.
.
8 – 9 сыныпқа арналған «Физикадан компьютерлік практикум»
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 462 | Просмотров: 2693 | Размер: 201.5 Kb | Автор: Тәрбие«Физикадан компьютерлік практикум»
таңдау курсының бағдарламасы
Физика пәні мұғалімі: Жанұл А.М.
” Физикадан компьютерлік практикум “
тақырыбы бойынша 8 – 9 сынып оқушыларына арналған
физикадан таңдау курстың бағдарламасы.
Түсінік хат
Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетанымды және көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басым мақсаттарына жатады.
8-9 сынып «Физика және астрономия» пәнінің бағдарламасы табиғаттың түрлі құбылыстары ( механикалық, жылулық, электрлік, электр-магниттік, оптика, атом және ядролық), негізгі физикалық ұғымдар, физикалық заңдарды практикада қолдану мысалдары туралы мәліметтерді құрайды.
Оқыту әдістері:
1. Лекция; 2. Жобалау; 3. Тұсау кесер; 4. Пікір-сайыс.
Осы курста берілген тақырыптар базалық курстан алған білімдерін практикада тереңдету үшін алынған. Практикалық жұмыстарды орындауға толықтай мүмкіншіліктер бар: жаңа техникалық құралдармен жабдықталған мультимедиялық физика кабинеті, PASKO GLX физикалық процесстерді зерттеуге арналған қондырғылар жиыны.
Курстың мақсаты – берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын компьютерлік бағдарламалар арқылы зерттеу.
Міндеттері:
• Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру;
• Электрондық оқу құралдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
• Зертханалық жұмыстар мен практикумдар жүргізу кезінде өлшеулерді дұрыс жүргізіп, алынған нәтижелерді бағалау;
• Физикалық ұғымдардың, заңдардың табиғатын компьютерлік бағдарламалар арқылы бақылау, олардың ерекшелектерін, өзгерісін сол мезетте саралап отыру;
Нысаны: 8-9 сыныптар.
Пәні: Физика, информатика.
Болжам: Егер осы бағдарлама жүзеге асса, онда оқушылар компьютер арқылы физикалық практикумдарды орындаудың жаңа үлгісін меңгереді.
Күтілетін нәтиже: Курсты оқудың соңында оқушылар физикалық құбылыстарды компьютерлік техникалар арқылы зерттей алу, электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу, физикалық практикумдарды орындаудың жаңа үлгісін меңгеру, техникалық есептеулерді дұрыс жүргізе алу, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу сияқты нәтижелерге қол жеткізуге тиіс.
Курстың мазмұны ( 8 – сынып )
1. Кіріспе сабақ. 1 сағат
2. Қозғалыс сенсоры. 5 сағат
Механикалық қозғалыс. Жылдамдық. Автомобильдердің қорғаныш бамперлері.
3. Температура сенсорымен практикум 5 сағат
Энергия. Энергияның сақталу заңы. Меншікті булану жылуы. Меншікті балқу жылуы.
4. Жарық сенсорымен практикум 7 сағат
Жарық табиғаты. Жарық поляризациясы. Жарықтың ара қашықтыққа тәуелділігі.
5. Күш сенсорымен практикум 11 сағат
Дененің тепе – теңдік күйі. Тыныштық және сырғанау үйкелісі. Серпімділік күші. Гук заңы.
6. Шығармашылық жұмыс 5 сағат
Курстың мазмұны ( 9 – сынып )
1. Кіріспе сабақ. 1 сағат
2. Қозғалыс сенсорымен практикум 20 сағат
Координаталық жүйе. Дене орны. Салыстырмалы қозғалыс. Санақ жүйелері. Күш. Масса. Соқтығысу кезіндегі импульс. Потенциалдық энергия.
3. Дыбыс сенсорымен практикум 8 сағат
Дыбыс толқындарының қасиеттері. Толқындар интерференциясы.
4. Күш сенсорымен практикум. 17 сағат
Күш импульсі. Импульс өзгерісі. Центрге тартқыш күш. (Тұрақты масса, радиус және күш).
5. Кернеу сенсорымен практикум 17 сағат
RC-тізбегіндегі уақыттың тұрақтылығы. Электромагниттік индукция. Магнит және катушка.
5. Шығармашылық жұмыс 5 сағат
Оқу-тақырыптық жоспар.
