.
.
Батыс Қазақстан облысы Атамекен - алтын бесік
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 483 | Просмотров: 3830 | Размер: 19.9 Kb | Автор: ТәрбиеЗеленов ауданы
Володар ЖОББМ
Атамекен - алтын бесік
Авторлық бағдарлама
Құрастырушы: Р.М.Жұмағазиева 1-санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
2011 жыл
Түсінік хат
Қай халық та ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі.
Өздеріңізге ұсынылып отырған орыс сыныптарындағы қазақ тілінен 10 сыныпқа арналған «Атамекен – алтын бесік» атты арнаулы курстың мақсаты - мектеп оқушыларына өз ауылы, ауданы, облысы туралы толық мағлұматтар бере отырып, өз елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» атты бағдарламасында : «Оқушыларды Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет» - деп атап көрсеткен болатын.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» туралы айтылған. Осы қағидаларға сүйене отырып, өлкетану материалдары арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің негізі 10- сыныпқа арналған «Атамекен – алтын бесік» атты арнаулы курс бағдарламасында толық көрініс тапқан деп сенемін.
Бағдарлама барысында оқушылар ауыл, аудан, облыс тарихы, географиясы, табиғаты, шаруашылығы, мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрі, өнері, т.б. жайында өлке деректерінен құнды мағлұматтар алады.
Бағдарлама мектептің оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін жетілдіруге, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауға және оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Бағдарламаның құрылымы
( барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Бағдарлама жүйелік, түсініктілік принциптеріне сүйеніп жасалынды. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Бағдарламадағы тақырыптар біріншісінен екіншісі туындайтындай жүйемен орналастырылды
Тақырыптар М.М.Жанпейсованың «Модульдік технологиясын» басшылыққа ала отырып, жүйеленіп ұсынылған.
1-модуль - «Ауылым – алтын бесігім» 4 сағат,
2-модуль «Ақжайықтың тарихи оқиғалары» - 4 сағат,
3-модуль «Еңбек және соғыс ардагерлері » - 5 сағат,
4-модуль «Ақжайықтың әдебиет әлемі» - 5 сағат,
5-модуль «Тарихи-мәдени ескерткіштер» - 3 сағат,
6-модуль «Табиғатым - тағдырым» - 4 сағат,
7-модуль «Өнерлі өрге жүзеді» - 4 сағат,
8-модуль «Салт-дәстүр - » - қазынам» - 4 сағат бөлінген.
Жылдық қайталау – 1 сағат
Бағдарламаның ерекшелігі:
Оқу нәтижесінде оқушылар өтілген материал шеңберінде тілдік қарым-қатынасқа түсе алады, яғни жағдаятқа байланысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде өз көзқарасын білдіре алумен қатар, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздері де сұрақ қоя алады. Сонымен қатар оқушылар өз қалаулары бойынша тақырып таңдай отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Қиялға ерік беріледі. Өз өлкесі туралы құнды мағлұматтар алып, өмірде қолдана алады.
Өлкетану материалдары сабақ барысында өтіліп жатқан материалдарды нақтылау, оқушыларды пән сабақтарына қызықтыру және шығармашылық қабілеттерін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу үшін қажет. Өйткені, «өлкетану» - «Отантанудың» алғашқы бастауы.
Бағдарламаның мазмұндық бағыттары
- оқушының тілін дамыту:
- мәтін арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру:
- өз ауылы, ауданы, облысы туралы толық мағлұмат алу:
- қазақ халқының рухани байлықтарын тіл арқылы жеткізу, таныту:
- қазақ тілінен алған білімдерін пысықтау:
Бағдарламаның тиімділігі;
- қазақ тілін тереңдетіп оқытуға қажетті білім жүйеленген;
- бағдарлама мазмұны жұппен жұмыс істеуге бейімделген;
- бағдарлама күнтізбелік жоспардың негізгі үлгісі ретінде ұсынылды;
Оқушылардың білімі, біліктілік дағдыларына қойылатын талаптар:
-оқыған мәтіннің немесе өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау;
-лексикалық тақырыптың мазмұнын аша білу;
- жағдаят төңірегінде берілген тақырыптар бойынша пікірлесу;
- тақырып бойынша өз ойын айта білу;
- естіген, оқыған мәтінді мазмұндау;
Күтілетін нәтиже:
-өз отанын шексіз сүйетін патриот тәрбиелеу;
-өз ойын еркін жеткізе алатын, сауатты сөйлеу жүйесі қалыптасқан тұлға қалыптастыру;
«Атамекен – алтын бесік» арнаулы курс бағдарламасы
Барлығы – 34 – сағат, аптасына – 1-сағат
№ Тақырыбы Сағат саны Сабақтың түрі Сабақтың әдістері Пәнаралық байланыс Күтілетін нәтиже
1. Ауылым – алтын бесігім
1. Курстың мақсаты мен мідеттерін түсіндіру 1 Ашық журнал Сұрақ-жауап Қазақ әдебиеті, тарих Зерттейтін бөліммен танысады.
