.
.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық - саяси қызметі
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 5776 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
Ж. Есіркепов атындағы жалпы орта мектебі
Тақырыбы: Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық - саяси қызметі
Орындаған: Әбілқасым Жанғазы
10 сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Сеңгірбаева Қ.Ұ.
ҚАЗЫҒҰРТ-2013 ЖЫЛ
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР.................................................3
КІРІСПЕ …………………………………………………….……..............................4
І ТАРАУ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
1.1 Мұстафа Шоқайдың өскен ортасы, балалық шағы және қайраткер
ретінде қалыптасу кезеңі ………………………………………...............................8
1.2.Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастарының қалыптасуына қоғамның әсері.............................................................................................................................10
ІІ МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ 1917 ЖЫЛҒЫ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҰСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ -САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автономиясын құрудағы қызметі ...............13
2.2 Мұстафа Шоқайдың Кеңес өкіметімен қарым - қатынасы ...........................18
2.3.Мұстафа Шоқай туралы жаңа деректер............................................................19
Қорытынды ................................................................................................................24
Сілтемелер тізімі ......................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................26
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРГЕ ТҮСІНІК
«ТАРИХТАҒЫ АҚТАҢДАҚТАР» деп - отарда болған патшалы, одан кейінгі кеңестік кезеңдегі төл тарихымыздың зерттеуге тиым салынған немесе зерттелсе де шынайы әділ бағасын алмаған кезеңдер мен оқиғаларды айтамыз.
Өйткені қазақ елі мен жерін күшпен отарлаған Ресей (одан кейінгі кеңестік) өз отаршылдық саясатын бүркемелеу үшін орыс ғалымдары өз мүддесіне сай қазақ халқының бұрмаланған тарихын жазды. Ал қазақ халқының шынайы тарихын жазғандар «Отанын сатқан опасыздар» есебінде халық жауына айналып түрмеге қамалды. Оған «Бекмаханов ісі», «М. Әуезов ісі»,
«Қ. Сәтбаев ісі» дәлел бола алады.
Түркістан- түркі мемлекеттері мен халықтарының ата қонысы
«Қоқан автономиясы» - Түркістан Мұхтарияты деп те аталады
«Иттифоқ» - «Мұсылман еңбекшілерінің одағы» деп аталған солшыл қанатты
«Шуро-и Исламия»- – (араб. «Ислам одағы» немесе «мұсылмандық кеңес») Түркістан мұсылмандарының саяси жетекшісі ретінде қоғамдық-саяси белсенділікке шақырған ұйым. Оның бөлімшелері өлкенің бірқатар аймақтарында болған. Түркістандағы ұлт-азаттық күштердің орталық (центристік) қанаты.
«Шуро-и Улема» - («Ғұламалар қоғамы») Шуро – Исламиядан бөлініп шығуы нәтижесінде құрылған дін басылардан тұратын топ. Шариғат үстемдігін орнатуды жақтаған діни топтардың басын біріктірген, саяси күштердің оңшыл қанаты.
«Иттифоқ-и-муслимун» - («Мұсылмандар одағы») Түркістан мен Қазақстандағы барлық мұсылмандардың басын біріктіретін саяси партия
«Дашнакцутюн» - буржуазиялық-ұлтшыл армян партиясы
«Басмашылық» - Түркістан өңірінде 1918-1935 жылдары кеңестік биліктің отаршылдық саясатына қарсы күрес атауы
Халкомкеңесі - Халық комиссарлар Кеңесі
Мұсылман жұмысшы депутаттары кеңесі – большевиктерді қолдаған солшылдар
РКФСР-Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы
ТАКСР- РКФСР құрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы
«Бірлік туы» газеті – Ташкентте шығатын қазақ тіліндегі Алаш партиясының баспасөз органы
Алаш қозғалысы- қазақ ұлтының ұлттық- демократиялық қозғалысы. 1905 жылы құрылды.
Алаш партиясы- Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов құрған ұлттық –демократиялық партиясы. 1917 жылы құрылды.
Алашорда үкіметі немесе Алаш автономиясы - қазақтың ұлттық мемлекеті.1917 жылы құрылды. Кейін оны кеңес өкіметі жойды.
3
Кіріспе
Зерттеу жұмысының сипаты. Зерттеу жұмысы орыс отаршылдығына қарсы қазақ, өзбек, қырғыз, татар, башқұрт деп бөлектемей түрік тілді халықтардың бірлігі жолындағы жанқиярлық күрестерде шыңдалған жүз жылда бір-ақ рет дүниеге келетін қазақтың бір туар ұлы Мұстафа Шоқайұлының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне талдау жасау болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі тарихымыздағы «ақтаңдақтардан» арылуымызға және ұлттық рухани құндылықтардың қайта жаңғыруына жол ашты. Ұлттық рухани құндылықтар төл тарихымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біздің мақсатымыз, ғылымды жаңадан жасап, оны еш нәрсеге жарамай қалған, ескірген идеялардан тазартуға тиіспіз. Әсіресе, мұны қоғамдық ғылымдар саласына қолдануымыз керек», деп атап көрсеткен болса,[1] М. Шоқай ұлттың өз «Менін» сақтап қалуында және ел мен ұлттың болашақтағы дамуы сол ел мен ұлттың тарихын қалай жазуға тікелей байланысты екендігіне назар аударып, большевиктік «зерттеуші кездеген мақсаттарын күні бұрын белгілеп алады да, соған жету үшін оқиғалар құрастырады. Тіпті мақсаты қажет етіп жатса, оқиғаларды ойдан шығарады. Мақсатқа қайшы келетін бұлақ көздеріне жуымайды. Мұңдай тарихшылар өзін бейтарап ұстаудың орнына оқиғаларға партиялық тұрғыдан талдау жасайды. Кеңес тепкісіндегі халықтардың ұлттық қозғалыстары туралы жазып жүрген большевик тарихшылар осы екінші түрге жатады.
Большевиктер жалпы ғылымда бейтараптықты мойындамайды. Ғылым олар үшін таптық күрестің баламасы. Сондықтан олар тарихты өздерінің болашақ таптық мақсаттары үшін пайдалануға тырысады. Өйткені олар тарих өткен өмірден мағлұмат беретін ғылым ғана емес, келешекке сабақ беруге қызмет ететін ғылым екенін де жақсы біледі» деп атап көрсеткен болатын [1]. Міне,сол себепті бүгінгі күн талабы осы мәселеге құлдық психологиядан арылған жаңа көзқараспен қарауды, жаңаша бағалауды қажет етеді және бұл, әрине тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Демек, біз, тәуелсіз қазақ мемлекеттілігі жағдайында ұлттық санамызды жаңғыртып, тарихи танымыздың көкжиегін кеңейту үшін «тар жол тайғақ кешуден» өткен халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын жаңаша көзқараспен жазуға және қазақ тарихындағы «ақтандықтардың» орнын толтыруға міндеттіміз.
