Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқу курсының тақырып мазмұны -

Оқу курсының тақырып мазмұны

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 289 | Просмотров: 2636 | Размер: 408.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Түсініктеме

Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасының негізінде жасалынды.
Бағдарламада бүкіл қазақ әдебиеті тарихының тұтас күйін ойда ұстай отырып, ежелгі дәуір әдебиетінің тарихи орнын, мән-маңызын аңғарту, сөйтіп оқушы бойында біртұтас әдеби сананы қалыптастыру міндетін жүзеге асыру мақсат етіліп қойылды. Ежелгі дәуір әдебиеті ұғымын оқушылар ертедегі ауыз әдебиетінен ажырата білуге, ежелгі дәуір әдебиеті деп оқылатын шығармалар қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының ортақ қазынасы екенін пайымдауға тиіс болады. Ежелгі дәуір әдебиеті қазіргі қазақ тілінен едәуір өзгешеліктері бар көне түркі тілінде жазылғандығын, солай бола тұра оның болмысы, мазмұн-мәні қазақ әдебиеті тарихының іргетасы болып табылатындығын меңгертуді көздейді.
Әдебиеттегі кереметтердің бірі болып табылатын Орхон және Енисей өзендері бойынан табылған айналасы ат шаптырым жерді алып жатқан мол көлемді құлыптастарға ойылып жазылған жырлар біздің төл жазба әдебиетіміздің басы болуымен де аса құнды екені меңгертіледі. Күлтегін жырларының табылу тарихынан, оның қазіргі қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру оқушылар қызығушылығын арттыра түседі. Мұндай жыршы тастардың, ақын тастардың Талас бойынан да табылғаны қазақ жазба мәдениетінің әріден келетін тарихының орнықты, дәйекті екенін көрсететініне көңіл бөлінеді.
«Қорқыт ата кітабы» деп аталатын жинақтың ішінде он екі жыр топтастырылғанын, олардың әр түрлі дербес жырлар бола тұра ерлік пен ізгілік мәселелерін қатар өріп отыратыны көрсетіледі.
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері ішінде «Оғыз нама» сияқты қара сөзбен жазылған шығармалардың да бар екені қазақ жазба прозасының желісі сонау бұрынғы замандардан таратылатынын ұғындыруға назар аударылды. Бұның өзі ұлттық сананың жан-жақты қалыптасуына әсер етеді.
Ежелгі дәуір әдебиетінің көрнекті өкілдері Ахмет Иассауи, Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари т.б. мұраларын оқыту оқушылар түсінігі үшін аса күрделі екені ескерілді. Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр ететін ғажайып дастандардың озық үлгілері қамтылды.Бұл әдебиет үлгілерінде ақыл-парасат, өнер-білім, әдептілік, тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік, жомарттық, тіл мәдениеті, әке-шешені құрметтеу т. б. кең көлемде сөз болады. Мұның бәрі бала тәрбиесіне оң әсерін тигізері сөзсіз.

Мақсаты:

Ежелгі дәуір әдебиетінің мән-маңызы мен өзіндік ерекшеліктері, көркемдік сипатын таныту. Оқушы бойында тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты егу. Ежелгі мұраларымызды өнер табиғатына сай оқи білуін, оның идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына мүмкіндік туғызу.

Міндеті:

Танымдық бағыт бойынша:

1.Көркем шығармалардағы сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге баулу.

2.Оқушыларға әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, мақсаттылығын түсіндіру.

3.Туындының адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру.

4.Шығарманың тілдік, стильдік ерекшеліктерін, жеке сөз қолданыстардың шығармадағы көркемдік-эстетикалық жүгін түсіне білулерін қамтамасыз ету.

5.Шығарма әлеміне оқушыны енгізе отырып, ой қозғалысына жетелеу, көркем туындыға қызығушылығын арттыру.

Практикалық бағыт бойынша:

1. Оқушыларды өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

2. Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол ашу,
шығармашыл тұлға қалыптастыру.

3.Өзіндік ой пікірін айта білуге, дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды, шешен сөйлеуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін білімді әрі мәдениетті тұлға.

Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары

1. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін өз бетімен ізденіп оқу.

2. Әдебиет үлгілерінің мән-маңызын, ерекшіліктерін тани білу.

3. Берілген деректерді жинақтап қорытынды шығара білу.

4. Шығармалардың тарихи-әлеуметтік мәні мен әдеби сипатын дұрыс аңғара білу.

5.Ежелгі мұралардың сюжетін, композициялық құрылысын, стильдік ерекшеліктерін, идеялық- көркемдік маңызын түсіне білу.

6. Жырлардың поэтикалық тіліне талдау жасау .

7. Тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыру жұмыстарын, сөздік жұмысын жүргізу.

