.
.
Солтүстік Қазақстан облысы «ФИЗИКА МЕН ӘДЕБИЕТТІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ»
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 432 | Просмотров: 2364 | Размер: 138.6 Kb | Автор: ТәрбиеҚызылжар ауданы Бескөл ауылы
«Парасат» мектеп-лицейі
«ФИЗИКА МЕН ӘДЕБИЕТТІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ»
Факультативті курс 7-8 сынып
Құрастырған:
«Парасат» мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі
Айтымов А.Б.
Түсініктеме хат
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «ұлттық және бүкіл азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталғын білім алу үшін қажетті жағдалар жасау» деп көрсетілген. Бұл жағдайда оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін және практикалық қабілеттерін арттыру, саралап оқыту, профильдік оқытуды жалғастыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тәжірибесіне жақындату, оның өз бетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу, білім сапасын арттырудың бір тәсілдері болып саналады. Осыған орай орта буын оқушыларына «Физика мен әдебиеттің таңғажайып әлемі» атты факультативті курсы жасалып отыр. Бұл жобаның тағы бір тиімді жағы информатика пәнімен кіріктірілсе оқушылардың потенциалы дамиді. Сындай кіріктірілген курстар оқушыларды қоршған ортаны белсенді тануға, логикасын дамытуға Эпитет, метафораларды психологиялық тұрғыдан өмірдегі, табиғаттағы көп құбылыстар эмоционалдық деңгейде толығымен қабылданады. физикалық құбылыстарды орта буын оқушыларына әдебиеттегі бейнелеулер арқылы түсіндіру өте дұрыс деп есептеп, осы курсты мектеп жоспарына енгізуді жөн көрдім. Көптеген физикалық түсініктермен заңдарды эмоционалды түсіндіруге поэзия өзінің жарықтығымен ашықтығымен үлесін қосады.
Оқушылардың психологиялық қабылдау сызбасы
Жаңашылдығы және өзектілігі: Орта буын сыныптарының әдебиет материалдарын қарастырып, және сабақтарына қатысып оқушылардың қойып отырған сұрақтарын өзіме белгілеп отырдым. Солардың үштен біреуі физикалық құбылыстарға байланысты болды. Әсіресе эпитеттер, метафораларды, салыстырмалы тіркеулерді талдағанда, әдебиетші мұғалімнің ғылыми тұрғыдан түсініктеме беруі қиынға түсетініне куә болдым. Сондықтан оқушылардың кейбір сұрақтарына үстірт жауап берілетін болды. Менің ойымша, бала өз сұрағына бірден қанағаттанарлық жауап алмаса, екінші ретте бұл сұраққа жауап іздемейді, қызығушылығы төмендейді.
Сабақтарда физика мұғалімдері бұл әдісті жие қолданады, бірақ жүйелі түрде физикалық құбылыстарды көркем бейнелеу әдістер арқылы ешкім талдаған жоқ.
Курстың мақсаты:
Әдебиеттегі көркем бейнелеу арқылы оқушыларға шығармашылық ойлау деңгейлерінде ғылыми тұрғыдан физиканың ұғымдарын және құбылыстарын түсіндіру.
Курстың міндеттері.
- Оқушылардың танымдық деңгейін арттыру;
- Физика пәніне және нақты ғылымдарға қызығушылығын арттыру;
- Оқушыларды физикалық құбылыстарымен таныстыру;
- Физикалық құбылыстар туралы мағлұматтар жинау;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
- Әр оқушының ғылыми тілінде сөйлеу қабілетін толық ашу
- Берілген шығарамада физкалық құбылысты тауып, физика пәнінің қай
бөліміне жататынын анықтау, оған талдау жасап түсіндіру
- Ізденіс жұмыс арқылы білімдерін толықтыру;
Болжау.
Әдеби шығармалардағы физикалық құбылыстарды орта буын оқушыларына сабақ барысында, үйірме сабақтарында қолданып талдаса оқушылардың физика пәніне табиғаттың құбылыстарын толығырақ меңгеруге ынталары артады.
Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ғылыми тілмен қарапайым түрде физикалық құбылысты жеңіл түсіндіруді көздейді
Қолданбалы курсты оқытуда ең басты әдістемелік жүйе элементі алда күтілетін нәтижелер, мен бағалау болып табылады.
