Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мыс және оның қосылыстары -

Мыс және оның қосылыстары

Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5199 | Размер: | Автор: Нартай4540
. 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мыс және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Мыс элементін жан – жақты зерттеу арқылы мыс , оның
қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
• Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірме-көрнекілік және диалогтік әдіс, кластер (сын тұрғысынан ойлау), тест, Не?Қайда?Қашан? спорттық жарыс ойыны.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі
2. Ақпараттық технологиялар
3. Тірек-сызбалар
4. Таратпа материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі ;
1. Сәлемдесу
2.Топқа бөлу
1 топ – Na 2 топ -K
3 топ –Ca 4 топ- Mg ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин )
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
2010 жылы ақпан айында елімізде 7 қысқы азиада ойындары өтті. Азиадаға әлемнің 27 мемлекеті қатысып, Қазақстан жалпы ойындар бойынша 32 алтын ,21 күміс , 17 қола медальмен І орынға шықты. Қысқа азиада ойындарының түрлері бойынша тапсырмалар болады. Азиада ойындарына өз білімдеріміз арқылы үлесімізді қосайық. Алға!
Оқушылардан өткен тақырыпты «Не?Қайда?Қашан?» ойыны арқылы өз білімдерін көрсетеді.
1. Химия теориясы .(Хоккей)
10. Неше қышқылдың формуласы берілген?(10)
20. Кестеті толтыр.
Оксид формуласы Оксид атауы Сәйкес негіз формуласы Сәйкес негіз атауы
Na2O

30. Реакция жүретін қатарды табыңдар (екінші қатар )

H2SO4+Fe(OH)2 HCl+CaCO3 NaHSO4+ H2SO4
Zn+H3PO4 Fe+ H2SO4 Ca+HCl
Al(OH)3+HCl Cu+ H2SO4 Fe+HCl
40. Натрийге жарық түскенде элетрондардың ұшуы қалай аталады ?
(фотоэлектрлік эффект)
50. Дұрыс жауаптардың қосындысы көміртегінің (ІҮ)оксидінің молекулалық массасына тең. (44)
Химия зертханасы (Коньки)
10. NaOН + фенолфталеин → ? (Индикатор таңқурай түске боялады. )
20. Жұмыртқаның сыртын сындырмай қалай аршуға болады?
(Сұйылтылған тұз қышқылы ерітіндісінде еріп кетеді)
30. Платина сымды алақан бойымен жүргізіп , содан кейін жанарғы жалыныны ұстаса нені көруге болады . Неге?
(Жалын сары түске боялады. Тердің ылғал құрамында ас тұзы бар. Натрий иондары жалынды сары түске бояйды. )
40. Магний қосылыстарың қалай анықтауға болады.
(Магний қосылыстары сілті қосқанда ақ қоймалжың тұнба Mg(ОН)2 түзіледі.
Mg2+ +2 ОН- → Mg(ОН)2 ↓ )
50. Лабораторияда көмір қышқыл газын анықтау үшін қандай затты қолданады. (Егер көмір қышқыл газын әк суы арқылы өткізсе, онда ерітінді лайланады.
Химик ғалымдар өмірінен (Шаңғы)
10. Дмитрий Иванович Менделлев отбасындағы нешінші бала?(17)
20. 1807 ж ағылшын ғалымы Г.Дәви қандай металды таза күйінде алған?
(Натрийді . натрий гидроксидінің балқымасын электролиздеу арқылы.)
30. Өз жерінің қара тасын мақтай білмеген, бөгде жердің алтынын да мақтап жарытпас. Қай ғалымның сөзі?(Қ. Сатпаев)
40.Орыстың қай ғалымы алғаш профессор атағын алды?
( М.В.Ломоносов )
50. Сутегіні ашқан қай ғалым? ( Г. Кавендиш )
Есеп шығару. (Фристайл)
10 92г натрийдің зат мөлшерін есептендер. (4 моль )
20. Массасы 3,9 г Калий тұз қышқылымен әрекеттескенде . Тұзілген тұздың массасын есептендер . m(КСІ)=7,45 г
30. Массасы 9,2 г сілтілік металл йодпен әрекеттескенде массасы60 г осы металдың йодиді түзіледі. Реакция үшін қандай сілтілік металл алынған? (Натрий )
40. Егер суға массасы 9,2 г натрий мен 7,8 г калийден тұратын құйманы салса , қанша көлем сутек бөлінеді? V(Н2) =6,72 л.
50. Құрамында 56 % мырыш 35% мыс бар құймасы артық мөлшерде алынған тұз қышқылына салынды. Реакция аяқталғаннан кейін алынған ерітіндіні суалтады. Қандай тұз түзілді? Оның массасы қандай?
m(ZnСІ2)=7,45 г
Әр түрлі.( Биатлон)
10. Ең жеңіл металлды ата . (литий )
20. Ас содасының формуласы қандай? (NaHСO3)
30. Кермек су деген не? ( Құрамында гидрокарбонаттар бар су. )
40. От көмір жейді…? (Тот темір жейді)
50. Арпа бидай ас екен…? (Алтын , күміс тас екен.)

