Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«ШЕБЕР  ҚОЛДАР» Ұлттық ою-өрнек -

«ШЕБЕР ҚОЛДАР» Ұлттық ою-өрнек

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 25998 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Екібастұз жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдык мемлекеттік мекеме

«ШЕБЕР ҚОЛДАР»
Ұлттық ою-өрнек

Үйірме бағдарламасы
5 – сыныпқа арналған

Технология пәні мұғалімі : Солтанова Равия Икрамқызы




Төртүй ауылы
2014 жыл.
Түсінік хат.

Ою - өрнек қазіргі кезде үмыт болып бара жатыр. Қазіргі уақытта түскиіз, бітпес орнына кілем ілініп, сырмақ орнына кілем жайылады. Халықтық педагогика ерте бастан еңбекке, ұлттық қолөнерге жас ұрпақты жас ерекшеліктеріне қарамай баулыған. Сол себепті мен сәндік қолданбалы өнерге үйретуге өз бағдарламамды дайындауға жөн көрдім.
Ою-өрнек ерекшелігімен эстетикалық ләззәт береді. Сәндік, әсемдік, әдемілікті білдіреді. Оқушыларды қолөнерге баулу арқылы еліне, жеріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырады деген сенімдемін. Ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның шығу тарихын, қалай пайда болғанын балаларға толық түсіндіру. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар арқылы сәндік қолданбалы өнерге баулу. Бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер. Шебер әр бір жасаған үлгісіне ат қойып отырған және ұғым сыйғызған. Шебер ғана ою-өрнектің тілін білген. Бүгінгі біздер, ұрпақ ою тілін түсінуге тырысуымыз керек.
Ою - өрнектермен танысқан оқушылардың дүниетанымы, өзін қоршаған орта және тұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамиды.
Өз сабағымда жаңа түр, жаңа мазмұн енгізу басты мақсатым.

Бағдарлама:
Авторлық бағдарлама мемлекеттік стандартқа сүйене отырып жазылды. Осы бағдарлама арқылы оқушылардың әрі қарай дамуына көп ықпал етеді. Қазақ халқының ою-өрнегінің шығу тарихын толық меңгеріп,өздері күрделі ою-өрнек элементерін сызып құрастырады.

Мақсаты:
Болашақ ұрпақтарымызды ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет салаларына енгізе отырып, осы өнерді қайта жаңарту, оған жаңа мазмұн беру.

Міндеті:
Ұлттың дүниетанымын, ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу.

Күтілетін нәтиже:

Казіргі кезде халқымыздың қолөнерін, ұлттық салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін бағалап, қызығушылығын арттыру. Оқушыларға өздері оқып үйренген ою-өрнек негіздерін іс жүзіндегі маңыздылығын көрсетіп, олардың практикада алған білімдерін өмірдле қолдануы. Жасалған бұйымдарды мектепішілік және қалалық көрмелерге шығару.

Аннотация
Бағдарламаның өзектілігі
Ою-өрнекпен жұмыс істеудің оңай тәсілін таба білу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бастауыш сатыдағы оқу - тәрбие үрдісінде білім мазмұнын жаңарту, ақпараттандыру арқылы, әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, шығармашылық мүмкіндігін дамыту мақсатында 5 сыныпқа арналған «Шебер қолдар » атты арнайы бағдарлама құрастырылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты:
Оюмен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауға, түрлі- түсті заттардың көлемін беруге немесе әсем сәндік жұмыстар кестелеп тігуді үйрету.

Міндеттері:
• Эскиз салу;
• Түстердің сәйкестігін айқындау;
• Тиімді кестелеу әдісін үйрену;
• Композиция құрылымын анықтау;
• Шеберлікті арттыру
• Әсемдік пен сұлулықты айқындау

Бағдарламаның нәтижесі мен қорытындысы:
1. Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден жемісі үзілмей кележатқан көне де, ізгі дәстүрі жас ұқрпақты ұлттық , сәндік қолтаңбалы қолөнерінің тұнығынан сусындатып, халық шеберлерінің тамаша шығармаларымен таныстыра отырып талғам деңгейін, сұлулық іздеуге құштарлығын танытады.
2. Ою өрнек өнерін көркем, эстетикалық талғаммен әсемдік пен сұлулықты бағалай , өрнектеп, әшекейлейді.

Өрнектерді орындау кезінде қойылатын талаптар.

1. Қауіпсіздік ережесін мұқият есте сақтау.
2. Жүргізілетін жұмыстың жеңіл жақтарын қарастыру.
3. Жасалған жұмыстың өзіне әкелетін пайдасы барлығына көз жеткізу.
4. Жасайтын жұмыстың қоғамға немесе өзіне әкелетін пайдасы барлығына
көз жеткізу.
5. Қоғамға және өзіне ұнамды , жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей
білу.
6. Ұлттық ою-өрнекті өз нақышына келтіріп орындай білу.

Оқушы нені білу керек?
- Ою-өрнектің шығу тарихын
- Оның сан –алуан түрлерін.
- Қыр-сырын. Жасалу жолдарын.
- Ою-өрнек туралы мәліметтерді.