2. Туған өлке шежіресі 1 Жаңа білімді меңгерту Кітаппен жұмыс Қазақтан тарихы, қазақ әдебиеті Туған ауылдың, ауданның тарихымен жете танысады, зерттейді.
3. Астықты өлке 1 саяхат Кітаппен жұмыс, пікірлесу Қазақтан тарихы, қазақ тілі, география Аудан өміріндегі астық өсірудің рөлін меңгереді.
4. Сынақ жұмысы 1 практикалық Білім сынағы Өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау.
2. Ақжайықтың тарихи оқиғалары
1. Сахарный түбіндегі соғыс 1 Жаңа білімді меңгерту Кітаппен жұмыс Қазақстан тарихы Ақжайық өңірі тарихындағы бұл соғыстың мәнін ашу.
2.
Емболат өзені және Пугачев көтерілісі 1 Жаңа білімді меңгерту Кітаппен және қосымша әдебиетпен жұмыс Қазақстан тарихы, георгафия Емболат өзені түбіндегі шешуші шайқас туралы білу
3. Ақжайықтың тарихи тұлғалары 2 Ақпарат беру Қосымша әдебиетпен жұмыс Қазақстан тарихы Таихымен тарихи тұлғалар тағдырларымен танысу.
3. Еңбек және соғыс ардагерлері
1. Еңбегі еленген азаматтар 1 Семинар сабағы Проблемалық тапсырмалар Қазақстан тарихы Еңбек Ері атанған азаматтармен жете танысу
2. Ер есімі-ел есінде
Майдангер жазушылар мен ақындар 2 конференция Білімді сынау Қазақстан тарихы, әдебиет Майдангер ақын-жазушылар шығармаларытуралы ой бөлісу
3. Санадан өшпес отты жылдар 1 Сот сабағы немесе қазылар үкімі Проблемалық сұрақтар, қосымша материалдармен
жұмыс Қазақстан тарихы Ауған және Шешен соғысының батырлары туралы түсінік беру
4. Сынақ жұмысы 1 практикалық Білім сынығы
4. Ақжайықтың әдебиет әлемі.
1. Жерлестер мақтанышы 1 Дәріс, талдау, кіші зертханадағы ізденіс сабағы Іздендіру, қосымша материал Ақын – жазушылар өмір жолымен байланыс Танысқан әр ақын -жазушының өзіндік ерекшелігін ажырата білу.
2. Н.Ф.Корсунов өмірі мен шығармашылығы 1 Ізденіс сабағы
(практикалық жұмыстарға негізделген) Іздендіру, проблемалық әңгіме, пікір айту. Журналистика Шығармаларымен танысу, ақын өміріндегі М.Шолоховтың алатын орынын анықтау.
3. «Өлеңде де, өмірде де Жұбан бүгін» Ж.Молдағалиев шығармашылығы 1 Поэзия сағаты Мәнерлеп оқу Қазақ әдебиеті Өз бетімен шығармашылықпен айналысу қабілеттерінің артуы
4. «Айтсын деп ақиқатты тіл берген» (Айтыскерақындар хақында) 1 Жаңа білім беру, практикалық сабақ Іздендіру, пікір айту Қазақ әдебиеті Ақын мен айтыскер ақынның айырмашылығын айыра білу
5. Сынақ жұмысы 1 Практикалық Білімді сынау Өткен сабақтарда алған білімдерін бекіту
5. Тарихи – мәдени ескерткіштер.
1. Мұражайлар – асыл мұралар мекені 1 Панорамалық сабақ Іздендіру, эвристикалық Қазақстан тарихы
Мектеп мұражайы Тарихи жәдігерлермен танысу, мәнін ашу.
2. Көне ғимараттар тарихы 1 Ізденіс сабағы Іздендіру, кітаппен жұмыс Қазақстан тарихы Көне ғимараттар тарихымен жете танысу.