Осыған орай, Отан тарихында әлі де үстірт қарастырылған немесе мүлдем зерттелмей, тарихи тұрғыдан шынайы өз бағасын ала алмаған
4
мәселелер аз емес. Соның бірі - Мұстафа Шоқайұлының өмірі мен қоғамдық саяси қызметіне тарихи талдау жасау және одан тарихи сабақ яғни, ғибрат алу болып табылады. Екіншіден, патшалы Ресей, одан кейінгі Кеңестік кезеңде «қасақана бұрмаланған» қазақтың ұлт зиялылары мен саяси элитасаның қоғамдық-саяси қызметін тереңде жатқан тарихи, саяси, ұлттық және мәдени дәстүрлерге сүйене зерделеу арқылы шынайы, тарихи бағасын беру қажет. Сонда ғана құлдық психологиядан арылып, тәуелсіздігіміз тұғырлы болады. Сондықтан қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу нысаны болуға әбден лайық, тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі деп білеміз.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын тарихымызда белгісіз болып келген немесе әдейі бұрмаланған тұстарын тың деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу оның өз ұлтына берілген шынайы келбеті мен қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету – зертеу жұмысының басты мақсаты. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
- М.Шоқайдың саяси көзқарасының қалыптасуына оның өскен ортасының әсерін анықтау
- ХХ ғасырдың басындағы М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметіне обьективті баға бере отырып, 1916 жылғы көтеріліске байланысты қызметіне және Мемлекеттік думадағы мұсылман фракиясының хатшысы қызметіне талдау жасау
- М.Шоқайдың 1917 жылғы қос революция кезіндегі және одан кейінгі қызметін анықтау
- М.Шоқай жетекшілік еткен Түркістан автономиясының атқарған қызметін талдау
- М.Шоқайдың шетелдік мұрағаттарда сақталған еңбектерін ғылыми тұрғыда зерделеу
- М.Шоқайдың қызметіне қатысты шетелдік және отандық зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау.
Тақырыптың тарихнамасы: Қарастырылып отырған мәселенің тарихнамасы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастау алады. Осы кезеңдегі яғни жалпы халықтың ояну кезеңіндегі қазақ халқының азаттық қозғалысы жолындағы және мемлекеттік бірлік мәселелеріне ерекше мән беріп, қазақ халқының болашақ тағдыры үшін күрескен қазақ интеллигенциясы жөнінде алғашқылардың бірі болып мәселе көтерген Ә.Бөкейханов болды. Ол М.Шоқай бастаған қазақ зиялыларына кейінгі ұрпақтың болашағын ойлайтын қоғам
5
алдындағы жауапты жүкті тапсырады[1].
М.Шоқайдың өмірі мен қызметін зерттеушілердің арасында журналист, ғалым, шетелдегі қазақ тарихшысы, публицист Хасан Оралтай ерекше көзге түседі. Х.Оралтайдың М.Шоқай туралы еңбектері түрік тілінде Ыстамбулда бірнеше рет басылымдарда жарық көрді[2].
Мұстафа Шоқайды жаладан арашалау туралы ғалымдар М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, Т.Омарбеков, Ә.Тәкенов, М.Жолдасбековтардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады[3].
Отандық тарих ғылымында еліміз тәуелсіздік алғанға дейін қазақ зиялыларының тарихы оның ішінде М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі зерттелмеген. Кейбір зерттеушілердің еңбектері мен мақалалары жарық көргенмен, олар кеңестік әкімшіл-әміршілік биліктің ықпалына бейімделіп жазылды.
Мұстафа Шоқай туралы еңбектердің ішінде деректік маңызы тұрғысынан ғалым Б.Садықованың зерттеулерін ерекше атауға болады. Б.Садықова Мұстафа Шоқайдың жары Мария Шоқайдың естеліктерін Франция мұрағатынан алып, құрастырып, кітап етіп шығарды.
М.Шоқайдың шетелге мұғажырлыққа кетуі жөнінде теріс баға берушілерге алғашқы соққы бергендер С.Шәкібаевқа қарсы пікір жазған жазушы Әнуар Әлімжанов пен тарихшы А.Такенов болды. А.Такенов «М.Шоқайдың шетелге эмиграцияға кетуі бас бостандығын қорғап қалу емес, сол бостандығын сақтау арқылы Европадағы демократиялық мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, Түркістандағы жағдайды дүние жүзіне паш ету, социалистік солақай революцияға қарсы күресті жалғастыру...» -деп анық ойын білдірсе, ал Т.Омарбеков «осы орайда біз тарихшы Ә.С.Тәкеновтың пікірімен толық қосыламыз»- дейді[4].
М.Шоқайдың ғасыр басындағы қарқынды атқарған қоғамдық-саяси қызметі жан-жақты зерттеліп, толық халқына танылып болды деп қорытынды пікір айту
әлі де ерте. әсіресе, оның 1917 жылғы қос революция тұсындағы Түркістан өлкесіндегі өз халқының жоғын жоқтап атқарған қоғамдық -саяси қызметі, Мұстафаның саналы ғұмырындағы ең бір жарқын қызмет атқарған кезеі болды. Ол туралы өз зерттеулерінде Ә.Байшуақов, Ә.Аманқұлов, Б.Досманбетов, М.Кереев, Р.Санжарұлы, Ә.Әлібеков,Д.Қыдырәлі, Б.Дәрімбет, С.Ибрашұлы, О.Сәпиев, Н. Әбжанұлы, М.Маханов жазды[5].
Соңғы жылдары Мұстафа Шоқайдың шетелде шашырап жатқан және елімізге әкелінген мұғажырлық мұралары жөнінде Х.Әбжанов, С.Ковальская, Ф.Әли тағы басқалар,ал шетелдегі құнды мұрасы «Яш Түркістан» журналының отанға оралуы жөнінде Ә.Әлімұлы, Г.Омарова жазды[6].
6
Қарастырылып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндалу тарихына жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу обьектісі болмағандығын аңғартады. Кеңестік дәуірде бұл мәселені арнайы қарауға қажетті алғышарттар қалыптаса қоймады. Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана халқының тәуелсіздігін армандаған тарихи тұлғаларымыздың атқарған істері тарихнамаға ене бастады. Мұның өзі тақырыптың өзектілігін арттыра түседі.
7
І ТАРАУ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
1.1 Мұстафа Шоқайдың өскен ортасы, балалық шағы және қайраткер ретінде қалыптасу кезеңі
ХХ ғасырдың басында Ресейдің Қазақстанды отарлау процесі бұрын болмаған жаңа сипат ала бастады. Қазақ халқы өзінің саяси да, рухани дадербестігінен, жері мен елдігінен айырылып, діні мен тілі, мәдениеті төмендетілген мүшкіл халге жетті. Осы тұста қазақ халқының мұң-мұқтажын жоқтап, осы қараңғы түнектен халықты алып шығуды, қазақ халқына теңдік, бостандық алып беруді мақсат еткен қазақ зиялылары: М.Шоқай, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов сынды тұлғалар саяси күрес сахнасына шықты. Олар патша өкіметінің отарлық саясатына, қызыл империяның қиянатына қарсы күресуге бел буды. Солардың ішінде бүкіл саналы ғұмырынтек қазақ халқының емес, бүкіл түркі жұртының бостандығы мен тәуелсіздігіне арнаған Мұстафа Шоқай болды.
Мұстафа Шоқай Ақмешіт Перовск, қазіргі Қызылорда қаласында ескі күнтізбе бойынша 1890 жылы 25 желтоқсанда дүниеге келген. Жаңаша күнтізбе бойынша бұрынғыға 13 күн қосқанда 7 –қаңтар болып, 1891 жылға шығады. Осыған байланысты кейбір басылымдарда 1890 жылдың 7 –қаңтары болып қате жазылып жүр. Дұрысы ескіше 1890 жылдың 25 –желтоқсаны, жаңаша 1891 жылдың 7 –қаңтары. Мұстафаның тегі Орта Жүздің Қыпшақ, оның ішінде Торайғырдың Шаштысы, Батый ұрпағының Жанай тармағы болса керек. әкесі Шоқай дала қазақтары арасында ерекше мәдениетті, елге беделді кісі болған. Шоқайдың әкесі Торайғыр Сыр қазақтары Ресейдің қол астына кірмей тұрғанда Хиуа ханының датқасы яғни уәлаят басшысы болған. Торайғырдың да, Шоқайдың да суреттері патша үкіметінің арнайы тапсырмасымен жасалған фотоальбомға кіруі тегін емес сияқты. Шоқай ағайындары ішінде ерте отырықшылықпен айналысып, бау –бақша егеді, кірпіш үй салдырады. Бірақ қазақ ғұрпынан айнымайды, қазы танылған Шоқай үйіні есігі қара қазаққа айқара ашылып жатты. Дегенмен байлықты малмен өлшейтін дала қазақтары үшін Шоқай ауылы кедей саналады. Ол өзінің бау –бақша егінін малға айырбастап немесе көптеп қоныстана бастаған
орыстарға шаруаның құрал –сайманындарын, малға айырбастап өмір сүрді.