Оқушы нені үйрену керек?
- Ою-өрнектің эскизін салу.
- Сызбасын түсіру және ою-оюды үйрену

Нені меңгеру қажет?
- Ою-өрнектің өзіне тән қолданылатын
жерін әр оюдың тілін жетік меңгеруі қажет

Тақырыптық күнтізбелік жоспар
5 сынып

Барлығы 34 сағат
Аптасына 1 сағат
№ Сабақтың тақырыбы Сағат теория Прак-қ күні
1 Ою-өрнек. Оның шығу тарихы 1 1
2 Ою-өрнектің ежелгі нұсқаулары мен атаулары 1 1
3 Ою-өрнектің теориясы 1 1
4 Қола дәуірінен қолданыста келе жатқан ою-өрнек түрлері. Суретін салу 2 2
5 Оюлар әлеміне саяхат 2 2
6 Ою-өрнек дегеніміз не? 2 1 1
7 Ою-өрнек түрлерін топтастыру 2 2
8 Ою-өрнектердің орындалу тәсілдері, үйрету әдістері 2 2
9 Ою-өрнек үлгілерін жасау, қағазда ою, сызу,қию әдістері. 2 2
10 Өздігінен өю-өрнек жасау 1 1
11 «Мүйіз» элементінен ою-өрнек жасау 2 2
12 «Аққу», «Құс қанаты» элементінен ою-өрнек жасау 2 2
13 Композициялық құрылысы, колорит, ырғақ, симметрия. 3 3
14 Қағазды төрт бүктеп ою, шексіздікке ұластыра ою. Жиек ою. 2 2
15 Шаршы ішіндегі ою 2 2
16 Өздігінен ою-өрнек жасау 1 1
17 «Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгіме 1 1
18 «Сызба ою» үлгісін қию. 2 2
19 Жастықша бетін ою-өрнекпен әшекейлеу, сәндеу 2 2
20 Қорытынды. Көрме ұйымдастыру. 1 1

Тақырыбы : Ою-өрнек. Оның шығу тарихы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сабақты түсіндіру. Көне заманнан келе жатқан ою-өрнектің қыр-сырына мән беру. Ұлт өнерін, мәдениетін түсінуге, бағалауға , үйрету. Қызығушылықтарын арттыру.
Білімділігі: Ұлттық өнер түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ою-өрнек оқушының ой-өрісін жан-жақты дамуына, халқымыздың асыл мұрасын, салт- дәстүрімен өнерін
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс : Тарих, биология, астрономия.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек түрлері, қолөнер бұйымдары.
Сабақ барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Ою-өрнек өте ежелгі өнер. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып келе жатыр. Ою-өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Көп ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған. Соның ішінде мүйіз тектес ою көп тараған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Архиологиялық қазба жұмыстарында табылған керамикалық ыдыстардың біразы геометриялық ою-өрнектермен, яғни ирек қалыппен өрнектелген. Ою-өрнектің мазмұндық ерекшелігі бар. Тарихы мол өнер. Ирек-су, дөңгелек-ай, құсқанаты оюы – еркіндік, азаттық, бейбітшілік , қошқар мүйіз оюы-молшылық , байлық - мазмұнын берген. Ою-өрнек ерте кезден-ақ жазу, сызу болмаған кезде дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа, тасқа , сүйекке сала бастаған. Заман ағымына қарай ою-өрнектер де дами түсті. Ою-өрнектер 3 топқа бөлінеді.
1. Өсімдік типтес ою-өрнектер /гүлі, жапрағы, сабағы , дәні/
2. Зооморфтық ою-өрнектер / жануар, аң-құс, балық/
3. Космогониялық өрнектер/ дөңгелек, ирек, шимай, торкөз/.
Төл өнерімізді зерттеуге Европа ғалымдары еөп үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыда талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанмен , олардың жасаған тұжырымының бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлшттың табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді.
Кезінде белгілі этнограф Садық Қасиманов 200 – дей оюдың атауы мен 50-ге жуық ою-өрнектің мазмұнын ашты..
Белгілі архитектор Төлеутай Бәсенов өсімдік тектес ою-өрнектің сұлбасын қағазға түсірген. Ал бүгінгі таңда суретші – шебер, оюшы көне ою-өрнекті сабақтастыра отырып, жаңа ою-өрнек түрлерін дамытып келеді. Ою-өрнек өнерінің маңызы бүгінгі таңда арта түсуде
Ендігі міндет – ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем, рухани қазына ретінде пайдалана білу.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Ою-өрнек қалай пайда болды?
2. Ою-өрнек қанша топқа бөлінеді?
3. Дөңгелек нені білдіреді?
4. Бейбітшілік, байлық, молшылық қай оюға мағына береді?
IV. Үйге тапсырма:
Табиғаттан /аң-құс/ алынған өрнектердің суретін дәптерге орындап келу.

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектің ежелгі
нұсқаулары мен атаулары.

Мақсаты: Ою-өрнек оқушының ой-өрісін жан-жақты дамуына, халқымыздың асыл мұрасын, салт- дәстүрімен өнерін үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Буклет, ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі .
Оқушылармен амандасу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Жаңа сабақ:
Қазақ ою-өрнегі – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та ою-өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз.
Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқауларында элементтер құстың , гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлмә-дәл түсіруге ұмтылған. Суреттері: /қосымша/

Ою-өрнек өнері – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдение шежіре.
Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.

Жаңа сабақты бекіту
Көне түріктердің түсінігі бойынша, құс ненің белгісі?
Балық нені білдіреді?
Ағаш ненің белгісі?

Үйге тапсырма : «Ою-өрнек» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектің теориясы.

Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүріне, қолөнеріне баулу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Оюлар түрлері, буклеттер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу.
Сынып тазалығына назар аудару.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру.
Өткен сабақты қайталау.
Карточкамен жұмыс.