3. Сынақ жұмысы 1 Практикалық Білімді сынау
6. Табиғатым – тағдырым
1. Зеленов ауданына табиғи – географиялық саяхат 1 Ізденіс сабағы Іздендіру, кітаппен жұмыс География, биология Ауданның табиғи жағдайымен танысу, зерттеу.
2. Кирсанов заказнигі құпиясы 1 Ақпарат сабағы Эвристикалық, сұрақ-жауап География, биология Заказниктер мен қорықтар тарихымен танысу.
3. Жайық көмек сұрайды немесе экологиялық проблемалар 1 Ізденіс сабағы Сұрақ – жауап, іздендіру, ой түйіндеу Экология, география Экологиялық жағдайларды саралай білуге, ой қорытуға үйрету.
4. Сынақ жұмысы 1 Практикалық Білімді сынау
7. Өнерлі өрге жүзеді.
1. Өнер – сарқылмас бұлақ 1 Ашық жұрнал сабағы Шығармашылық Ән – күй
Қазақ әдебиеті Өнердің құдіретті күш екендігін ұқтыру
2. Би өнері 1 Панорамалық сабақ Қосымша оқулықпен жұмыс Ән - күй Аудандағы би ұжымдары туралы
мәлімет алу
3. Ұлттық аспаптар – бабалар мұрасы 1 Танымдық сабақ Іздендіру, қосымша әдебиетпен жұмыс Қазақ әдебиеті.
Ән-күй Ұлттық аспаптардың өзіндік ерекшеліктерін ұқтыру
4. Сынақ сабағы 1 Практикалық сабақ Білімді сынау
8. Салт-дәстүр.
1. Көп ұлтты аудан 1 Жаңа білім беру сабағы, практикалық Сұрақ – жауап, түсіндіру Қазақ әдебиеті
этнография Ырыс, ынтымақ ұғымдары
2. Жеті атасын білген ұл 1 Танымдық сабақ Эвристикалық, сұрақ - жауап этнография «Жеті ата» ұғымының қазақ халқы өміріндегі маңызын ұқтыру
3. Дәстүр мен салт ұғымдарының ұқсастығы мен айырмашылығы 1 Жаңа білім беру Түсіндіру, баяндау этнография Айырмашылықтарын ұғындыра отырып, жоғалып бара жатқан асылдарымызды жаңғырту
4. Сынақ жұмысы 1 Практикалық Білімді сынау
Жылдық қорытынды 1 Практикалық, Білімді сынау
Бағдарлама бойынша өткізілген сабақ үлгілері:
Сабақтың эпиграфы: Сонымен білмек болса Жұбанды кім,
Өлеңде, өмірде де Жұбан бүгін-
Құлы да қожайыны ұлы елдің,
Тұрақты өкілі әрі Жыландының
Сабақтың тақырыбы: «Жұбан еліне саяхат»
Сабақтың мақсаты: Өзге тілді ұлт өкілдеріне жаңа тақырыпты меңгерте отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік: Оқушыларға қазақ әдебиетінің ірі өкілі – Ж.Молдағалиевтың шығармашылық жолы туралы оқушыларға жеткізу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ж.Молдағалиевтың өлеңдері мен поэмаларын оқыта, жаттата отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: саяхат сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап, эвристикалық
Сабақтың техникалық құрал-жабдығы:
ақын суреті, қанатты сөздер, үнтаспа, кітап көрмесі
Пән аралық байланыс: тарих, георафия, музыка, қазақ әдебиеті
Күтілетін нәтиже:
1. Жерлес ақын Ж.Молдағалиев шығармашылығымен танысу.
2. Өлеңдері мен поэмаларының өзіндік құндылығын түсіне білу.
3. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындай білу.
4. Тәрбиелік мәнін ұғыну.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгендеу
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сәт келді дүйім елді қуантатын,
Дәуірдің мінбесінде тұрар ақын.
Қазақтың өлеңінің ақ иығы,
Тоқсанға келер еді Жұбан ақын.
Тоқсан жыл – бақыт таңы атқаны шын,
Тоқсанда - ақын аға мақтанышым.
Келесің туған елмен бірге жасап,
Қазақтың өлеңінің мақтанысың.
Сәт келді дүйім елді қуантатын,
Дәуірдің мінбесінде тұрар ақын.
Жырларыңды жаңғыртып жатар ұрпақ,
Тұғырдағы тұңғиық Жұбан ақын!
Қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі – Жұбан Молдағалиев атамыздың бүгінде 90 жасқа толу мерекесі қарасаңында «Жұбан еліне саяхатқа» шыққалы отырмыз.
Жұбан – алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы күндеріне дейін, жарты ғасырға жуық уақыт бойы үзбей қалам тартқан, ұзақ өсу, жетілу, қалыптасу, кемелдену сапарын бастан кешірген ақын.
Жайық өзенінің сол жақ бетіндегі Азынабай – Тайпақ деп аталатын алқап – Жұбан Молдағалиевтің кіндік қаны тамған жері, дәлірек айтсақ, осы өңірдегі далалық өзен - Өлеңті бойындағы Жыланды аумағының Шеген қыстағында 1920 жылы күзде Байбақты Руының Құл деп аталатын тармағына жататын Молдағалидың кенжесі Жұбан өмірге келді.
1920-1921 жылдары Жайық өңірін аштық жайлап, халықтың тең-жартысы тамақтың тапшылығынан опат болды. Тұрмыстық күйзеліс оба індетімен ұштасты. Азамат соғысы (1917-1919) кезінде ел тоналды, малынан, дүние-мүлкінен айрылды. Көптеген отбасылар асыраушыларынан айрылып, жетімшілік кең етек алды.
Жұбаннан үлкен балалары аштан, аурудан қазаға ұшыраған, Зеріп ана, бауырындағы жалғыз қалған кенжесін қалайша өлімнен құтқарып қаламын деп жанұшырды.Туған ауылдан безіп, тамақ іздеп басқа жерге жөргектегі баласымен қанша қоныс аударып, күнелтісі бар ауылдарға бас сауғалады, Жұбанын тікелей төнген ажалдан аман сақтап қалды.
1928 жылы Жұбан Қызылжар мектебінде (бұл мектеп Батыс Қазақстандағы көне оқу орындарының бірі, Земство заманында елден жиналған қаржыға салынған) оқып, орталау білім алады. Жұбанның алғашқы ұстазы Ғабдолла Мәмбетов (1909 ж. Орынбордағы мұғалімдер семинариясын бітірген) Жетінші класты бітіргенен кейін Оралдағы ауыл шаруашылық техникумында оқиды. Бірінші өлеңі 1939 жылы “Комсомол ұрпағы” газетінде жарық көреді.
Ақын еліне сапар шеге отырып, ақынның өмірімен, шығармашылық өсу жолдарымен, шығармаларымен толық танысамыз. Ол үшін саяхатқа шығар алдында жол билетін алуымыз керек. әрбір жол билетінің артындағы тапсырманы дұрыс орындаған оқушы ғана саяхатқа шыға алады
2. Саяхатқа шығар алдында кассадан билет алу арқылы үй тапсырмасын тексеру:
1. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
2. Құрмалас сөйлемдер жасалуына қарай неше топқа бөлінеді?
3.Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
4.Шылау сөздердің ерекшеліктері қандай?
5.Жай сөйлемнің түрлерін ата.
Саяхатқа шығу
1- аялдаманың тапсырмасы:
Синтаксистік талдау
1. Жұбан мұрасы – келешекте де жұртшылық кәдесіне аса беретін аса құнды мұра.
2. Мұра – сөзіне фонетикалық талдау
Жұбан 1940 жылы әскер қатарына шақырылады. Сонан 1947 жылға дейін, бүкіл Ұлы Отан соғысының аласапыран күндерін түгелдей бастан кешіріп, Ұлы Жеңістің куәсі болып, аттай жеті жылды әскер қатарында өткізеді. Әуелі соғыста артиллерия батареясында, сонан соң, 1942 жылдан бастап, “Отан үшін” деген майдан газетінде тілші болып қызмет істейді.
Соғыстан кейін бірнеше газет, журнал редакцияларында әр түрлі қызметтер атқарады.50-жылдардың басында “Лениншіл жас” газетінде бөлім меңгерушісі, онан соң редактордың орынбасары, “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары, “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 60-70 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының екінші хатшысы, 1979-1984 жылдары бірінші хатшы болып қызмет істейді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, Одақтық жазушылар ұйымы тарапынан бірнеше шет елдерге сапар шеккен. Достық, туыстық сәлеммен барып, шет жұртты кеңес елінің өмір - тұрмысымен, әдебиетімен таныстырды.
2-дәрежелі “Отан соғыс”, “Еңбек Қызыл Ту”, “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет белгісі”, “Ленин” - мемлекеттік ордендерімен марапатталған.
