.
.
Бұхат Ақжол Бәделханұлы Алгоритм және программалау (практикалық жұмыс)
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 2395 | Размер: | Автор: ПубликаторИнформатика пәні мұғалімі
Алгоритм және программалау (практикалық жұмыс)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Алгоритм және оның түрлері туралы қайталау және қорыту Дамытушылық: Алған білімдерін әр түрлі бағыттағы есептерді шешуге пайдалануға үйрету; Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу; Адамгершілікке, әсемдікке тәрбиелеу; Сабақтың типі: Қайталау сабақ Сабақтың түрі: Практикалық сабақ Оқыту формалары: Жеке, жұптық Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, бейнелеу өнері Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, таратпа қағаздар Пайдаланылатын әдебиеттер: Н. Т. Ермеков «Информаика», «Информатика 30 сабақ», «Информатика негіздері», «Ақпараттық мәдениет негіздері» Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушыларды түгелдеу; ә) Сынып белсенділігі; б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару; ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Үй тапсырмасын тексеру алгоритм тарауы бойынша тапсырмалары бар таратпа қағаздар арқылы жүргізіледі: Анаграмма шешу ІІІ. Практикалық жұмыс: Берілген жұмбақтың шешуін тауып, суретін Paint графикалық редакторында сурет салады және Word Pad мәтіндік редакторында жұмбақ шешуіне байланысты эссе жазады. 1. Бір көзіңмен «кідір» дейді, Бір көзім «жүгір» дейді. Бір көзім «абайла» дейді «Қарап ал маңайға» дейді (бағдаршам ) 2. Әлсін - әлсін шыр - шыр еткен бөпесін Бір қолымен көтереді көкешім. (телефон) 3. Ұзынды - қысқа қос тіл, Он екі цифрмен дос бұл. ( сағат ) Сергіту сәті ІҮ. Сабақты бекіту: 1. Жұбын табу ойыны Перне аппарат Қатты тану Фото сақтау Ақпарат тақта
Мәліметтерді блок Файлды шығару Жүйелік диск Ү. Сабақты қорытындылау Ауыстырмақ ойыны 1. қаншыт – тышқан 2. такедис – дискета 3. сорцеспро – процессор 4. магрампро – программа 5. ретпьюком – компьютер ҮІ. Үйге тапсырма беру: Алгоритм тарауын қайталау. ҮІІ. Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.