Жаңа сабақ:
Бүгінгі таңда ою-өрнектің практикалық маңызы артып отыр.. «Ою» , «өрнек» сөздері бір мағнаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім кешекке, тұскиізге, т.б. қолөнер кестелеп бейнеленетін бедер, мол сияқты тоқылатын алашаға , басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Қазақ ою-өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме-дәлдігін cақтамай-ақ көзбен мөлшерлеп қиып, ою-өрнектің тең пропорциясын жасай білген.
Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады., дегенмен, өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады.
Композиция дегеніміз бөлшектерді, яғни ою-өрнектерді матаға біріктіру.
Ырғақ дегеніміз – ою-өрнектің ретімен қайталанып отыруы.
Ең үлкен рөл атқарушы – бояулары.
Өрнектің жай немесе күрделі элементтері бірнеше қайталанса да симметрия заңы берік сақталады.

Жаңа сабақты бекіту:
1. Композиция дегеніміз не?
2. Ырғақ дегеніміз не?
3. Симметрия дегеніміз не?
4. Бояулардың атқаратын рөлін түсіндір.
Үйге тапсырма:
Үйдегі сырмақтың өрнегін дәптерге түсіріп келу.

Сабақтың тақырыбы: Қола дәуірінен қолданыста келе
жатқан ою-өрнек түрлері.
Суреттерін салу.

Мақсаты: Қола дәуірі кезінде қолданылған ою өрнек түрлерімен таныстыру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Оюлар түрлері, буклеттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.
Сынып тазалығына назар аудару.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру.
Өткен сабақты қайталау.
Жаңа сабақ.
Қола дәуірінде өмір сүрген өнер адамдарының әсемдікке деген құштарлығы және олардың танымдық дүниесі жартастарға бейнеленген суреттерден сезіледі Тасқа салынған суреттер ұра отырып салынған. Салынған суреттері заманына сай өмір сүрген адамдартың тіршілігі туралы мағлұмат береді және тасқа салған сурет арқылы өз ойларын жеткізе білген. Қазба жұмыстарында табылған құмыралар отқа күйдірмес бұрын үшкір ағашпен немесе сүйек арқылы түзу сызық, ирек сызык, сынық сызықтарды сызып геометриялық фигуралар салған.Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектерндің магиялық және символдық мәні бар деп сенген.
Мысалы : дөңгелек – аспан, ирек – су, құсқанат- еркіндік, қошқар мүйіз-байлықты білдірген. Сол себекпті өз өрнектерінде қолданып отырған.
Күн мен түннің теңелген көрінісін бейнелеген «Наурыз» өрнегін дәптерге орындаймыз

Жаңа сабақты бекіту:
1.Тасқа салынған суреттер қандай мағлұматтар берген?
2. Көне замандағы ою-өрнек түрлерін ата.
3. Айша-бибі кесенесін құрайтын ою-өрнек түрі неше?

Үйге тапсырма:
Көне заманында қолданған ою-өрнетердің суретун салу.

Сабақтың тақырыбы: Оюлар әлеміне саяхат.

Мақсаты: Көрнекілік ретінде ілінген ою-өрнектің әрқайсысына тоқталып түсінік беру.
Қолданылған көрнекіліктер: Ою-өрнек түрлері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ:
Бүгін біз оюлар әлемәне саяхат жасаймыз. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары өте көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз Мына суреттерге қарап, көне заман оюларын салыстырсақ неше саты жоғары дамығанына көз жеткіземіз. Уақыт өткен сайын жетіле бергенін байқаймыз, Сонымен өткен сабақта ырғақ, колорит-түс үйлесімділігі, симметрия, композиция ою-өрнекпен жұмыс істеу кезінде зор рөл атқарады.Ою сөзін латынның орнамент, ал өрнек орыстың узор сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады.
1. Мүйіз элементтер
2. Төртқұлақ өрнегің
3. «Шаршы» ою өрнегі
4. Ойма ою
5. «Аққу» ою
6. Тағында басқа ою түрлері, сынық ою, «құсқанаты» оюы
Шеберлік қабілетін дамытып, жетілдіру үшін оқушыларға өз бетінше ою-өрнектер үлгісін таңдатып, суретін бір парақ қағазға салдырамын.

Жаңа сабақты бекіту.
1.Ою-өрнектің латын,орыс тіліндегі баламасы қандай?
2.Колорит дегеніміз не?
3.Қандай ою өрнек түрлерімен таныстыңдар?
4.Көне заман мен қазіргі кез ою-өрнегінің айырмашылығы және даму сатысын түсіндір.

Үйге тапсырма.
Қол жаттықтыру.

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек дегеніміз не?

Мақсаты:Жалпы ою-өрнек туралы мәлімет беру
Керекті құрал-жабдықтар: Дәптер, қалам, қарындаш, өшіргіш, қайшы, түрлі-түсті қағаз.
Қолданылған көрнекіліктер: Ою-өрнек түрлері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ:
Ою дегеніміз не? Әрине, ою-өрнектің бір түрі. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек түрлері бүгінге дейін түбегейлі зерттелген жоқ Оюдың әрбір элементінде көркем өрісі мен құрылымында терең мағына, үлкен мән бар. Оларды қалай болса солай қиюластыра салғаннан тамаша ою шықпайды. Әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына –мазмұнға құрылады. Қыздардың киіміне салынған ою бір басқак да жігіттер шапанының жиегін көркемдейтін ою одан өзгеше болады. Әбден машықтанған оюшы өз қиялынан шығарып , сол сәтте әдемі ою ойып бере алады.
Мақал-мәтелдер мағынасын түсіндіру.
1. Ою-ойғанның ойы ұшқыр.
2. Үлгісі көптің өрнегі көп.
3. Өнер табу, өрге шабу.

