Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Омоним сөздер -

Омоним сөздер

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 3436 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы Омоним сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Омоним сөздерді, олардың мағыналарын түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
2.Жаңа сабақ құпиясы
Мына сөздердің мағынасына назар аудар
Бөле -зат есім туыстық атау
Бөле – етістік бесікке жатқыз деген мағына береді

3. Кітап досың, ақылшың
Төмендегі берілген сөйлемдердің омонимдік мағынасын бір сөйлем арқылы жеткізіп көріңдер
Үлгі: Ұлы жүз жерінен келген жүз баланың жүздері жайнап, суда жүзіп жүр.
Айт,бөле, той, қой, алма
ІV Сабақты меңгерту
4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Шешуі омоним болатын жұмбақты шеш.
1.Түспін көзі жеткенге
Өсемін қар кеткенде.(көк)
2.Бірде етік тігемін
Бірде есімдік боламын.(біз)
5. Кім көп біледі?
Мына омоним сөздермен сөйлем құра.
Біреуі етістік ,біреуі зат есімнен болсын.
Қой , сана, той, күл, бақ.
Зат есім Етістік
Үлгі: қой өрістен келді. Сен мына сөзіңді қой.


6. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
Адамның кейбір дене мүшелерінің атауы көп мағыналы сөз де кейбірі омонимдік мағына береді.Ойлан,тап.

Омоним сөздер Көп мағыналы сөздер

V Сабақты қорыту
7.Ой толғау
Мына ұйқасқа өлең құра
.................................қой,
................................қой.
.......................................
..............................сой.

VІ Үйге тапсырма
8. Қоржындағы сарқыт

VІІ Бағалау
9.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.