.
.
Т. Акмолдина Өлкетану
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 752 | Просмотров: 7877 | Размер: 22.3 Kb | Автор: ТәрбиеҚарағанды облысы
Шет ауданы
Батық орта мектебі
Қолданбалы курс тақырыбы: Өлкетану
Түсінік хат
Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.
Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту керек.
Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиетітерінің жоқ екенін ескере отырып, «Өлкетану» сабағы оқушылардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет.
Өлкетану пәні арқылы мектепте мұражайлар ұйымдастыруға да болады.
Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.
Осы мақсатта «Өлкетану» курсы бойынша орта буын оқушыларына арналған факультативтік курс бағдарлама ауыл тарихына арналып жасалды. Бағдарлама оқу процесінде 6-сыныпқа, аптасына 1 сағаттан, жалпы оқу бағдарламасы 34 сағатқа арналған.
«Өлкетану» курсының негізгі тұжырымдамасы:
1. Мектепте тарихи-өлкетану жұмысын жүргізу
2. Өлке тарихын, Отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру
3. Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету, оның интеллектісін дамыту
«Өлкетану» курсының мақсаты:
Тарих сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы өлкетану материалдарын оқыту, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру.
«Өлкетану» курсының міндеттері:
-оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру
-оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру
-өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу
Атқарылатын жұмыс түрлері:
1. Батық ауылын зерттеуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
2. Тарихи-өлкетану қоғамын құру
3. Ауылға саяхаттар ұйымдастыру
4. Ауылдағы ескерткіштерді зерттеу
5. Ауыл туралы материалдар жинақтау
6. Ауыл туралы мұражайлар ұйымдастыру
7. Ауыл туралы тарихи кештерін ұйымдастыру
8. Өлкетану тақырыбында конференция, пікір-талас ұйымдастыру
9. Қабырға газеттерін шығару, стендтер дайындау
«Өлкетану» факультативтік курс 6-сыныптар аралығында мынадай тақырып бойынша өтіледі:
6-сынып «Батықтану»
Күтілетін нәтиже:
1. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.
2. Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.
3. Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.
4. Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.
5. Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.
6-сыныпқа арналған «Батықтану» курсының оқу жоспары.
Аптасына 1 сағаттан 34 сағат.
№ Тақырыптар Оқыту түрі Сағат саны күні
1 Курсқа кіріспе. «Батықтану» курсының мақсат-міндеттерімен танысу 1
І тарау. Батық – киелі мекені
2 «Ауылымның тарихы - тұнған шежіре» Өзіндік жұмыс 1
3 «Менің әулетімнің тарихы» Өзіндік жұмыс
4 «Ата мұрасы - асыл қазынамыз» Өзіндік жұмыс 1
5 «Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте» Дәріс, деректер жинау 1
6 «Шежірелер сыр шерткенде» Өлке шежіресі туралы дерек жинау 1
7 Салт -дәстүрді білеміз бе? Дәріс, деректер жинау 1
8 «Жер-су аттарына шолу» Әңгіме, Іздестіру. Саяхат 1
9 «Ауылдас тыңгерлер» Кездесу 1
10 «Тастағы табиғи керемет» Кездесу, деректер жинау 1
11 «Батырлар рухы өшпейді» әңгімелеу, этнографиялық материалдар жинақтау, ауылдың байырғы тұрғындарымен әңгімелесу 1
12 «Шеберлер сырын ашайық» Кеш ұйымдастыру 1
13 Ауылымыздың демографиялық жағдайы Зерттеу 1
14 Жинақтау Қорытындылау, атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылау
ІІ. Батық ауылының тарихы
15 Аулымыздың тарихы туралы не білеміз? Өзіндік жұмыс 1
16 Батық жері тоталитарлық жүйе кезінде Дәріс 1
17 Батық – КарЛаг еңбекпен түзету лагерінің бөлімшесі Дәріс, зерттеу, материал жинақтау 1
18 1950-1970 ж.ж. Батық ауылы Дәріс, зерттеу, материал жинақтау 1
19 «Төменгі Нарбақ», «Үлкен Батық» тоғандары Дәріс, зерттеу, материал жинақтау 1
20 Тоған суына арналып салынған қондырғы тарихы Дәріс, зерттеу 1
21 Батық - асыл тұқымды зауытының тарихы Дәріс, зерттеу, материал жинақтау 1
22 «Элита», «Элита-рекорд» асыл тұқымды бұқалар Дәріс, зерттеу, материал жинақтау 1
23 Егін шаруашылығын даму тарихы Зерттеу. 1
24 Ауыл егістігі. Суармалы жүйесі Зерттеу, саяхаттау 1
25 Тарих беттерінен... Дәріс, басшылар туралы 1
26 В.М. Жылкубаев –алғашқы зауыттың директоры Дәріс, зерттеу 1
27 Б.С. Ғабдуллин – ел басқарған азамат Дәріс, зерттеу, кездесу 1
28 Ж.Т. Алимханов. 1989-1995 жж. ауыл басшысы. Дәріс, зерттеу, кездесу 1
29
Еліне оралған отандастар
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» әңгімелеу.