Үлгі бойынша ою-өрнек жасау.
Жасалған ою-өрнектерді салыстыра отырып бағалау

Үйге тапсырма : Өнерге, еңбекке байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлерін топтастыру.

Мақсаты: Ұлт өнерін, мәдениетін түсінуге, бағалауға, үйренуге тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: дәптер, қарындаш, қалам.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ:
Ою өрнек тарихына ой бөліп, көп мағлұмат алдық. Даму кезеңін байқап, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Ғалымдар ғылыми тілде ою-өрнек түрлерін төрт топқа топтастырды.
1.Хайуанаттар
2. Өсімдіктер
3. космогониялық
4.Геометриялық

Енді осыны таратып айтсақ:
1. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнектер.
2. малдың дене мүшесіне, ізіне байланысты оюлар.
3. аңның дене мүшесіне байланысты оюлар.
4. Құрт-құрмысқаға байланысты ою-өрнектер.
5. құстарға байланысты ою-өрнектер.
6. Жер,су, өсімдік бейнелі ою-өрнектер.
7. Қару-құралдарға байланысты ою-өрнектер.
8. Геометриялық фигуралар тектес өрнектер.
Осы ою-өрнектің қай түрін алсақ та, бәріне ортақ элемент-қошқар мүйіз. Мүйіз тектес оюлар- арқар, бұғы мүйіз. Марал мүйіз, сынар мүйіз. Текемет, сырмақ, тұскиіз секілді үй жиһаздарына жиі салынады, ұлттық нақышымыз десек те болады. Ою-өрнектің тілін білетін адам, шебер оюды өз орнымен қолданады.
Сабақты тиянақтау.
Оқушыларға деңгейлік тапсырма беріп, білімін тексеру . Сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау.
1. Мүйіз тектес оюларды ата.
2. Геометриялық фигураларды сызып, қиып көрсетіңдер?
Үйге тапсырма ою ойып келу

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектің орындалу тәсілдері және
үйрету әдістері.

Мақсаты: Ою-өрнектің орындалу тәсілдері туралы жалпы түсінік беру.
Керекті құрал-жабдықтар: дәптер, қарындаш, қалам, қайшы, түрлі -түсті қағаз.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ:
Ою-өрнек ертеден келе жатқан ою-өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды ою-өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. Өнер өлмейді, өнер жеміс ағашының бұтағындай гүлдеп жемістене береді.
Ою-өрнектермен танысып, олардың дүние танымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады. Ұсынылып отырған әр түрлі ою-өрнектерді мұқият қарай отырып, үлгі бойынша өзінше жаңа ою-өрнектер жасауға үйрету. Ою-өрнектерді өзінше жаңа түр, жаңа мазмұн ендіру, творчестволық композиция ою-өрнек өнері симметриялық және ритм-ырғақ заңдарыменен әдемі көрінеді. Ал бейнелеу өнері адам портретінің дял ұқсас болуы және оның ішкі дүниесін бояу колорит арқылы бере білу. Қайшыны ұстай білу түрлі-түстегі қағаздарды қия білу, қиылып алынғанды желімдей білу немесе матаға түсіре білу, өздерінің жұмыстарынан әсемдікті көре білулері.

Қазір балалар қолдарына түлі түсті қағаздарды алып, түс үйлесімділігі бойынша таңдау жасайды. Жасыл, сары. Үлгі бойынша балалар жұмыс жүргізеді.
Сабақты тиянақтау.
Сұрақ арқылы жаңа сабақты меңгеруін анықтау.

Үйге тапсырма: «Ою-өрнек» сөзіне еңбек пәніне байланысты сөзжұмбақ құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек үлгілерін жасау, қағазда ою, сызу,
қию әдістері.

Мақсаты: Ою-өрнек үлгілері арқылы ою, сызу, қию әдістерін үйрету.
Керекті құрал-жабдықтар: дәптер, қарындаш, қалам, қайшы, түрлі -түсті қағаз.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ.
Аз уақыт жұмсап тез бітіру үшін түрлі – түсті қағаздар жиынтығы пайдаланылады.. Қима ою-өрнек жасау үшін сурет дәптер, «ТМ» қарындашы, қайшы , ақ жұмсақ өшіргіш, желім болу керек. Түрлі –түсті қағаздан қиып алынған үлгілерді сурет дәптердің бетіне рет-ретімен композициялап желімдеп отырады. Ою-өрнек элементін қағаздан қию үшін қағазды бір бүктеп қошқар мүйізінің жарты көрінісі қаламмен сызылып болған соң қайшымен қалам ізі бойынша қиылады. Күрделі ою-өрнектер жасау үшін қағазды бір, екі және төрт бүктеп, оның бетіне қалам мен күрделі ою-өрнектердің суреті салынады да ұқыпты қиылады.. Қиып алған ою-өрнекті бүктеуін жазып жібергенде әдемі ою алдыңнан шыға келеді. Міне осыдан кейін ою-өрнек дайын. Оны керекті бұйымның бетіне түсіре беруге болады.
Қандай ою-өрнек қималарын сурет дәптерінің бетіне желімдеп отырған жөн. Ою-өрнек өнерін қиып, ойып, сызып, жасаудың орындалу тәсілдерінің үлгілері беріліп отыр. Алдымен қағазда қағазда үлгі жасап үйренген соң матаға ою-өрнек түсіру оңайға түседі.
Сонымен біз әдемі ,әсем, ғажайып заттарды жасау үшін біз ою-өрнек сызу әдісін үйренуіміз керек екен.