1948 – 52 жылдары «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жауапты қызметкер атқарған. 1958 – 63 ж «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған. Бірнеше жыл Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды.
2-аялдаманың тапсырмасы:
Мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудар
1. Текут воды Ак Жаика – родной реки поэта. Его волны ласкали его в детстве. На его берегах зародились его первые стихи. И память о Джубан –ага в сердцах его земляков сохранится вечно.
КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және арихитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің, «Новый мир» журналының редколлегиясының және библиотека «Библиотека почта» басылымы редколлегиясының мүшесі болды. 1949 жылы алғашқы жыр жинағы «Жеңіс жырлары» шықты. Содан бергі уақытта 60 – тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ және орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бірнеше томдары жарық көрді. 1970 Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, содан кейін КСРО қорғаныс Министірлігі сыйлығының лауреаты атанды және А.Фадеев атындағы алтын медальді иеленді.
Жұбан қазақтың ХХ ғасырдағы көренкті ақындарының бірі болып, тарих бетінен өзіне лайықты орын алды. Халқының қалаулысы болды. Ақындық таланты өз заманында, көзінің тірісінде бүкіл Одаққа танылып, өте жоғары бағаға ие болды. СССР мемлекеттік сыйлығының, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты биігіне көтерілді.
Ақынның азаматтық ерлігі, әлеуметтік ұлағаттылығы өз алдына бір төбе. СССР Жоғарғы Советіне, Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. Қазақстан Жазушылар Одағының басшылығына үш рет сайланды. СССР Жазушылар Одағы басқармасының секретары, СССР лениндік және мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі Комитеттің мүшесі болды. Осындай зор лауазымдар оның басын айналдырмады, кішіпейілдігі мен қарапайымдылығы жұртты тәнті етті.
3-аялдаманың тапсырмасы:
Жұбан Молдағалиев өлеңдерін жатқа оқы.
Анкетаға қосымша
3. Оқулықпен жұмыс
1- жаттығу Диалог құрастыру
4-аялдаманың тапсырмасы:
Синтаксистік талдау
1. Жұбан Молдағалиевті бүкіл ауыл-аймақ өз перзенті ретінде мәңгі есте сақтайды, оның есімі алдында бас иіп тәжім етеді.
2. Перзент сөзін септе.
5-аялдаманың тапсырмасы:
Жұбан лирикасы – мол дүние, әр алуан сипаттағы сырлы жырлар.
Отан –сөзін тәуелде
Сабақты бекіту
1. Тест жұмысы
1. Ж.Молдағалиевтың туған жері
а) Атырау қаласы
ә) Орал қаласы
б) Жыланды
2.Синонимдерді тап
а)алдымен, соңында, кейін
ә)жылы, салқын, суық
б)бүгін, кеше, ертең
в)жуырда, жақында, таяуда
3.Шақыру одағайын белгілеңіз
а)алақай
ә)шөре-шөре
б)бәрекелді
в)жалт-жұлт
4.Жақсыз сөйлемді тап:
а)Ол артына бұрылып қарады.
ә)Жылдам-жылдам жүрді.
б)Саған үйге кіруге болмайды.
в)Бала жылдам үйге кірді.
5.Қазақстан Республикасы қай елмен шектеспейді?
а)Иран
ә)Ресей
б)Қытай
в)Өзбекстан
5. «Үшінші» сан есімнің қай түріне жатады.
а)реттік
ә)жинақтық
б)топтау
в)болжалдық
6.Тұрлаулы мүшені тап.
а) бастауыш
ә) анықтауыш
б) толықтауыш
в) пысықтауыш
7.«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» мақалының орысша аудармасын тап.
а)Родная земля – золотая колыбель
ә)Красноречие – начало искусства
б)Здоровье – огромное богатство
в)Человек без Родины, как соловей без леса
8.Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
а)25
ә)20
б)12
в)37
9.Фразеологизмді анықта.
а)Төбе шашы тік тұрды.
ә)Ермек шашын тарады.
б)Кітапты көп оқы.
в)Оның шашы қара.
10. Ж.Молдағалиевтің туған жылы
А) 1920
ә) 1988
б) 1941
2. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына байланысты хронологиялық кесте құрастыру.
Жылдар Өмір жолы
1920 ж. Орал облысының Тайпақ ауданына қарасты Жыланды деген жерде дүниеге келген. Кедей шаруа отбасынан шыққан.