8-сынып
Аптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат
№ Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
І Ежелгі дәуір әдебиеті – ата-баба мұрасы
1. Ежелгі дәуір әдебиеті туралы жалпы шолу 1
ІІ Көне түркі әдебиеті (VІ-ІХ ғ. ғ.)
2. Орхон-Енисей жазба мұралары түркі халықтарына ортақ мұра 1
3. Орхон-Енисей жазба ескертіштерінің тілі 1
4. Көне сөздер құпиясы 1
5. Ежелгі түркі жазулары 1
6. Орхон-Енисей ескерткіштерін зерттеушілер 1
7. Күлтегін жыры (бірінші жазу) 1
8. Күлтегін жыры (үлкен жазу) 1
9. Тоныкөк 1
10. Қорқыт ата 1
11. Қорқыттың нақыл сөздері 1
12. Дерсе хан ұлы Бұқашхан туралы жыр 1
13. Оғыз қаған жыры 1
ІІІ Ислам дәуіріндегі әдебиет 1
14. Әбу Насыр әл-Фараби 1
15. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат 1
16. Әл-Фараби өлеңдері 1
17. Махмұд Қашқари өмір жолы, шығармашылығы 1
18. Түркі тілдерінің жинағы 1
19. Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік» 1
20. Ахмет Иассауидің танымдық өмірі 2
21. Даналық кітабы 1
22. Кітаптағы сопылық хикметтер 1
23. Сүлеймен Бақырғани. «Бақырғани кітабы» 1
ІІІ Алтын Орда – қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
(ХІІ-ХІV ғ.ғ.)
24. Кодекс Куманекус 1
25. Жұмбақтар 1
26. Рабғузи. Лұқман хакім хикаялары 1
27. Хазрет Сүлеймен хикаялары 1
28. Харут пен Марут хикаясы 1
29. Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер 1
30. Хорезми. «Махаббатнама» 1
31. Хұсам Кәтиб. «Жұмжұма сұлтан» 1
32. Сәйф Сараи хикаяттары 1
33. Жинақтау. Қорытындылау 1
34

Оқу курсының тақырып мазмұны

1. Ежелгі дәуір әдебиеті – ата-баба мұрасы
Ежелгі дәуір әдебиетіне жалпы шолу жасалады.

2. Көне түркі әдебиеті Орхон-Енисей жазба мұралары түркі халықтарына ортақ мұра екендігі ұғындырылып, көне сөздер құпиясы туралы сыр шертіледі. Қорқыт атаның нақыл сөздерінен нәр алады.

3. Ислам дәуіріндегі әдебиет Ислам дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілдері Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни сынды ұлы ғұламалардың өмір жолымен танысып, шығарамаларының мазмұны ұғындырылып, талдау жасалады.

4. Алтын Орда – қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
Алтын Орда – қыпшақ дәуірінде өмір сүрген шайырлардың шығармаларымен танысады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы «Ана тілі» 1991 жыл

2. Ә.Әбіласан. «Көне сөздер құпиясы» Алматы 1995 жыл

3. Ә.Қоңыратбаев. «Қорқыт ата кітабы» Алматы «Жазушы» 1986 жыл

4. Ә.Дербісалин. « Қорқыт ата» Алматы 1993 жыл

5.Б.Ысқақов. «Қорқыт ата» Алматы «Жазушы» 1994 жыл

6. «Орхон жазбалары» Алматы «Атлас» 2001 жыл

7.Қ.Бітібаева. «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту әдістемесі» Алматы 1997 ж.

Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер

Оқу деңгейін бақылау

1.Шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізу.

2.Өтілген тақырыптарға байланысты тест жұмыстарын алу.

3.Деңгейлік тапсырмалар орындау.

Пәнді оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету

1.Әдістемелік оқу құралы. 8-сынып Алматы . «Атамұра» 2009 ж.

2.Ұ.Байсақалова. «Шығармашылық жұмыстың түрлері». Алматы. «Мектеп» 1989ж.

3. М.Балақаев. «Қазақ тілінің мәдениеті». Алматы 1989ж.

4.«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы

5. «Білім шуағы» газеті

6.Ұ.Байсақалова. «Әдебиет сабағындағы шығармашылық жұмыстың түрлері» Алматы – 1991 ж.

7. Қ.Бітібаева. «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы»,
Өскемен -2002ж.

8.З.Ахметов. «Әдебиеттану». «Рауан». Алматы- 1998 ж.

9.С.Мақпырұлы. «Әдебиеттану». Алматы – 2000 ж.