Сарамандық жұмыс.
Қағазды төрт бүктеп, ою-өрнектің ¼ бөлігін сызамыз.
Сызық бойымен қиямыз.
Ою-өрнектің бүктеуін жазамыз. Дәптер бетіне жабыстырамыз. Оюдың аты жазылады.

«Шынжыр» ойыны ойналады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы білімдерін тексереді. Жауап бере алмаған оқушы шынжырды үзеді.
Сабақты қорытындылау:
Үйге тапсырма: Қағазды төрт бүктеу арқылы ою-өрне жасау.

Сабақтың тақырыбы . Қорытынды. Қайталау.

Мақсаты:Халықымыздың мәдениетіне, көнеден келе жатқан өнеріне сүйіспеншілігін арттыру.
Керекті құрал-жабдықтар: дәптер, қарындаш, қалам, қайшы, түрлі -түсті қағаз, жұмсақ өшіргіш.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Қайталау:
Бүгінгі қайталау сабағын ойын арқылы өткізейік.
«Шынжыр » ойынын біз білеміз. Оқушы бір біріне өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойып, өз білімдерін тексереді. Білмей қалған оқушы шынжырды үзіп, ойыннан шығады.
Өткен сабақта ою-өрнектің шығу тарихы, даму жолы, көне ою-өрнек түрлері, аталуы және қолданылатын терминдермен танысып өттік. Ал енді сол білімімізді еске алып көрейік.
Сұрақтар:
1. Ою-өрнектің пайда болу тарихы.
2. Ою-өрнек сөзінің мағынасын түсіндер.
3. Ою дегеніміз не?
4. Өрнек өрнек дегеніміз не?
5. Осы кезге дейін ою - өрнектің неше түрі анықталған?
6. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
7. Колорит дегеніміз не?
8. Композиция дегеніміз не?
9. Ырғақ дегеніміз не?
10. Ою-өрнекте симметрияның маңызы.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма . Қайталау. Үлгілер дайындау.

Сабақтың тақырыбы : Мүйіз элементінен ою-өрнек жасау.

Мақсаты: Оқушыларға мүйіз тектес ою-өрнектердің элементтерінен қысқаша мәлімет беру үстінде «мүйіз» элементін жасауды түсіндіріп, қағаздан ою-өрнек қидырып, оқушылардың шеберлігін дамыту.
Көрнекіліктер: А3 қағазына салынған «мүйіз» элементі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.
Карточка арқылы жұмыс істеу.

Жаңа сабақ.
Қағазды бір бүктеп ою.
Төрт бұрышы тең қағазды нүктелі сызық бойымен бір бүктеп, бетіне қарындашпен ою үлгісін сызып аласыңдар да суретте көрсетілгендей қайшымен ойып шығарасыңдар. Сонда мынандай ою пайда болады. Дәл осындай тәсілмен өзге оюларды да ойып көріңдер. Алғашында қиындық туғызып жатса осы үлгілер арқылы матаға түсіру жұмысын бүгіннен бастаймыз.
- Балалар қиып алған өрнектеріңді ұқыппен жайып тегістеңдер, мүйіз болып жасалған ою-өрнек үлгілері қара болса, оны ақ, қызыл, сары, көк маталардың бетіне орналастыруға болады. Нәтижесінде біз «мүйіз » элементтен өзгеше, жаңа ою-өрнек үлгісін жасай аламыз.
Сарамандық жұмыс.

Түрлі –түсті маталарды түс үйлесіміне қарай қолданамыз.
Үлгілерді мата бетіне қою арқылы ою-өрнек дайындаймыз.
Дайын ою-өрнекті матаның бетіне орналастырамыз
(Жасалу жолдары мұғалімнің көмегі арқылы көрсетіледі.)


Жасалынған, дайын болған жұмыстар салыстыру

Үйге тапсырма: Үйде аяқтау. Үлгілер бойынша әрқайсың үш данадан орындап келу.

Сабақтың тақырыбы: Аққу, құс қанаты элементінен ою-өрнек
жасау.

Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектер өнерін өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта – қабілетін арттырып дамыту.
Көрнекіліктер: А3 қағазына салынған «құс қанаты» элементі.»ТМ» қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қағаз, түрлі – түсті мата, қайшы, желім, ине, жіп.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.
Карточка арқылы жұмыс істеу.

Жаңа сабақ.
Оқушыларға ою-өрнектер туралы толық мағлұмат берген соң, қағаз қайшы алып, ою-өрнекті оңай, аз уақыт алатын тәсілмен «құс қанаты» элементін түрлендіріп, басқаша ою-өрнекті қиып көрсетуге болады. Ілулі тұрған үлгіге қарап, көрсетілген әдісті пайдаланып, түрлі-түсті қағаздан қия бастаймыз. Қиып алынған ою-өрнек өз түс үйлесіміне сай қағазға желімделінеді. Осы орындалған жұмыс дұрыс болғангнан кейін ғана матаға ою- түсіреміз.


Сергіту сәті.

Бүктеу бағыты

Қорытындылау.
Жасалынған жұмыстар салыстырылып, бағаланады.

Үйге тапсырма: Құс қанаты ою -өрнегін түрлендіріп жасап келу.

