Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Оттегінің физикалық қасиеттері. Оттек  алу» -

«Оттегінің физикалық қасиеттері. Оттек алу»

Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2184 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
С.Шапағатов селосы
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі

«Оттегінің физикалық қасиеттері. Оттек алу»
Химия. 8-сынып


Сабақтың тақырыбы: Оттектің физикалық қасиеттері. Оттек алу
Сабақтың мақсаты :Оттектің физикалық қасиеттері мен алыну жолдары туралы білу
Сабақтың міндеттері:
1. Оттектің физикалық қасиеттерін білу
2. Фотосинтез процесінің нәтижесі
3. Өнеркәсіпте,лабораторияда алынуы
4. Катализатор ұғымын енгізу
5. Оттек –тіршілік көзі
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: Блум технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тәжірибе, есептер шығару
Сабақтың жүрісі

І. Танып білу кезеңі
Ұйымдастыр бөлімі
1.Балаларды сабаққа бейімдеу
2. Оқу кұралдарын түгендеп тексеру
3. Үй тапсырмасын тексеру
(Интерактивті тақтадан химиялық диктант арқылы үй тапсырмасын тексеру) Оқушылар бірін-бірі тексеріп, бағалау критериі арқылы өздерін бағалайды.
Соңғы сұраққа оқушылар «оттек» деп 3 тілде жауап береді.Тақтаға оттек элементі шығады.
Мұғалім: Оттегінің иісі де, дәмі де жоқ ,
Болмаса ол, Жер бетінде өмірде жоқ .
Ақыры жанған отың тұтанбайды ,
Қалады қарауытып, көмір боп шоқ , - деп оттекке сипаттама бере отырып, бүгінгі жаңа сабақ «Оттектің физикалық қасиеттері мен алынуы » атты жаңа сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Түсіну кезеңі
Физикалық қасиеттері.
Алғаш рет оттекті швед ғалымы К.Шееле мен ағылшын ғалымы Дж. Пристли(1774ж ) оттекті бос күйінде алып, ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді. Қалыпты жағдайда 1атм қысымда =101,325кПа, оның 1литрінің массасы 1,43г,ал ауанікі- 1,29г тартады. Оттегі ( О2 ) дәмсіз және иіссіз, түссіз газ. Оттегі суда аз ериді. Озон (О3)-көгілдір түсті газ. -183 C-та О2 көгілдір түсті сұйықтыққа айналады. -218С-та қатады.
Алынуы. Табиғатта күн сәулесі әсерінен жүретін әйгілі фотосинтез нәтижесінде жасыл өсімдіктер оттекті бөліп шығарады.
Өнеркәсіпте Оттегін өнеркәсіпте ауаны қысып сұйылтады да, азот пен оттегінің қайнау температураларының айырмашылығына қарай буландырып бөліп алады. Осылайша алынған оттегі көгілдір түсті баллондарда сақталады, себебі сұйық оттегі ашық-көгілдір түсті болады. Ал зертханалық алу әдістері кейбір оттегіге бай күрделі қосылыстарды айыруға негізделген (8-сурет).

Зертханада
1. Тұрмыста жиі қолданылатын «марганцовканы» айыру. Ол үшін құрғақ сынауыққа аздаған түйірлерін салып, оның аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен жауып қыздырамыз. Сонда мына реакция жүреді:
2КМnO4→К2МnО4+MnO2 +O2↑

2. Бертолле тұзы деп аталатын калий хлоратының КСІО3 ақ ұнтағын сынауыққа салып,реакцияның жүруін тездету үшін марганец(ІV)оксидінің қара түсті ұнтағын өршіткі (катализатор)ретінде пайдалана отырыпқыздырса,оттек газы бөліне бастайды.КСІО3калий хлоратынан оттек толығымен бөлінген кезде,калий хлоридінің ақ ұнтағы мен қара түсті марганец оксидінің қоспасы қалады. Қоспаны суда ерітіп түзілген калий хлоридін сүзіп,бөліп алғанда сүзгі қағаздағы қара ұнтақтың қасиеті де массасы да өзгермейді. Оны қайтадан өршіткі ретінде пайдалануға болады. Калий хлоридінің айырылу реакциясы:
2КСІО3 →2КСІ+3О2↑
3. 15-суреттегі көрсетілгендей қондырғы құрастырып,сынауықтың ⅟3 бөлігіне сары түсті сынап (ІІ)оксидінің ұнтағын салып, аузын газ өткізетін түтігі бар тығынмен жауып,қатты қыздырады. Нәтижесінде оттек газы бөлініп шығады. Оны шыра көмегімен анықтайды. Ал сынауықтың түбінде ақшыл,жылтыр сынап тамшылары пайда болады.Реакция теңдеуі:
2НgO→2Hg+O2↑

Зертханада оттек газын газөлшегіш (газометр) деп аталатын қалың қабырғалы шыны ыдысқа толтырып сақтайды.


ІІІ.Талдау кезеңі
Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін, бірақ реакция соңында жұмсалмай қалатын зат өршіткі (катализатор) деп аталады.
Керісінше реакция жылдамдығын баяулататын зат ингибитор (басытқы) деп аталады.
Фотосинтез процесін ашқан 1630жылы орыс ғалымы К.А.Тимириязев.
ІV. Қолдану кезеңі
1.Калий перманганаты КМnO4 құрамындағы оттектің массалық үлесін % табыңдар.
Жауабы: 0,405 (40,5%)
2. 16 грамм оттек алу үшін қажетті калий перманганатының зат мөлшерін және массасын табыңдар.
Жауабы: 158г:,1 моль КМnO4

V.Жинақтау кезеңі
Оттек –иіссіз,түссіз,ауадан сәл ауыр газ. Суда нашар ериді. Өнеркәсіпте оттекті атмосферадағы ауаны сұйылтып бөу арқылы,ал зертханада қыздырғанда тез айырылатын, құрамында оттек мол күрделі заттардан алады. Зертханада газ күйіндегі оттекті газөлшегіш құралдарда сақтайды. Республикамыздың ірі қалаларында арнайы цехтарда ауаны сұйылту әдісімен оттек алады. Интерактивті тақтада дьюар ыдысы тұрады. Оқушылар сол ыдысқа оттекке тән сипаттамаларды салады
VI. Бағалау
Сабаққа қатаысқан барлық оқушылар түрлі – түсті фигуралар арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма §22 мазмұндау
«Оттек – тіршілік көзі» тақырыбына шығармашылық жұмыс, № 9,10 есептер шығару

Қорытынды


Сурет бойынша оқушылардың ойы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.