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Тоныкөк
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тоныкөк туралы мәлімет беру, жыр мазмұнымен, нақыл сөздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Деңгейлік тапсырмаларға жауап беру.
ІІІ Жаңа сабақ
Орхон жазба ескерткіштері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы Тоныкөктің өзі деген болжам бар. «Тоныкөк» жыры 313 өлең жолдынан тұрады. Тоныкөк екінші шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлес қосқан кемеңгер.
«Тоныкөк» жырынан үзінді:
Білге Тоныкөк, мен өзім, табғаш елінде тәрбиелендім.
Түркі халқы табғаштарға бағынышты еді.
Түркі халқы, ханы болмай,
Табғаштардан ажырады, хандық құрды.
Хандығын тастап,
Табғашқа қайта бағынды.
Тәңірі былай деген екен
Хан бердім,
Ханыңды тастап, бағындың
Бағынғаның үшін
Тәңірі өлімші етті,
Түркі халқы қырылды.
Әлсіреді, жойылды.
Ойда, қырда қалғаны
Жиылып, жеті жүз болды.
Екі бөлігі атты еді,
Бір бөлігі жаяу еді. Жеті жүз кісіні ерткен
Ұлығы шад еді.
- Ілесіңдер – деді.
Ілескен мен едім –
Білге Тоныкөк.

«Топтастыру» стратегиясы

қағанның кеңесшісі уәзір

ұлы дана

күндіз отырмады,
түнде ұйықтамады ақыл-парасатты

мәңгілік мұра қалдырған көреген

«Бес жолды өлең»
1.Зат есім- Тоныкөк
2.Сын есім- ақыл-парасатты, дана, көреген.
3.Етістік – ақылшы болды, адал қызмет етті,
4.Сөйлем – Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болды.
5.Синоним – уәзір, ақылшы.
ІV Сабақты пысықтау
Білге Тоныкөк кім болды?
Оның ақыл иесі, сөз иесі екендігін жырға сүйене отырып дәлелдеңдер.
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Төнікөк жырын оқу, мазмұнын баяндау

Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қорқыт шешендігі туралы мәлімет беру. Нақыл сөздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер, «Қорқыт ата»
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Қорқыт шешендігі арнайы зерттелмесе де, қазақ шешендік өнерінің тарихын бес кезеңге бөлген Б.Адамбаев Қорқытты Майқы би мен Аяз биге қосып, қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңіне жатқызады. Қорқыт, зерттеушілер пікірінше, оғыз-қыпшақтардың Баят-қият руынан шығып, VІІІ- ІХ ғасырларда өмір сүрген. Түрік ғалымы Константин Богародный Қорқытты ІХ ғасырда Дон бойындағы пешенелердің көсемі болған дейді. М.Қашқари пешенелерді оғыздардың бір тайпасы ретінде көрсетсе, енді біреулер оларды Дон қыпшақтардың бір бұтағы деп біледі.
Қорқыт Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан философ, ақылшы батагөй, асқан ақын, сәуегей шешен кісі болған. Шоқн Қорқытты «Бірінші бақсы, қазақтарды қобыз тартуға, сарын айтуға үйретті,» - деп жазды. Ш.уәлихановтың суреттеуінше, бақсы – тылсым дарыған білгіш, өзі ақын, өзі музыкант, ол болашақты болжайды әрі дәрігер болады.
Бақсы деген сөз – түрікмен тілінде ақын, моңғол тілінд – үйретуші. Қорқыт туралы айтылған қазақ аңызарында Қорқыт халықтың кемеңгер ұстазы, кеңес беретін данасы, тарихи дәуірдегі асқан жырау, қазақтың күйшілерінің ұлы атасы.
Қорқыт айтты дейтін сәуегейлік сөздер қазіргі қазақ мақалдарының түпкі негізі болып табылады.
Қорқыттың нақыл сөздері Қазақ мақал-мәтелдері
Күлді қанша үйгенмен, төбе болмас.
Ежелгі жау ел болмас.
Ат қиналмай жол болмас.
Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман.
Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.
ІV Сабақты пысықтау
Қорқыт нақыл сөздері мен қазіргі мақал-мәтелдердің ұқсастығы бар ма?
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың нақыл сөздерін оқу.

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Тоныкөк
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тоныкөк туралы мәлімет беру, жыр мазмұнымен, нақыл сөздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Деңгейлік тапсырмаларға жауап беру.
ІІІ Жаңа сабақ
Орхон жазба ескерткіштері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы Тоныкөктің өзі деген болжам бар. «Тоныкөк» жыры 313 өлең жолдынан тұрады. Тоныкөк екінші шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлес қосқан кемеңгер.
«Тоныкөк» жырынан үзінді:
Білге Тоныкөк, мен өзім, табғаш елінде тәрбиелендім.
Түркі халқы табғаштарға бағынышты еді.
Түркі халқы, ханы болмай,
Табғаштардан ажырады, хандық құрды.
Хандығын тастап,
Табғашқа қайта бағынды.
Тәңірі былай деген екен
Хан бердім,
Ханыңды тастап, бағындың
Бағынғаның үшін
Тәңірі өлімші етті,
Түркі халқы қырылды.
Әлсіреді, жойылды.
Ойда, қырда қалғаны
Жиылып, жеті жүз болды.
Екі бөлігі атты еді,
Бір бөлігі жаяу еді. Жеті жүз кісіні ерткен
Ұлығы шад еді.
- Ілесіңдер – деді.
Ілескен мен едім –
Білге Тоныкөк.

