.
.
5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған САУАЛНАМА 5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған САУАЛНАМА
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 2593 | Размер: | Автор: ТәрбиеҚұрметті ата-ана, Сізден сауалнама сұрақтарына ойланып, өз ойыңызды шынайы, ашық көрсетіп жауап беруіңіз сұралады.
1. Сіздің ойыңызша мектепте оқушылардың сапалы білім алуы неге көбірек байланысты?
А. Ата-аналардың баласының сабағын үнемі қадағалауына
В. Мұғалімнің берген біліміне, қойған талабына
С. Оқушының өзіне байланысты.
2. Сіз балаңыздың жақсы оқи алатынына сенесіз бе?
A. Иә
B. Жоқ
C. Кейде.
3. Мұғалімдердің балаңызбен қарым-қатынасы қандай болғанын қалайсыз?
А. Достық деңгейде
В. Мұғалімнің талабы жоғары, қатал
С. Жұмсақ, жайлы қарым-қатынаста.
4. Бастауыш сыныптағы сынып жетекшімен, мұғалімдермен қандай қарым-қатынаста болдыңыз?
А. Бала туралы жиі пікір алмасу
В. Тек ата-аналар жиналысында
С. Сирек.
5. Бастауыш сыныпта балаңыздың алған біліміне көңіліңіз тола ма?
А. Өте жақсы
В. Жақсы
С. Қанағаттанарлық.
6. Баланың бастауыш сыныпта алған білімін дамыту кімге, неге байланысты?
А. Жоғары сынып мұғалімдерінің біліктілігі мен біліміне
В. Мұғалімнің балалармен тіл табысуына
С. Ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз қарым-қатынаста болуына
7. Балам 5-сыныпқа көшкен соң сабақ үлгерімі төмендейді»,- деген ой сізді толғандыра ма?
А. Иә, қалыпты, жиі кездесетін жағдай деп ойлаймын
В. Жоқ, мен баламның біліміне сенемін
С. Балалардың білімін арттыруға мұғалімдер бар күшін жұмсайды, деп ойлаймын.
8. Оқушылардың бастауыштан орта буынға өткен соң, білім сапасының төмендеуінің себебін қалай жорамалдайсыз?
А. Жоғары сынып мұғалімдерінің балалармен тіл табыса алмауынан
В. Оқу материалдарының күрделенуінен
С. Мұғалімнің білім мен біліктілігінің аздығы.
Д. Ата-аналардың қадағалауының аздығы
9. Сіз балаңыздың жақсы білім алуы үшін не істейсіз?
А. Барлық құрал-жабдықтарын алып беремін, мұғалімге тапсырамын.
В. Мұғалімдермен тығыз қарым-қатынаста болып, сабағын қадағалаймын
С. Мен баламның жоғары білім алатынына сенемін, анда-санда қадағалап отырамын
10. Сіз балаңыз жақсы білім алуы үшін, мектепте қандай өзгерістер болғанын қалайсыз?
А. Мектептегі мұғалімдер өзгеруі
В. Ата-аналар мен мұғалімдердің дұрыс қарым-қатынастар орнату жұмыстарын енгізу
С. Мұғалімдер мен оқушылардың достық, түсіністік қарым-қатынастарта болуы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.