( 8 – сынып )
№ Тақырыптың аты Сағат
саны Оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдері
Білім өнімі
Көрнекілік
Барлығы Лекция Практика
1 Кіріспе сабақ. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу 1 1 Лекция Конспект GLX-Pasport
Қозғалыс сенсоры
2 Қозғалыс сенсорымен танысу. 5 1 Семинар Тұсау кесер GLX-Pasport
3 Механикалық қозғалыс. Жылдамдық. 1 Тұсау кесер Реферат Слайд
4 Арбаның жылдамдығын анықтау. 1 Практикалық Сенсормен жұмыс Температура сенсоры
5 Автомобильдердің қорғаныш бамперлері. 1 Семинар Тұсау кесер Интерактивті
тақта
6 Қорғаныш бамперлерін жетілдіру. 1 Практикалық Сенсормен жұмыс Температура сенсоры
Температура сенсоры
7 Температура сенсорымен танысу. 5 1 Семинар Тұсау кесер GLX-Pasport
8 Меншікті булану және балқу жылуы. 1 Тұсау кесер Реферат GLX-Pasport
9 Меншікті булану жылуын анықтау. 1 Практикалық Сенсормен жұмыс Температура сенсоры
10 Меншікті балқу жылуы анықтау. 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Температура сенсоры
Жарық сенсоры
11 Жарық сенсорымен танысу. 7 1 Семинар Тұсау кесер GLX-Pasport
12 Жарық табиғаты. 1 Тұсау кесер Жоба Слайд
13 Жарықтың ара қашықтыққа тәуелділігі. 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Жарық сенсоры
14 Жарық поляризациясы. 1 Тұсау кесер Жоба GLX-Pasport
15 Жарық поляризациясын зерттеу. 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Жарық сенсоры
Күш сенсоры
16 Күш сенсорымен танысу. 11 1 Лекция Тұсау кесер GLX-Pasport
17 Дененің тепе – теңдік күйі. 1 Тұсау кесер Реферат Интерактивті
тақта
18 Тепе – теңдік күйдегі күштерді зерттеу. 1 Практикалық Сенсормен жұмыс Күш сенсоры
19 Табиғаттағы үйкеліс күші. 1 Семинар Реферат Интерактивті
тақта
20 Тыныштық және сырғанау үйкелісін зерттеу. 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Күш сенсоры
21 Серпімділік күші. Гук заңы. 1 2 Тұсау кесер Жоба Күш сенсоры
22 Серіппенің қатаңдығын зерттеу. 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Күш сенсоры
Шығармашылық жұмыс
23 Жоба қорғау. 5 5 Рефлексия Тұсау кесер Интерактивті
тақта
Оқу-тақырыптық жоспар.
( 9 – сынып )
№ Тақырыптың аты Сағат
саны Оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдері
Білім өнімі
Көрнекілік
Барлығы Лекция Практика
1 Кіріспе сабақ. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу 1 1 Лекция Конспект GLX-Pasport
Қозғалыс сенсоры
2 Қозғалыс сенсорымен танысу. 20 1 Семинар Тұсау кесер GLX-Pasport
3 Координаталық жүйе. Дене орны. 1 Тұсау кесер Реферат Интерактивті
тақта
4 Сызба бойынша қозғалыс. 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Қозғалыс сенсоры
5 Салыстырмалы қозғалыс. Санақ жүйелері. 1 2 Тұсау кесер Сенсормен жұмыс Интерактивті
тақта
6 Ньютонның бірінші заңы. 1 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Қозғалыс сенсоры
6 Ньютонның екінші заңы. Тұрақты масса. 1 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Қозғалыс сенсоры
7 Ньютонның екінші заңы. Тұрақты күш. 2 Рефераттық Тұсау кесер GLX-Pasport
8 Соқтығысу кезіндегі импульс. 1 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Қозғалыс сенсоры
9 Гравитациялық потенциалдық энергияны зерттеу. 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Қозғалыс сенсоры
Дыбыс сенсоры
10 Дыбыс сенсорымен танысу. 8 1 1 Тұсау кесер Тұсау кесер GLX-Pasport
11 Дыбыс толқындарының қасиеттерін зерттеу. 1 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Дыбыс сенсоры
12 Толқындар интерференциясы. 1 Тұсау кесер Реферат GLX-Pasport
13 Толқындар интерференциясын зерттеу. 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Дыбыс сенсоры
Күш сенсоры
14 Күш сенсорымен танысу. 17 1 Семинар Тұсау кесер GLX-Pasport
Ньютонның үшінші заңы. 1 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Күш сенсоры
15 Импульс өзгерісі, күш импульсі. 1 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Күш сенсоры
16 Центрге тартқыш күш. Тұрақты радиус және масса 1 2 Практикалық Жоба Күш сенсоры
17 Центрге тартқыш күш. Тұрақты радиус және күш 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Күш сенсоры
18 Центрге тартқыш күш. Тұрақты масса және күш 2 Практикалық Жоба Күш сенсоры
Жұмыс және энергия 1 2 Семинар Тұсау кесер GLX-Pasport
Кернеу сенсоры
19 Кернеу сенсорымен танысу 17 1 1 Тұсау кесер Реферат GLX-Pasport
20 RC-тізбегіндегі уақыттың тұрақтылығы. 1 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Кернеу сенсоры
21 Тізбектей жалғанған контурдағы кернеу 1 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Кернеу сенсоры
Параллель жалғанған контурдағы кернеу 2 Тұсау кесер Реферат GLX-Pasport
Тізбектей жалғанған контурдағы ток күші 1 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Кернеу сенсоры
Параллель жалғанған контурдағы ток күші 2 Тұсау кесер Реферат GLX-Pasport
Электромагниттік индукция. Магнит және катушка. 2 Практикалық Сенсормен жұмыс Кернеу сенсоры
Шығармашылық жұмыс
22 Жоба қорғау 5 5 Рефлексия Тұсау кесер Интерактивті
тақта
Глоссарий
Абсолютті қысым сенсоры – 0 кПa-дан бастап 700 кПa-дейінгі газ қысымын өлшейтін құрал. Қысым өлшемдері жазылып отырады және қосылған компьютерде немесе деректер жинақтауышында жаңғыртылады.
