.
.
Сабақтың тақырыбы: «Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары» «Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары»
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2278 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
білімділік: тотығу, оксидтер, олардың аталулары туралы түсіндіріу; тотығу реакциясының мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру;
дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтылап, дамыту;
тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Ізденіс
Сабақтың әдісі: тест тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, сұрақ-жауап;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бор, оқулық, тест тапсырмалары, тірек сызбалар;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
- оқушылармен амандасу,
- оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру;
-психологиялық дайындық;
Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарыңа және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күле қараңдар.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;
«Оттек, оның алынуы және қасиеті» тақырыбына арналған графикалық тест. «Иә», «жоқ» деген жауаппен белгілеп отырады. Λ-иә, - жоқ.
1. Оттек иіссіз, дәмсіз, түссіз газ.
2.Оттекті тек XVIII ғасырда Пристли ашты.
3. Оттек ауада 21 % кездеседі.
24. Оттекті зертханада алыну теңдеуі мынадай:
K_2 MnO_4=KMnO_4+O_2
5. Өнеркәсіпте оттегін судан алады
6. Бертолле тұзынан оттегін лабороторияда мына теңдеу арқылы алады: 2KClO_3=2KCl+3O_2↑
7. Химиялық реакция жылдамдығын тездететін, бірақ өзі реакцияға қатыспайтын зат катализатор деп аталады.
8. Оттегін 2 әдіспен ауаны, суды ығыстыру арқылы алады
9. Ауаның массасы – 27 ге тең
10. Оттек суда нашар ериді
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Логикалық кесте.
көміртегі күкірт
фосфор темір
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
М: 1. Зат дегеніміз не? Неше түрі бар?
2. Жай зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
3. Күрделі зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
Немесе мына сызбанұсқадан көре аламыз.
Заттың оттекпен әрекеттесу тотығу деп аталады.
Me+O_2=MeO
Бe+O_2=БеО
Э+О_2=ЭО
ЭО – оксидтердің жалпы формуласы.
Мысалы: 2Cu+O_2=2CuO
4Al+3O_2=2Al_2 O_3
Оксидтерді халықаралық жүйемен атайды.
1-тәсілі: Al_2 O_3- алюминий (ІІІ) оксиді.
2-тәсілі: Al_2 O_3- диалмюминий триоксиді
«моно»-1, «ди» - 2, «три» - 3, «тетра» - 4, «пента» - 5 т.б
IV. Бекіту.
М: Сонымен, балалар оксид дегеніміз не? Қорытынды ереже шығармас бұрын
Мына сызбаға көңіл бөлейік.
Сапалық құрамы
Оксидтер Сандық құрамы
Түзілуі (тотығу реакциясы)
М: Сонымен, оксид деп нені айтады?
О: Оксид дегеніміз – екі элементтен тұратын оның біреуі міндетті түрде оттегі болатын күрделі заттарды айтамыз.
М: Оксид деген – бинарлы
Екі элементтен түрады.
Бірі оның оттегі
Болу керек міндетті
Екеуі бірге қосылса,
Тотығу реакциясы болады.
Нәтижесінде осының
Күрделі зат туады.
Оқулықпен жұмыс:
№3 жаттығуды орындау.
Мына оксидтерді халық аралық атаулары бойынша атаңдар.
〖MnO〗_2,〖MnO〗_3,NO,〖NO〗_2,〖Cr〗_2 O_3,〖CrO〗_3
V. Деңгейлік тапсырмалар.
№1-А тапсырмасы (10 ұпай). Мына төменде берілген кестеден тек оксидтерді тауып, алыну реакциясын жазыңыз және атаңыз.
Na_2 O H_3 PO_4 AlCl_3
Cu(〖OH)〗_2 P_2 O_5 Al(〖OH)〗_3
Mn(〖OH)〗_2 HCl FeO
4Na+O_2=2〖Na〗_2 O натрий (І) оксиді
4P+〖5O〗_2=2P_2 O_5 фосфор (V)
2Fe+O_2=2FeO темір (ІІ) оксиді
№2 – Ә тапсырмасы(20 ұпай). Төмендегі өзгерістерді орындаңыз, түзілген оксидтерді атаңыз.
〖SO〗_3
KClO_(3 ) O_2
〖CrO〗_3
1. 2KClO_(3 )=2KCl+3O_3
2. 2S+3O_2=2〖SO〗_3
3. 2Cr+3O_2=2〖CrO〗_3
№3-Б тапсырмасы(30 ұпай) 16 г күкіртті жаққанда түзілген күкірт (IV) оксидінің массасын табыңыз.
Берілгені: Шешуі:
m(S)= 16 г S+O_2=〖SO〗_2
16 г S - х г SO_2
табу керек 32 г – 64 г
m(SO_2)=?
Ar(S)=32u
Mr(SO_2)= 32+16*2=64
X=(16*64)/32=32 г SO_2
Жауабы : m(SO_2)=32 г
VI. Үйге:§23. №5 жаттығу 66 бет
VII. Бағалау: Оқушалар алдын ала берілген, бағалау парағына ұпай сандарын жазып отырады, соңынан ұпай саны есептеліп, қорытынды баға шағарылады.
Оқушының аты-жөні Үй тапсырма-сы Бекіту Деңгейлік тапсырмалары Барлы Баға
Граф тест (10) Логи тапс (15) Сұрақ(5) №3 (10) А (10) Ә (20) Б (30) 100 ұпай
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.