Мұстафаның нағашы жұрты да текті болған. Анасы Бақты -әйгілі әскербасылардың бірінің ұрпағы. Оның әкесі өзбек хандарына қарсы ұрыстарда аса ерлік көрсетіп, қазақ батырлары санатына кірген. Ал, Түркістанды патша әскерлері жаулап ала бастаған кезде де ұзақ уақыт орыстармен елінің азаттығы үшін күрескен. Мұстафаның болашақ анасы осы соғыстарға қатысып, әкесіне
8
жәрдем етеді. Атқа мініп, шөл далада дұшпан әскерлерінің жолын барлап, хабар жеткізіп отырған. Бақты өлең жазып, дастандар жырлаған. Ана тілінде сауаттанып және әкесі сияқты арабша да білген.
Шоқай би отыздан аса ағайын –туыстарымен бір ауылда тұрған. Қазан төңкерісіне дейінгі мекені Орынбор –Ташкент теміржолы бойындағы Сарышығанақ станциясынан 5 шақырым жерде. Шоқай 1912 жылы Мұстафаның 22 жасында қайтыс болады. Шоқайдың үш ұлы Сыздық, Мұстафа, Нұртаза және екі қызы Әтіркүл мен Батима екінші әйелінен туады, бірақ Мұстафаны бірінші әйелі бауырына салады. Мұстафа өле -өлгенше сол асыраған шешесін аузынан тастамай өтеді[7].
Торғай датқаның ауылы Сыр өңіріндегі сол заманға сай білім мен мәдениеттің орталығы болған. Торғай датқаның үшінші ұлы Әліш патша үкіметіне қайта-қайта хат жазып, «Әулие Тораңғыл» деген төрт сыныптық мұсылманша мектеп мшуға рұқсар алған. Түркістан генерал-губернаторы бұл мектепті қадағалап отырған. Бұл мектепті Түркістан Халық ағарту ісінің бас инспекторы Федор Михайлович Керенский де келіп қадағалап көріп кеткен. М.Шоқай алты жасында осы Әліш ағасы салдырған мектептің табалдырығын аттап, төрт жылдық ауыл мектебін екі жылда бітіреді. Мұстафаның болашағынан үміт күткен әкесі заман ағымына қарай оны орысша оқытуға Ақмешітке алып келеді.осыдан соң Мұстафаны оқуын жалғастыруға Ташкентке гимназияға ағасы Әліш алып барады. Мұстафа гимназияға бейтаныс бір орыс мұғалімінің көмегімен зорға қабылданады. Мұстафа гимназияға осылайша 1902 жылы қабылданып, оны 1910 жылы үздік бітіреді. Мұстафа осы гимназияны бітірерде де әділетсіздік көреді. Оңды-солын енді ғана тани бастаған Мұстафаның қоғамдық – саяси көзқарасының қалыптауына бұл оқиға ықпалын тигізсе керек. Мұстафа Петерборға университетке оқуға түсерде де орыс билігінің бұратана халықтардың балаларына лауазымды қызмет алатын оқуға түсуге тыйым салатынын көрді. Онда Мұстафа Самсонов «Заң факультетінде Түркістандықтарға берілетін стипендия тек орыстар үшін... сонда да түсем оқуға маған Қазан татарларының стипендиясы уәде етіліп қойылған»-деп Мұстафа Петербордаға университетіне түсерде де әділетсіздік байқаған болатын.
1921 жылғы «Айқап» жуналының 13 санында Мұстафа туралы мынандай сөздер жазылыпты: «Осы күндері Петербор университетінде 1910 жылдан бермен қарай Сырдария облысының Певорск уезінің Гродековский болысының Шашты қыпшақ руынан Мұстафа Шоқаев даген жігіт оқып жатыр. Бұл жігіт Перовск уезінен жоғарғы жерде оқыған бірінші қазақ баласы болса керек» [8].Шындығында Мұстафа Петерборда оқыған алғашқы қазақ жігіттерінің бірі
9
еді.
Мұстафа Петерборда оқып жүргенде тілмаштық қызмет атқарып елден адамдардың мұң-мұқтажын білуге мүмкіндік алады. Осындай заңға байланысты мәселелерді шешу үшін Петербор сотының адвокаты, социал- демократ Николай Дмитриевич Соколов Мұстафаға көп көмектескен.
1.2 Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастарының қалыптасуына қоғамның әсері
Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарастарын қалыптастырған тарихи орта Петербор қаласындағы революциялық көңіл-күйдегі социалист-революционерлер болды. Атап айтқанда, Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына Уақытша үкіметті басқарып отырған Александр Федорович Керенскиййдің де ықпалы болды. М. Шоқай Керенскиймен Ташкентте ер балалар гимназиясында бірге оқыған. Гимназияны үздік бітірген соң екеуі де Петербор университетінің Заң факультетіне түскен.
Университетті бітіргеннен кейін Керенский немере ағасының көмегімен округтік сотқа қызметке тұрады. Осыдан кейін де ол Мұстафамен жолдастық байланысын үзбеген. Осы достықтың арқасында Мұстафа Шоқай да адвокаттық жұмысқа орналасқан.
Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастарының өткірлігі сонда, Керенскийдің өзі онемен саяси тақырыптарға ашық сөйлесетін болған. Ол туралы Мұстафа: «...мен және Керенский 1916 жылғы қарашада өз үйінде біздің дала қазақтарымен өткізген бір сұқбатын есіме алып отырмын. Торғай уалаятынан келген өкілдер түркістандықтардан алынатын жұмысшылардың орнына он мың ат бергісі келетіндіктерін, осыған өкіметті көндіру үшін Керенский екі арада жүруін өтінген еді. Сонда Керенский оларға: «Мен сіздерге мынадай кеңес бергім келеді, орыс үкіметіне сенуге болмайды, ол сіздердің атыңызды да алады, онан соң жігіттеріңізді де жұмысқа жегеді»,-деген болатын[9].
Мұстафаның терең білім алып, саяси көзқарастарының қалыптасуы және қоғамдық қозғалысқа, халқының азаттық жолындағы күресіне қатысып шыңдалуы оның Петербордағы өткізген күндерімен тұспа-тұс келеді.
