Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кремний қышқылы. Силикаттар -

Кремний қышқылы. Силикаттар

Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2513 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пән мұғалімі: Қилыбаева Айгүл, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосындағы «Бейнеу гимназиясы» ММ-нің химия, биология пәнінің мұғалімі, І деңгей мұғалімі
Қысқамерзімді жоспар
Сыныбы : 9- сынып
Уақыты: 10.12.14
Сабақтың тақырыбы: Кремний қышқылы. Силикаттар
Сабақтың мақсаты: а)білімділік: силикат өнеркәсібінің негізгі шикізаттары туралы, олардың өнімдерінің халық шаруашылығындағы маңызы туралы оқып-үйрену

ә)тәрбиелілік: өндірісте қолданылатын заттардың қасиеттерін біле отырып, қоршаған ортаны ластанудан қорғай білуге, Қазақстан экономикасының дамуына силикат өндірістерінің қосқан үлесін білуге бағыттау

б)дамытушылық: өздігінен білім алу,білік, білім дағдыларын қалыптастыру, өз жұмыстарын бағалауды, қорытынды жасай білуге дағдыландыру

Сабақтың міндеттері: тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып білімдерін бағалау.
Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін арттыру,өз ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Топтасып жұмыс жасауға үйренеді, өз-өзіне сенімділік көзқарасы қалыптасады, зерттеуге, зерделеуге үйренеді.
Сабақтың типі: Аралас, жаңа материалды меңгеру, пысықтау сабағы

Сабақта қолданылатын технологиялар: а)ынтымақтастық, оқушылардың іс-әрекетін белсенділендіру,
ә)модульдік
б)ұжымдық және топтық оқыту
в)деңгейлеп-саралап оқыту
г)оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, білімді бақылау, бағалау әдістері

Пәнаралық байланыс География, экология, өндіріс

Сабақтың көрнекілігі және
оқыту құралдары Интерактивті тақта, географиялық карта, тест тапсырмалары
оқулық, жұмыс дәптерлері, флипчарттар, маркерлер, бағалау парақтары

Сабақтың барысы: Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
І.Ұйымдастыру бөлімі
3 минут а) оқушыларды түгендеу
ә)топқа бөлу
б)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару
Қосылыс формулалары бойынша топқа бөлінеді
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі 7 минут
Әр оқушыға сұрақтар жазылған кесте таратып береді
Оқушылар дұрыс жауапқа «+» , бұрыс жауапқа «-» таңбасын қояды

Р.с Сұрақтар дұрыс бұрыс
1. Кремний IVтоптың негізгі топшасында орналасқан бейметалл
2. Атом құрылысы 1s 2 2s 2 2p 6 3s2 3p0
3. Табиғатта ең көп тараған қосылысы- кремнезем SiO2- құмның негізгі бөлігі
4. Зертханада магний мен құмның қоспасын қыздыру арқылы кремний алынады
5. Кремнийді таза күйінде орыс ғалымы А.М.Бутлеров алған
6. Кремний қыздырғанда жай заттармен әрекеттеспейді
7. Кремний сілтімен әрекеттесіп силикат түзеді
8. Кристалдық кремнеземді кварц деп атайды
9. Табиғи кремнеземшыны, қыш, цемент алатын басты шикізат
10 Кремний диоксиді – негіздік оксид
11. Кремнезем оңай балқиды.
12. Кремний жартылай өткізгіш, күн энергиясын электр энергиясына айналдыруға қолданады.
13. Кремний диоксиді сумен әрекеттесіп, кремний қышқылын түзеді

ІІІ.Жаңа сабақ
«Мағынаны тану» кезеңі
7 минут

Білу


1.Мәтінді топқа бөліп оқу. «Инсерт» әдісін қолдану.
2. Оқушылар оқып болғаннан кейін ББҮ кестесін толтырады.

Білемін Білгім келеді Үйрендім

3.Тақырып бойынша топтар бір-біріне сұрақ қояды. Кремний қышқылының басқа қышқылдардан ерекшелігін талдайды, реакция теңдеуін дәптерге жазады.