Кездесу ұйымдастыру 1
30 Ауылымыздың қазіргі кезеңдегі дамуы. Әңгімелеу, мәліметтер жинақтау 1
31 Ауылдағы әлеуметтік нысандар Дәріс 1
32 «Мектеп тарихы» Кездесу, мәліметтер жинақтау 1
33 Ауылымыздағы шаруа қожалықтары Тіркеу, зерттеу 1
34 Шығармашылық жоба Атқарылған жұмыс нәтижелерінен жоба жазу 1
«Батықтану» курсының қысқаша мазмұны
6-сынып
Өлкетану «Батықтану» курсының мақсат-міндеттерімен танысу.
Тарих сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы өлкетану материалдарын оқыту, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру.Оқушыларға курстың маңызын ашып түсіндіру.
І тарау. Батық – киелі мекені
«Ауылымның тарихы - тұнған шежіре». Оқушылар туып-өскен ауылдары туралы не білетіндері жайлы ой толғау және ауылын бейнелейтін суреттер салып, жеке жұмыстар атқарады.
«Менің әулетімнің тарихы». Өз отбасы, әулетінің тарихы туралы мәліметтер жинақтау. «Отан – отбасынан басталады» деген қағидаға сүйене отырып, отбасы тарихын жазу.
«Ата мұрасы асыл қазынамыз».Ұлттық бұйымдардан көрмелер ұйымдастыру. Жарыстар ұйымдастыру.
«Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте» Ауылдан шыққан тұлғалар туралы мәліметтер жинастыру
«Шежірелер сыр шерткенде». Өз отбасы, әулетінің тарихы туралы мәліметтер жинақтау. «Отан – отбасынан басталады» деген қағидаға сүйене отырып, отбасы тарихын жазу.Оқушыларды ата-тегін білуге баулу. Өлке шежіресінің маңызын білу.
Дәстүрді білеміз бе?. Жергілікті жердің салт-дәстүрі, оның маңызы. Ұлттық ойындар жайында материалдар жинақтау.
«Жер-су аттарына шолу». Жер-су атауларын анықтап, сұрастыру. Жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесу.Өлкеміздегі жер-су аттарының ерекшелігі, әрбір тарихи кезеңдегі жер-су аттарының өзгеруі. Ауылдың картасын құрастырып, жер-су аттарын анықтап, картаға түсіру. Саяхаттау бағдарын құрастыру
«Ауылдас тыңгерлер мен еңбек ардагерлері».Ауылымдағы тың және еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру.
Тастағы табиғи керемет. Ауылдың көрікті жерлеріне саяхат жасау. Жартастар табиғаттың тылсым күшінің әсерінен әр түрлі пішінге айналуы.
«Батырлар рухы өшпейді». Батық батыр Қазыбайұлы туралы мәліметтер жинақтау.
«Шеберлер сырын ашайық». Ауыл шеберлері бұйымджарынан бұрыш ұйымдастыру.
Ауылымыздың демографиялық жағдайы. Ауыл халқының туу, өсуі, өлім туралы стаистикалық мәлімет жинақтау, зерттеу. Халық саны, әлеуметтік жағдайы.
ІІ. Батық ауылының тарихы
Ауылымыздың тарихы туралы не білеміз? Оқушылар алғашқы ойларын айту. Эссе, ой толғау жазу.
Батық жері тоталитарлық жүйе кезінде. 30-жылдары сталинизм заманында дала лагеріне айналуы.
Батық – КарЛаг еңбекпен түзету лагерінің бөлімшесі. 30-жылдары КарЛаг-тың бөлімшесі болғаны туралы. Әйелдер лагері. Бестөбе жері.
1950-70 ж.ж. Батық ауылы. КарЛаг-тан кейінгі тарихи дамуы. Қазақ ұлтының ауылды мекендемеуі туралы.