М.Шоқайдың сяси көзқарасының кеңеюіне Петербордағы қызмет жасап жүрген отандастарының да үлкен ықпалы болды. Мемлекеттік Думаның мүшелері Ә.Бөкейханов, Түркістандық қайраткерлер Сералы Лапин, Махмуд Ходжа Бехбуди, Мунуар Қары және Ахмет Байтұрсыновтар мен Мұстафа Шоқай тығыз байланыс жасап, өздерінің отандары Түркістанның болашағы жайлы талқылап жүрді. М.Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарасының
10
қалыптасуына өзімен тұстас болған осылардай ұлт зиялыларынның ой-ықпалы күшті болды. Ресей үшін аса күрделі шақта жұмыс жасаған М.Шоқай 1914 жылы Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен ІV Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракиясының хатшысы болып тағайындалды. Мұстафаның осы саяси қызметке орналасуы түркі тектес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының, отарлық езгіге қарсы қозғалысының бастауымен тұспа-тұс келеді. Өйткені ХХ ғасырдың басында Ресей отаршылдары өзінің билігін Орта Азияға және Қазақстанға терең орнатқан болатын. Түркі халықтарына ата-мекенінен, әдет-ғұрпынан, мәдениетінен айырылып, мәңгүрттік болу қаупі төнді. Мұстафа патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күресетін күш қажет екендігін түсінді. Сондықтар да Ресейдің езгісінде отырған Түркі халықтарын біріктіруді қажет деп есептеді. Дума депутаттарымен араласып мұсылмандық Түркістандық көзқарвстарын толықтырады.
1916 жылғы саяси дүдбелең, Түркістандағы халықтың көтерілісі М.Шоқайдың патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күресу туралы идеяларын одан әрі жетілдіріп, оның қоғамдық саяси көзқарасын дамытты. Ол Петербордағы студенттік жылдарында тура түскен осы 1916 жылғы көтеріліске орай Ресей Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракиясының жұмыстарында белсенді рөл атқарды. Түркістан және Дала өлкелеріндегі көтерілістерді басу кезіндегі орыс әскерлері жасаған заңсыз шаралардың Дума тарапынан тексерілулеріне үлес қосты.
М.Шоқайдың ұлттық қоғамдық-саяси көзқарастарының қлыптасуына татар және башқұрт халқының азаттығы үшін күрескен саясаткерлердің де ықпалы болды. өйткені бұл халықтар патшаның отарлық қамытын басқа ұлттардан ертерек киген болатын. Сол себепті Ресей империясының отаршылдық саясатына да ең алғашқылардың бірі болып ұлт-азаттық қозғалысқа шыққан татарлар мен башқұрттар болды. Татар ұлтының данагөйі, туған халқының азаттығы үшін күреске бүкіл саналы өмірін арнаған Мирсаид ұлы Сұлтан Ғалиев 1917 жылы мамырда Петербор қаласына келеді. Сосын Тұрар Рысқұлов және Мұстафа Шоқайлармен бірге Түркістан халықтарының тәуелсіздігі үшін күреседі. Мирсаид Хайдарғалиұлы Сұлтан Ғалиевтің ашық өткір сынды пікірлері Мұстафаға өзінің саяси көзқарастарын тұжырымдауға ықпал етті.
Міне осындай өткір пікірлі зиялы қауым саясаткерлердің ортасында жүрген Мұстафаның да Түркістан халықтарының тәуелсіздігі туралы өткір ойлары, ұтымды пікірлері қалыптасты.
Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастарының қалыптасуы туралы Хасан Оралтай: « Ұлтшыл азамат туған елін жат – жұрттық езгі қанаудан құтқарып,
11
талан – таражға түскен жер – суын игілігін өзіне қаратып берудің, сондай – ақ халқын оқу – ағарту мен жалпы шаруашылық саласында алға бастырып, оның ауыр жағдайын жеңілдетіп жақсартуды сонау өзінің студенттік кезеңінде – ақ басты Түрік тұқымды мұсылман халықтары жастарымен жиі кездесіп әңгімелесу арқылы бастаған. Солардың қатарында кейін Башқұртстанның ұлттық үкіметінің бастығы және әлемге әйгілі тарихшы ғалым болған профессор Ахмет Зәки Уәлиди Тоған барды » - дейді.
Мұстафа Шоқай орыс отаршылығының негізінде екі үлкен мәселе жатыр дейді: «Патша өкіметінің ұраны Сібірияны нағыз орыс Сібіриясына айналдырғаны сияқты, Түркістанды да нағыз орыс Түркістанына айналдыру» [10] болатын. Бірінші мәселе, жергілікті халықтың материалдық және рухани өркендеуіне шек қойып, оны азып – тозып өліп бітуіне душар ету. Екіншісі – орыс мұжықтарын өлкеге көшіріп әкеліп, мұнда орыс көршілігін жасау. Мұстафа Шоқай патшалық Ресейдің осы залым саясатын әшкерелеп, Түркістанды өзінше дербес тәуелсіз мемлекет етіп құруды мақсат, мұрат етті.
12
ІІ МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ 1917 ЖЫЛҒЫ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҰСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ –САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автономиясын құрудағы қызметі
Отаршылдықтың тауқыметін тартып, ұлттық езгіні бастан кешіріп жатқан қазақ халқының наразылықтарының өсуі азаттық қозғалыстың қарқын алуы, революцияның алғы шарттарының пісіп келе жатқаны әбден анық болды. Титықтаған халық көтеріліске шыға бастады.
Қазақстан мен Орта Азияда 1917 жылғы ақпан буржуазиялық демократиялық революцияның қарсаңында царизмнің ауыр дағдарысқа ұшырағандығы айқын көріне бастады. Бұл кезде Ресейдің қол астындағы түркі халықтарының қозғалысына исламдық идеологиялық бағыт жетекшілік етті.
Тарихшы М.Қойгелдиевтің пікірінше «Ислам қозғалысының көш басында Исмаил Гаспиринский, Садри Мақсуди, Әли-Мардан –бек Топчибашев, Сәлімгерей Жантөрин сияқты қайраткерлер тұрды» [11].
Осы айтылған кісілердің ішінен М.Шоқай Әли-Марданбек Топчибашевты ерекше атайды «Оның атымен бүкіл Ресей түріктерінің қоғамдық-сяси тарихы байланысты – дей отыра М.Шоқай Топчибашевтің саяси қызметі басталған кезде ұлттық күрес мәселесі әлі толық анықемес еді... замандастарын үкімет басшыларына Ресей түріктерінің орыстармен тең құықта болуын талап етті».
Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейханов та бұл қозғалыстардан тыс қалмады. Түркістан халықтарының ұлт-азаттық қозғалысына илеологиялық жағынан бұл кезде бағыт берген «Тәржіман», «Уақыт»,»Қазақ» газеттері және «Айқап» журналы болды.бұл басылымдар ортақ жау, отарлық езгіге қарсы күресу мәселелерін бірде ашық түрде, кейде көмескі түрде көтеріп отырды[12].
Ақпан төңкерісінің жеңісін М.Шоқай «Үкімет-бұл қуатты қозғалвсты басуға дәрменсіз еді. Мемлекеттік Дума төрағасы Родзянконың келіссөз жүргізу жөнінде патша айтқан өтінішіне нәтиже шықпады. Мемлекеттік Думаның қайта-қайта талап етуіне жауап ретінде патша думаны тарату туралы жарлық шығарды. Қашаннан бағынышты кертартпа болын келген төртінші дума осы жолы патшаның жарлығын тыңдамай ертеңіне «Мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қорғау міндетін» атқаратын Уақытша комитет құрды. Осы тұста жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. Патша революцияны басуға ұмтылып көрді. Тек уақыт өтіп кеткен еді. Таққа інісі Михаилға беруден басқа амалы қалмады. Бірақ кең қанат жайған тегеуріңді революциядан қорыққан Михаил Романов та тақтан бас тартты. Тап осы тұста Уақытша үкімет құрылды. Князь Львов басқаратын Уақытша үкіметке Милюков сыртқы істер министрі, Гучков әскери министр, революцияшыл
13
партиялардың өкілі Керенский заң министрі орындарына отырды... Революция осылай жеңген» -деп суреттеді.
