.
.
Сабақты түрлендіріп өткізу Сабақты түрлендіріп өткізу
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 2047 | Размер: | Автор: ПубликаторКомпьютерде қарапайым және күрделі есептерді шешуде оқушы есепті шешудің реттілігін сақтай білуі керек. Ең алдымен бір типтес есептерді анықтап, тиімді тәсілді дұрыс таңдай отырып, жеңіл тапсырмалардан күрделіге бірітіндеп өту қажет. Сабақта алған теориялық білімін практикада тиімді қолданған жағдайда есептің программасы оңай жазылады. Есептің нәтижесін бағалай білу, қателерін тауып, түзете білуде оқушыларды тиянақтылыққа, ізденіске, жауапкершілікке тәрбиелейді. Есеп шығару кезінде оқушыларды топқа бөліп, бір-бірін жарыстыра отырып, сабақты түрлендіріп өткізген дұрыс. Мысалы сыныпты математика, алгоритм, информатика топтарына бөліп, әр топ атына сәйкес тапсырма орындайды. Математика тобы есептің математикалық моделін құрумен қатар математикалық жолмен шешіп жауабын табады. Алгоритм тобы ары қарай осы есептің алгоритмін жазады, ал информатика тобы осы алгоритмді программалау тіліне аударып, компьютерде нәтижесін алады. Әр топ өз нәтижелерін салыстырып, ойларын ортаға салады.
Мұғалім өз қалауынша басқа тақырыптар бойынша тапсырмаларды алып, өзгертулер енгізуіне болады. Әр тапсырма бойынша әр топ өз тапсырмаларының артықшылығын және өз тәсілдерінің тиімділігін салыстырмалы түрде тұжырымдап аяқтаулары қажет.
Алматы облысы Сарқан ауданы Лепсі ауылы К. Ушинский атындағы орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі
Оразгалиева Мира Оразгалиевна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.