, яғни с2 – c1 айырмасы теріс мәнді болғанда қойылады, өйткені реакция жылдамдығы тек оң шамалы болады.
Химиялық реакциялар газ қоспасының немесе ерітіндінің көлемінде және қатты заттың бетінде жүреді.Осыған байланысты реакция жылдамдығы туралы мәселені қарастырғанда гомогенді жүйеде (гомогенді реакциялар) жүретін реакцияны және гетерозегенді жүйеде (гетерогенді реакция)жүретін реакцияларды айырып алу керек. Бір фаза- дан тұратын жүйені гомогенді,бірнеше фазадан тұратын жүйені гетерогенді деп атайды.( Фаза- жүйенің бөлігі,оның басқа бөліктерінен бөліну беті арқылы бөлінген.)
Гоиогенді реакцияның жылдамдығы деп жүйенің белгілі бір көлемінде уақыт бірлігі ішінде реакцияға қатысқан немесе реакция кезінде түзілген заттың мөлшерін айтады.
Оны математикалық түрде былай өрнектейді:
Vгом = n
V t
мұндағы n- реакцияға қатысушы заттардың бірінің зат мөлшерінің өзгеруі,ал V-жүйенің көлемі, t-көрсетілген өзгеріс өткен уақыт аралығы. Бұл теңдеуді одан әрі ықшамдауға болады .Зат мөлшерінің n жүйенің көлеміне V қатынасы солш заттың молярлық концентрациясын көрсетеді:
n/V=C.Сонда
Vгон =+ С
t
Гетерогенді жүйенің мысалы ретінде ішіне мырыш салынған тұз қышқылын алуға болады.
Агрегаттық күйі әр түрлі заттардың жанасу бетінде өтетін реакцияларды гетерогенді деп атайды.Гетерогенді реакцияның жылдамдығы деп фаза бетінің ауданы бірлігінде белгілі бір уақыт ішінде реакцияға қатысатын немесе реакция кезінде түзілетін заттың мөлшерін айтады.
Vгетерог.= + n , мұндағы s-реакция өтетін фаза бетінің ауданы.
S t
Сонымен гетерогенді реакцияның жылдамдығы кейбір қосым- ша факторларға : жанасу бетінің шамасына, араластыру жыл- дамдығына тәулді.Қатты және сұйық заттардың арасындағы реакциялар қатты заттың бетінде жүреді. Демек, қатты заттың ұсталу дәрежесін жоғарылату нәтижесінде оның бетінің ауданы өсіп,сұйықтың қатты заттың бөлшектерімен араласуы артады.Осыған байланысты барлық қатты реагенттер ірі бөлшек емес,ұнтақ түрінде қолданылады. Мысалы,егер сұйытылған тұз қышқылы бар бір сынауыққа мырыш түйіршігін салса,ал екіншісіне сондай массалы мырыш ұнтағын салса, сонда бірінші сынауықта – сутек жайлап бөлінеді,ал екіншісінде – сұйықтық көпіре,шабытты бөлінеді: Zn+2HCl=ZnCl2+H2
Гетерогенді реакциялардың жылдамдығы затты тасымалдау процесімен (конвекция және дифузия)
тығыз байланысты. Гетерогенді реакция барысында әрқайсысының өзіндік жылдамдығы бар, кем дегенде үш сатыны бөлуге болады:
1.әрекеттесуші заттарды жанасу бетіне жеткізу V1
2.бетте жүретін химиялық реакция V2
3.беттен реакция өнімін алып кету V3
Мұндай реакциялардың жылдамдығы, көбінесе заттарды тасымалдау жылдамдығымен анықталады.Алайда барлық жағдайларда гетерогенді реакцйялардың жылдамдығы заттарды тасымалдау жылдамдығымен анықталмайды.Кейбір
реакциялардың анықтаушы сатысы екінші саты –химиялық реакция болып табылады. Реакцияның жүру жылдамдығын анықтайтын сатыны лимиттенуші саты деп атайды.
Хабарлама «Дмитрий Владимирович Сокольский» 14-15
Жаңа сабақты қалай қабылдаға- нын алғашқы тексеру кезеңі: Білімділік мақсаты: - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -
10-ЕТЖ-1 дәптерімен жұмыс орындау №1-4, 51бет 3-5
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу; -оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
Қорытынды:
ӘРЕКТТЕСУШІ ЗАТТАРДЫҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ ӘСЕР ЕТУШІ МАССАЛАР ЗАҢЫМЕН АНЫҚТАЛАДЫ.;
ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІН ВАНТ-ГОФФ ЕРЕЖЕСІМЕН БАҒАЛАЙДЫ;
ТЕМПЕРАТУРАНЫ ӨСІРГЕНДЕ АКТИВТІ МОЛЕКУЛАЛАР ҮЛЕСІ АРТАДЫ..
Дәптерге жазу. 6-7
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: -оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.
-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.Жаттығу тексеру. 3-4
Үй тапсырмасын беру кезеңі: Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
параграф 3.1 № 3,6– жазбаша орындау. 1-2
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. - жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. 1-2
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.