Ақпан төңкерісінен кейін Түркістанның шет аймақтарында діни ұйымдар «Шурио-Ислами», «Раунак-уль Ислам», Түркістанның орталығында «Джадитік ұйым»құрылды. Орынборда джадиттерді «младо Туркестанцы» деп атаған. Осы аталған Түркістандағы барлық ұйымдар мұсылмандар Кеңесін құрады. Бұл кеңесте Түркістандағы «Европейзацияланған» өкілдер кірді. Мұсылмандар кеңесінің мақсаты автономияны құру болды. М.Шоқайдың пікірінше олар, Түркістан болашақта өзін-өзі басқаратын автономия болып, ол Ресей демократиялық республикасының бір бөлігі болуын қолдады. «Олар орыс демократиясына, орыс революциясына сенді. Алайда революцияның өзі және орыс демократиясы прогрессивтік революциялық ұлттық көңіл күйдегі Түркістанның жеткіншектерін өздеріне кері итермеледі».
М.Шоқай 1936 жылы Ресейдегі 1917 жылғы революцияның жеңісін ондағы халықтың қуанышын 19 жылдан кейін былай суреттейді «1917 жылғы Ресей револциясы болғалы он тоғыз жыл өтті.Бұл революцияны шың көңілден сүйсіне, тебірене қарсы алғанымыз есімде. Түркістандықтардың көбісі, әсіресе қарттар 1917 жылғы революцияны Ресей мен Түркістанның ара жігін айырған 1916 жылғы Түркістан көтерілісінің заңды жалғасы деп қабылдаған еді. Әттең бұл қуанышымыз ұзаққа бармады. Революция үмітімізді ақтамады, сенімнен айырды, алданып қалғанымызды айқын көрсетті... байтақ еліміз құрбан болған перзенттерінің қаны мен тәніне толы болды. Түркістанның мыңдаған жігіттері бетіне жаңа перде бүркенген ескі отаршылдыққа қарсы күресте опат болды. Мыңдаған жас Түркістан қаһармандары Кеңес Ресей зындандарында, айдауда шіріп жатты. Ондаған мың, жүздеген мың түркістандықтар адам сияқты өмір сүру мүмкіндігінен айрылып, елінен безіп кетуге мәжбүр болды. Асқан ықылас-ілтипат, зор үмітпен қарсы алынған революция кейін жалпы ұлттық қасіретке айналды». М.Шоқай 1917 жылы ақпан революциясына осындай баға беріп, сол кездегі шын мәнісіндегі ащы шындықты ашып көрсетеді. Уақытша Үкіметтің 1917 жылғы 5 наурыздағы жергілікті жерлерде басқару жұмысымен айналысатын жергілікті орындарды құру туралы қаулысына сәйкес жер- жерде көкек айынан айынан бастап съездер өткізіледі. М.Шоқай Орынборда өткізілетін бүкіл қазақ құрылтайына қатысты.
17-20 қыркүйекте Ташкент қаласында Түркістан және қазақ мұсылмандар съезі болып өтті. Съездің күн тәртібіне саяси-қоғамдық және экономикалық мәселелер талқыланды. Осы съезде бүкіл Түркістан және Қазақстан мұсылмандарына басшылық жасайтын саяси пртия құру туралы шешім қабылданды. Бұл партия «Мұсылмандар одағы» - «Иттифок- и- Муслимун» деп
14
аталатын болды.
Алайда бұл партия саяси оқиғалардың одан әрі өрбуіне басшылық жасай алмады. Партия тек қағаз жүзінде қалды. Съездің Уақытша үкіметтің Түркістан комитетіне қойған саяси талабы шын мәнінде үкіметбилігін бөлісуге жасаған қадамы болды. Түркістан комитеті мүшелерінің ең кемінде тең жартысы облыстық комиссар не оның орынбасары, учаскелік комиссар не оның орынбасары қызметі жергілікті мұсылман халықтарының өкіліне берілуі тиіс деген шешімнің қабылдануы, мұсылмандар кеңесінің төрағасы М.Шоқайдың тікелей ықпалымен іске асқанын байқаймыз.
Ташкентте осы кезде қарулы қақтығыс 4 күнге созылды. Генерал – комиссармен үкімет комитетінің мүшелері Топыраққорғанға тығылды. Уақытша үкіметтің әскерімен Ташкент кеңесі төңірегінде топтасқан революциялық бұқараның арасындағы қарулы қақтығыс нәтижесінде 1 қарашада Коровниченко және оның орынбасары Доррер бастаған Уақытша үкіметтің Түркістандағы өкілдерін тұтқынға алып,оларды қолдаған юнкерлердің қарусыздануымен аяқталды. 29 қазан (11 қараша) күні бүкіл Ташкент бүлікшілердің қолына өтті[13]. М.Шоқайдың «бүлікшілер» деп отырғаны - большевиктер.
Мұстафа Шоқай Қазан революциясын қазақ халқының қалай қабылдағаны жөнінде тарихи шындықты ашуға әрекет жасады. Түркістан халықтарының, соның ішінде қазақ жұртының да Қазан төңкерісіне ешқандай қатысы болмағандығын айтып, большевиктер үкімет басына келгеннен кейін берген уәделерін орындамағанын сынайды. Большивиктердің сөзі мен ісінің арасында үлкен алшақтық бар екендігін нақты фактілік негізде талдайды.
М.Шоқай Түркістанда орнаған кеңестік билікке сенбеді. Сондықтан оны «пролетариатсыз» және «пролетариат» деген тапты ешкім естімеген Түркістанда Мәскеу «пролетариат диктатурасын» жария етті. Ал енді бұл өзі қандай «пролетариат диктатурасы» деген сұрауға, әрине «орыс пролетариатының дитатурасы деген жауап сәйкес келкді» -деп ымырасыз сынға слған.
Ол Қазан төңкерісінің Түркістан халықтарына еркіндік, әлеуметтік жеңілдік әкелмей, қайта азап әкелгенін, «тең құқықты халықтардың» іс жүзіндегі нақты теңсіздікгін дәлелдейтін талдаулар жасайды[14].
Мұстафа Шоқай 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейінгі жағдайға талдау жасай келк Түркістан халықтарын, оның ішінде қазақ халқын аман сақтап алып қалу үшін ұлттық мүддені қорғайтын құрылымның қажет екендігін баса айтты. Қазақ халқының алдында екі жол бар деді: бірі,Түркістан уалаяты құрамындағы елдердің бір болып жаңа саяси мемлекеттік жүйе құру әрекетіне көшу болса,
15
екіншісі, басқа қазақ облыстарымен бірігіп ұлттық мемлекет шаңырағын көтеру жолына түсу. Ә.Бөкейханов та, М.Шоқай да барлық қазақ жерінде осы мақсатты жүзеге асыру үшін, қазақ зиялыларымен 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда жалпы қазақ съезін өткізіп, онда Алаш партиясы құрылды.
Мұстафа Шоқай және Алаш басшылары ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ , саяси тұрақсыз жағдайында тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ елін апаттан құтқарып, бостандық жолына алып шыға алады деп түсінді.