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қызығушылық ояту . (10 мин )
Мыс тұралы не білеміз деп ойлайсындар?
1. Топтарда жұмыс. 2 мин
2. Тізбек құру. 2 мин
3. Критерияға бөлу 1 мин
.4. Кластер құрастыру 5 мин
2. Мағынаны танып білу. (10 мин )
1. Мыстың периодтық жүйедегі орны.
2. Табиғатта таралуы .
3. Мыстың ашылу тарихи.
4. Мыстың алынуы
5. Физикалық қасиеттері
6. Мыстың химиялық қасиеттері
7. Мыстың қосылыстары
8. Мыстың биологиялық маңызы
9. .Мыстың қолданылуы.
Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы.
• Мыс-І Б топ элементі.
• Химиялық таңба –Сu
• № -29
• Ar(Сu) =63, 546
• Электрондық формуласы 1s2 2 s22p6 3s2 3p63d10 4s1
• Тотығу дәрежесі: +1, Сu2О ; +2 СuО
• тұрақсыз +3 Сu2О3
Табиғатта таралуы
• мыстың табиғи минералдары:
• СuFe S2 халькопирит (30% Сu)
• СuS2 халькозин немесе мыс жылтыры (79,8 % Сu)
• СuS ковелин ( 64,4% Сu)
• СuСО3 . Сu(ОН)2 малахит (54,4 % Сu)
• 2СuСО3 . Сu(ОН)2 азурит (55,5 % Сu)
• Сu2О куприт (81,8 % Сu)
• Табиғатта саф күйінде кездеседі. Өте ірі саф күйінде табылған мыс 420 т болды.
Мыс кендерінің ең үлкен бөлігі Жезқазған маңында, сондай-ақ Павладар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Кенді Алтайда.
Балқаш және жезқазған тау-металлургтя комбинатында өндіріледі.
Мыстың ашылу тарихи.
• Тас ғасырдан адамның бірінші танысқан металы.
• 6 мың жыл бұрын Ежелгі Шығыста.
• 4мың жыл бұрын Еуропада.
• Адам құрал жасау үшін алғаш рет саф мысты пайдаланған
• Б.з.д ІV мыңжылдықта Египетте Синай түбігінде мыс кендері өңденген.
• Кипр аралында белгілі болған
• “Купрум ” сөзі мыстың латынша атауы, ежелгі римдіктердің мыс кен орындары болған Кипр аралының атаунын шыққан деген жорамал бар .
Мыстың алынуы
• 1.Пирометаллургиялық әдіс .
Сu2S + 3О2 → Сu2О + 2S О2
Сu2О + Сu2S →6 Сu + 2S О2
• 2 Гидрометаллургиялық әдіс.
СuО + Н2SО4 → Сu S О4 +Н2О
СuSО4 + Fe → Сu + Fe S О4
Физикалық қасиеттері
• Ашық қызғылт түсті, металдық жылтыры бар,
• электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін,
• жеңіл созылғыш металл.
• Тығыздығы 8,9 г/см3 ,
• балқу t ═1083 0С .
Мыстың химиялық қасиеттері
Жай заттармен әрекеттесуі
Мыс-галогендермен (кәдімгі температурада йодпен,қалғандарымен қыздырғанда )оңай әрекеттеседі:
Сu0 + СІ2 0→ Сu+2СІ2-1
2Сu0 + О2 0→ 2Сu+2О -1
Сu0 + S 0→ Сu+2S-2
Күрделі заттармен әрекеттесуі
Кернеу қатарында мыс сутектен кейін орналасқан, сондықтан ол қышқылдар тотықтырғыш болса ғана олармен әрекеттеседі.
Сu0 + 2H2S+6O4 → Сu+2S+6O4+ S+4O2↑+ 2H2О
(конц.)
Сu0 + 4HN+5 O3 → Сu+2 (NO3)2+NO2↑+2 H2О
(конц.)

Сu0 + 8HN+5 O3 →3 Сu+2 (NO3)2+2NO↑+4 H2О
(cұйылт.)
2Сu + 4HСІ+О2 → 2СuСІ2+ 2H2О

Сu + АgN O3 → Сu (NO3)2+2Аg

Мыс қосылыстары

Мыстың сапалық реакциялары
1. Мыс және оның ұшқыш қосылыстары жанарғы жалынын көк жасыл түске бояйды.
2. Мыс тұздары сілтіні қосқанда мыс гидроксидінің көгілдір тұнбасы түзіледі.
Сu2+ + 2ОН - → Сu (ОН)2 ↓

Мыстың биологиялық маңызы
Адам қанында құрамы 0,001 мг/л дейін болады. Мыс біздің организмге тамақ арқылы келеді.
Қан түзу процесіне қатысады, тотығу процесін күшейтеді, ферменттердің құрамына кіреді майлар,гемоглобин синтезін, көмірсу алмасуын қамтамасыз етеді.
Теңіз жануарлардың (былқылдақденелілер, буынаяқтылар )қанында темірдің қызметін атқарады.
Мыс өсімдіктерде фотосинтез процесіне қатысады.
Мыстың қосылыстарының қолданылуы .
Электротехника
Металл өндеу
Машина жасау, химиялық шыны өнеркәсібі.
Гальваностегияда металдарды қаптау
Ауыл шаруашылығында зиянкестермен күресу.
Полиграфия
Баяу жасау.
IV. “Ой толғау” Бекіту (10 мин )
1.Тізбекке қайту, топта жұмыс (2 мин)
2.Критерияға бөлу (1 мин)
3.Кластер толықтыру (2 мин)
ІҮ. Үйге тапсырма: 7.179 бет есеп 5-7 Ү.Бағалау . Топтарды және белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.