Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ғылыми жоба  «Математика  және табиғат» -

Ғылыми жоба «Математика және табиғат»

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 7384 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Төлеби ауданы, Леңгер қаласы №7 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Математика және табиғат»

Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процестерді
математикалық модельдеу
Секция: экология

Оқушының аты жөні: Әжібаев Әмірхан
4 «Б» сынып оқушылары
Шығармашылық жетекшісі: Бекжанова Шолпан Шерниязқызы
№7 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі





Леңгер 2014 жыл

Мазмұны

1. Кіріспе .......................................................................................................................7

2. Негізгі бөлім........................................................................................................8-13

3. Қорытынды............................................................................................................14

4. Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................15

5. Жұмыстар мен суреттер.......................................................................................16

Төлеби ауданы Леңгер қаласы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің
4 «Б» сынып оқушысыӘжібаев Әмірхан «математика және табиғат» аттығылыми зерттеу жобасына

Пікір

Ғылыми зерттеу жұмысында математика және табиғатты байланыстыра отырып экономикалық процесі қарастырылған
Ғылыми жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиет тізімі тұрады.
Бірінші бөлім ғылыми әдебиеттегі «математика және табиғат» ұғымының маңызы көрсетілді.
Екінші бөлім ғылыми ізденістерге, өмір бойы білім алуға құштарлығын арттыру, мектепте алған білімдерін одан әрі дамыту, әлеуметтік бейімделуде әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу;
Үшінші бөлімде ұсынған технологияларды зерделеу, оның қыр - сырларын ашып, математика мен табиғаттың тығыз байланыстылығына көз жеткізу.
Қорытында істелген зертеулердің негізінде мәселені шешу үшін қажетті ұсыныстар келтірілген.

Жетекші: № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бекжанова Шолпан Шерниязқызы

Андатпа

Менің математика ғылымына қызығушылығымның туындауы ұстазымның жемісті еңбегі деп білемін. Осы өз қызығушылығымнан туындаған «Математика және табиғат» тақырыбын зерделеу, оның қыр-сырларын ашып, математика мен табиғаттың тығыз байланыстылығына көз жеткізу менің алдыма қойған мақсатым болатын. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.

Кіріспе

Беу, табиғат тылсымың бар ғажайып...

Көңіл шіркін кірлесе егер қарайып,
Орман кезіп, бойымызды жазайық.
Сұлулықпен жаулап алған жанарды
Беу, табиғат тылсымың бар ғажайып.

Тұратұғын бізге жұмбақ сандардан,
Құзыретіңе ғалымдар да таңғалған.
Табиғаттың шеберлігі шексіз - ау
Жер, су, ауа - бір - біріне жалғанған.

Еккен гүлің сумен ғана өседі,
Табиғатсыз өмір де жоқ деседі.
Математик мынау жердің байлығын
Өлшеп, екшеп, саралаумен шешеді.

Республикамыздың президенті Н. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық 50 елдің қатарына кіру стратегиясын айқындаған болатын. Сонымен бірге Елбасы Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі бағытындағы басты міндеттерінің бірі - ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті. Осы ғылым мен білімді меңгеру үшін ең бірінші адамның табандылығы, еңбекқорлығы, ынтасы болуы керек. Осы қасиеттер болғанда ғана адамда бәсекелестік туады.

Ғылыми зерттеу жұмысы да осы сияқты табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай - ақ еңбекқорлықты талап етеді. Осындай қасиеттердің арқасында мектептегі математика сүйіп оқитын пәндерімнің біріне айналды.

Менің математика ғылымына қызығушылығымның туындауы ұстазымның жемісті еңбегі деп білемін. Осы өз қызығушылығымнан туындаған «Математика және табиғат» тақырыбын зерделеу, оның қыр - сырларын ашып, математика мен табиғаттың тығыз байланыстылығына көз жеткізу менің алдыма қойған мақсатым болатын. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.

