.
.
Сабақтың тақырыбы : Тіркескен сөздер Тіркескен сөздер
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 1875 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1.Тіркескен сөздерді, олардың жасалу жолдарын түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
Екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп келіп бір тұтас мағына беруін
Тіркескен сөздер дейміз.
2. Кітап досың, ақылшың
Мәтіннен тіркескен сөздерді теріп жазу.
ІV Сабақты меңгерту
3.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Темір жол, қара ала, он жеті, бере бер, тұра тұр деген тіркескен сөздерге сөйлем құра.
5. Кім көп біледі?
Мына сөздерден қанатты сөздерді құрастыр.
біліміңді жұмса жерге пайдалы
көпке жүр қашық
адамдардан жаман бол адал
достыққа берік
6 . Келісіп пішкен тон, келте болмас.
Сөзжұмбақты жүйесімен оқысаң, Майқы бидің сөз қадірі туралы қанатты сөзін оқисың.
айтқан тіккен тумен асыл
шыңға естіге тең сөз
ессізге құмға ақыл сумен
сіңген айтқан тең сөз
(Естіге айтқан асыл сөз −
шыңға тіккен тумен тең.
Ессізге айтқан ақыл сөз−
Құмға сіңген сумен тең. )
V Сабақты қорыту
7.Ой толғау
Тіркескен сөздерді қатыстырып Жайлауда деген тақырыпқа эссе жаз.
VІ Үйге тапсырма
8. Қоржындағы сарқыт
VІІ Бағалау
9.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.