.
.
Түсінік хат Тіл және жазу мәдениеті
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 402 | Просмотров: 4868 | Размер: 206.5 Kb | Автор: ТәрбиеТіл және жазу мәдениеті факультативтік курсына арналған бұл күнтізбелік жоспар бастауыш сыныптағы оқу сабағының бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
Тіл және жазу мәдениеті сабақтарында оқушылардың тілі мен сөздік қорын, тіл байлығы мен дұрыс жазу, көркем жазу мәдениетін қалыптастыра отырып әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету.
Тіл- қарым-қатынас құралы. Бүгінгі күні баланың тілін, ой-қиялын дамытуға халық ауыз әдебиетінің ролі ерекше, соның негізінде мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер оқуды жоспарладым.Мәнерлеп оқу баланың танымдылық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын ықпал етеді.Мәнерлеп оқу баланың бойындағы жақсы қасиеттерін, сезімін, табиғи қабілетін, дарынын дамытады. Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын жетілдіріп, шығармашылыққа баулиды.Оқушылармен ертегі оқу барысында пәнаралық байланыс қоршаған дүниемен қатынас, еңбек, бейнелеу өнерімен тығыз байланыс жүзеге асады.Сонымен қатар оқушыларды таза, сауатты, көркем жазуға дағдыландыру көзделеді.
Мақсаты:
- Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
- Оқушылардың көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру.
- Адамгершілік, елжанды-Отансүйгіштік, этика-эстетикалық тәрбие беру.
Міндеті:
- Оқушылардың еркін шығармашылдықпен ойлануына оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімінің болуына жағдай жасау.
- Оқушыларға тіл өнерінің шеберлігін, шешендігін үйрету.
- Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы өңдеу жұмыстар арқылы белсенділікке ынталандыру.
- Таза, көркем, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.
- Мәнерлеп айта білу дағдыларын жетілдіру.
- Ой екпінін дұрыс қойып оқу, дауыс ырғағын сақтап, дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу.
Тіл және жазу мәдениеті
1-сынып
2014-2015 оқу жылы
(аптасына 1 сағаттан 33 сағат)
р/с р/с Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1-тарау Тіл және сөйлеу 7 сағат
1 1 Тіл-қатынас құралы 1
2 2 Сөйлеу түрлері(ауызша) 1
3 3 Сызба бойынша сөйлем құрау 1
4 4 Сөзге дыбыстық талдау жасау 1
5 5 Тірек сызбалар арқылы сөйлем құрау 1
6 6 Сурет бойынша әңгіме , өлең құрау 1
7 7 «Ана тілім-айбыным» өлең жаттау 1
2-тарау Көркем жазу 10сағат
8 1 Сөздерді буынға бөлу, сөздер көшіру 1
9 2 Көру диктанты 1
10 3 «Әріптер әлемі» ойыны 1
11 4 Жұмбақтар шешу, жаттау. 1
12 5 «Әріптер әлемі» ойыны 1
13 6 Көркем жазу. Кітаптан көшіру. 1
14 7 Ескерту диктанты 1
15 8 Сөз тізбегін толықтыр 1
16 9 Сиқырлы сөздер 1
17 10 Буыннан сөз және сөйлем құрастыру 1
3-тарау Мәнерлеп оқу 6 сағат
18 1 Нақыл сөздер жаттау, талдау. 1
19 2 Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы 1
20 3 Ертегі желісі бойынша өлең жазу 1
21 4 Өтірік өлеңдер оқу, жаттау, өлең құрау. 1
22 5 Мақал-мәтелдер жаттау, жазу. 1
23 6 Аулақ бол жаман әдеттен 1
4-тарауБабалар сөзі-даналық көзі 10сағ
24 1 Асыл сөз. Асанқайғы 1
25 2 Ел аузынан 1
26 3 Жиренше шешен 1
27 4 Ертегі желісі бойынша өлең жазу 1
28 5 Қожанасыр хикаялары 1
29 6 Жаңылтпаштар жаттау 1
30 7 Алдаркөсе 1
31 8 «Туған жер» әңгіме құрау 1
32 9 Өтірік өлеңдер 1
33 10 Қорытынды сабақ. Ертегі «Жақсылық пен Жамандық» 1
1-тарау
Тіл және сөйлеу
7-сағат
Бұл тарауда оқушыларды дұрыс сөйлеу мәдениетіне үйрету, тіл туралы толық түсінік беру. Оқушылардың тілдің- қарым –қатынас құралы екендігін түсінуіне толығымен мүмкіндік жасай отырып, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту.Сөз, дыбыс, сөйлем туралы білімдерін кеңейту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру көзделеді.