Сабақтың тақырыбы: Композициялық құрылысы, колорит, ырғақ, симметрия

Мақсаты: Осы заңдылықтардың бәрін қолдана білуге үйрету.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, желім, түрлі - түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ.
Композицияға бірінші тоқталамыз. Ол үшін ою түрлерін бірнеше қылып жасап аламыз. Түрлі - түсті матаға ою-өрнектерді түр үйлесіміне қарай орналастырамыз. Бұл жерде біріктіру композиция деп аталады.
Колорит. Түс үйлесімділігіне көп көңіл бөлінеді. Ақ-қара, жасыл - сары, көк-қызыл. Өздерің таңдауларың керек.
Ырғақ. Енді түр үйлесіміне қарай біріктірілген жұмыстарды реттеп орналастыру, бөлшектердің қайталанып отыруы.
Симметрия. Дайын бөлшектердің табандары тепе-тең болуы керек. Сонда біздің жасаған бұйымымыз әдемі де, сәнді шығады.

Сарамандық жұмыс.
Композиция, колорит, ырғақ, симметрия заңдарын қолданып, жұмысыыс жүргізу.Бірінші бұл жұмысты қағазда орындаймыз. Нәтижесінде әдемі, сәнді шыққан жағдайда ғана матаға орындауға кірісеміз.
Көлемі 60х40 см сырмақ жасау

Тексеру, салыстыру.
Үйге тапсырма: Өтілген тақырып бойынша үйде жалғастырып тігіп келу.

Сабақтың тақырыбы: Қағазды төрт бүктеп ою, шексіздікке ұластыра
ою, жиек ою.

Мақсаты: Оқушыларға шексіздікке ұластыра оюдың жасалу жолдарын түсіндіру
Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, желім, түрлі - түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп, қайшы.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.
Жаңа сабақ.
Түскиіз, текемет, сырмақ, кілемдер мен құрақ көрпелерге зер сала қарамсаңдар олардың бетіндегі оюлардың жиегін бір ғана ою элементі көмкергенін аңғарасыңдар. Мұның өзі жіңішкелеу лента іспетті жолақтың ішіне орналасады. Осы жолақтың ішінде бір ғана элемент ондаған, тіпті жүздеген рет қайталануы мүмкін. Сонда қалай ойлайсыңдар, бармақтарынан бал тамған шебер әжелеріміз солардың әрқайсысы жеке – жеке ойып отырғанба?
Олай емес. Сонда қандай әдіспен ойды екен? Ойланып көрейік.
Ақ қағазды жіңішкелеу етіп қиып аламыз. Ұзындығы өз қалауымызша 30-40 см болса жарап жатыр. Содан кейін бір элементті қанша рет қайталағымыз келсе, әлгі 30 см ұзын қағазымызды соншаға бөлеміз .Өзіміз таңдаған оюды 6 рет қайталағымыз келеді. Ол үшін 30-ды алтыға бөлеміз.. Сонда (30 6-5) «5» саны шығады. Демек жаңағы қағазымызды әрбір 5 см кейін бүктем отырады екенбіз. Дұрыс бүктелгеннен кейін қажетті ою үлгісін бір жақ бетіне сызып аламыз да қайшымен көрсетілген тұсынан бастап қырқып шығамыз. Сонда бір-бірімен жалғасып, шексіздікке ұласқан ою шығады.
Алдымен қағазға орындаймыз. Ою дұрыс шыққан жағдайда матаға орындаймыз.

үзік сызық бүктеу үшін
жебе бүктеу бағыты


Үйге тапсырма: Үйде аяқтап келу

Сабақтың тақырыбы:Шаршы ішіндегі ою.
Мақсаты:
Оқушыларға «Шаршы»ою-өрнегін қидырып, олардың эстетикалық талғамдарын жетілдіру , оюларды үйлесімді заттардың бетіне салып безендіру шеберлігін арттыру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, желім, түрлі - түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп, қайшы.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ.

Оқушылардың назарын ілінген «Шаршы» ою - өрнегіне аударып, оны қалайша тез, әрі оңай жасау тәсілін үйретуге кірісемін29х20 см қағазды ортасынан тік және көлденең бүктеймін. Қағаз екі рет бүктелгенде төрт қабатталған шаршы формасына ұқсаған қағаздың екі қабатын диагональ бойымен өзіне қарай үшінші рет бүктейді. Сонда тең бүйірлі үшбұрыш шығады. Осы тең бүйірлі үшбұрыш сияқты бүктелген қағаз бетіне шаршы ою-өрнектің жарты көрінісін қарындашпен салады. Ою-өрнек элементтері олпы – солпы болмай жинақы, әдемі көрінуге тиіс. Егер дұрыс сызылмаса өшіргішпен өшіріп, түзеп отыру қажет. «Шаршы оюды қайшымен ұқыпты қию керек. Қиылған ою-өрнекті жайып, оның бүгілген жерлерін тегістейді. Тегістелген ою-өрне әдемі көріну үшін 29х200 см басқа (ақ,сары қағазға желімделеді. Ою дұрыс шыққанда ғана оқушы матаға ою-өрнекті түсіреді және түр үйлесімділігіне көңіл бөледі.
Жасалу жолы:


Үйге тапсырма: «Шаршы ою-өрнегін пайдаланып түсті қағаздан сырмақ немесе текемет үлгісін жасап келу.(Қағаздың орнына мата пайдалануға болады.)

Сабақтың тақырыбы: Өздігінен ою-өрнек жасау.

