Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Коучинг тақырыбы: «Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін  қандай бағалау түрлерін  қолдануға болады?» -

Коучинг тақырыбы: «Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?»

Сабақ жоспары | Документы | Коучинг жоспарлары Загрузок: 0 | Просмотров: 6889 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қызылорда облысы Шиелі ауданы №149 «Қызылту» орта мектебі

Коучинг жұмыс жоспары

Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Батаева Дина Муханбетовна

Қызылорда -2014 ж

Мұғалім жайлы мәлімет

Аты-жөні: Батаева Дина Муханбетовна
Туған жылы: 17.03.1976ж
Бітірген оқу орны: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
Мемлекеттік Университеті
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Педөтілі: 15 жыл
Санаты: I (бірінші)
Жетістіктері:
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының Дипломы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының Алғыс хаты, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алғыс Хаты, аудан әкімінің Алғыс хаты, аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы, аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты.
Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде «Ел болашағы – қазақ тілінде» және облыстық «Тіл сақшысы» газетінде «Өркениет өрісі» тақырыбында мақалалары жарық көрсе, облыстық тәжірибе алаңының 10 жылдығына байланысты «Тәжірибе алаңы – кәсіби өсу кепілі» тақырыбында өткізілген облыстық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағына «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдаланудың тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасы, республикалық «Ғылыми зерттеулер әлемі» ғылыми журналында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мен жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту» тақырыбындағы жұмысы жарияланды.
Курстан өткен жылдары: 2011ж. «Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» ,2013ж.Қ.Р. педагог кадрларының біліктілігін арттырудың денгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) денгей бағдарламасын аяқтады.
Оқушы жетістіктері: Әбутәліпова Құндызша аудандық «I Махамбет оқулары» байқауында III орын, Әбіласан Гүлім қазақ тілі және әдебиеті пәнінен «Жарқын болашақ» олимпиадасында III орын, Тұрапқалиева Дина облыстық ғылыми жобалар байқауында I орын алғаны үшін I дәрежелі Дипломы мен Республикалық колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында өткізілген «Үздік жас қаламгер» шығармалар конкурсында I орын, Абдуалиева Гүлбақыт «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасында I дәрежелі Диплом, Шаймерден Саида «Абай, Шәкәрім оқулары» байқауында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі бойынша II орын, т.б. Сонымен бірге, Тұрапқалиева Динаның аудандық «Өскен өңір» газетінде «Қорқыттың өнегелі сөздері» тақырыбында мақаласы жарық көрсе, Республикалық «Жас ғалымдар жаршысы» ғылыми журналында «Қорқыт ата кітабы» және оның тарихи тұлғасы» тақырыбындағы ғылыми ізденіс жұмысы жарияланды.
Ізденіс тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мен жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту
Өмірлік ұстанымы: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап...

Коучинг тақырыбы: «Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін
қолдануға болады?»

Коучинг тақырыбы Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін
қолдануға болады?

Жалпы мақсаты «Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі жайында түсіндіре отырып, нәтижеге қол жеткізуде топпен ынтымақтастықта жұмыс жасау. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының қарқынды жұмыс істеуіне, топтық жұмысты енгізуіне, оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету.
Күтілетін нәтиже - Мұғалімдердің формативті бағалауды қолдануы нәтижесінде оқушылар оқу үдерісіне тартылады.
- Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілін тиімді қолдануды біледі.
- Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінеді , өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолданады.
Табыс критерийлері
Сіз қалай анықтадыңыз? Бірлескен оқу.Топпен жұмыс.Топтық бағалау.Топтық жұмысты қорғау.
Мұғалімдер сабақ үдерісінде формативті бағалау тәсілін пайдалана отырып оқушының сабаққа деген қызығушылықтары артады, оқушылар сабаққа ынталанады, сыныпта ынтымақтастық жағдай қалыптасады.
Мұғалімдер сабақ үдерісінде формативті бағалау тәсілін пайдалана отырып, өзін-өзі бағалайды, бірін-бірі бағалайды, кері байланыс жасауды үйренеді.

Әдіс-тәсіл Топтық жұмыс, жеке жұмыс, кері байланыс, постер қорғау, рефлексия
Негізгі идеялар «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бағалауы болып табылады.
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аудартылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек.
Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әреет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті.

Ресурстар Коучинг жоспары, АКТ, бейнероликтер, стикер, флипчарт, МАН, маркер, таныстырылым
Жалпы мақсат бойынша табысқа жету нәтижелері
(бағалау жоспары, комментарий) Әріптестер тобымен «Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі жайында білді. Мұғалімдер оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілін тиімді қолдануды білді. Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінді , оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолдану дағдысын дамыта алады.

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі Сергіту сәтін ұйымдастыру Мұғалімдер сергіту сәтінде көрсетілген тапсырманы орындайды, қайталайды. Бейнеролик
Мұғалімдерді топтарға бөлу.
«гуманитарлық» және «жаратылыстану» деп топтастыра отырып, топқа бөлініп отырады. Мұғалімдер қағазға жазылған пән аттары бойынша «гуманитарлық» және «жаратылыстану» сәйкесінше топтарға бөлініп отырады. Қағазға жазылған пән аттары
Ой қозғау.
/жеке жұмыс/ Мұғалімдерге жеке ақ қағаз таратып беру. Көктемнің көрінісін бейнелейтін сурет салу. Салған суреттерін бағалау. Мұғалімдерді жеке жұмыс, топтық жұмыстар арқылы әрекетке жетелеу, тапсырмалар беру, постер қорғау.
«Бағалау» термині жайында, бағалаудың түрлері, оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау мен олардың арасындағы айырмашылықты ашып түсіндіру.
Ақ қағаз, түрлі түсті маркерлер, стикерлер, қайшы.

Таныстырылым
Топтық жұмыс Баға, бағалау дегеніміз не?
Бағалаудың қызметі. Бағалаудың қандай түрлері бар? Бағалаудың тиімді, тиімсіз жақтары қандай? сұрақтары бойынша флипчартқа топтың жұмысын түсіру. Берілген сұрақтар бойынша топтар флипчартқа жобаларын түсіреді. Флипчарт, маркер
Топтық жұмысты қорғау Топтар аталған сұрақтар бойынша постер қорғау. Мұғалімдер топтық жұмысты қорғайды. Постер
Топтық бағалау Топтар өзара бірін-бірі топтық жұмысты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау Топтар өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Кері байланыс Сіз бүгінгі коучинг-сессиядан не алдыңыз? Мұғалімдер «Не үйрендім?», «Не қиын болды?», «Қалай қолданамын?» сұрақтары бойынша кері байланыс ұсынады. Кері байланыс парақтары
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.