.
.
Н.Тілендиев атындағы Атырау облыстық Кіші өнер академиясы Тас көмірді кокстеу
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2856 | Размер: | Автор: гостьдарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар
мамандандырылған мектеп
Тақырыбы: «Тас көмірді кокстеу»
Өткізген: Утешова З.И
Атырау 2011ж
Сабақтың тақырыбы: Тас көмірді кокстеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды көмірсутектерін алудың көзі – кок химия өнеркәсібінде тас көмірді өңдеу арқылы алынатын өнімдермен таныстыру
Дамытушылық: компьютер арқылы оқушылардың абаққа белсенділігін арттыру
Тәрбиелік: оқушылардың өз бетінше еңбектенуге өзара білімдерін тексеріп, бағалауға және адалдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: электронды оқулық бойынша жұмыс түрлеріне негізделген жаңа технологиялық әдіс
Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, «Тас көмір» коллекциясы, таблица, «Кокс – химия пеші»
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а. Оқушыларды компьютерге отырғызу
б. Керекті мәліметтерді экранға түсіру
в. Үй жұмысын сауалнама сұрақтары бойынша тексеру
г. Алған ұпай сандары бойынша бағаланады
д. «Мұнай» және «Мұнай өнімдері» тақырыбында рефераттар талқыланады.
II. Жаңа білім беру.
Оқушыларға мынадай сұрақтар қойып, талдау арқылы
а. Көмірсутектердің табиғи көздеріне жататын қосылыстарды атаңдар?
б. Табиғи газ бен мұнайға ілеспе газдардың айырмашылықтары қандай, қолданылатын жерлері туралы не білесіңдер?
в. Тас көмірді кокстеу дегеніміз не, дей отырып жаңа білім – тас көмірді кокстеу тақырыбына кіріспе жасалады.
Кокстеу дегеніміз – тас көмірді ауа қатыстырмай жоғары температурада (t – 10000C) қыздыру.
Кокс газы – бағалы шикізат әрі отын.
H2 CH4 CO N2 CO2 C2 H2 Басқа газдар
Оқушылармен бірлесе отырып, «Тас көмірді» зертханада кокстеу процесін талдап, өнеркәсіптік алыну жолы үлкен масштабта ұдайы өндіруге негізделгені айтылады. Кокстеу процесс 14 сағаттай уақытқа созылады. Ол аяқталғаннан кейін, түзілген кокс камерадан шығарылады да, камераға көмірдің жаңа бөлігі салынады, сөйтіп кокстеу процесі қайта басталады.
Кокс – ол металлургия пештерінде әрі отын, әрі тотықсыздандырғыш қызметін атқарады.
Тас көмір шайыры – бензол мен оның гомологтары аммиак суы – бейорганикалық қосылыстар алынады. Сонымен қатар өндірумен және өңдеумен байланысты болатын экологиялық проблемалар да баршылық. Себебі, жылу электр станциялары құбырларынан жыл сайын миллиондаған тонна күл , күкірт, азот оксидтерімен қатар ауыр металдардың (анадий, никель, уран) қосылыстары да атом атмосфераға шығып жатады. Сондықтан қатты отындарды кешенді пайдалану, газдандыру процесін көбейту қолға алынуда.
III. Бекіту.
а. Тас көмірді кокстеу дегеніміз не?
б. Тас көмірді өңдеу арқылы қандай заттар алынады?
в. Кокс газынан қандай заттар алуға болады?
г. Коксхимия өндірісіндегі ғылыми ортақ қандай прициптерді атап өтуге болады?
IV. Оқушыларды бағалау
V. Үйге тапсырмалар: §7.4 §7.1. §7.2. §7.3.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.