«Топтастыру» стратегиясы

қағанның кеңесшісі уәзір

ұлы дана

күндіз отырмады,
түнде ұйықтамады ақыл-парасатты

мәңгілік мұра қалдырған көреген

«Бес жолды өлең»
1.Зат есім- Тоныкөк
2.Сын есім- ақыл-парасатты, дана, көреген.
3.Етістік – ақылшы болды, адал қызмет етті,
4.Сөйлем – Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болды.
5.Синоним – уәзір, ақылшы.
ІV Сабақты пысықтау
Білге Тоныкөк кім болды?
Оның ақыл иесі, сөз иесі екендігін жырға сүйене отырып дәлелдеңдер.
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Төнікөк жырын оқу, мазмұнын баяндау

Күні:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Түркі тілдерінің жинағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түркі халықтарының тілдерінің өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Тіл адамдардың өзара түсінісу, қарым-қатынас жасау қажеттіліктерін өтеу нәтижесінде пайда болды, қалыптасты, жетілді.
Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын алты кезеңге бөліп қарастырады. Түркі тілдері көне дәуір аталатын заманға дейін де алтай, ғұн дәуірі сияқты кезеңдерді бастан өткізген көрінеді. Ал жазба мәлімет, деректер түркі халықтарының тас кітаптарында жатыр. Түркілер оларды «бітіг таш» деп атаған. «Бітіг» жазу дегенді білдіреді. Сонда бұл – тастағы жазу деген сөз. Демек, ертедегі түркі халықтары өзіне тән алфавиттік жүйесі, емлесі бар жазуды дүниеге әкелген. Ескерткіштер сол замандағы түркі тектес халықтың бәріне ортақ тіл болған деуге болады. Ескерткіштердегі сөздердің басым көпшілігі қазір де сол қалпында қолданылады. Мысалы, ескерткіште тағ, таш, қазақ тілінде тау, тас.
Бұлардың қатарына үч- үш, қара, төрт, қыш – қыс, ата, апа, көз, арқа, тай, ат, ер, алтун – алтын, көңүл – көңіл сияқты толып жатқан сөздерді қосуға болады.
Қазақ тілі қыпшақ-ноғай тіліне жатады. Оның басқа топтағы тілдерден мынадай айырмашылықтары бар
1.Жалпытүркілік сөз соңында (ш) дыбысының орнына қазақ тілінде (с) дыбысы қолданылады. Таш – тас, қыш – қыс.
Қазақша Қырғызша Өзбекше Татарша
ана
іні
жүрек
тіс
Эне
Ини
Жүрөөк
тіш Она
Ини
Юрак
тиш Ана
Эне
Йөрек
теш

ІV Сабақты пысықтау

Ежелгі түркі жазулары мен қазақ тілінің арасында қандай ұқсастықтар бар?
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Түркі халықтарының тіл ұқсастықтарын дәлелдейтін сөздер жазып келу

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Орхон-Енисей жазба ескерткіштері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі түркі жазуларының өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Ал жазба мәлімет, деректер түркі халықтарының тас кітаптарында жатыр. Түркілер оларды «бітіг таш» деп атаған. «Бітіг» жазу дегенді білдіреді. Сонда бұл – тастағы жазу деген сөз. Демек, ертедегі түркі халықтары өзіне тән алфавиттік жүйесі, емлесі бар жазуды дүниеге әкелген. Ескерткіштер сол замандағы түркі тектес халықтың бәріне ортақ тіл болған деуге болады. Ескерткіштердегі сөздердің басым көпшілігі қазір де сол қалпында қолданылады. Мысалы, ескерткіште тағ, таш, қазақ тілінде тау, тас.
Бұлардың қатарына үч- үш, қара, төрт, қыш – қыс, ата, апа, көз, арқа, тай, ат, ер, алтун – алтын, көңүл – көңіл сияқты толып жатқан сөздерді қосуға болады.
Қазақ тілі қыпшақ-ноғай тіліне жатады. Оның басқа топтағы тілдерден мынадай айырмашылықтары бар.
Орхон- Енисей ескерткіштерінің әріп таңбалары
Таңбалар Мәні Таңбалар Мәні
Аа, Ее НИ ни
Бб НТ нт
Бь Бь НЧ нч
Ғғ Оо Уу
Гг Өө Үү
Дд Пп
Дь дь Рр
Зз Рь рь
Ыы Іі Сс
Йй Сь сь
Ққ Тт
Кк Ть ть

ІV Сабақты пысықтау
Ежелгі түркі жазулары мен қазақ тілінің арасында қандай ұқсастықтар бар?
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Орхон-Енисей ескерткіштерінің әріп таңбаларын жаттау.