Оқушылар курсты арнайы құрылған бағыт бойынша теориялық мәлеметтерді блоктап оқып берілген тапсырманы орындау арқылы бағаланады.
Ағымдық бақылау тәжірибелік сабақтарда оқушылардың ауызша жауаптарынан құралады және мына пунктермен бағаланады
• Физикалық құбылыстың түрін анықтау
• Физикалық терминдерді қолдану
• Құбылыстардың байланыстарын ашу
• Болып жатқан процесті түсіндіру
Бұл курстан оқушы не алады?
Болып жатқан физикалық процесті, теория жағынан түсіндіре алады, олардың дұрыстығын заңдылық салдарына сүйеніп тексере алады, сабақ үстінде ғылыми терминдермен сөйлеу қабілеті дамиды сөздік қоры баиды.
Курсты бітірген соң оқушылар мектепшілік ғылыми жоба жазып қорғайды.
Осының нәтижесінде физикаға оқушылардың қызығушылығы арта бастады.
Әдебиет пәнінің мұғалімі мен физикалық дұрыс емес әңгіме құрастырып оқушы дұрыс емес жерлерін тауып дұрыс жауабын түсіндіріп беру керек.
Қолданылатын әдістер
Мұғалім алдына қойған мақсатты шешуде кез келген оқыту әдістері мен технологияларын қолдана алады.
Бағдарламаның мазмұны және құрылымы
Курстың әр бір бөлімін қарастырғанда теориялық білімдерін практикада қолдана білуге баулу.
Кіріспе 1
Курстың мақсаты мен міндеттері. Қарастырылатын сұрақтар мен жалпы құрылымы. Қойлатын талаптар
Механика 4
Қозғалыс . Бірқалыпты қозғалыс, бірқалыпсыз қозғалыс, қисықсызықты қозғалыс анықтамалары болу жағдайлары қарастырылады. С.Сейфулин «Автомобиль» Мұқағали Мақатаев «Күн ауысып барады»; Жылдамдық денелердің түрлі жылдамдықпен қозғалуы соның себебінен туындайтын жағдайлар. А. Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»; Күш. Күштерді қосу. Күш деген ұғыммен таныстыру бір денеге бірнеше күштің түсуін қарастыру. Қадыр Мырза Әли «Күрес» Д. Крылов «Аққу, щортан, және рак»; Тербелістер мен толқындар. Тербеліс. Дыбыс. Тербеліс пайда болу шарты, тербеліс кезінде дыбыстың пайда болуын қарастыру. Жиілік, период, амплитуда. Қадыр Мырза Әли. «Бірі жоқ зіркілдеген зеңбіректің»; Дыбыс қассиеттері. Тон, жаңғырық. Қадыр Мырза Әли «Мұрат –мүде пернесі»; Мақал мәтелдерді талдау қазақ халқының, күшке, жылдамдыққа, қозғалысқа, дыбыс құбылыстарына байланысты мақалдарды физика тұрғысынан түсіндіру.
Жылу құбылыстары 5
Диффузия. Зат құрылысы, молекулалардың қозғалысы туралы мағлұмат беру. Қадыр Мырза Әли Адамын «Ауыл атамекен пернесі»; Заттың агрегаттық күйлері. Заттың үш күйі сұйық, газ, қатты денелер қассиеттері. Қ.МырзаАли «Табиғат жаратылыс пернесі»; Жылу берілу түрлері, жылу өткізгіштік конвекция, сәулелену. Қ.МырзаАли «Табиғат жаратылыс пернесі»; Булану және конденсация. Булану процессі кезіндегі физикалық жағдайлар, қайнау, конденсация, сублимация ұғымдары. Абай «Қыс» «Күз» Баллар әдебиеті Сұлтан Қалиұлы«Бұлт деген не?»; Мақал мәтелдерді талдау жылу құбылыстарымен байланысты мақал мәтелдерді физикалық тұрғыдан түсіндіру.
Жарық құбылыстары 5
Жарықтың түзу сызықты таралуы.Жарық көздері, жарық сәулесі жарық жылдамдығы, туралы ұғымдарды қарастыру. «Орман, орман-сыңсып тұрған ой қалың» Қадыр Мырза Әли; Жарықтың шағылуы, түскен сәуле, шағылған сәуле екі орта, айналар, шағылу заңы. Абай «Желсіз түнде жарық ай». Мағжан Жұмабаев «Батқан күн, атқан таңның жыры»; Жарықтың сынуы. Түрлі орта үшін сәуленің таралу жылдамдығы, М.Мақатаев «Райымбек! Райымбек» Қ.МырзаАли «Табиғат жаратылыс пернесі»;
Қорытынды сабақ 1
Өздік жұмыс арқылы білімдерін бағалау, пікір алмасу.
