Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер -

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 314 | Просмотров: 3136 | Размер: 103.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектеп
Ғ.Мұратбаев ауылы Қазалы ауданы Қызылорда облысы.



Бағдарлы курстың тақырыбы:





2012-2013 оқу жылы
Түсінік хат

Қазіргі оқу бағдарламасына сәйкес жаратылыстану бағыты бойынша химия пәнінен 8- сыныпқа арналған «Химиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері» атты арнайы бағдарлы курстың жоспарын ұсынып отырмын.
Аптасына 1 сағатқа, жылына 34 сағатқа есептеліп жасалған.
Химияны оқып-үйренгенде жаттығулар орындау мен есептер шығарудың алған теориялық білімді бекітіп, проблемалық жағдайларда оқушыларды шығармашылықпен шешім қабылдауға және жүйелі ойлауға үйретуде маңызы зор. Есептер шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыланады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есеп шығару барысында оқушының білімі,зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады. Кейбір есептерді шығарудың бірнеше әдістері беріледі.




Мақсаты:
Химиялық есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыру, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асыру, оқушылардың химиялық қисынды ойлауын өрістеу, білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасау, табандылық, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашу.

Міндеттері:
 Жаттығулар мен есептер шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін, химия пәніне қызығушылығын арттыру;
 Өздігінен істейтін жұмысты орындаудың әртүрлі әдістеріне үйрету және салыстыру нәтижесінде «қорытынды жасау, логикалық ойлау дағдысын» қалыптастыру;
 Оқушының жеке интеллектуальды дамуы, бойындағы мүмкіндік деңгейін анықтау, жалпы рухани дамуын, танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.

Күтілетін нәтиже:
Алдына мақсат қойып,оған жету жолында тынымсыз ізденгіш,қиялы бай, ойы кең, шыдамды да алғыр, жан-жақты, дербес жеке тұлға тәрбиелеу.

Курстың оқу-тақырыптық жоспары
№ Тақырыбы Сағат
саны Мерзімі Ұйымдастыру
формалары
1 Кіріспе 1 4.09. 12 Лекция
2 Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массаны есептеу. 1 11.09.12 Лекция

3 Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын, массалық үлестерін есептеу. 1 18.09.12 Практикум
4 Зат мөлшері. 1 25.09.12 Лекция
5 Молярлық масса, молярлық көлем. 1 2.10.12 Практикум
6 Авогадро саны 1 9.10.12 Практикум
7 Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер 1 16.10.12 Лекция
8 Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер (химиялық реакциялар кезінде зат массасының сақталу заңы) 1 23.10.12 Практикум
9 Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер(заттардың біреуінің белгілі массасы бойынша басқа заттың массасын есептеу) 1 30.10.12 Практикум
10 Газдардың тығыздығы мен салыстырмалы тығыздығы. 1 13.11.12 Лекция
11 Газдардың көлемдік қатынасы 1 20.11.12 Практикум
12 Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер 1 27.11.12 Лекция
13 Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер 1 4.12.12 Практикум
14 Ерітіндіге байланысты есептер. 1 11.12.12 Лекция

15 Ерітінді тығыздығы 1 19.12.12 Практикум
16 Ерігіштік. 1 25.12.12 Лекция
17 Молярлық концентрация 1 15.01.13 Практикум
18
19 Типтік есептер шығару тәсілдері 2 22.01.13
25.01.13 Лекция
Практикум
20 Орынбасу реакциясына байланысты есептеулер 1 5.02.13 Практикум
21 Химиялық формуланы анықтау есептері 1 12.02.13 Лекция

22-23 Теңдеулер бойынша есептеулер мысалдары 2 19.02.13
26.02.13 Практикум
24-25 Заттың сапалық құрамын анықтау 2 2.03.13
12.03.13 Лекция
Практикум
26 Эксперимент есептерінің түрлері және шығару тәсілдері 1 19.03.13
Лекция

27-28 Заттардың қоспасына есептер шығару 2 2.04.13
9.04.13 Лекция
Практикум
29-30 Теориялық мүмкіндіктер, салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер 2 16.04.13
23.04.13
Лекция
Практикум
31-32 Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде реакция өнімін есептеу
2 30.04.13
7.05.13 Лекция
Практикум
33 Иондарды сапалық анықтау. Электролит ерітіндеі алмасу реакциялары. 1 14.05.13 Лекция
Практикум
34 Қорытынды сабақ 1 21.05.13 Тест

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ә.Темірболатова «Есептер мен жаттығулар жинағы». Алматы «Мектеп» 2005,2009
2. И.Нұғманов,Р.Жұмаділова,Ж.Аганина «Есептер мен жаттығулар». Алматы «Мектеп»2009
3. Ә.Темірболатова «Есептер мен жаттығулар». Алматы «Мектеп» 2004
4. Ә.Темірболатова, Н.Сағымбекова, С.Әлімжанова «Химия» Тапсырмалар жинағы 11 Алматы «Мектеп» 2007
5. И.Нұғманов, Р.Мулкина «Химия» оқу кітабы. Алматы «Мектеп» 2009
6. Т.Т.Омаров, М.Р. Танашева «Бейорганикалық химия» Алматы 2008
7. Р.Болатқұлова «Органикалық химия сабақтарында есептер мен жаттығуларды пайдалану». Алматы
8. Тест жинақтары 2003-2011жж
9. «Химия мектепте» журналы
10. «Химик анықтамалығы» журналы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.