Математика адамзат тарихында тұрмыстық мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында пайда болған ең алғашқы ғылым. Олай дейтініміз адамзат өзін айнала қоршаған ортадан күнкөрістік тағамдық заттардың қорын жинағанда олардың мөлшерін білу үшін санауға мәжбүр болған. Санаудың нәтижесінен сан ұғымы қалыптасқан. сонымен, сан адамзаттың ақыл - ойының жалаң туындысы емес, тұрмыстық қажеттіліктерінен бастау алған ұғым. Сандар математика ғылымының түп қазығы.
Негізгі бөлім

Орта ғасырларда ғұмыр кешкен ағылшын философы әрі табиғат зерттеушісі Роджер Бэкон (1214 - 1292) «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы әрі оларға пайдалы да, қажет те» деп бекер айтпаған. Ғылымдар туралы әңгіме болған бір мәселеде Роджер Бэкон математиканың маңызын «... ғылымдарға апарар жол да, ашар кілт те - математика» деп жоғары бағалаған.
Математика құралдық ғылым ретінде басқа ғылымдардың негізі болып қалмастан, ғылыми зерттеуде маңызды рөл атқарады. Ол толып жатқан ғылымдардың мәселен, сурет салу, музыка, құрылыс салу, жазу стилін кескіндеу, логика ғылымы т. б ғылымдардың дамуына негіз бола алады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Ғылыми ізденістерге, өмір бойы білім алуға құштарлығын арттыру, мектепте алған білімдерін одан әрі дамыту, әлеуметтік бейімделуде әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу;

Мақсаты:
Табиғаттың математикамен тығыз байланыстылығын анықтай білу, көре білу, қолдану аясын кеңейту, математикалық іс - әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру;

Міндеті:
- Математика пәніне деген қызығушылығын ояту;
- Математиканы оқып - үйренуге құмарлығын арттыру;
- Айналамыздағы табиғат пен құбылысарды тани білу дағдыларын қалыптастыру;
- Математикадан алған білімін тәжірибеде қолдана білу;
- Логикалық ой қорытындысын жасау, идеялар, гипатезалар ұсыну қабілетін қалыптастыру;

ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Фибоначчи сандары табиғатта
Математика - қоршаған ортаның әрі нақты дүниедегі барша заттардың сан түрінде бейнеленген қатынастарын және осы заттардың кеңістіктегі пішіндерін зерттеуге арналған жалпылама ғылым болып табылады.
Итальян физигі, механигі, әрі математигі Галилео Галилей (1564 - 1642) «Табиғат математика тілімен сөйлейді: бұл тілдің әріптері - дөңгелектер, үшбұрыштар және математикалық өзге де пішіндер... Табиғат өз заңдарын математика тілімен қалыптастырады»,- деп айтқандай біз күн сайын өзімізді қоршаған табиғаттан әр түрлі өрнектерді кездестіреміз. Осыған зер салайық.
Кезінде Шығыс елдерінде саяхатта болып қайтқан итальяндық математик Пизанолық Леонардо (Фибоноччи) (1180 - 1240) Батыс Еуропа елдерінің математиктерін араб математикасының жетістіктерімен таныстырған алғашқы ғалым болған. Ол 1228 жылы өз есімімен аталған (Фибоначчи сандар) сандар тізбегін ойлап тапқан. Бұл сандардың әрбір келесі саны өзінен бұрынғы (алдында тұрған) екі санның қосындысына тең болған.
1, 1+1=2
2+1=3
3+2=5
5+3=8
8+5=13
13+8=21
21+13=34
34+21=55
55+34=89
........
Сонда ол сандар: 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34, 55, 89,....
Осы сандар тізбегінің заңдылығын өзімізді айнала қоршаған ортадан кездестіруге болады. Ағаштардың жапырағы ағаш бұтақтарындағы екі жапырақтың арасына спираль тәрізді оралып орналасады екен: жаңғақ ағашының жапырағы - 1/3 айналыс жасап,
еменнің жапырағы - 2/5 айналыс жасап,
теректің жапырағы - 3/8 айналыспен,
алмұрт жапырағы - 3/8айналыспен,
талдың жапырағы 5/13 айналыспен,
ананастың ұяшықтары, күнбағыстың дәндері спираль тәрізді айналып орналасады екен.
Фибоначидің әрбір үшінші саны жұп сан, әрбір төртінші саны үшке бөлінетін сан, әрбір 15 - саны нөлмен аяқталады, көршілес екі сан өзара жай сандар болады.
Фибоначчи сандарының қатынастары алтын қимаға ұмтыла отырып, 1/1, 2/1, 3/2, 5/3, 8/5, 13/8,... тізбегін құрайды. Бөлшектің алымы мен бөлімі үшінші бөлшектен бастап алдыңғы екі бөлшектің сәйкес алымдары мен бөлімдерінің қосындыларынан құралған болады. Көршілес екі жапырақтың аралығындағы бұрыштары шамамен 5/3 қатынасындай болады екен.