1939 ж. Тұңғыш өлеңі «Комсомол ұрпағы» газетінде басылып шықты.
1940 ж.
1942 ж.
1947 ж. Әскер қатарына алынды.
«Отан үшін» майдандық газетте тілші болып қызмет істеді.
Әскер қатарынан елге оралды.
1950 ж. «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, «Жұлдыз» журналының бас редакторы.
1960-1970 ж. Қазақстан Жазушылар Одағының екінші хатшысы.
1979-1984 ж. Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші хатшысы.
1988 ж. Өмірден өтті.
Сабақты бағалау.
Өзін-өзі бағалау кестесі
Р/с Не білемін? өте жақсы жақсы орташа нашар
1. Мен Жұбан ақынның шығармашылық жолын білемін.
2. Фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық талдау түрлерін жақсы меңгердім
3. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білемін
4. Ақынның жерлес ақын екендігін білемін.
5. «Ме қазақпын» поэмасын жазған ақын екендігін білемін.
Үй тапсырмасы
Үйден «Мен қазақпын» поэмасының тәрбиелік мәні атты ой-толғау жазу.
«Жеңіс күні»
Сабақтың эпиграфы: О, адамзат, дүниенің қожасы,
Ақылыңнан қала көрме алжасып!
Самолеттің бортындағы бомбалар –
Кірпіктердің ұшындағы көз жасы!
Жолдың шаңын табаныңа күретіп,
Жер баспасын жауыз киген бір етік,
Соғыс емес,
Зеңбіректің аузынан
Ұшып жатсын Бейбітшілік пыр етіп!-
ҚадырМырза Әлі
Сабақтың тақырыбы: «Жеңіс күні»
Сабақтың мақсаты: Өзге тілді ұлт өкілдеріне жаңа тақырыпты меңгерте отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік: Оқушыларға Жеңіс күнінің маңызын түсіндіре отырып, жыл бойы алған білімдерін пысықтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, бірлікті , ынтымақты қастерлей білу қасиеттерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың типі: ойын сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап, эвристикалық
Сабақтың техникалық құрал-жабдығы:
суреттер, қанатты сөздер, үнтаспа, кітап көрмесі
Пән аралық байланыс: тарих, георафия, музыка, қазақ әдебиеті
Күтілетін нәтиже:
1. Жеңістің қиындықпен келгендігін ұқтыру..
2. Өткен тақырыпты қайталау барысында грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындай білу.
3. Ардагерлердің орнының бөлек екендігін түсіндіру.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгендеу
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ұлы Жеңіске 65 жыл!
Осы бір қанды соғыстың аяқталғанына 65 жыл өтсе де, сол бір қанды қырғынның салған ізі жүрегімізден кетер емес.
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді, әрі ерліктерге басыңды идіріп, таңдалдырады. Соғыс адам жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған сәтте рух пен намыстың мықтылығы сыналды.
Соғыстың аяқталғанына осыншама жылдар өтсе де, сол қанды қырғынды арамызда жүрген қатары бүгінде сиреп қалған ардагерлер ұмытар емес. Себебі, олар зұлым жаумен айқаста қандарын төгіп, қиын кезде табысқан қарулас достарынан айрылды. Жалынды жастық шақтарын ақ қармен апталған, көк мұзбен құрсанған окоптарда өткізді.
Ұлы Отан соғысына біздің облысымыздан 70 мыңнан астам адам қатынасты. Батыс Қазақстандықтар соғыс өрті шарпыған барлық аумақтарда өткен ұрыс далаларында ерліктің небір ғажап үлгілерін көрсетті. Ақ Жайық атырабынан аттанған ондаған мың майдангерлер ұрыс даласындағы ерліктері үшін ордендермен және медалдармен марапатталды. 40 жерлесімізге Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, алты-жеті майдангеріміз Даңқ ордендерінің толық иегері атанды.
Бүгінде қатарлары сиреп бара жатса да әрбір Жеңіс күні жақындаған сайын ардагерлер кеудесіне ордендері мен медалдарын жарқырата тағып, мектеп оқушыларымен, жастармен кездесіп сол бір қанды қырғын туралы, ұрыс даласындағы барлық ұлт өкілдерінің бір ананың баласындай болып кеткен достығы туралы бүге-шігесіз айтып беріп, еліміздің тыныштығын тілейді.
Үй тапсырмасын тексеру
Тест жұмысы
1.Елтаңбада не бейнеленген?