Түсіну
5 минут
1.Кремний қышқылының лабораторияда алынуын тәжірибемен көрсету
Na2SiO3 + H2SO4 = H2SiO3 + Na2SO4

2.Ерімтал тұздары: натрий силикаты Na2SiO3және калий силикаты K2SiO3№2 слайд

3.Табиғи силикаттар: дала шпаты, слюда, сазбалшық, изумруд, топаз, аквамарин, каолин, кварц құмы №3 слайд

4.Сұйық кристалдар
Әр топ өздеріне берілген тақырыпты постерге бейнелеп, пікірлерін қорғайды.
IV. «Ой-толғаныс» кезеңі

Қолдану
5 минут Оқулықтағы есепті шығару №5 есеп
Құрамында 10% қоспасы бар 100 г кремнеземді кальций карбонатымен қосып балқытқанда қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газы бөлінеді?
Жауабы: 33,6 л Әр шикізаттың массасын әр топ есептеп шығарады.
V.Жеке жұмыс

Жинақтау
5 минут №4 жаттығу. 117-бет
SiO2 →Si→SiO2 →Na2SiO3 →H2SiO3 →SiO2

SiO2+2Mg = Si +2MgO + Si
Si+O2 =SiO2
SiO2 + 2NaOH = Na2SiO3 + H2O
Na2SiO3 + H2SO4 = Na2SO4 + H2SiO3↓
H2SiO3 = SiO2 + H2O Әр оқушы дәптерге өз бетімен орындайды.

Қорытындылау
5 минут Химиялық диктант
H2SiO3 - ........... қышқыл. ................. су қосу арқылы кремний қышқылын алуға болмайды. Кремний қышқылының басқа қышқылдардан ерекшелігі-....................................... .
Кремний қышқылының ерімтал тұздары - ........... және ................. Табиғи силикаттарға ..................................................................................................жатады. Тау жыныстарының мүжілуінен ...........................пайда болады. ...................кәрлен және кірпіштер дайындауға, .................................... цемент пен шыны өндіруге қолданылады. Кремний қосылыстарымен ілесе жүретін тозаңдар .......................... деп аталатын ауру тудырады. Белгілі бір жағдай әсеріне бейім фазалық заттар.................................. деп аталады.Силикаттардан ................, ......................, ................. алынады.
Рефлексия
3 минут Сабақта алған әсерлері туралы, өзіне түсінікті немесе түсініксіз болған мәселелер жөнінде жазып тақтаға жапсырады. Оқушылар кері байланыс жасайды.оқушы өз– өзіне есеп береді, сыни көзқарасы қалыптасады.Өз – өзіне баға бере алады
Бағалау кезеңі
5 минут Әр оқушыға бағалау критерийлері жазылған парақшаларды пайдаланып,
топ жетекшілері дескрипторлар арқылы топ мүшелерінің қорытынды бағаларын шығарады.





Критерийлік бағалауды қолданудың артықшылықтары- оқушы мен мұғалім арасында келіспеушілік туындамайды және оқушының өзін-өзі бағалау құралы болып табылады. Сонымен қатар өз жетістігін бағамдауға, оқу әрекетін ары қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Жаңа технология бойынша өткізген сабақтарымда оқушылардың өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі бағалауына назар аудардым. Нәтижесінде оқушылар сабақ кезінде өз білімінің деңгейін анықтап, өзін-өзі бағалаудың тиімділігін түсінді. Жоғарыда көрсетілген «Кремний қышқылы. Силикаттар» тақырыбында осындай бағалау критерийін қолдандым.

Бағалау критерийі
Оқушының аты-жөні.......................................................................
Сабақ кезеңдері Дескриптор Ұпай саны баға
Үй тапсырмасы Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берсе 13
Есеп шығару Есеп толық әрі дұрыс шығарылса 5
Ішінара қате болса 4
Реакция теңдеуі дұрыс жазылып, бірақ есеп аяқталмаса 3
Өзгерістің теңдеуін жазу Реакция теңдеулері толық жазылып және дұрыс жазылса 5
Түгел жазылып, бірақ ішінара қате болса 4
Теңдеулер жазылып, бірақ бәрі қате болса 0
Химиялық диктант Барлық сөздерді дұрыс тауып жазса 14

46-48 ұпай - «5»
40-45 ұпай – «4»
30-40 ұпай – «3»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.