Мақсаты : Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, желім, түрлі - түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп, қайшы.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ.
Ою - өрнек халқымыздың мәдени шежіресі. Халқымыз қай заманда болмасын сұлулыққа ұмтылған, әсем дүниелер жасауда айнала қоршаған табиғаттан үлгі алған. Ой ниетін ою-өрнек арқылы жеткізген. Енді осы үлгілердің ішінен құстарға байланысты ою-өрнек түрін таңдап, түрлендіріп шығаруларың керек.
Аққу оюын таңдап отырмыз. Бүгінгі сабақта «Аққу» оюын әр түрлі тәсілдермен жасап үйренеміз. Аққу құсы ұзын мойынды, ақ қауырсынды, ірі құс. Оның дауысы сыбызғы үні сияқты. Елімізде аққудың үш түрі бар: сұңқылдақ аққу, кіші аққу, сыбырлақ аққу.
Аққуды халқымыз киелі құс деп санайды, олар қамыс арасында ұясалады, өсімдікпен көректенеді. Аққудың балапаны көгілдір, сарғыш түсті болып келеді.
Аққу құсын сұлулықтың, тазалықтың, таза сезімнің символі деп бағалайды. Көлдің сәні, айдынның еркесі деп ақындар небір өлең жырларын арнаған.

Бүгінгі сабақта әр қайсымыз өзіміздің ұнатқан әдісімізбен «Аққу» оюын жасаймыз

Сабақты бекіту:
-Аққу құсы туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
- Құстарға байланысты қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?
- Аққу қандай құс?
Сабақты қорытындылау.
- Балалар оюды жасау барысында қандай қиыншылыққа кезіктіңдер, жұмысты жасау қиын болды ма?

Үйге тапсырма : Шетін жиектеу жұмысын аяқтау.

Сабақтың тақырыбы: «Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгіме.

Мақсаты: Халқымыздың асыл мұрасын, салт дәстүрін, өнеріне жақын болуға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Оюлар түрлері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ.
«Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгімесін айтып беру.
Ертеде әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою-өрнек, кесте, бастырма, тоқыма, оймыш, тігін , шекіме, құйма өнерлерін меңгершені сонш, үйлердің іші-сырты, киім-кешектері, жиһаздары мен бұйымдары түгеғлдей оюланған әрі өрнектелген әсем де көрікті екен. Және олар бір-бірімен ою тілінде де сөйлесе алатын болыпты. Сол себептен бұл ел басқарушысы – Ою хан аталып кетіпті.
Жылдардың бір жылында бөтен елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, көне дәстүр, байырғы әдет, ежелгі өнер, бұған дейінгі мәдениет белгілерінің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. Бірақ ескі оюдың орнына жаңа ою таба алмапты. Жаңа дегеннің бәрі ұзаққа бармай ұмыт бола береді. Бұрынғы өнердің, сол өнерді жасаушы шеберлердің көбі азайып, жоғалуға айналыпты.
- Уа, хан-ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара жатырсыз, - деп жөн айтқанның да, айтпақ болғанның да, тіпті ондай адамдармен сыбайлас екен дегендердің де көзін жоя беріпті. Сондықтан да оны жалық Жою хан деп атапты.
Бұл кезде зынданда жатқан Ою хан жағдайдың бәрін естіп- біліп жатады.
Бір күні Жою жанның жалғыз ұлы аңға шығады, Жолындағы аң атаулылардың бәрін қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына алғанын істеп келе жатқанда бір үкі мұның бетіне шапшиды. Бала жанталаса ажыратып үлгергенше үкі оның екі көзін ойып жібереді. Ешнәрсе көре алмай тентіректеп келе жатып бір жардың басынан құлап, көлге батып өледі.
Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салып жатқан еді.
- Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын, - деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды.
Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге өзінің баратынын хабарлайды. Жою хан зынданнан шығарып жолға салады. Ою хан дәрі-дәрмегін, құрал – сайманын алып орманды аралап келе жатып бір тастың астынан:
- Жойылсын, Жою хан ! – деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қалса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұртышқан жатады. Ою хан дереу аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді.
Осылайша жолында кездескен жаралы аң-құстың бәрін емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні дәрілеп: «Жою ханның баласын көрдің бе?» деп сұрайды.
- Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, бәрін қайта айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені ол жараланғанның бәрі Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде жатыр,-дейді үкі. Болған жайдың барлығына көзі жеткен Ою хан үйіне оралып, барлығын сырмақтың бетіне түсіріпті. Ою хан сырмақты Жою ханға әкеле жатқанда аш-жалаңаш халық бірге еріп келеді. Ою хан сырмақты Жою ханның алдына жайып жібереді. Сырмақтың оюы көз жауын алатындай көрікті, бояулары адам жанын баурап алатын сиқырлы болады. Жою хан сырмақтың оюына қарап ойланып ұзақ отырып, алдағы оқиғаны іштей тарқатады.

