.
.
Шукенов А.Қ. химия пәнінің мұғалімі Марганец
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2768 | Размер: | Автор: Нартай4540Химия пәнінен өткізілетін интерактивті on-line сабағы.
Тақырыбы: Марганец
Өткізілу күні: 21. 11. 13ж.
Өткізілу уақыты: 10.40
Өткізілу орны: Шал ақын ауданының қазақ орта мектеп-интернаты
Мұғалім: Шукенов Адай Қайрашұлы
Қатысушылар: 10 эксперимент сынып оқушылары
Пән: Химия
Сабақтың міндеттері:
• білімділік: химия және физика курстарынан алған білімдерін пайдалана отырып , марганец элементімен тереңірек таныстыру, марганец элементі туралы білім беру
• дамытушылық: элементтер туралы білімдерін тереңдетіп, білім-білік дағдыларын дамыту ;
• тәрбиелілік: өз бетімен білім алуға және алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге, пәнге деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Марганец элементінің сипаты мен қасиеттерін жетік меңгеру, алған білімді қолдану
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, 12-жылдық мектепке арналған дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Әдіс-тәсілдер: проблемалық, баяндау,ішінара зерттеу әдісі;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут):
Салеметсіздер ме оқушылар, ұстаздар, көрермендер. Сіздерге Шал ақын ауданының қазақ орта мектебі және химия пәнінің мұғалімі Шукенов Адай Қайрашұлының 10 эксперимент сыныбына арналған химия пәнінен интерактивті online сабағы.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Марганец
Сергіту сәті:
Кітап оқып әрқашан
Оқудан сен жиренбе
Білімі егер болмаса
Әр маман ісін білер ме?
Білімсіз болса дәрігер
Кім оған барып емделер?
Білімсіз болса мұғалім
Мектепке мына кім келер?
Сондықтан оқы, алға бас,
Жас жүрек одан шаршамас!
Мектептен білім алмасаң
Басқа есік саған ашылмас!
2. Жаңа сабақты меңгеру
1- Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесін, дидактикалық материалдарды қолдана отырып оның периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау (5-6 минут)
2- үйге берілген тапсырмаға сәйкес марганецтің табиғатта таралуын қарастыру (4,5-минут)
3- металдар туралы жалпы физико-химиялық білімдеріңе жүгініп марганецтің физикалық қасиеттерін сипаттау (4,5-минут)
4- марганецтің алынуының негізгі әдістерімен танысу (3,4-минут)
5- марганецтің химиялық қасиеттерін сипаттау үшін тірек сызба толтыру (12-15 минут)
3. Бекіту (6,7 минут)
Теңдеулер шешу:
Mn + Cl2 =
Mn + N2 =
Mn + S =
HCl + Mn =
MnSO4 + KOH =
MnCl2 + Na2SO4 =
MnCl2 + NaOH =
Mn(OH)2 =
H2SO4(конц) + Mn =
P2O5 + MnO =
Al2(SO4)3 + Mn(NO3)2 =
Үй тапсырмасы (2,3 миут): §15 №1,2 есеп 3-жаттығу
Қорытынды, бағаларға комментарий, рефлексия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.