Алаш басшысы Әлихан Бөкейханов автономия алудың қиындықтарын былай деп көрсетті «Қазақ болып автономия боламыз десек, алдымызда шешуші бір қиын жұмбақ бар. Орал, Торғай, Ақмола, Семейде көп мұжық бізбен қоныстас, бұл облыстарда мұжық пен қазақ қым-қиғаш аралас. Мұжықпен аралас қазақты тастап, ылғи қазақ болып шығамыз десек, бұл қазақ орыста қалады. Қазақты бұл жерден көшіріпалмыз десек, бұл қазақ ата қонысынан көшпес,көшсе ақылсыздық болады. Қазақ жерінің ең жақсысы осы мұжықпен аралас отырған жер. Түбінде қазақ ұлты бір автономия бола қалса, іштегі орысты ала кетеміз бе деген үміт. Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді тұрмыс халде туысқан автономиясы болар емес, жерге байлаулы автономия болмақ.ішіміздегі орыс мұны мақұлдайтын көрінеді» [15]. Осындай мәселелер Ә.Бөкейханов бастаған топты қазақ автономиясын жариялауда қинаған еді.
Мұстафа Шоқай өз қызметінің алғашқы кезеңінде автономия құру ісіне белсене араласып, оның алғашқы басшыларының бірі болғанымен негізінен ол тәуелсіздік жолында тек автономия алумен шектелмей, күшті, еркін.тәуелсіз ел болу мақсатын өмірлік ұстаным ретінде қойды. Бұл жөнінде ол: Біз «ұлт-азаттық, толық ұлттық дербестік жолында және тәуелсіз Түркістан –Түрік мемлекеті үшін күрес жолына түстік»-деп жазды.16
1917 жылы 22қарашада Ташкент Кеңесінің бастамасымен үшінші Түркістан Кеңестерінің өлкелі съезі болды. Съезде талқыланған негізгі мәселе саяси билік мәселесі болды. Съезд Түркістан өлкесінде Кеңес билігі орнағанын «заңдастырды», Түркістан Халық Комиссарлар кеңесінің құрамын сайлады. Алайда олардың қатарына жергілікті халықтардың бірде бір өкілі кіргізілмеді. Бұл съезде, дейді М.Шоқай, өлке халықтарының «өзін -өзі басқару түгіл автономия құру туралы бірауыз сөз айтылмады». Ташкент кеңесінің осындай саясатынан кейін Түркістан зиялылаы өлкеде ұлттық мемлекет құру үшін 1917 жылы 26 қарашада Қоқан қаласында өлкелік төтенше ІV Мұсылмандар съезін шақырады.съезге 200-ден астам делегаттар келеді. Олардың қатарында «Шурои- Исламия», «Жамияти Улемо» , мұсылман тау –кен жұмысшыларының
16
одағы, мұсылман жауынгерлерінің одағы, өлкелік еврейлер одағы сияқты қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. М.Шоқай Мұсылмандардың ІV съезінде Түркістанды Ресей Федеративтік Демократиялық республика құрамындағы территориялық - Түркістан Мухторияты жариялады. Кеңестік тарихнамада автономия құрылған қаланың атымен «Қоқан автономиясы»деп аталды.
Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады.
Алайда М.Шоқай Түркістанда өткізілген мұсылмандар съезінің қорытындысы бойынша құрылған «Қоқан автономиясымен» ғана қанағаттанып қойған жоқ, ол автономия жарияланғаннан кейін, Орынбор қаласына екінші жалпы қазақ съезіне қатысуға аттанады. Бұл съезге Сырдария және Жетісу облыстарынан өкілдер арнайы шақырылған болатын. Олардың қатарында С.Аманжолов, Б.Мәметов, И.Арабаев, Ж,Солтонаев, М.Шоқай бар еді. Бұл съездің негізгі мақсаты Алаш автономиясын жариялап оның үкіметін құру еді. Съезге келген өкілдердің көпшілігі Қоқанда құрылған автономия туралы естімеген де еді. М. Шоқай осы съезде өзінің делегаттарына Түркістан автономиясының құрылғанын жеткізді[17].
Түркістан автономиясының туы
Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны олар «уақытша үкімет» деп белгіледі. Сонымен Түркістан үкіметінің мүшелері мына тұлғалар:
17
Мұхаметжан Тынышбайұлы - Үкімет төрағасы және ішкі істер министрі;
Мұстафа Шоқай - Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер министрі;
Шаһислам Шахиахметов Үкімет төрағасының орынбасары және қаржы министрі;
Әбдірахман Оразайұлы - кейінгі ішкі істер министрі;
Үбайдулла Хожаев - әскери істер министрі;
Насырхан төре - халық ағарту министрі;
Мірәділ Мырзахметов - әлеуметтік істер министрі;
Хидаятбек Юрғули Ағаев - ауылшаруашылығы министрі;
Әбитжан Махмұт - азық-түлік министрі;
Саломон Гердфельд - азшылық ұлт өкілдерінің министрі.
Осы кезде М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған Түркістан тағдырына және шөре-шөре болып қалған өз тағдырына ақыл көзімен қарауды сұрады. Осыған байланысты кейін бір еңбегінде Мұстафа 1917 жылы Петерборда болған бір пікірталасты есіне алыпты. Мәселе мынада екен, Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апару жайын қарайды. Сонда түркістандықтар жағдайды ушықтырмау үшін алдағы 25 жылда өлкеге жұмысшыларды әкелуді сұраған. М.Шоқай ондай күш қажет болса, «орыстардың орнына татар мен башқұртты жіберу» мәселесін күн тәртібіне қояды.
2.2 Мұстафа Шоқайдың Кеңес үкіметімен қарым -қатынасы
Екінші жалпы қазақ съезінде Алаш автономиясы мен Түркістан автономиясының арақатынасы туралы, «Түркістандық қазақтардың» Алаш автономиясына қосылу –қосылмау жөнінде қызу айтыстар болды.
Түркістан автономиясының да, жаңадан құрылған Алашорда өкіметінің де мақсат мүддесі ұлттық бірлік екенін М.Шоқай баса айтты және Сырдария халықтарына түсінікті болу үшін Мұстафа мен Ә.Бөкейханов тез арада Сырдария қазақтарының съезін шақыру туралы шешімге келді. Сөйтіп Сырдария облысының халқына жедел хаттар жібереді. Онда «1917 жылдың 5- ші қаңтарында Сырдария облысының съезін шақырды. Съезге болыс басы бір өкіл келсін. Уақыт тығыз шұғыл мәселе болғандықтан шақырылған өкілдер съезге айтылған күннен қалмай келу керек» делінген.
Съезде Мұстафа қажетті қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, Сырдария қазақтарының Алаш автономиясына міндітті түрде қосылуын баса айтты. Онсыз ортақ жау болып есептелген большевиктердің үкіметін жою мүмкін еместігін түсіндіріп берді.Алайда сол кездегі қалыптасқан саяси жағдайларға байланысты «Түркістан қазақтарын» Алаш автономиясына қосу
18
мәселесі шешімін таппай қалды.
Белгілі тарихшы М.Қойгелдиев Қоқан автономиясының мақсаты және күйреуі туралы мынадай тұжырым жасады «Кеңестік тарихнама саналы түрде, клерикал- феодалдық мазмұнда көрсетуге тырысқан Түркістан автономиясы жай бір қалалық құбылыс емес, Түркістан халықтарының өзін -өзі билеп алу құқығын мойындамай, ескі империялық түсінік шеңберінде қалып қойған Ташкенттегі кеңестік билікке балама билік есебінде өмірге келген жалпытүкістандық құбылыс болатын. Бұл үкімет алдына ешқашан да сепаратистік мақсат қойған емес. Ал большевиктер билігі болса Қоқан автономистерін күшпен тарата отырып жергілікті халық алдында өздерінің ұлттар теңдігіне қалай қарайтындығын іс жүзінде көрсеткен еді[18].