2-тарау
Көркем жазу
10-сағат
Оқушыларға бұл тарауда көркем жазудың, сауатты, әдемі жазудың ерекшелігі үйретіледі.Әріптер элементтерін дұрыс жазу дағдысы қалыптасады. Сонымен қатар дұрыс көшіру, жылдам, сауатты көшіру тәсілдері қаралады.
3-тарау
Мәнерлеп оқу
6-сағат
Мәнерлеп оқу баланың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырып, өз бетімен білімін жетілдіруге көп ықпалын тигізеді.Мәнерлеп оқу баланың бойындаға жақсы қасиеттерімен қоса, дарынын, тіл шеберлігін, сөз байлықтарын жетілдіріп, шығармашылыққа баулиды.
4-тарау
Бабалар сөзі-даналық көзі
10 сағат
Бұл тарауда халық ауыз әдебиетінің үлгілері мен таңдамалы шығармалары алынған.Соның нәтижесінде жас шәкірттің ой-өрісін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес дамыту ескерілген.Ұсынылып отырған сұрақ-тапсырмаларды орындауына дұрыс бағыт-бағдар бере отырып, олардың қазақ әдебиеті құнарынан нәр алу жағына көңіл бөлінген.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бастауыш сыныпта қосымша сабақтардың үлгі жоспарлары.
Алматы облыстық білім департаменті
(Алматы 2002)
2. Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі.
Б.Қ.Игенбаева (РАД иАЛ баспасы 2005)
3. Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру
жолдары
С.Ахметов (Алматы «Рауан»)
4. Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер жинағы.
5. Бастауыш сыныптарды оқытуда жаңа технологияларды
пайдалану.
АОМКДИ Алматы, 2004
6. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
АОМКДИ Алматы, 2010
7. Ана тілі Хрестоматия
Атамұра 2011
Педагогикалық кеңесте Кафедра отырысында
бекітілген талқыланған Хаттама№___________ Хаттама №___________
«___»_______2014ж «___»_______2014ж
Гимназия директоры Кафедра жетекшісі _________
Қ.Т.Кусайнова Г.Б.Ногайбаева
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі
1 сынып оқушыларына арналған
«Тіл және жазу мәдениеті»
факультативтік курсы
2014-2015 оқу жылы
Құрастырғандар: Мукышева Н.К
Мукышева Н.К – бастауыш сынып мұғалімі,
педөтілі 16 жыл, санаты І
Бағдарламаны құрастырған уақыт:2014-2015 оқу жылы
Педагогикалық кеңесте Кафедра отырысында
бекітілген талқыланған Хаттама№___________ Хаттама №___________
«___»_______2014ж «___»_______2014ж
Гимназия директоры Кафедра жетекшісі _________
Қ.Т.Кусайнова Г.Б.Ногайбаева
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі
1 сынып оқушыларына арналған
«Тіл және жазу мәдениеті»
факультативтік курсы
2014-2015 оқу жылы
Құрастырған: Мукышева Н.К
Мукышева Н.К – бастауыш сынып мұғалімі,
педөтілі 16 жыл, санаты І
Бағдарламаны құрастырған уақыт:2014-2015 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.