а)шаңырақ
ә)ою
б)кереге
в)бүркіт
2. .Ашық буынды сөздерді тап.
а)қалалық, қалам
ә)далада, қалада
б)қант, жазда
в)ата, ардақ
3.. «Ер» сөзінің антонимін тап.
а)батыр
ә)ез
б)қорқақ
в)жігіт
4.Құрамында екі қатаң дауыссыз дыбыс келген сөзді тап.
а)асық
ә)атқар
б)отын
в)орман
5.Омоним болатын сөздерді тап.
а)Сандық, кебеже, сыр.
ә)Қой, түйе, жылқы.
б)Қой, ат, түс.
в)Нашар, жаман, жақсы.
6.Барыс септігінде тұрған зат есім.
а)атпен
ә)ақылдыға
б)кітаптың
в)кітап
7. Жеңіс күні қай күні тойланады
а) 8-наурыз
ә) 9-мамыр
б) 22-наурыз
8.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? Сабағыңды қашан оқисың
а)нүкте
ә)сұрау белгісі
б)леп белгісі
в)нүктелі үтір
9 .Мақалды толықтыр
... отбасынан басталады.
а)Отан
ә)білім
б)тәрбие
в)ақыл
Сабақтың барысы:
1. «Тұлғаны танып біл » ойыны.
2.Деңгейлік тапсырмалар. «Кім жылдам?» ойыны
1.Сөз тіркестерінен сөйлем құра
Біздің ауыл, ерлік жасау, біраз уақыт, нағыз ерлік, адамның санасы, туған Отан, жаудан қорғау.
2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.
Керекті сөздер: оның, сіздің, менің, сенің
... лағым, ... көйлегі, ... кітабыңыз, ...мектебі, ... ауылы, ... атасы, жауынгерлеріміз.
3. Төмендегі сөздердің сыңарын тап.
Қарсы мәнді сөздер
Дос –
Соғыс –
Сөйлеу –
Арам –
Тату –
Мағынасы жақын сөздер
Қарт –
Сақтау –
Дұшпан –
Үндемеу –
Соғысу –
4. Диалог құрастыру
- Туған жер деген не?
-Біздің міндетіміз қандай?
-Ерлік дегеніміз не?
-Сенің арманың қандай?
5. Төменде берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса
Жауынгер, қолбасшы
6.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тауып, астын сыз
Ұлы Отан соғысы Кеңес елінің жеңісімен аяқталды.
Олар соғыста ерен ерлік көрсетті.
7.Төменде берілген сөздерді септе
Батыр, басқарушы
8. Оқулықпен жұмыс
Жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.
9. Сырласу хат жазу
«Жалғасын тап» ойыны. Мақал – мәтелдерді жалғастыру
Сабақты бекіту:
Сөзжұмбақ шешу «Бейбітшілік»
Б – қорқақ сөзінің антонимі
Е – кім майданда шынығады?
Й – түнде ғана көрінетін аспан денесі
Б- Майдангер жазушы, Халық қаһарманы
І- үш арыстың бірі
Т – соғыс техникасы
Ш – солдаттар неге шықты?
І - өзен атауы
Л –ешкінің төлі
І – киім ілетін тұрмыстық бұйым
К – ескі сөзінің синонимі
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Ел басына күн туған кешегі сұрапыл уақытта кеңес халқы өзінің бейбіт еңбегінің шырқын бұзған зұлым жауға бір кісідей аттанды. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» -міне, ол кездегі жауынгерлердің ұраны осы болды. Бұл қасиетті ұран майдан шебіндегі жауынгерлерді сүйем-қарыс артқа шегінбей, алға ұмтылуға жетеледі, тылда уақытпен санаспай еселі күшпен еңбек еткен қыз-келіншектерді, қарттар мен балаларды рухтандырды, әр жүректе жеңістің сөнбес үміт отын тұтандырды.
Кеңес халқының ауыз бірлігінің, ынтымағының арқасында аңсап күткен жеңіске жеттік.
Бүгін біздер, өскелең ұрпақ осы жандардың арқасында аспанымыз ашық, еліміз тыныш өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің жарқын болашағымыз үшін жандарын құбан еткен аға ұрпақ өкілдеріне бас ие отырып жандарың мәңгі жәнәтта болсын дегіміз келеді!
Үй тапсырмасы: «Ер есімі – ел есінде» атты ой толғау жазу
Сабақты бағалау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы, Литера, 2000,8-бап.