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қорқыт шешендігі туралы мәлімет беру. Нақыл сөздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер, «Қорқыт ата»
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан философ, ақылшы батагөй, асқан ақын, сәуегей шешен кісі болған. Шоқан Қорқытты «Бірінші бақсы, қазақтарды қобыз тартуға, сарын айтуға үйретті,» - деп жазды. Ш.Уәлихановтың суреттеуінше, бақсы – тылсым дарыған білгіш, өзі ақын, өзі музыкант, ол болашақты болжайды әрі дәрігер болады.
Бақсы деген сөз – түрікмен тілінде ақын, моңғол тілінд – үйретуші. Қорқыт туралы айтылған қазақ аңызарында Қорқыт халықтың кемеңгер ұстазы, кеңес беретін данасы, тарихи дәуірдегі асқан жырау, қазақтың күйшілерінің ұлы атасы.
Қорқыт айтты дейтін сәуегейлік сөздер қазіргі қазақ мақалдарының түпкі негізі болып табылады.
Қорқыттың нақыл сөздері Қазақ мақал-мәтелдері
Күлді қанша үйгенмен, төбе болмас.
Ежелгі жау ел болмас.
Ат қиналмай жол болмас.
Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман.
Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.
Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас.
Ежелгі дұшпан дос болмас.
Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас.
Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес.
Ер малын қимайынша, аты шықпас.
ІV Сабақты пысықтау
1.Қорқыт ата кім болған?
2.Ол қандай қасиеттерімен ел есінде қалған?
3.Қорқыт ата өлімнен құтыла алды ма?
4.Қорқыт нақыл сөздері мен қазіргі мақал-мәтелдердің ұқсастығы бар ма?

V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың нақыл сөздерін оқу.
Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әбу Насір әл-Фараби туралы мәлімет беру. Нақыл сөздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер, «Қорқыт ата»
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстазымыз деп таныған
Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған бағдатқа кетіп, Сирияда, шам шаһарында қайтыс болған. Өз ана тілі түркі тілінен басқа араб, парсы, түрік тілдерін жетік біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған.
Өлеңдері

Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең,
Сезініп мен деміңді гүл атқанмен,
Оның өзі бір-ақ сәт,,, содан кейін,
Мұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен...

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып.

ІV Сабақты пысықтау
1. Әл-Фараби кім?
2. Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?
3. Өлеңдерінде қанда йойлар айтылған?
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың нақыл сөздерін оқу.

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлең өнерінің қағидалары туралы мәлімет беру. Нақыл сөздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер, «Қорқыт ата»
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Рақматы күшті раббымның атынан бұл зерттеудегі біздің мақсатымыз – тынық ой маржанын сүзіп, онымен танысқандарға философтардың поэзия туралы айтқандарын түсінуге қол ұшын беру еді.
Жалпы айтқанда, сөздің мағыналы, яки мағыначыз болмағы жарт. Алғашқысының ішінде кейбір қарапайым, басқаларға күрделі келмекші. Күрделі сөздің жәй айтылуы да, тұспалмен жеткізілуі де мүмкін.
Мамыражай күйдегі адам кейде қиялға шомып, мәселен, серуендеп жүргендей, жағадағы жапырлаған тынығушыларға қарағанда немесе жерде тұрып, көкткмгі бұлтардың жөңкіген көшін аспандағы ай мен жұлдыздарды көргендей бір түрлі күй кешеді.
Философтың поэзия өнеріне байланысты тұжырымдарында келтірген топтауына сәйкес өз ретімен келтіре кеткен жөн. Грек поэзиясы сипаттағандай, төменднгі топқа бөлінеді.

1. Трагедия
2. Дифирамбы
3. Комедия
4. Драма
5. Эпос
6. Диаграмма
7. Эпос
8. Сатира
9. Поэма
10. Эпос
11. Риторика
12. Акустика

ІV Сабақты пысықтау
1. Әл-Фараби кім?
2. Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?
3. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың нақыл сөздерін оқу

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әбу Насір әл-Фараби туралы мәлімет беру. Өлеңдерімен таныстыру, мағынасын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстазымыз деп таныған
Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған Бағдатқа кетіп, Сирияда, шам шаһарында қайтыс болған. Өз ана тілі түркі тілінен басқа араб, парсы, түрік тілдерін жетік біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған.
Өлеңдері

Қағаздың түсіп бетіне,
Сызықтай бейне тартылған.
Тап болып, жігер сарқылған,
Кездейсоқ өмір өтіне,
Қайыспай тұрса нар тұлғаң.

Сонда да беріп кетеміз,
Жүректің отын молында
Арманды аңсап өтеміз,
Біз ұлы мұрат жолында.

Қайтейін мен көкжиек көңілімді,
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.

Өлең шумақтары Менің түсінігім
1 шумақ

Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,
Екіншіде – шарап бар жайы мәләм.
Даналықты сиямен молықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.

Бауырым, қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.
Жататын дәйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мәңгілік.
Бейопа мына заманда,
Бақұл боп кетер адам да.
Жұрт кілең күнін көп қызық,
Жіберер зая өткізіп.