М.Шоқай Түркістан автономиясы туралы өзінің ойларын қорытындылап «автономия біздің басымыздан кешкен бір тарихи құбылыс. Біз бүгін оны еске түсірумен ғана шектелеміз. Қайталаймыз! Ересек адамдар өздерінің балалық дәуірін еске алатын табиғи құбылыс. Бірақ қайта сол дәуірге оралам деп ойламайды. Сол сияқты біз де ұлттық саяси өміріміздің балалық дәуірі болған Түркістан автономиясын тек тарихи құбылыс ретінде ғана еске аламыз» дейді[19].
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлға аттанады.
1921 жылдары Түркия арқылы Батыс Европаға өтеді. Ат басын тіреп тоқтағаны Париж қаласындағы шағын мекен көрінеді, ол мұнда келісімен Орталық Азия халықтарының тақсіретіне назар аудару үшін Версаль конференциясына сөз салады. Сөйтіп Түркістн халықтарының төңкеріске дейінгі және одан кейінгі тұрмысы туралы ақиқатты үшбу әлемге әйгілейді. Одан соң Германияда ұзақ жылдар өмір сүрді. 1927-1931 жылдары «Жаңа Түркістан», 1929-1939 жылдарда «Жас Түркістан» атты журналдар шығарды. «Жас Түркістан» журналы Берлин мен Парижде айына бір рет араб әрпімен қазақ тілінде шығып тұрғаны да таң қаларлық[20]. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.
19
2.3. Мұстафа Шоқай туралы жаңа деректер
Азаттық радиосы жүргізген зерттеулер барысында Санкт-Петербордың мұрағаттары мен кітапханасында Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы жаңа құжаттар табылды. Бұл құжаттар Шоқайдың Әлихан Бөкейханмен құпия байланыстары жайын анықтай түседі.
Әңгіме қазақтың жас жігіті Мұстафа Шоқай 1910-1914 жылдары оқыған Санкт-Петербор Императорлық институтының ісі жайында болып отыр. Санкт-Петербор мен Ленинград облыстық Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатында сақталған №281 істе оның аты-жөні «Чокаев Мустафа Чокаевич» деп жазылған.
Мұстафа Шоқай туралы жаңа мұрағаттық құжаттар кездейсоқ табылды. Өйткені, негізгі мақсат тағы бір тарихи тұлға – ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының көсемі, Алашорда автономиясының төрағасы Әлихан Бөкейхан туралы деректер, құжаттар іздеу болатын.
Атап айтқанда, Мұстафа туралы жаңа деректер Әлихан Бөкейханның 1894 жылы ғалым-орманшының дипломын алумен қатар Санкт-Петербор университетінің заң факультетінде оқуы, нақтылай айтқанда оны экстернді түрде бітіру мүмкіндігі жайында материалдар іздеу үстінде табылды.
Мұстафа Шоқайдың ісіндегі №3 парақта оның 18-20 жасар кезде түскен, күні бүгінге дейін белгісіз болып келген суреті бірден көзге түседі. Ташкенттегі «Д. В. Назаровъ» ательесінде осыдан 100 жылдан аса бұрын түсірілген, осы уақытқа дейін түсін де, сапасын да жоғалтпаған фотосуреттің сақталуына тіпті қазіргі фото мамандары да қызыққандай.
Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетіне студент қатарына қабылдауды сұрап ректордың атына Мұстафа Шоқайдың жазған өтініші. Орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Санкт-Петербург, Ресей.
Бұл істің келесі №4 парағынан Мұстафа Шоқайдың Санкт-Петербор университетінің ректорының атына оны студент қатарына тіркеу туралы өз қолымен жазған өтінішін («прошеніе») оқуға болады. Құжаттың төменгі жағында хатшының: «Документы проверены 30 іюня. 1910» («Құжаттар 1910 жылдың 30 маусымында тексерілді») деген мөртаңбасы, ал жоғары жағында: «Зачисленъ въ студенты 6 іюля. 1910. Ректор» («Студенттер қатарына 1910 жылдың 6 шілдесінде тіркелді. Ректор») деген мөртаңба басылған.
Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетіне студент қатарына қабылдауды сұрап ректордың атына Мұстафа Шоқайдың жазған өтініші. Орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Санкт-Петербург, Ресей.
Мұстафа өтіншінің мазмұнынан барынша қызығушылық тудыратыны оның соңғы абзацы. Онда өтініш иесі Санкт-Петербор университетінде өзінің оқуының ақысын кім төлейтіндігін айтады:
«...О результате сего прошу Ваше превосходительство уведомить меня чрезъ канцелярію Ташкенсткой гимназіи, что необходимо иметь для предъявленія въ главное управленіе учебными заведеніями Туркестанскаго края на предметъ полученія стипендіи въ память коронованія Ихъ Императорскихъ Величествъ.
Одновременно съ симъ мною переведено по почте на имя г. казначея Университета двадцать пять руб. (25 р.) въ счетъ платы въ пользу Университета. Іюня 21 дня 1910 г. Ташкентъ. [Подпись]. Мой адрес: Ташкентъ. Мужская гимназія. Для Мустафы Чокаевича Чокаева».
(«...Жоғары мәртебелім, бұның нәтижесі жайында маған Ташкент
21
гимназиясының кеңсесі арқылы хабарлауыңызды өтінемін. Бұл маған Императорлар әулетінің таққа отыру құрметіне орай шәкіртақы алу үшін Түркістан өлкесінің оқу орындары жөніндегі бас басқармасына ұсынуға керек.
Бұған қоса айтарым, мен пошта арқылы университет пайдасы үшін оқу ақысы ретінде университет қазынашысының атына жиырма бес рубль аудардым. 1910 жылдың 21 маусымы. Ташкент. (Қолы). Мекен-жайым:Ташкент. Ерлер гимназиясы. Мұстафа Шоқайұлы Шоқаев үшін».)
Мұстафаның Ташкенттегі ерлер гимназиясын бітіргендігі туралы кәмелеттік аттестат және кейінірек Санкт-Петербор университетінің заң факультетін бітіргендігі туралы диплом оның өте қабілетті болғандығын көрсетеді.
Мұстафа Шоқайдың Тәшкенттегі ерлер гимназиясын тәмамдағаны туралы аттестат. Орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Санкт-Петербург, Ресей.
Мұстафа он бір пәннің жетеуінен «5» деген баға алған. Құдай заңын үйренуден мұсылман дінінде болғандықтан, босатылған (от изучения закона божьего освобожден в виду принадлежности к «магометанскому вероисповеданію»). Латын, неміс, француз тілдері мен «математикалық география» сабағынан «4-тік» баға алған.
№9 парақта Мұстафаның өзге суреті жапсырылған студенттік билеті («билет для входа в Императорский С.-Петербургский университет на 1913 - 1914 учебный годъ») сақталыпты. Мұстафа бұл суретке Санкт-Петерборда түссе керек, өйткені үстіне кигені студент формасы.
Төменірек, №11 парақта «Заң факультеті студентінің жазбасын..» немесе қазіргі тілмен айтқанда студенттің есеп кітапшасын көруге болады. Мұнда да Мұстафаның суреті жапсырылып, кітапша 1910 жылдың 6 шілдесінде, яғни студенттер қатарына тіркеле салысымен берілген.
Бұдан ары Мұстафа Шоқайдың ісіндегі №17 парақта мазмұны қызығушылық тудыратын куәлік көшірмесі тігілген.
22
Мұстафа Шоқайға «1913-1914 оқу жылдары Санкт-Петербургтің Императорлық университетіне кіру үшін» берілген студенттік билет. Орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Санкт-Петербург, Ресей.
