.
.
Сабақтың тақырыбы: Оттектің химиялық қасиеттері. Жану. Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2095 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1. Оттектің химиялық қасиеттерін түсіндіру. Жану процесінің мағынасы мен
мәні жайлы оқушылардың көзқарастарын дамыту
2. Оқушының өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық
іс- әрекеттерін жетілдіріп, білімді тиянақтауға үйрету.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі.
Реактивтер: көмір, күкірт, фосфор, мыс.
Құралдар: темір қасық, спирт шам, құтылар.
Сабақтың барысы:
І. 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын 4-оқушыдан 6-топқа бөлу. Әр топқа тапсырма беру. Кез келген тапсырманың жауабына 1 минут уақыт беріледі, ал 1 минуттан асып кетсе баға төмендейді.
2.Психологиялық дайындық.
Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарына және өзіңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып бір-бірлеріңе күле қараңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ауызша топ.
1-оқушы. Үйге берілген сабақтың мақсатын хабарлайды.
Оттектің физикалық қасиетін сипаттау, өнеркәсіпте және лабораторияда алу жолдарын түсіндіру.
2-оқушы.
Ең негізгісі. Оттек – иіссіз, түссіз ауадан сәл ауыр газ. Суда нашар ериді.
Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады. Сұйық оттекті арнайы екі қабырғалы термостат – Дьюар ыдысына құйып сақтайды.Газ күйіндегі оттекті көкшіл түске боялған болат болондарда 1-1,5 кПа қысымда сақтайды.
Лабораторияда оттекті құрамында оттек мол болатын әрі қыздыру кезінде тез айырылатын күрделі заттардан: калий перманганаты, калий хлораты, су, т.б. алады.
Оттекті лабораторияда ауаны, суды ығыстыру әдісі арқылы алады.
3-оқушы. Репортаж.
1. Белсенді және жер бетінде ең көп таралған элементті атаңыз?
2. «Оттексіз тіршілік» жоқ деген ұғымды қалай түсіндіресіз?
3. Ауада оттек қалай пайда болады?
4-оқушы. Пәнішілік байланыс.
Оттек-химиялық элемент. Оттек –жай зат. Оттектің валенттілігі-ІІ. Оттектің бір молекуласы екі атомнан тұрады.
5-оқушы. Практикалық маңызы.
Оттек тыныс алу, фотосинтез процестеріне қатысады. Оттек жануды қолдайды.
Медицинада оттек жастықшасы қолданылады. Өсімдіктерді көп өсірсе ауада оттек көп болады.
6-оқушы. Қорытынды.
ХVІІІ ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі Дж.Пристли мен швед ғалымы К.Шееле оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді.
Оттектің 1 литрінің массасы 1,43 г. Оттек суда аз ериді. Оттек -1830С сұйылады, -2180С-та қатады. Өнеркәсіпте алдымен ауаны шаң-тозаңнан, ылғалдан және көмір қышқыл газдан тазартады. Одан соң ауаны қатты қысып, суытады. -2000С-та азот пен оттек сұйық күйге ауысады. Енді азотты оттектен бөліп алу үшін, аздап қыздырады. Алдымен -1960С-та азот қайнап бөлініп шығады. Ал оттек сұйық күйде қалады. Лабораторияда оттекті алу кезінде химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін, бірақ өзі жұмсалмайтын зат өршіткі қолданылады.
Жазбаша топ. Тақтада оқушылар тапсырмаларын дайндайды.
1-оқушы. Логикалық кесте.
2-оқушы. Пиктограмма.
3-оқушы. Ғажайып алаңы.
Биологиялық процесте оның мәні зор. Мысалы, асқазанда болатын фермент пепсин – белокты ыдратуға қатысатын … Адам организмінде әр түрлі ферменттер … ретінде химиялық реакцияға қатысады.
4-оқушы. Синквейн.
1. Оттек
2. Түссіз, иіссіз.
3. Сұйылады, қатады, аз ериді.
4. Оттек тыныс алуды қолдайды.
5. Тіршілік көзі.
5-оқушы.
Білемін Білдім Білгім келеді
6- оқушы. Композиция.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру. «Оттектін химиялық қасиеттері»
1. Тәжірибе көрсету. Нәтижесін қорытындылау.
а) темір шегенің таттануы, көміртектің, күкірттің, фосфордың оттекте жануының
химиялық реакция теңдеулерін жазу.
ә) парафиннің, спирттің жану реакциясының теңдеулерін жазу.
Бекіту.
1.Мырыштың тотығу реакциясының теңдеуін жазып, теңдеудегі барлық коэфициент жиынтығын табыңдар:
а) 3; ә) 5; б) 6; в) 4.
2. Пропанның толық тотығу реакция теңдеуін жазып, теңестіріңдер де оттектің алдына қойылатын коэффициент санын табыңдар.
а) 5; ә) 3; б) 2; в) 6.
Қорытындылау.
Оттекке тән басты қасиет – оның жануды қолдауында.
Үй тапсырмасы.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.