.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Су таңғажайып зат
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1741 | Размер: | Автор: Нартай4540Шардара ауданы
«Қоссейіт» жалпы орта мектебі
Химия пәнінің мұғалімі: Адамбекова Р.Б
2013-2014ж
Сабақтың тақырыбы: Су таңғажайып зат
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік - Оқушыларға судың химиялық қасиеттерін,табиғаттағы айналымын,судың тіршілік үшін маңызын түсіндіру,реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету.
2) Дамытушылық -Ойын элеметтерін қолдану арқылы баланың ойлау
қабілетін, ой-өрісін дамыту,қосымша әдебиеттермен жұмыс.
3) Тәрбиелік - Табиғат байлығын қорғауға, туған жерге деген сүйіспеншілікке баули отырып,экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ, топпен,жеке
Сабақтың әдісі: Шығармашылық тапсырма, ойын, сұрақ-жауап, зертханалық жұмыс, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер
Сабақтың көрнекілігі: Периодтық жүйе,таратпа қағаздар, салыстыру картасы, слайдтар,жұмбақтар.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Биология, география, математика,
қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
2) «Кім білімпаз?» сайысы
3) «Кім жылдам?»
4) «Кім жүйрік?»
5) «Кім математик?»
6) Зертханалық тәжірибе
7) Үшіншісі артық
8) Халықтық педагогика (тиым сөздер,мақал-мәтел,
жұмбақтар)
9) Судың қолданылуы
10) «Керуеншілер» ойыны
11) «Ізденген жетер мұратқа»
12) Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару, 3 топқа бөлу. «Н», «О», «Н2О»
“Кім білімпаз?” сайысы
1. Судың химиялық қасиеті?
2. Судың физикалық қасиеті қандай?
3. Мұз неліктен суға батпайды?
4. Табиғатта су неше агрегаттық күйде болады?
5. Жердің су қабаты.
6. Су электр тогын қай кезде жақсы,қай кезде нашар өткізеді?
7. Суды зарарсыздандыру үшін 1 тонна суға қанша хлор қажет?
8. Жанбайтын қандай затты сумен сөндіреді?
9. Судың химиялық қасиеті?
10. Судың физикалық қасиеті қандай?
11. Мұз неліктен суға батпайды?
12. Табиғатта су неше агрегаттық күйде болады?
13. Жердің су қабаты.
14. Су электр тогын қай кезде жақсы,қай кезде нашар өткізеді?
15. Суды зарарсыздандыру үшін 1 тонна суға қанша хлор қажет?
16. Жанбайтын қандай затты сумен сөндіреді?
«Кім жылдам?»
I топ Са—СаО—СаСl2 ----СаSO4
ІІ топ АІ—АІ2О3 –АІРО4 ---Аl2(SO4)3
III топ Мg– MgO– MgSO4--- MgCl2
«Кім жүйрік?»
І топ СаО + Н3РО4..........Н2О
ІІ топ MgО + НCl............. Н2О
ІII топ Fe2О3 + Н2SО4...... Н2О
«Кім математик?».
І топ Массасы 8 г СиО сутекпен тотықсыздандырғанда
қанша грамм су түзілетінін есепте?
ІІ топ Массасы 8г SO2 cумен әрекеттескенде неше
грамм суды қажет етеді?
ІІІ топ Массасы 8г СаО + Н2SO4 әрекеттескенде неше
грамм су түзіледі?
Көрініс көрсетілімі: Еду, еду қашықтан,
Мен – водовоз асыққан.
«Мөлдір су бар, достар-ей,
Кому надо – поскорей»
Зертханалық тәжірибе: №1“Жасырын жазу”.
1.Жайпақ табақшаға жарты пиала 125 мл су құямыз.
2.Оған 10 тамшы йодты тамызып, араластырамыз.
3. Лимонды бөлек ыдыста суын сығамыз.
4. Жайпақ табақшаға еркін сиятындай қағаз дайындаймыз.
5. Жазу жазатын қылқаламды лимон шырынына батырып, қағазға Н2О жазу жазамыз.
6. Қағазды жайпақ табақшадағы йод ерітіндісінде батырамыз.
№2 Ca O + H2O → Ca(OH)2 кальций гидроксиді Сөндірілмеген әк
Реакция кезінде жылу бөлінеді, экзотермиялық реакция .
Техникалық атау.Сөндірілген әк.
Үшіншісі артық
Халықтық педагогика.
Тыйым сөздер:
1. Суға түкірме,қоқыс тастап, бүлдірме.
2. Өзің ішетін суға өлген ит тастама.
3. Су ішкен құдығыңа түкірме.
4. Судың да сұрауы бар.
5. Сумен ойнама,батарсың,отпен ойнама,күйерсің.
6. Көптеп даланы қорлама,
Мол деп суды былғама.
Су туралы мақал-мәтелдер:
1.Су анасы – бұлақ.
2.Сулы жер - нулы жер.
3.Ердің құты-белеңде,
Судың құты тереңде.
4. Ағынды су - бал татыр,
Ақшабағы май татыр.
5.Су дүниенің - басы.
6. Наурызда су болмаса, сәуірде ну болмайды.
7.Су тіршіліктің тірегі.
8.Сулы жер құрақсыз болмас,
таулы жер бұлақсыз болмас.
Су туралы жұмбақтар :
1. Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.
2. Аяғы жоқ жүреді,сылқ-сылқ күледі.
3. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.
4. Қаратаудың басында киік кетіп барады,
Қол аяғы бауырына ,тиіп кетіп барады.
5. Көтеріліп теңізден, аспанға биік барамын
Биіктен қайта түскенде,өңі кірер даланың.
6.Отқа жанбас,суға батпас.
7. Бет көретін айнам,тауып алдым сайдан.
8.Кескен боламын кесілмейді,кесілсе де бөлінбейді
Судың қолданылуы:
Керуеншілер" ойыны
Барлық 13 оқушы түйе қимылын көрсетіп, “моф” деген дыбыс шығарып орындарында қимылдап тұрады.
Әрбір оқушы өзінің белгіленген формуласы бойынша сумен реакция теңдеуін жазу керек.
Үйге: Судың химиялық қасиеті, қолданылуы.“Су - өмір” , “Су - байлық”
Реферат жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.