ІV Сабақты пысықтау
1. Әл-Фараби кім?
2. Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?
3. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?
VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың өлеңдерін жаттау

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Иассауи. «Даналық кітабы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Даналық кітабы» шығармасының мазмұнымен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Ақынның «Диуани хикмет» («Даналық кітабы» немесе «Парасатты сөздер жинағы») атты өлең кітабы шығыста кең тараған сопылық поэзия дәстүрәнде жазылған. Кітаптағы адамгершілік, әдептілік, ынсап, қанағаттылықты дәріптейтін өлеңдер, шешендік ақыл-нақыл сөздері дидактикалық үлгіде айтылып, өзінен кейінгі сыр өңірі бойында жасаған Сүлеймен бақырғани, Ахмет Йүгінеки сынды ақындарға дәстүр болған.
Ахмет Иассауидің сопылық жолын ұстаған өз өмірі де, кітабындағы өсиеттері де дінге берік болу, адалдықпен өмір сүріп, адамды сүюге арналған. Қазақ ішінде ғана емес, бүкіл Орта Азия мұсылмандарының рухани ұстазы болғандықтан, ол кісіні Әзіреті сұлтан Қожа Ахмет Иассуи деп атаған.

«Даналық кітабы» шығармасынан үзінділер
Шын талапкерді сұрасаңыз іші-тысы – гауһар тұр.
Хаққа аян сырлары жегендері таза нұр.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Сурететрі софы тәріздес қияметтен қорықпайды.
Пасық, жиіркенішті, ұлан-ғайыр күнәларынан шімірікпейді.
Талапкерім деп айтады көңілінде зәрредей жарық жоқ...

Жеті жаста Арыслн бабам сөздерін есітіңіз- тәбәрік.
Жеті жаста Арыслан бап Түркістанға келді.
Мың бір зікір үйретіп мейірбандық жасады.
Құл Қожа Ахмет сөзіңді надандарға айтпа.
Сөзіңді айтып наданға соқыр тиынға сатпа.
Аштан өлсең де ешқашан оңбағанна қайыр күтпе.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.

ІV Сабақты пысықтау
1. Ахмет Иассауи кім?
2. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?
VІ Үйге тапсырма: Үзінді жаттау

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: «Даналық кітабындағы» сопылық хикметтер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Даналық кітабындағы» сопылық хикметтермен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ

Ахмет Иассауидің сопылық жолын ұстаған өз өмірі де, кітабындағы өсиеттері де дінге берік болу, адалдықпен өмір сүріп, адамды сүюге арналған. Қазақ ішінде ғана емес, бүкіл Орта Азия мұсылмандарының рухани ұстазы болғандықтан, ол кісіні Әзіреті сұлтан Қожа Ахмет Иассуи деп атаған.

«Даналық кітабы» шығармасынан үзінділер
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.

Кел, жиылыңдар, зікірші құлдар зікір айталық.
Зікір айтушыларды құдай өте жақсы көреді.
Кәмбіл пірдің қызметіне беліңді байла.
Қылыштан өткір қыл көпірдің аты – Ысрат.

Жалған тақуалық еткен өте алмай қалады.
Жалған ғибадат еткендерден құдай безеді.
Ел көзіне бетегеден биік ,жусаннан аласа, сыры құпия.
Жан-тәнімен алланы еске түсіретін дұға айтып жүреді.
Ахиреттің саудасын саудаласаң,
Бұл дүниенің күйбеңін ойыңа алма.
Еңбек ет те, пейіштің рақат-ләззатына ие бол.

ІV Сабақты пысықтау
1. Ахмет Иассауи кім?
2. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?
3. Сопылық хикметтердің қандай тірбиелік мәні бар?
VІ Үйге тапсырма: Үзінді жаттау

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Сүлеймен Бақырғани. «Құтты білік»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сүлеймен Бақырғанидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Сүлеймен Бақырғанидің лақап аты – Хакім ата, 1186 жылы қайтыс болған, түркістандық ақын. Ол Ахмет Иассуидің жолын қуған мүриті болған. Ұстазының үлгісімен діни мазмұнда өлең кітбын жазған. Кітапта сопылық дәстүр дәріптеледі. Адамгершілік, ғашықтық, білім, тағы да басқа жайында дидактикалық өсиет өлеңдер бар. Діни аңыздардың желісіне сюжетті өлеңдер жазған. Сөйтіп түркі әдебиетінде кең өріс алып, қазақтың кейінгі қиссашыл ақындарының шығармашылығында дамытылған нәзирашылдық әдістің алғашқы бастаушыларына жол алған.
Бақырғани кітабынан
Құдайға құлшылық еткің келсе,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.
Таңсәріде тұрмай ісің бітпейді.
Құдайдың құлы мақсатына жетпейді.
Сәрі ұйқысы пайда бермейді.
Таңсәріде тұруды әдет қыл.
Таңсәріде тұру – ғибадат.
Таңсәріде тұру – бақыт.
Таңсәріде тұру – сүйіспеншілікке ие болу.

Жан-тәніммен жинадым
Бұл дүниеде мал-мүлікті.
Ол мал-мүліктің ақыр соңы
Ойран екенін білмедім.
Жиһаз, тағам ідедім,
Сауық сайран, жан тыныштық жолында.
Әттең, бұл істердің бәрі
Шектеулі екенін білмедім.