Зарядтау және разрядтау схемасы – Ом заңын оқып үйрену, батареялардың разрядталуын анықтау немесе электроникада әр түрлі басқа да тәжірибелер үшін қолданылатын құрал.
Кернеу мен тоқ күші сенсоры – кернеуді өлшейді және бір мезгілде ток күшін есептеп шығарады.
Қозғалыс датчигі – жылдамдықты өлшеутін қондырғы.. Ол шамадан тыс дыбыстық пульстар сериясын туындатады және алдында тұрған нысаннан шығатын дыбысты анықтайды.
PAS машиналар - трек бойымен дөңгелектер арқылы жүріп отыратын, үйкелісі төмен машиналар.
PASCO оптикалық жүйесі - әр түрлі ғылыми тәжірибелер мен демонстрациялар үшін қажетті болатын оптикалық құралдар жиыны.
PASCO PASтрек - әр түрлі тәжірибелер мен демонстрацияларға арналған жабдықтар жиынтығы.
Xplorer GLX – бұл ғылыми мақсаттарға арналған бернелік дербес қалталы компьютерлік құрылғы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Мұғалімдер үшін:
1. 2010-2011 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 9 шілде № 367 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.
2. Алексеева М.Н. Физикаға құмар өренге.– А. Мектеп. 1984
3. Гриффит Д. Физика GLX-пен бірге.. PASCO. 2006
4. Қариев З.Физика әлеміне саяхат.– А. Мектеп. 1987
5. Марголис А.А. Физикадан пратикум. - М. Просвещение. 1968
6. Покровский А.А. Орта мектептегі физика практикумы.– А. Мектеп.1993
7. Шахмаев Н.М., Тыщук В.И.Орта мектептегі физикалық эксперимент. М. Просвещение. 1991
8. Шахмаев Н.М., Шилов В.Ф. Орта мектептегі физикалық эксперимент. М. Просвещение. 1989
Оқушылар үшін:
1. Алексеева М.Н. Физикаға құмар өренге.– А. Мектеп. 1984
2. Гриффит Д. Физика GLX-пен бірге.. PASCO. 2006
3. Қариев З.Физика әлеміне саяхат.– А. Мектеп. 1987
4. Марголис А.А. Физикадан пратикум. - М. Просвещение. 1968
5. Покровский А.А. Орта мектептегі физика практикумы.– А. Мектеп.1993
6. Шахмаев Н.М., Тыщук В.И.Орта мектептегі физикалық эксперимент. М. Просвещение. 1991
7. Шахмаев Н.М., Шилов В.Ф. Орта мектептегі физикалық эксперимент. М. Просвещение. 1989
Қосымша:
Практикалық жұмыстарды орындағанда PASKO GLX физикалық процесстерді зерттеуге арналған қондырғылар жиыны пайдаланылады. Ол жылуды, жарықты, күшті, токты өлшеуге арналған сенсорлардан және компьютерлік бағдарламадан тұрады. Оқушылардың өтіп жатқан процесстерді нақты уақытта бақылауға, өзгертулер енгізуге мүмкіндіктері болады. Осындай сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және ынтасын арттырады.
Оқушыларға берілген шығармашылық жұмыстар тақырыптары
1. Ұлы физиктер (И. Ньютон, Архимед, А.Ампен, Ш. Кулон, т.б.).
2. Ұлы физикалық жаңалықтар (Электромагниттік индукция, Архимед заңы, т.б.)
3. Физикалық өлшеуіш құралдар құрылысы және принципі (Амперметр, вольтметр, термометр, психрометр, т.б.).
4. Физикалық құбылыстар табиғаты ( Найзағай, электр тогы, магнит, т.б.)
5. GLX қондырғысын пайдаланып жобалар қорғау (магнит өрісін зерттеу, оқушылардың жүрек ритмін зерттеу, жергілікті жердің еркін түсу үдеуін анықтау, т.б.)
Бақылау әдістері және баға критериі.
Бағалау біліктері:
- оқушының анықтамалық материалымен өз бетімен жұмыс жасауы;
- өлшеу қателіктерін есептеу және бағалау;
- негізгі электрлік өлшеу және электрондық приборларды, ток көздерін құрастыра алуы
- приборлар мен құрылғыларға арналған техникалық құжаттарды түсініп қолдана білуі;
- аппаратураны таңдау, құрастыру, құрылғыны жинау және жүргізу, алған өлшеу нәтижелерін талдап, жүйелеу;
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.