.
.
№249 мектеп –лицей Қышқылдардың жіктелуі,алынуы,химиялық қасиеттері.
Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2949 | Размер: | Автор: Нартай4540Қышқылдардың жіктелуі,
алынуы,химиялық
қасиеттері.
Сыныбы: 8в
Өткізген: Сереева Р
Химия пәнінің мұғалімі
2010 жыл
Күні:13.02.2010ж
Сыныбы: 8 кл.Химия
Тақырыбы:§47 Қышқылдардың жіктелуі,алынуы,химиялық қасиеттері.
Мақсаты: Білімділік:Оқушылардың қышқылдар жайлы алған білмдерін еске түсіру
арқылы, жіктелуі,алыну жолдары ,қасиеттері жайында түсінік
қалыптастыру.
Дамытушылық:Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін , химиялық
сауаттылығын,ойлай білу дағдысын дамыта отырып
оқыту.
Тәрбиелігі:Оқушылардың дүниетанымын,өзіне қажетті білімді өзі іздеп
тауып ала алатындай тұлғаны тәрбиелеу.Оқушының тұлғалық
қалыптасуын дайындау арқылы,қышқылдардың
өмірде,тұрмыста,қолдануын білуге тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Түрі: Демонстрациялық
Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, талдау
Көрнекілігі:Слаидтар, интерактивті тақта,реактивтер т.б
Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Жана сабақты түсіндіру
4.Жана тақырыпты бекіту
5.Үйге тапсырма беру
6.Бағалау
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Елбасы жолдауында 2020жылға дейінгі даму стратегиялық жоспары бойынша алдағы бес жылда химия кешендерінің дамытатындығын айтты.Ол үшін химиялық сауатты,білімді,саналы ұрпақтардың қажет екендігін баса назар аударып сөз етті.Сондықтан біз ел басының сөзіне назар аударып, химия пәнінен терең білім алып ел басы сөзіне лайықты болуға тиіспіз!
Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабаққа қажетті өткен сабақтардағы мағлұматтарды еске түсірейік.
Ой-қозғау.(өтілген тақырыпты пысықтау)
І. Сұрақтарға жауап алу
1. Бейорганикалық қосылыстар қалай жіктеледі?
2. Оксидтер дегеніміз не?
3. Негіздер дегеніміз не?
4. Тұздар дегеніміз не?
5. Қышқылдар дегеніміз не?
ІІ. «Адасқан формулаларды» табыңдар.
Оксидтер CaO
HCL CaCO3
Қышқылдар BaO Zn(OH)2 H3PO4
Негіздер H2SO4 K2O KNO3
Тұздар NaOH MgCL2 AL(OH)3
Жауабы:
Оксидтер:CaO,BaO,K2O
Қышқылдар:HCL,H3PO4,H2SO4
Негіздер:Zn(OH)2,NaOH,AL(OH)3
Тұздар:CaCO3,KNO3,MgCL2
Жаңа сабақ: қышқылдарды қандай белгісіне байланысты жіктей аламыз?
1-тапсырма: Сіздердің алдарыңызда 2 қатарда формулалар тізілген,әр қатардан тек қышқылдарды теріп алайық.
HCL,NaCL, HNO3,SO2, K2 О, H2SO4
Ca3(PO4)2,AL2O3,Cu(OH)2,H3PO4,HF, H2S
Жауабы: HCL, HNO3, H2SO4, H3PO4,HF, H2S
Сұрақ: Қандай заңдылық байқадыңыз ? Қышқылдардың құрамы қандай болады екен?
Жауап: Тізіп жазып алынған кейбір қышқылдардың құрамында оттегі болса, ал кейбіреуінде оттек элемент жоқ.
Осы белгісіне байланысты қышқылдарда 2 топқа жіктейміз:
Енді қатардан теріп алған қышқылдарды оттек атомына байланысты жіктелуіне мысал етіп жазамыз.
Қышқылдар сонымен қатар сутек атомының санына байланысты бір,екі,үш негізді болып бөлінеді.
Қышқылдардың алынуын «кім зерек» ойынымен жүзеге асырамын. Ол үшін тақтаға реакция теңдеуін мәтінмен жазамын, ал оқушылар сол мәтін бойынша тиісті реакция теңдеуін жазып шығады.
«Кім зерек» ойыны
1.Қышқылдық оксид +су→ қышқыл
2.Тұз+қышқыл→ жаңа тұз +жаңа қышқыл
3.Сутек газы + бейметалл → қышқыл
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін жақсы түсіну үшін химиялық тәжірибелер жасаймыз.
1-тәжірибе: Белсенді металл +қышқыл→ тұз+сутек газы
2- тәжірибе: Белсенді металл оксиді +қышқыл → тұз+су
3-тәжірибе: негіз+қышқыл→ тұз+су
4-тәжірибе: Тұз+қышқыл→тұз+су+көмірқышқыл газы
Тәжірибелер нәтижесін оқушылар өздері шығарады.
Бекіту: Оқушылар 3 топқа бөлініп,жасырын сөз жасырылған карточкалар
таңдайды.
І топ: «Сенім»
ІІ топ: «Делегат»
ІІІ топ: «Сайлау»
«Сенім» карточкасын алған топтан топ жетекшісі сұрап оқушыларды өзі бағалайды, мұғалім сенеді, журналға бағасын қояды.
«Делегат» карточкасын алған топ бір оқушыны өздері есеп шығаруға делегат ретінде жібереді.
«Сайлау» карточкасын алған топтан мұғалім өзі бір оқушыны сайлап тапсырма береді.
Үйге тапсырма: §47
Баға алу үшін:
«3»-1,3 жаттығу
«4»- 4,6 жаттығу
«5»- 7,9 жаттығу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.