ІV Сабақты пысықтау
1. Сүлеймен Бақырғани кім?

Сабақтың тақырыбы: Кодекс Куманикус
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кодекс Куманикус кітабы туралы мәлімет беру
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
«Кодекс Куманикус» (куман – қыпшақ деген сөз) ХІІІ ғасырдың екінші жартысында құрастырыла бастап, ХІV ғасырдың басында (1303 жылы) аяқталған кітап. Қолжазба екі бөлімнен тұрады. 1) Латынша – парсыша – куманша сөздік, 2) куманша – немісше-латынша сөздік. Сөздіктің көлемі 164 бет. Онда сөздердің бірнеше тілдегі мағынасымен қатар, 50-ге тарта жұмбақтар, діни хикаялар бар. Діни хикаялар христиан аңыздарынан алынып, кумандар арасында христиан дінін уағыздау мақсатын көздеген.
Қолжазбаның жалғыз данасы Венециядағы Марк әулиенің шіркеуінде сақталған. Төмендегі мәтіндер көне готикалық шрифтерімен жазылған қолжазбаның К.Гренбек бастырған түпнұсқасы бойынша берілген.
Жұмбақтар

1. Там-там тамызық,
Таматұғын тамызық,
Көлеңдеп жүріп, күйетұғын тамызық.
Ол – көбелек.
2.Онда-мұнда түйіндер бар,
Айыр ағаштан май тамады.
Ала-құла түйіндер бар
Қу ағаштан май тамады.
Ол – жүзім жемісі мен ағашы.
3.Аппақ алды жабулы,
Шоқпардай алтын басты.
Ол – тырна.
4. Сенде, менде жоқ,
Сеңгір тауда жоқ,
Өте берік таста жоқ,
Қапшықта жоқ.
Ол – құстың сүті.
5. Сиырдың сырты,
Қойдың қоң еті.
Ол – кереге.
6. Жазда жаңа келін иіліп тұрады.
Ол – қамыстың басы.
7.Айдалада майлы тоқпақ жатыр.
Ол – кірпі.
8.Міне барды – ізі жоқ.
Ол – кеме.
8.Көкше лағым көгенде семіреді.
Ол – қауын.
9.Сарайдағы сары айғыр
Күлдір-күлдір кісінейді.
Ол – қазан.

ІV Сабақты пысықтау
1. Кодекус Куманикус нешінші ғасырларда құрастырылған?
2. Қолжазба неше бөлімнен тұрады?
3. Қолжазбаның жалғыз данасы қай жерже сақталған?
VІ Үйге тапсырма: Жұмбақтарды жаттау

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кодекс Куманикус кітабындағы жұмбақтармен таныстыру және қазақ жұмбақтармен ұқсастығын таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Жұмбақтар

1.Күннен елші келеді,
Күміс ашашып келеді,
Айдан елші келеді,
Алтын шашып келеді.
Ол – күн мен айдың шашылған нұр сәулесі.
2. Ұзын ағаш басына
Ұлы жазу жаздым,
Алтын қабыршақтының тұқымы келсін деп,
Өзім күтіп отырдым.
Ол – қармақ пен балық.
3.Отырғаным – оба жер.
Басқаным – бақыр шанақ.
Ол – үзеңгі.
4.Түйін түйдім,
Тұтылатынға салдым.
Ол – лашын.
5.Көктен түскен тоқпақ,
Төрт аяқты, маймақ.
Ол – кірпі.
6. Қызыл тері қалтам бар,
Алты-ақ турам асым бар.
Ол – жаңғақ.

«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар Қазіргі қазақ жұмбақтары
Көкше лағым көгенде семіреді.
Ол – қауын.
Міне барды – ізі жоқ.
Ол – кеме.
Ақ үй не аузы жоқ.
Ол – жұмыртқа.

ІV Сабақты пысықтау
1. Кодекус Куманикус нешінші ғасырларда құрастырылған?
2. Қолжазба неше бөлімнен тұрады?
3. Қолжазбаның жалғыз данасы қай жерже сақталған?
VІ Үйге тапсырма: Жұмбақтарды жаттау

