Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Ортаның тәрбиесі» -

« Ортаның тәрбиесі»

Сабақ жоспары | Документы | Баяндамалар Загрузок: 187 | Просмотров: 1188 | Размер: 25.5 Kb | Автор: Нартай4540
. « Ортаның тәрбиесі»
Мемлекетіміз барлық күшін болашақтың адамын тәрбиелеудің, білім берудің жолдарын, әр түрлі тәсілдерін, жаңа технологияларын, техникалық ақпарат құралдарын, баспасөзін аямай отырғаны белгілі. Оқу тәрбиесінде бірнеше реформалар жасалып жатыр. Талай оқыған зиялы,білімді адамдар ат салысумен бірге бастарын ауыртуда...Күш жігер осы жолға бағытталуда....Мұны бәрімізде біліп отырмыз....Десек те,білімді,білікті дегенміз – тәрбиесіз, мейірімсіз, т.т болып шығып жатыр.
-Қатты сөйлеуден – әке-шеше,қорқатын.
-Қатты барудан, «2» қоюға мұғалім қорқатын кезеңге тап болдық.... Осыған «Кім жауапты?» дегенде бір-бірімізге «жабатын» кезеңге келдік.
Айналып келгенде, барын салып отырған «қоғамды» екі жақтап кінәлай шыға келеміз. Ал, тұрақты «кінәласу» мұғалімдер мен ата-аналар арасында жүріп жатады. «Бала аппақ, оның кінәсі жоқ» деп, қайсысымызда ақталғымыз келеді. Сонда осылай созыла бермек па? Қалай тәрбие бермекпіз? Тәрбиесіз алған білім-білім емес»-деп Әл- Фараби айтқандай. Құр білім беріп отыра береміз.
Білім заңында бала тәрбиесінде ата-ананың міндеті айқын жазылған. Жалғыз сіздерге «міндеттісіздер деп» артып салып отырған ешкім жоқ, бірақ басты тұлға сіздерсіздер. Мектептегі алты алаштың көбісі «білім» алуға кетеді. «енді не істейміз?» дегенге тірелгенде ата-баба тәрбиелік әдісін қолданып көрсе қалай болар еді деген ойға келесің. «Сөз сүйектен өтеді» дегендей сөзімен, ісімен, әдеп-ғұрпымен, қас-қабағымен тәрбиелей білген.... Тәрбиелей отыра білім алуды да ұмытпаған. Бабаларымыз біреуге баламды тәрбиелеп бер деп бермеген, өнер мен білім үйрет деп берген. Ұстазға: «Сүйегі менікі,еті сенікі» деп берген. Бұл сөздрде үлкен мән жатыр. Біздерге молданы жамандау үшін мұны теріс түсіндіріп келді. Олай емес екен, аталарымыз:
-Мен пішінін жасадым, енді сен ішкі мазмұнын жаса-деген сөз.Білім бер, рухани дүниесін жаңарт толтыр дегені екен. Ал,біз ше? Біздің түсінігіміз бойынша баламызды қоғам не мектеп тәрбиелеп беру керек. Баланың тәрбиесі азамат болуы-ең бірінші кімге керек?Соны неге ойламаймыз. Әуелі ата-анаға, содан соң-қоғамға қажет. Сондықтан біреуге міндет артудың қажетті бола қоймас.
Сөзімізді өткізе алмақ түгел,өзіміз қылмысқа итермелейміз.Ата-бабамызда жоқ туған күнін өткіземіз,бос үйді бақылаусыз беріп қоямыз.Оны мектептен,мұғалімдерден жасырамыз.Тіпті үй берген адамды емес сол вечерге-мұғалімдер неге қатыспайды деп өздері теперіш көріп жүрген мұғалімдерге әңгір-таяқ ойнатамыз. Ол туған күнде,не тетелесу мүмкін,жасырып ішімдік ішіледі,төбелес болады,артық кетсе «зорлық»болады.Міне, қылмыс өзіміз жол ашып отырған. Ал,атам қазақ туған күнін емес,мүшел жасын атап өткен. Мүшел жас «қауіпті »деп білген. Содан аман-есен өткеніне қуанған.Елді қуантқан. Қазіргі деректерге сүйенсек облысымыз бойынша І тоқсанда балалардың 1404 қылмысы тіркеліп, 376оқушы жауапкершілікке тартылған.110-ы анти қоғамдық бағыттағы 42 топтың мүшесі екен.
Құдайға шүкір бізде жоқ деуге келмейді,қай нәрсенің де алдын алған дұрыс.Жақында ғана Батыс Қазақстанда күзетшіні сыртынан бекітіп,сыммен байлап,мектепке өрт қойған.Мұны ересек адамдар емес,жасап отыраған жоқ.Соның кесірінен бірнеше кабинет жанып,бүкіл құжаттар жанып кеткен.Мұндай оқушылардың бұзақылығы туралы мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.Ата-бабалардың оқу тәрбиелеу жүйесі болғаны анық.Ол мектептің негізгі жүйесі-әдеп,әдет-ғұрып,ар-намыс,тыйым-наным т.б болған.Әр сатыдағы оқу жүйесі ешнәрсені елеусіз қалдырмаған сияқты,олай болса ата-баба мектебіне көз жүгертелік,мүмкін пайдасы тиер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.