1. Балам , биік-биік тауларды асып,

2. Тере – терең сулардан өтіп,

3. Қалың жыныс ормандарды
аралап,

4. Күндіз де, түнде де талмай жүрген екен

5. Жүрген жолдарда ұшқан құстармен беттесті.
6. Бүғымен кездесті.
7. Тау тағысы арқар да жолығыпты.
8. Жорғалаған тышқандар да қарсы келгенге ұқсайды.
9. Сорлы балам жолдбарыспен арпалысыпты.
10.Балыққа да ұшырасыпты
11. Айдын көлге де түсіпті.
12. Қайран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпаныңа негек көрсетпедің? Тірімісің, өлімісің ?
- Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухқа, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?
Кенет Жою хан атып тұрып;
-О, жалған! Менің жалғыз ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!! – деп қылышын суырып алып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан Жою ханның алдында өз айтқанын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, ханның жарлығы өз басын алуға себеп болады. Ал Ою ханды ел-жұрты ақ киізге орап, хан көтеріп, ақ түйе сойып ұлан-асыр той жасапты Көп ұзамай ел еңсесін көтеріп, төл өнерін қайта жандандыра бастапты.
Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған болар.

Ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік,теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттық, зеректік, көңілге шабыт, ептілік, іскерлік, шеберлік, икемділіке баулиды, тәрбиелейді. Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы.
Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.

Үйге тапсырма:
Құсқа, аңға, адамға ұқсас ою-өрнек салу.

Сабақтың тақырыбы : «Сызба ою» үлгісін қию.


Мақсаты: Оқушыларға сызба оюдың жасалу жолдарын түсіндіру.
Көрнекіліктер: Оюлар үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ.
Сызба ою-өрнегі атынан-ақ көрініп тұрғандай тұтас қағаз бетіне қаламмен немесе тушьпен сызып түсіріледі. Сызылып жасалған ою-өрнек үлгілерін сызба ою деп атайды. Сызба ою кестелеу, зергерлік өнерінде кеңінен қолданылады.

Жасау әдісі

суретін
саламыз

үзік сызық бойымен бүктеу.
Бүктеу бағыты

Бүктегеннен кейін сыз оюдың суретін қарындашпен түсіреміз, қателерін өшіргішпен түзетіп отырамыз.



Үйге тапсырма: Аяқтап келу.

Сабақтың тақырыбы : Жастықша бетін ою-өрнекпен әшекейлеу,
сәндеу.

Мақсаты: Оқушыларға сызба оюдың жасалу жолдарын түсіндіру.
Көрнекіліктер: Оюлар үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ.
Ою-өрнектің қолданылуына байланысты жасалынған технологиялық картаны оқушыларға түсіндіріп, таныстырамын.
Сарамандық жұмыс.
Қазақтың ұлыттық бұйымдарына сапарға шығу. Технологиялық қауіпсіздік ережесін еске түсіру арқылы, қазақтың ұлттық бүйымдарын жасауға кірісемін.
«Жастықша» жасау.
Жастықша жасау үшін жұмыс түрлерін мына топқа бөлеміз.
1. Өрнекті сызып, қырқып, эскизін дайындау.
2. Ойылатын оюды матаға сызып, қырқып алу.
3. Ойылған оюды жастықша бетіне орналастыра білу.
4. Орналасқан оюды көктеп алу.
5. Көктелген жастықшаның оюын жиектеу арқылы тігу.
6. Бұйымды аяқтау.
Оқушылар зерігіп кетпеуі үшін «Кім тапқыр» ойынын ұйымдастырамын.
Қатардағы оқушылар сұраққа тез, жылдам жауап беру керек. Сұраққа жауап берген оқушы қандай зат екеніне мағлұмат береді.
1.Сырмақ............
(Жауабы киізден сырып, ойып жасалынған төсеніш)
2. Сандық......................
3. Бөстек........................
4. Киіз.............................
Сабақты қорыту. Оқушыларға сұрақтар беру арқылы сабақты бекіту. Сабақ бойы істеген жұмыстарын бағалау, ерекше шығармашылық жұмыс істеген оқушыларды марапаттау.

Үйге тапсырма: ою-өрнек туралы ізденіп, дәптерлеріне мазмұнын жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды. Көрме ұйымдастыру.

Мақсаты: Оқушылардың жыл бойы жасаған шығармашылық
жұмыстарын көрмеге шығару.
Көрнекіліктер:. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.

Жаңа сабақ.
Сабағымызда алған білімімізді еске түсіріп, тексеріп , сапақа саламыз. Ол үшін әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындаған өзіндік жұмысын ортаға, яғни көрмеге шығарамыз.
Әр оқушы өзінің көрмеге қойған бұйымдарының қалай жасалғанын, қандай мата қолданғанын, оюдың қандай түрін пайдаланғанын, түр үйлесімділігін айтып, жұмысын қорғайды. Оюға қысқаша мағлұмат береді.

Оқушылардың жасаған жұмыстары көрермен қауымды тамаша бұйымдарымен тамсандырады.

Нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы арта түскені байқалады.

Үйге тапсырма: Қайталау.

Қосымша:

Қолданылған әдебиеттер:

1. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. Өмірбекова Маргарита
Шаяқыновна
2. Ай сайын шығатын республикалық әдістемелік журнал. Мектептегі
технология. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. ЖШС «Педагогика - Пресс»
баспаханасы. Алматы қаласы.
3. «Ою-өрнектің жасалу жолдары» Авторлары: Толенбаев С.
Омирбекова М. Алматы «Қағанат ЛТД» 1993 ж.
4. Қазақтың тұрмысы мен мәдениеті. Авторы: Кенжеахметұлы
Сейт «Алматыкітап» ЖШС 2006 ж.

МАЗМҰНЫ:
Түсінік хат.......................................................................2
Қойылатын талаптар........................................................3
Тақырыптық күнтізбелік жоспар....................................5
Сабақ әзірлемелері.....................................................6 -26
Қосымша ою-өрнек түрлері.......................................... 27
Қолданылған әдебиеттер...............................................28
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.