Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Сабақтың тақырыбы : Жалғау
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға жалғау түрлерін үйрету
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
2.Жаңа сабақ құпиясы
Асанның інісі Астанада оқиды осы сөйлемді қосымшаларсыз Асан іні Астана оқы деп айисақ ештеңе түсіне алмаған болар едік.
Осындағы –дың,-сі,-да,-ды деген жалғаулар сөйлемнің ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлемнің бір ұғымды хабарлауына ықпал етіп тұр.Демек, сөзбен сөзді жалғап тұр.


ІV Сабақты меңгерту
2. Кітап досың, ақылшың
Мәтіндегі сөздердің түбірі мен жалғауын ажыратып жазыңдар.
Жалғаудың қай түрі екенін айтыңдар
4.Тапқыр болсаң, тауып көр.

Тіл өнері туралы берілген 10 мақалды тап, мәнерлеп оқы, мазмұнын айқында.

Жауабы:
Өнер талды қызыл тіл.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Әзіл айтсаң да, әділ айт.
Білмегеннің айыбы жоқ......

V Сабақты қорыту
Жұмбақтардың жауабын тап. Жауаптарын септік,тәуелдік,жіктік және көптік жалғауларын қосып айт.


1. Белі бүкір, алысқа түкір.

2. Бір құсым бар жаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
Кісіге өзі тым жақын,
Сөйлесуге дамыл жоқ.

3. Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді.
Жауабы:
(1.Мылтық. 2.Телефон. 3.Хат. 4.Карта. 5.Кітап. 6.Жол. 7.Арбаның дөңгелегі.)

4. Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.

5. Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.

6. Ұзын-ұзын ұзын жіп,
Ұшы қайдан табылар?


7. Төрт бала бірін-бірі қуалайды.


VІ Үйге тапсырма
6. Қоржындағы сарқыт
VІІ Бағалау
7.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.