Сонау мыс дәуіріндегі, яғни б. з. б 2500 - 200 жыл шамасындағы Қазақстан жерінде өмір сүрген ата - бабаларымыз Көк тәңірін бас бітімі қос шеңберден тұратын күн тәжі адам пішіні арқылы таңбалап көрсеткен.

Жет қат көк қабаттары
1. Ішкі екі нүкте (Күн мен Ай) қабаты;
2. Мүйіз қаба (Күн мен Айдың қоршауы);
3. Жеті күн қабаты;
4. Ішкі шеңбер қабаты;
5. Сыртқы шеңбер қабаты;
6. 10+10=20 нүкте қабаты;
7. 10+7=17 нүкте қабаты;

Бұл күн тәжілі хақ тәңірдің суреті Алматы қаласы маңындағы Аңырақай тауының Таңбалы деп аталатын шатқалындағы жартасқа салынған таңба - бейнелер арасында сақталған.
Егер де осы суретке ой көзімен байқап қарар болсақ, онда мыс дәуірінде салынған математикадағы алтын спираль сызықтар мен нүктелерден сол кездегі адамдардың әлем құрылысы туралы түсінігі мен есептеу әдістері жайында белгілі бір болжамдық ойлар айтуға болады. Мысалы, мыс дәуіріндегі Қазақстан жерін мекендеушілердің бүкіл әлемді шеңберлерден жасалған спираль тәріздес жеті қат көктен тұрады деп шамалауы мүмкін дейміз.
Күнтәжілі көк тәңірінің суреті уақытты белгілейтін күнтізбе есебімен байланысты бейнелеу құралының қызметін атқарғаны анық.

2. 2 Математика жоғары әсемдікке иегер пән

Математика ақиқат қана емес, мүсіндей сұлу да суық аса жоғары әсемдікке иегер пән.
Бертран Рассел
Енді математикадағы әсемдік дегеніміз не? - деген сауалға жауап іздеп
көрелік. Ғылым және білім беру саласында еңбек ететін зерттеушілердің дені математикаға тән сұлулық сырын анық мынадай сипаттамалық ерекшеліктерімен қарайды:

1. Математика - бір нәрсеге, не құбылысқа ғана байланып, таңылып қалмайтын дерексіз (абстрактылы) ғылым.
2. Математикалық ойлар қашанда айнымайтын «алтын тізбекті» ақиқат ойлардан дедуктивтік дәлелденген логикалық ойлардың тізбесінен тұрады. Демек, математикалық сұлулық сыры оның логикалық сындарлы сипатына байланысты болып келеді.
3. Математика тілінің дәлдігі, бірмәнділігі және ықшамдылығы оны сұлу пән деп қарауға бір негіз бола алады.

4. Математиканың табиғи дүниеге, өндірістік өмірге тікелей қатынастылығы оның пайдалы да бағалы білім екенін сипаттайды. Демек, математиканың сұлулығы оның қолданыстық тиімділігіне де байланысты болып келеді. Математикаға тән бұл «сұлулық сипаттамаларын жиып, математикалық ойлар мен құрылымдар әсемдігін анықтауға жарамды қағидалар бола алады. Соларға сүйеніп: «әсем пішін (фигура)», «әдемі теорема», «сымбатты сызба», «сұлу қалыптама (формула)» деген анықтамалық ойлар айтуға әбден болады.