«Төменгі Нарбақ», «Үлкен Батық» тоғандары. Батық ауылындағы тоған туралы мәліметтермен танысу және тоған маңына экскурссияға шығып, тазалық жүргізу. Табиғатты қорғай білу - әр азаматтың борышы.
Тоған суына арналып салынған қондырғы тарихы.
Батық ауылындағы тоғанның суын тоқтатуға арналған қондырғы туралы мағлұматтар. КарЛаг тұтқындарының еңбегі. Қондырғының архитектуралық жүйесін зерттеу.
Батық - асыл тұқымды зауытының тарихы. 1974 жылы құрылған зауыттың тарихы, алғашқы қызметкерлерімен кездесу, мәлімет жинақтау
«Элита», «Элита-рекорд» асыл тұқымды бұқалар. Олардың өсірілуі. Көрмелерге қатысуы (ВДНХ).
Егін шаруашылығын дамуы. Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі. Мал және егін шаруашылығының дамуы. Суармалы жүйенің пайда болу тарихы. Қазіргі кездегі жағдайы.
Тарих беттерінін.... Батық ауылының басшылары. Алғашқы зауыттың басшысы В.М. Жылкубаев, Б.С. Ғабдуллин, Ж.Т. Алимханов туралы деректер жинау, кездесулер ұйымдастыру.
Еліне оралған отандастар. Батық ауылы халқының ұлттық құрамы. Басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы. Монғолия мемлекетінен отандастарымыздың оралуы. Олардың орналасуы. Әлеуметтік жағдайы.
Ауылымыздың қазіргі кезеңдегі дамуы. Ауылымыздың қазіргі кезеңдегі дамуы туралы мәліметтер.
Ауылдағы әлеуметтік нысандар. Ауыл әкімшілігі ,фельдшерлік – акушерлік пункт (ФАП),пошта,дүкендер,қазақтелеком.
Ауыз су мәселесі. Қазір ауылда 12 су колонкалары халыққа үздіксіз қызмет көрсетуде.Мәдениет үйі. Өкінішке орай қазір мәдениет үйі қаңырап бос тұр. болашақта халыққа қызмет көрсетер деген үміттеміз.
«Мектеп тарихы». Батық ауылының білім беру жүйесінің тарихы . Батық мектебіндегі оқушылар, қызмет атқарған ұстаздар, басшылар.
«Ауылдағы шаруа қожалықтар» Батық ауылында тіркелген шаруа қожалықтар туралы мәліметтер .
Шығармашылық жоба. Жинақталған мәліметтер мен деректер бойынша 6-сынып оқушылары реферат, шығармашылық жобалар құрастыруда үйренеді
Оқушы үшін пайдаланылатын әдебиеттер:
1. «Азапты жеңген аналар» Қ.Қамысбаева // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. 2009 жыл № 3
2. «Күңгір-күңгір күмбездер»
3 Қазақстан тарихы 9-томдық еңбек
4. Қарағанды облысының энциклопедиясы
5. Қазақ мәдениеті энциклопедиясы
6. Тасымбеков А. «Жан дауысы: АЛЖИР архипелагы» Алматы,1994
7. Шет ауданы тарихы. М, Жакин Қ; 2004жыл
8. Шаймуханов Д.А., Шаймуханова С.Д. .«КарЛаг» А; 1997 жыл
Мұғалім үшін пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Атамекен. Аршабеков Т.Т. Қарағанды:2002 жыл
2. «Азапты жеңген аналар» Қ.Қамысбаева // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. 2009 жыл № 3
3. Архив НИЦ «Мемориал» Интернет материалдары
4. Дильманов С. Исправительно-трудовые лагеря на территории Казахстана А, 2002 жыл
5. Книга памяти «Узницы АЛЖИРа» Интернет материалдары
6. Кузнецова Е. «Ветер времени сушит траву забвения» // Индустриальная Караганда. 2009 жыл 30-мамыр.
7.«КарЛаг» Д.А.Шаймуханов,С.Д. Шаймуханова. А; 1997 жыл
8. Қарағанды облысының энциклопедиясы
9. Қазақстан тарихы 9-томдық еңбек
10. Қазақ тарихы «Ақмоладағы Отанын сатқандар әйелдерінің лагері» тарихи деректерді талдау. №1 2008 жыл
11. Шет ауданы тарихы. М, Жакин Қ; 2004жыл
12. Қазақтың Қанышы. М. Сәрсеке.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.