.
.
Күні: 20.09.2014 ж Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу
Сабақ жоспары | Документы | Коучинг жоспарлары Загрузок: 0 | Просмотров: 3200 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақ жоспары:алгебра
Сыныбы: 9 «А»
Сабақтың тақырыбы: §2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу мен оның дәрежесі ұғымымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеуді шешу жолдарына және графиктерін салуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардыңөз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеуді ажырата білу
- Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесін анықтай білу
-Теңдеудің графигін сала білу
Қолданылатын модульдер:
1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер
2.Сыни тұрғыдан ойлау
3.Оқытудағы ақпаратттық-коммуникациялық технологияны пайдалану
5.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
6.Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Сабақ түрі:топтық және жұптық жұмыс
Сабақ типі:теориялық және практикалық
Сабақтың әдістері: Сурақ-жауап, топтық, дедукция әдісі,бинарлық әдістер,ЖИГСО әдісі Сын тұрғысынан ойлау.(Эдуард де Бононың «6 қалпақ» әдісі), проблемалық, көрнекіліктер, ұжымдық т.б
Сабақтың көрнекілігі:слайд,батман,ақылдың 6 қалпағы,стикерлер,флипчарт құралдары
Күтілетін нәтиже:
- Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеуді ажырата біледі
- Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесін анықтай біледі
-Теңдеудің графигін сала біледі
Сабақ жоспары:
Сабақ кезеңдері
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті бағалау Ресурстар:осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?
Сабақтың басталуын ұйымдастыру
мин
Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымыздың көрермеңдері. Оқушыларды ң сабақққа қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Мұғалім оқушыларға сәттілік тілейді:
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер
Оқушылар сәлемдеседі Жақсы, жарайсыңдар Оқулық, қиындылар флипчарт
БІЛУ
Қажетті өткен тақырыпты қайталау
мин Білгірлер тобы ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз
Көшбасшылар тобы ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Маяковскийдің көкке шырқар қыранымыз
Алғырлар тобы ұраны:
Шақырып жарыстарға сан салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады
Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып,жауап береді.
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «§2.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу»(оқушылар өздері айтады.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеуді шешу жолдарына және графиктерін салуға білуге дағдыландыру Үй тапсырмасына берілген тапсырманы айтады. Топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды §1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу,№21-ә; №22,в ;№29 б,в
Оқушылар мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап беріп сабақ тақырыбын,мақсатын ашады.
Түсіну.
10 мин 15 беттегі тақырыптың анықтамаларын1-топ,1-мысалды 2-топ,2-мысалды 3-топ оқып шығып постерді қорғайды
1-топ: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуде әрбір қосылғыштағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ден артық емес.
Екі айнымалысы бар теңдеуде айнымалылардың дәреже көрсеткіші немесе бір қосылғыштағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ден артық болса, олар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу деп аталады.
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудегі бірмүшелердің ең жоғарғы дәреже көрсеткіші осы теңдеудің дәрежесі болып табылады.
Мысалы: 4х2+6,5y2+xy=42
3х2-y+5=0 -екінші дәрежелі теңдеу
7х3+6,5хy2+6xy=42-үшінші дәрежелі теңдеу
4х3у+2xy=3у+42-төртінші дәрежелі теңдеу
Ең жоғарғы дәреже көрсеткіш осы теңдеудің дәрежесі болып табылады.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі (шешімі) түзу емес,қисық сызық болып табылады..
ах2-вх+с=0 - графигі – парабола, ал у= х3 графигі-кубтық парабола, ху=R графигі-гипербола.
2-топ:
3-топ:
Әр топ өздерінің постерлерін қорғайды.Топ басшылары бағалап отырады. Смайликтер мен ұпаймен бағаланады. Оқулық , слайд, флипчарт
Қолдану
Есептер шығару
мин Сергіту сәті «Цифрлар құдіреті»,0-ден 9-ға дейін сандардан мысық пен тышқан бейнесін жасау
№30 ауызша
А)5х+3у=0 Жауабы: 1-ші дәрежелі
Ә) ху-у=1 Жауабы: 2-ші дәрежелі
Б)3х2+5=у3 Жауабы: 3-ші дәрежелі
в)ху2-х=4 Жауабы: 3-ші дәрежелі
Полиглот.
Бүгінгі сабағымызға не қажет екендігін мына жұмбақтарды шешсеңдер білетін боласыңдар
Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 1 ұпай алынады. Ең көбі – 3 ұпай.
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер – окружность - circle)
Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.(циркуль – циркуль - сircle)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш - линейка - ruler)
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз.
(цифрлар – цифры - figure)
№31 Берілген А(0;9),В(3;0),С(3;-3) нүктелерінің қайсысы х2+у2=9 шеңберіне тиісті?
Әр топтан жауап береді.Топпен бірігіп жұмыс жасайды.топтар бір-біріне көмектеседі.Тақатаға оқушы шығып есепті орындайды. Жарайсыңдар!
Смайликтермен қошеметтеу Оқулық , слайд, флипчарт
Талдау №32 Центрі О1 нүктесі және радиус R болатын шеңберді салыңдар
№33
А) х=0;у=2; ә)х=-1;у=1 сандар жұбы 4х3-у2+4=0 теңдеуінің шешімі болама?
№35
А) 6-суреттегі шеңбердің теңдеуін жазыңдар.Шешуі:
Ә) 7-суретте көрсетілген шеңбердің теңдеуін жазыңдар.
№36
Дөңгелектің ауданының формуласынан r радиусты S аданы арқылы өрнектеңдер.
Топ басшылары оқушылар жауаптарын бағалау парақшаларына белгілеп отырады
Actibstudio құралдарын пайдалану арқылы орындайды
Жарайсыңдар!
Смайликтермен қошеметтеу
Жинақтау №37. Берілген теңдеулердің графигін салыңдар.
а) х2+у2=16 ә) х2+(-у2)=9 б) х2+у2=0
Actibstudio құралдарын пайдалану арқылы орындайды
Сабақты қорытындылау: Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, Сабақты американдық профессор Эдвард де Боно әдісімен қорытындылау
Жарайсыңдар!
Смайликтермен қошеметтеу
Бағалау
Рефлексия 2 мин Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, Сабақты американдық профессор Эдвард де Боно әдісімен қорытындылау.Топ басшыларындағы бағалау парақшаларын жинап алу арқылы оқушылардың білімін жүйелеп бағалау. Топ басшылары бағалау парақшаларын қорытындылап маған береді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.