Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Коучинг тақырыбы: Диалогтік оқытудың тиімді әдістері -

Коучинг тақырыбы: Диалогтік оқытудың тиімді әдістері

Сабақ жоспары | Документы | Коучинг жоспарлары Загрузок: 0 | Просмотров: 2394 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Апта Күні
Коучинг тақырыбы: Диалогтік оқытудың тиімді әдістері
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық (98-бет)
үлестірме материалдар.
Мақсаты: Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызды рөл атқаратынын меңгерту,тәжірибеге енгізуге ықпалдасу.
Оқыту нәтижесі: Диалогтік оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгереді және оларды оқу үрдісінде пайдаланудың тиімділігін ұғынады,сабақтарында қолдануға бейімделеді.
Негізгі идеялар: Диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.Шеберліктеріне қарай өз іс-тәжірибелеріне енгізеді.
Топқа бөлу Сурет қиындыларын құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді. 5 минут
Тренинг-сергіту «Сұрақтар сыр шертеді» тренингі арқылы диалог құрып,сұрақтардың түрлерін ажыратады. 10 минут
Презентация арқылы таныстырылым Сыныпта сұрақ қою үлгілері бойынша мағлұмат(БЖӘ;Төмен дәрежелі,жоғары дәрежелі сұрақтар) алады. 5 минут
Ойқозғау
«ББҮ»стратегиясы бойынша диалог туралы не білетінін «білемін»бөліміне толтырады. 5 минут
№1тапсырма Мерсер зерттеген әңгіменің үш түрі:әңгіме-дебат,кумулятивті,зерттеушілік әңгіме бойынша нұсқаулықтан алынған мәтінді оқып,топта талқылап,постер жасап қорғау. 15 минут

№2 тапсырма «ББҮ»стратегиясының «үйрендім»бөлімін толтырады. 5 минут
№3 тапсырма
Топқа бөліну сәтінде құрастырылған үш әңгімені рөлдік ойын арқылы көрсету
тапсырылады.
1-топ «Көшпенді халық баспанасы киіз үйдің пайдалы және зиянды жақтары»(әңгіме-дебат);
2-топ «Ғасырлар қазынасы-ауыз әдебиеті»
(зерттеушілік әңгіме);
3-топ «Мектеп-кеме,білім-теңіз»(кумулятивтік әңгіме ). 15 минут
Сергіту сәті «Қара жорға» биі.
5 минут
№4 тапсырма «ББҮ»стратегиясының «білгім келеді»бөлімін толтырады. 5 минут
Сауалнама 1.Сізге өткізілген коучинг ұнады ма?
2.Сізге осы коучингтің пайдалы тұсы болды ма?
3.Коучингтің маңыздылығы қандай болды?
4.Осы модульді өз іс-тәжірибеңізге енгізесіз бе? 10 минут
Рефлексия «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы кері байланыс жасау. 5 минут
Қатысушыларға сәттілік Коуч қатысушылардың болашақта атқаратын жаңашыл бағыттағы жұмыстарына сәттілік тілеп,жақсы тілектер айтады. 5 минут
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.