Жазғы демалыс уақытында мұғаліммен жұмыс
Оқу- тақырыптық жоспар Аптасына 1 сағат барлығы 17 сағат
Күнтізбелік жоспар
№ Тақырыбы Қолданатын әдебиет Сағат саны Өткізу формасы
1. Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері. Қарастырылатын сұрақтар мен жалпы құрылымы. Қойлатын талаптар. Табиғат және адам. Физика 7 1 Лекция
Механика 6
2. Қозғалыс. Қозғалыстың түрлері. С.Сейфулин «Автомобиль» Мұқағали Мақатаев «Күн ауысып барады» 1 Лекция /практикалық жұмыс
3. Жылдамдық. А. Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға». Қадыр Мырза Әли «Дарқандық даналықпен ұласқанда» М.Мақатаев «Райымбек! Райымбек» 1 Лекция /практикалық жұмыс
4. Күш. Күштерді қосу. Қадыр Мырза Әли «Күрес» Д.Крылов «Аққу, щортан, және рак» 1 Практикалық
жұмыс
5. Тербелістер мен толқындар. Тербеліс. Дыбыс. Қадыр Мырза Әли. Бірі жоқ зіркілдеген зеңбіректің 1 Лекция
6. Дыбыс қассиеттері. Қадыр Мырза Әли «Мұрат –мүде пернесі» 1 Лекция
Практикалық жұмыс
Мақал мәтелдерді талдау Қазақ әдебиеті 1 Дөңгелек стол
Жылу құбылыстары 5
1. Диффузия Қадыр Мырза Әли «Адамын Ауыл атамекен пернесі»
«Қалампыр сіңген балғынға» 1 Лекция практикалық жұмыс
2. Заттың агрегаттық күйлері . Қадыр Мырза Әли «Жаңбыр» 1 Практикалық
3. Жылу берілу түрлері. Қ.МырзаАли «Табиғат жаратылыс пернесі» 1 Өздік жұмыс
4. Булану және конденсация. Абай «Қыс» «Күз» Баллар әдебиеті Сұлтан Қалиұлы«Бұлт деген не» Қ.МырзаАли «Табиғат жаратылыс пернесі» 1 Топпен жұмыс
5. Мақал мәтелдерді талдау Қазақ әдебиеті 1 Дөңгелек стол
Жарық құбылыстары 5
1. Жарық құбылыстары.
Жарықтың түзу сызықты таралуы. Физика 8
«Орман, орман-сыңсып тұрған ой қалың» Қадыр Мырза Әли 1 Лекция /практика
2. Жарықтың шағылуы Физика 8
Абай «Желсіз түнде жарық ай». Мағжан Жұмабаев «Батқан күн, атқан таңның жыры» Абай «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» 1 Топпен жұмыс
3. Жарықтың сынуы. Физика 8
М.Мақатаев «Райымбек! Райымбек» Қ.МырзаАли «Табиғат жаратылыс пернесі» 1 Лекция/практика
4. Мақал мәтелдерді талдау Қазақ әдебиеті 1 Дөңгелек стол
4. Қорытынды сабақ 1 Дөңгелек стол
Пайдалынған әдебиеттер:
1. Абай. Қалың елім,қазағым... Өлеңдер.-Алматы: Атамұра, 2002.
2. Блудов М.И. Беседы по физике, ч. ІІІ. М. «Просвещение», 1970
3. Қадыр Мырза Әли. Көкейкесті. Өлеңдер мен толғаулар –Алматы: Атамұра,
2003.
4. Кабардин О.Ф. Факультативный курс физики. 8кл. Изд.2-е, перераб. М.,
«Просвещение» 1977.
5. Мақатаев Мұқағали. Аманат:-Алматы: Атамұра,2002
6. Перельман Я.И. Знаете ли вы физику? – 3-е изд., перераб. и доп.- М.:
«Наука» 1992
7. Сейфулин Сакен. Көп томдық шығармалар жинағы.-Алматы: «Қазығұрт»
баспасы,2004. Т.3. Баллада. Толғаулар. Дастан. Поэмалар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.