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Сүлеймен Бақырғани. «Құтты білік»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сүлеймен Бақырғанидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1.Деңгейлік тапсырмалар
2.Тест жұмысы
ІІІ Жаңа сабақ
Сүлеймен Бақырғанидің лақап аты – Хакім ата, 1186 жылы қайтыс болған, түркістандық ақын. Ол Ахмет Иассуидің жолын қуған мүриті болған. Ұстазының үлгісімен діни мазмұнда өлең кітбын жазған. Кітапта сопылық дәстүр дәріптеледі. Адамгершілік, ғашықтық, білім, тағы да басқа жайында дидактикалық өсиет өлеңдер бар. Діни аңыздардың желісіне сюжетті өлеңдер жазған. Сөйтіп түркі әдебиетінде кең өріс алып, қазақтың кейінгі қиссашыл ақындарының шығармашылығында дамытылған нәзирашылдық әдістің алғашқы бастаушыларына жол алған. Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі (гармония) мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік — Құдай. Алла — таза абсолюттік болмыс. Алла төрт бірліктен (от, су, жер, ауа) құралатын төрт тарап дүниені жаратты. Сосын өсімдіктерді, жәндіктерді, жан-жануарларды, оларға әмірін жүргізуші төрт мүшеден (аяқ, қол, бас, дене) түратын адамдарды дүниеге келтірді. Бақырғани пікірінше, қүдайдың сұлулығын пәни жалған пендесі танып-біле алмайды. Өйткені қарапайым адам мен Алла тағала арасында көзге көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, құдайды танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылық жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған адам Аллаға бір табан жақын болады. Құдайды ақыл емес, оған деген махаббат арқылы танып-білуге болады. Махаббат — жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сұраққа Қасиетті Алла кітабының 61-аятымен жауап береді. Құдай сұлулығы — оның рақымшылдығында, кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тұра алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның қол астына жиналады. Табиғат пен адамзат заңдары бір-бірімен байланысты. Адам өзін-өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады. Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгіл, сынай да алмайды. Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла дидарын тамашалай алады.
Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген: 1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы; 2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі; 3. Рухани сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік қүрайды. Міне, осы ойлардың бәрі сопылық ілімнен бастау алып жатыр. Дәлірек айтқанда, өз ұстазы Қожа Ахмет Йассауи көзқарасын ұстанып, оны ілгері дамытқаны ақиқат. Діни аңыздар желісінде жырлар жазу арқылы Сүлеймен Бақырғани түркі әдебиетінде ХӀӀӀ-ХӀV ғасырларда кең өріс алған нәзирашылдық (бурыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) алғашқы бастауларына жол салған еді. С.Бақырғани 82 жасында Түркістанға жақын жерде дүние салды. Оның кітабын 1897 ж. Е.А.Малов "История общества археологии, истории, этнографии" (XIV том) деген еңбегінде басып шығарды
Бақырғани кітабынан
Құдайға құлшылық еткің келсе,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.
Таңсәріде тұрмай ісің бітпейді.
Құдайдың құлы мақсатына жетпейді.
Сәрі ұйқысы пайда бермейді.
Таңсәріде тұруды әдет қыл.
Таңсәріде тұру – ғибадат.
Таңсәріде тұру – бақыт.
Таңсәріде тұру – сүйіспеншілікке ие болу.

Жан-тәніммен жинадым
Бұл дүниеде мал-мүлікті.
Ол мал-мүліктің ақыр соңы
Ойран екенін білмедім.
Жиһаз, тағам ідедім,
Сауық сайран, жан тыныштық жолында.
Әттең, бұл істердің бәрі
Шектеулі екенін білмедім.

ІV Сабақты пысықтау
1. Сүлеймен Бақырғани кім?
2. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?
3. Сопылық хикметтердің қандай тірбиелік мәні бар?
VІ Үйге тапсырма: Үзінді жаттау

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Сүлеймен Бақырғани. «Құтты білік»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сүлеймен Бақырғанидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Сүлеймен Бақырғанидің лақап аты – Хакім ата, 1186 жылы қайтыс болған, түркістандық ақын. Ол Ахмет Иассуидің жолын қуған мүриті болған. Ұстазының үлгісімен діни мазмұнда өлең кітбын жазған. Кітапта сопылық дәстүр дәріптеледі. Адамгершілік, ғашықтық, білім, тағы да басқа жайында дидактикалық өсиет өлеңдер бар. Діни аңыздардың желісіне сюжетті өлеңдер жазған. Сөйтіп түркі әдебиетінде кең өріс алып, қазақтың кейінгі қиссашыл ақындарының шығармашылығында дамытылған нәзирашылдық әдістің алғашқы бастаушыларына жол алған.
Бақырғани кітабынан
Құдайға құлшылық еткің келсе,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.
Таңсәріде тұрмай ісің бітпейді.
Құдайдың құлы мақсатына жетпейді.
Сәрі ұйқысы пайда бермейді.
Таңсәріде тұруды әдет қыл.
Таңсәріде тұру – ғибадат.
Таңсәріде тұру – бақыт.
Таңсәріде тұру – сүйіспеншілікке ие болу.

Жан-тәніммен жинадым
Бұл дүниеде мал-мүлікті.
Ол мал-мүліктің ақыр соңы
Ойран екенін білмедім.
Жиһаз, тағам ідедім,
Сауық сайран, жан тыныштық жолында.
Әттең, бұл істердің бәрі
Шектеулі екенін білмедім.

ІV Сабақты пысықтау
1. Сүлеймен Бақырғани кім?
2. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?
3. Сопылық хикметтердің қандай тірбиелік мәні бар?
VІ Үйге тапсырма: Үзінді жаттау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.