22
Қорытынды
Мұстафа Шоқайдың қоғамдық –саяси көзқарастарының қалыптасуына ең алдымен әсер еткен нәрсе оның өз ауылындағы Ресей империясының қиянаты, балалық дәуірінде, Ташкент қаласында оқыған жылдарында ол отаршылдық езгіні пайымдап білуге тырысты.
Ал Петербор университетінің студенті болған жылдары сол кездегі империя орталығында орын алған күрделі оқиғалар оның саяси көзқарасының қалыптасуына әсер етсе, университетте оқып жүрген кезден оның Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракиясына Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен хатшы-кеңесші қызметіне орналасуы оның қоғамдық -саяси көзқарасының аясының кеңеюіне және оның саяси күрес сахнасына шығуына негіз жасады. Ресейдің орталық аудандарында бірінші орыс революциясынан кейін құрылған саяси пртиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларымен жете танысуы, сол кезеңде пайда болып, қанатын кең жая бастаған мұсылман қозғалысының серкелерімен таныс болуы оның ұлтжанды, жақсы мағынадағы ұлтшыл қайраткер ретінде тез жетілдірді.
Мұстафа Шоқай әуел бастан –ақ Кеңес үкіметі мен коммунистік партияның идеяларын қабылдамады. Солардың тарапынан өз басына қатер төнгеннен кейін саяси мұғажар ретінде большевизммен күресте ол енді қаламын қару етті. Сол арқылы шетелдегі Түркістандық саяси мұғажырлықтың көсеміне айналды. Мұстафа Шоқайдың ХХ- ғасырдың бірінші ширегіндегі атқарған қоғамдық – саяси қызметінің нәтижесі еліміздің егемендік алуымен жүзеге асырылғандығын өмір өзі дәлелдеді.
23
Сілтемелер тізімі
1. Ә.Бөкейханов Шығармалар Алматы: Қазақстан, 1994ж . 384 б (250-250 бет)
2. Хасан Оралтай «М.Шоқай және оның шетелдегі ізбасарлары» // Қазақ тарихы, 1997ж. №2 6 бет
3. Мәмбет Қойгелдиев «Түркістанның ұлы перзенті»// Қазақ тарихы, 1997ж. №2 15-22 бет.
4. Талас Омарбек «М.Шоқайдың эмиграцияға кетуінің кейбір мәселелері»// Қазақ тарихы,1997ж. №2 28 бет
5. Ә. Әлібек «Мұзарт» // Егемен Қазақстан, 2004ж 25 тамыз
6. Ә. Әлімұлы «Жас Түркістанның отанға оралуы» // Қазақ елі, 2004ж 28 сәуір; Гүлбиғаш Омарова «Түркі рухының қайта оралуы ұлттық мемлекет құру жолында демеу бола ма?»// Түркістан, 2004ж 6 мамыр
7. М.Шоқай Түркістанның қилы тағдыры Алматы: Жалын, 1992ж 182б ; Әбу Тәкенов «Мұстафа Шоқайдың өмірінің кейбір қырлары»// Қазақ тарихы, 1997ж. №2 41бет
8. Әбу Тәкенов «М.Шоқай өмірінің кейбір қырлары»// Қазақ тарихы, 1997ж. №2 41бет
9. Мұстафа Шоқай Таңдамалы І Том Алматы: Қайнар, 1998ж. 512б (105 бет)
10. Мұстафа Шоқай Таңдамалы І Том Алматы: Қайнар, 1998ж. 512б (119 бет)
11.Мәмбет Қойгелдиев «Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай»// Егемен Қазақстан, 1997ж 1 ақпан
12. Ә.Бөкейханов Шығармалар Алматы: Қазақстан, 1994ж 384б (70 бет)
13. Мұстафа Шоқай Таңдамалы ІІ Том Алматы: Қайнар, 1999ж. 520б(257-315 бет)
14. Мұстафа Шоқай Таңдамалы І Том Алматы: Қайнар, 1998ж 512б (29-54 бет)
15. Ә.Бөкейханов Шығармалар Алматы: Қазақстан, 1994ж 384б (71-82 бет)
24
16. Мұстафа Шоқай Таңдамалы ІІ Том Алматы: Қайнар, 1999ж 520 б (318 бет)
17. Ә.Бөкейханов Шығармалар Алматы: Қазақстан, 1994ж 384б (48-87 бет)
18. Мәмбет Қойгелдиев «Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай»// Егемен Қазақстан, 1997ж 1 ақпан
19. Мұстафа Шоқай Таңдамалы І Том Алматы: Қайнар, 1998ж 512б (133 бет)
20. Мұстафа Шоқай Түркістанның қилы тағдыры Алматы: Жалын, 1992ж 182б; Асанбай Асқаров Ұлы Тұранның Ұлдары Алматы: Нұрлы әлем, 1999ж (154-156 бет)
24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мұстафа Шоқай Таңдамалы І Том Алматы Қайнар, 1998ж
2. Мұстафа Шоқай Таңдамалы ІІ Том Алматы Қайнар, 1999ж
3. Мұстафа Шоқай Түркістанның қилы тағдыры Алматы Жалын,1992ж
4. Әлихан Бөкейханов Шығармалар Алматы Қазақстан,1994ж
5. Асанбай Асқаров Ұлы Тұранның Ұлдары Алматы Нұрлы әлем,1998ж
7. Мәмбет Қойгелдиев «Түркістанның ұлы перзенті»// Қазақ тарихы, 1997ж. №2 15-22 бет
8. Талас Омарбеков «Мұстафа Шоқайдың эмграцияғя кетуінің кейбір мәселелері»// Қазақ тарихы, 1997ж. №2 28 бет
9. Кеңес Нұрпейіс «Мұстафа Шоқай Қазақстан мен Түркістанның 1917-1927 жылдардағы қоғамдық –саяси өмірі туралы» //Қазақ тарихы, 1997ж. №2 24 бет
10.Әбу Тәкенов «Мұстафа Шоқай өмірінің кейбір қырлары»// Қазақ тарихы, 1997ж. №2 41 бет
11. Мәмбет Қойгелдиев «Тұтас Ттүркістан идеясы және Мұстафа Шоқай» //Егемен Қазақстан, 1997ж. 1 ақпан
12. Гүлбиғаш Омарова «Түркі рухының қайта оралуы ұлттық мемлекет құру жолында демеу бола ма?» //Түркістан, 2004ж 6 мамыр
13. Ә.Әлімұлы «Жас Түркістанның отанға оралуы» //Қазақ елі, 2004ж 28 сәуір
14. А.Сатаев «Мұстафа Ташкентте»// Қазақ елі, 1997ж 1 тамыз
15. Ә.Әлібеков «Мұзарт» //Егемен Қазақстан, 2004ж 25 тамыз
16. Ж.Ахметова «Мұстафа Шоқай және Түркістан автономиясы»// Ізденіс, 2004ж. №1 10 бет
17. Ә.Исахов «Ұлы тұлғаның ұрпақтары»// Оңтүстік Қазақстан, 2006ж. 29 тамыз 4 бет
18. Б.Қалымбет «Мұстафа Шоқай Ата тегі»//Жас Түркістан, 2002ж. №1 13 бет
19. С.Балғабаев «Бостандық алар күн туса» //Қазақ әдебиеті, 2006ж. №40 8-9 бет
20. Дархан Қыдырәлі «Қос бәйтерек: (М.Шоқай мен Т.Рысқұлов ұлт мүддесі жолында қалай күресті?)»//Оңтүстік Қазақстан, 2004ж. 7 қазан
21. Әсима Ипмағанбетова «М.Шоқай –кемел ой кемеңгері»// Ақиқат, 2003ж. №7 64 бет
25
Мұстафа Шоқайұлы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.