2. Н.Ә.Назарбаев «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы», Алматы, 1997.
3. Ақжайықтың ақберендері. Алматы, 2005.
4. А.Жұбанов.Ғасырлар пернесі. Алматы, 2002.
5. Абдошов Гарифолла Шинушұлы : Ол туралы //Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке,2005.-58б
6. Абдошов Гарифолла Шинушұлы :Ол туралы //Алаштың ардагер азаматтары = Почтенные люди казахской земли.3 Кітап:Батыс Қазақстан облысы бойынша/ Құраст.Ғ.Хаймулдин.-Алматы:Ниса,1998.- 1б
7. Абдрахманов Т.В его книгах жизнь Приуралья. /Корсунов Николай Федорович [Ол туралы] //Сельские вести.-2003.-1 қаң.
8. Абдрахманов К. Гадильше и его книга: [Жаңа кітап] /Ауыл тынысы. – 2003. -22 қараша. – 2б.
9. Айтқали Нәріков «Жайықтың жарық жұлдыздары»
Орал, 2005 жыл.
10. Ахмет Жүнісов «Бабалар дәстүрі» Алматы. 1992 ж.
11. Байтілеуова.А.Қошқари.Г.Боранбаева. Қазақ тілі.8-сынып.
12. «Батыс ҚаҚзақстан облысы» энциклопедиясы. Алматы, 2002.
13. Берекетов Сарсенғали Базарбайұлы: Ол туралы // Барт А.И.О павших в Афганистане: Книга памяти. Кн.: (Западно-Казахстанская область). - Алматы: Союз ветеранов Афганистана,1999.- 82-85б.
14. Бердыкулова Т.Поэт-самородок. /Мартынов Илья Гаврилович [Ол туралы] //Ауыл тынысы.-2006.-3маусым
15. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы. Арыс,-2002.-592б.
16. Герои Социалистического труда.Овчаренко Тимофей Кирилович[Ол туралы] / Ауыл тынысы.-2006.-18 қар.
17. Губанов Ю. Чувство долга. Садомсков Павел Степанович [Ол туралы] /Приуралье. – 1965. – 4мам.
18. Обелиск: О Герое Советского Союза Иване Андреевиче Мордасове
//Родин И., Белолед А. Золотые звезды комсоргов: Рассказы о Героях Советского Союза М., 1977, - Б. 99 – 100
19. Мақал – мәтелдер.Алматы, 2005.
20. Переметный элеватор туралы: Майемер А.Зеленов ауданның географиясы. - Орал: 2005, 84б.
21. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы .7-том.Алматы, 2003.
22. Кенжахметұлы С. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері». Алматы, 2004ж.
23. К.Сариева «Қазақ тілі және елтану». Алматы, 1997ж.
24. Қазақтың ата заңдары 2-том. Қазақ Академиялық
Университеті . Алматы «Жеті жарғы» 2003 жыл
25. Карев үйі //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: «Арыс»
26. Кораблев Сергей Львович: Ол туралы //Ардақты ата қоныс, жасыл мекен.-Орал: ЧП «Пирамида»,2006.- 257б.
27. Куркула Виталий Иванович:Ол туралы //Алаштың ардагер азаматтары=Почтенные люди казахской земли.3 Кітап.Батыс Қазақстан облысы бойынша /Құраст.Ғ.Хаймулдин.-Алматы:Ниса,1998.-Б.77
28. Каверин Андрей Николаевич: Ол туралы /Здесь край мой, исток мой: Переметное - в прошлом, настоящем и будущем/Сост.: З.Ш.Габдулиева, Н.Е.Таранчева.- Переметное: ЧП «Пирамида»,2005.-Б.73.
29. Скобычкин Ф. Юбилей целины в Астане. Мария Ивановна Рычкова [Ол туралы] /Приуралье. -2004. -17 ақп.
30. Салимгерей Кожекенович Кожекенов: О нем /Здесь край мой, исток мой: Переметное - в прошлом, настоящем и будущем /Сост.: З.Ш.Габдулиева, Н.Е.Таранчева.- Переметное: ЧП «Пирамида»,2005.-С.62-63
31. Чумаев Григорий Иванович: [О нем]//Герои Советского Союза –казахстанцы. Т. 2 Алма-Ата, 1968. – Ульянов Степан Иванович: Өмірдерек //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2002. – 592б.
32. Қазақстан табиғаты Алматы 2008. 1-том
33. Шалқар көлі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.