Мен осы пәнді зерттей келе мынадай есептер ойдан шығарып адам баласының қолынан барлық нәрсе жасауға болатынына көзім жетті.
Мына есептерді зерттеп шығарып табиғаттың математика саласына көптеген пайдасын көріп отырмын геометриялық фигура және мәселе есеп тіпті қосу мен азайту, көбейту мен бөлудің өзі көп нәрсені байланыстырып отыр нәтижесін көрдім.
Мен мынадай есептер құрастыру арқылы математикалық шамаларды тұрмыста орынды қолдана білуді және тиімділігін білдім.

1. Айша қызанақ тұқымын әр түрлі ыдыстарға отырғызды. Көк ыдысқа 17 тұқым, қызыл ыдысқа одан 11 кем. Ал сары ыдысқа көк ыдысқа қарағанда 5 тұқым артық себілді. Неше қызанақ тұқымы отырғызылды?
а) қызыл ыдыста неше тұқым бар: 17-11=6
ә) сары ыдыста неше тұқым бар: 17+5=22
б) қызыл және сары ыдыста неше тұқым бар: 6+22=28
в) барлығынешетұқым: 26+17=45
2. Ені 8 м болатын тік төртбұрыш пішінді жер қоршады. Қоршаудың ұзындығы 50 м. Жердің ауданын тап.
а) 8*2 = 16 жердің екі ені
ә) 50-16 = 34м жердің екі ұзындығы
б) 34: 2 = 17 м жердің ұзындығы
в) 8*17 = 136 м2
3. Әсел 3 сағатта 60 алма ағашын суарды. Ол 1 сағатта неше алма ағашын суарды.
Ш: 60: 3= 20
4. Ағашта 30-бұтақ бар. Әр бұтақта 20 жапырақ бар. Барлығы неше жапырақ.
Ш: 30*20=600 б9та0

6. 348 бен 3-тің бөліндісі 5-ке көбейт (348: 3)*5= 580
7. Ағайынды бес бала,
Үйде жалаң жүреді.
Қыста шықса далаға
Апалы-сіңлі келеді,
Бір-біріне ереді. (Екі аяқ)

Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада
Аяқтары он екі,
Санап көрші қанекей? (Алтау)

Қорытынды
Қорыта келген де математика саласы барлық тұрмыста қажет дүние. Бастауыш сыныпта математиканың негізгі мақсаты – оқушылардың сандық сауатын қамтамасыз етеді. Математикалық есептер шығару – оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырады, математикаға оны қолдану саласына деген тұрақты қызығуын оятады. Қазіргі таңда оқушының деңгейін анықтау барысында түрлі жарыстар және олимпиадаларды ұйымдастырып, оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыруда, Және де көптеген үйірмелер ашылуда.

Нәтиже: Осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.Баланың логикалық ойлау қабілеті, пәнге деген қызығушылығы, тапқырлығы, жүйелі ойлауы арта түсті.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Сейдахметова А. Даярлық сынып оқушыларының логикалық ойларын дамыту жолдары. // Бастауыш мектеп, 2000. №8,9.
2. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы, 2002. – 415 бет.
3. Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977 – 454 бет.
4. ҚазақстанРеспубликасыбастауышбілімініңмемлекеттік стандарты. – Алматы, 2003. - 135 бет.
5. Қосанов Б.М. Математика курсындағышығармашылықжаттығулар: орындау технологиясы. – Алматы, 2005. - 72 бет.
1. Алтынсарин Ы. Таңдамалышығармалары, Алматы, 1994, 285 б.
2. Әбілқасымова А. Познавательная самостоятельность в учебной деятельности студента. — Алматы: Санат, 1998. -158 с.
3. Сабыров Т.С. Оқушыжастардыңтанымдықәрекетінарттырудағыоқытудыңәдістері мен формаларыныңдидактикалықжүйесінтиімдіқолдануғамұғалімдідаярлаудыңтеориялықнегіздері: п.ғ.д….дисс. 13.00.01. – Алматы, 1996. — 278 с.
9. К.Ж.Бұзаубақова «Мұғалімніңинновациялықдаярлығынқалыптастыру»,Алматы, 2002ж
10. Т.Мейірманқұлова «Білімберудегіинновациялықтехнологиялар», Алматы, 2000ж


Оқушымен жетекшінің жеке жұмыс жасау үстінде
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.